Сейтимова Ляззат Галимовна

БҚО,  Орал қаласы, №44 жалпы

орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Әдебиетті оқытуда сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімділігі

 «Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман», -деп М.Дулатов айтқан екен, жазушы айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді  ұрпақ. Сусыз,  құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Оқушы қабілеті дегеніміз - оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады.

«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет»  дегенЕлбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, дүниетанымының қалыптасуына, сапалы білім-білік негіздерін меңгеруіне ұлт мектебіндегі оқу-тәрбие үдерісі тікелей әсер етеді. Сондай-ақ, қазақ әдебиетін оқытудың сапасын арттыру да – бүгінгі күннің басты талабы. Оқытуды сапаландыру мәселесіне көптеген педагог-әдіскерлер жан-жақты талдау жасай білген. Солардың бірі Ю.К.Бабанский :  «Сапаландыру – нақтылы жағдайда кез келген міндетті шешудің ең тиімді нұсқасын таңдау», деген болатын. Әдебиетті оқыту кезінде СТО бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану арқылы көп нәтижеге қол жеткізуге болады. СТО – жеке тұлғаның танымдық, сезімдік үдерісіне әсер етер бағдарлама. Ол оқушыларға өзінің білім игеру қызметін өздері басқаруға, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға, ұжымда, шағын топтарда бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Ұстаз баланың білім алуына ғана емес, өз бетінше игеруіне және оқушы санасындағы өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттеп, өз сабақтарын соған сай отырады.

СТО стратегияларын білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде де қолдануға болатынын өз тәжірибемде байқадым.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Ой толғаныс

Ой қозғау, көрнекілік, топтастыру, ойлану баспалдағы, суретке қарап өлең құрастыру.

Түртіп алу, бұрыш, рубрикалар құру, РАФТ, әдебиет үйірмесі, жұп болып өзара оқыту.

5 жолды өлең, бағалау, БҮҮ, Венн диаграммасы, семантикалық карта.

Сонымен қатар, стратегияларды пайдалануды төмендегіше жіктедім.

Іс-қимылға арналған стратегиялар

Шағын проблемаларды шешуге арналған стратегиялар

Өздігінен ойлануына мүмкіндік беретін стратегиялар

Джигсо-1, Джигсо нұсқасы, дөңгелек үстел, жұппен сурет салу, галереяны шарлау

Пікірталас, кубизм, болжау, ойланыс

Қабырғаға қарап оқу, автор орындығы, соңғы сөзді маған қалдырыңыз, өзім үшін жазу, 2 жақты күнделік, ортада қаламсап.

Оқушының ой дербестігін, оқу әрекетін жандандырып, сөз ерекшеліктерін түсініп, тани білуге стратегиялардың қай-қайсысының да маңызы зор. Мәтінді талдау арқылы оқушы көркем сөзді түсінуге, өммір құбылыстарын сезінуге тәрбиеленеді. Бұл мақсатқа жетуде «Әдебиет үйірмелері» стратегиясының орны бөлек. Сонымен қатар, «Джигсо» стратегиясының да шығарма мазмұнын меңгертуге ықпалы зор. Жаңа сабақты өз бетінше меңгеру немесе мағынаны тану кезінде түртіп алу немесе INSERT стратегиясын пайдалану – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге  үйрететін ұтымды жол. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін есте сақтау – күрделі жұмыс, сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуде INSERT пайдалану - аталған кемшіліктер болдырмаудың бірден-бір кепілі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет – «Ой толғаныс» кезеңі. Бұл кезеңде оқушы не үйренгенін саралап, салмақтап оны қандай жағдайда , қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Ой толғанысты тиімді етуге лайықталған «5 жолды өлең» «Венн»   диаграммасы, «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т» кестесі сияқты стратегияларды тапсырмалардың ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтап қолданып жүрміз. Олар оқушылардың бүр-бірімен ой алмастыруын қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Автордың орындығы стратегиясы арқылы төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болады:

1. Психологиялық қайшылықты жеңіп, көпшіліктің алдында сөйлеуге үйренеді.

2. Суырылып шығып, белсенділік танытуға, алға ұмтылуға, жаттанды пікірден өзгеше ой айтуға дағдыландырады.

3. Логикалық пайымдауы жоғарылап, тіл байлығының молаюына, сауатты, қатесіз сөйлеу дағдысының қалыптасуына ықпал етеді.

Әдіскерлер А.Шульц, С.Сятковскийдің «Қазіргі таңда оқытудың түрлі әдістері мен құралдарының сабақтаса бірігуі және олардың етене қолданылуы сабақ сапасын арттырады» деген пікірлеріне  қосыла отырып, сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларының өміршеңдігіне толық көз жеткіздім. [3]

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бұдан да басқа стратегияларын әдебиет сабағында кеңінен қолдануға болады. Бұл тәсілдер оқушыларды тыңдаушы, орындаушы ретінде емес, ойланып еңбек етуші дәрежеге жеткізеді, ал мұғалімді белсенді түсіндірушіліктен арылтып, алдында өз сезімі мен көзқарасы, өзіндік пікірі бар даму үстіндегі жеке тұлға отырғанын сезінуге жетелейді. Оқушыларды мұғалімге тәуелділіктен арылтып, өзінің білімді игеру қызметін өздері басқара алу қабілетін шыңдайды, құр мәлімет алумен шектелмей, еркін пікір айтуға тәрбиелейді. Таным белсенділігі мен дербестігінің артуына ықпал етеді.

Жас жеткіншектердің ақыл-ой әлеуетін барынша дамыту үшін олардың санасына өз халқының тарихи тамырын, рухани және адамгершілік қағидаларын, азаматтық және отансүйгіштік идеяларын сіңіруіміз қажет. Осының бәрі әдебиет пәні арқылы жүзеге асатындықтан да, егеменді еліміздің еркін ойлы азаматын қалыптастырудағы әдебиет пәнінің маңызы зор екенін ескере келе, оны оқыту мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарауымыз қажет.

  СТО стратегиясын  әдебиет  сабағында пайдалану-ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін бағдарлама.   [2]

Әдебиетті оқытуда бұл бағдарламаның тиімділігі  мынада :

ü     Оқушының көркем шығарманы танудағы белсенділігі, өзіндік дербестігі жоғарылайды;

ü     Мәтінді жан-жақты талдап, шығармаға, кейіпкерге өзіндік көзқарасын қалыптастыра алады;

ü     Сын тұрғысынан мұғалім де, оқушы да өзіне – өзі баға беріп,  еркін ойлауына жол ашады;

ü     Ұжымда, шағын топта ынтымақтастықпен жұмыс істеп, өзгелер піірін сыйлау дағдысы қалыптасады;

ü     Жеке тұлға ретінде ұстаз бен оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті үштұғырлы тілін дамытуда, қазақ тілінің мәртебесін көтеруде, өз ойын, пікірін ауызша және жазбаша тілде көркем де анық, нақты етіп бере білу жолында «СТО» стратегияларын дамыту жұмыстары көмегін көптеп тигізері анық. Бүгінгі өмірін бала оқытып,  білім беруге бел байлаған әр ұстаздың жан-дүниесі сенім мен тілектің шуағымен нұрлана түспек деп ойлаймын.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

 [1]. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы,2000

 [2]. Қабдешева Ә. Сын тұрғысынан ойлау // Қазақ тілі мен әдебиеті-№10.35-45б.

[3]. Ешанова Г. Сұлтанбек Қожахметовтің жеке тұлғаның дамуына бағытталған ой-пікірлер // Қазақстан жоғары мектебі. – 2006-№1.96-99 б