Кыдралинова А.К., юриспруденция магистрі,
Инновациялық Еуразия университеті
«Құқық, тарих және
әлеуметтану» департаментінің
аға оқытушысы
Заңды және заңға қайшы
мінез-құлық
Адамның саяси,
интеллектуалдық, адамгершілік келбеті, оның өзгерістерге
құмарлығы мен қабілеті, азаматтық позициясы мен
белсенділігі мемлекеттіліктің қалыптасуының,
қоғамдағы табысты қайта құрулардың шешуші шарты болып табылады. Бұл белгілер
жоғары мәдениетті және өркениетті мінез-құлық
белгілерін көрсететін, тек қана маңызды
құқықтары бар ғана емес, сондай-ақ
өзін толыққанды тұлға ретінде көрсете
алатын адамдардың белсенді
қызметімен расталуы қажет. Сондықтан-да бүгінгі
күні әлеуметтік салғырттық, азаматтық
аморфтылық, ойлау инерттілігін және адамдар тәртібі,
олардың бастамаларын ынталандыру мен шығармашылық
дербестілігі проблемаларын, сондай-ақ құқықтары
мен бостандықтарын білетін және оларды белсенді қолдана
алатын, оларды заңды құралдармен қорғай алатын
жеке тұлғаның әлеуметтік-құқықтық
қалыптасу мәселелерін жеңу соншалықты актуальды.
Адамдар тәртібін нормативтік реттеу тарихы
өзінің бастауын адамзат қоғамының
ру-тайпалық ұйымдасуынан алатындығы кез-келген
әлеуметтік норма, ол ежелгі табу болсын немесе қазіргі ресми норма
болсын, оның рационалды негіздеуі мен түсіндіруі бар екендігін
куәландырады. Нормалардың тарихи талдау кезінде олардық
класстық мәні, мазмұны мені бағытталуы әбден
анық белгілене алады. Әлеуметтік нормалар адамдар тәртібін
қалай реттейтінін анықтау да өте маңызды. Ғалым-заңгерлердің
жұмыстарында құқықтық нормалар белгілерінің толық сипаттамасы
бар, олардың топталуы берілген, нормалардың құқықтық
реттеу әдістерінің кейбір тәсілдері туралы мәліметтер
бар.
Құқықтық
мінез-құлық мотивін қалыптастыру дегеніміз субъектіде
құқық нормасында қарастырылған
мінез-құлық үлгісіне еру ынтасы пайда болуы. «Жеке
адамның тәртібі» санатын түсініп анықтау үшін оны
психолгиялық көзқарас тұрғысынан қарастыру
қажет. Мінез-құлық адамның сырттан
бақыланатын белсенділік актісіне айналғаннан бұрын, ол
психологиялық детерминация мен негіздеу процессін өтеді, ол
уақытта нақты мінез-құлық ең бірінші сана
қойнауында психолгиялық образ түрінде қалыптасады.
Сондай-ақ бастапқы психолгиялық белсенділіктің себебі
болып табылатын қажеттілік, әрқандай мінез-құлықпен
қанағаттана алады. Нормативтік регуляция табиғатпен
және қоғамдық өзара іс-қимыл факторларымен
берілген деректер арқылы жүзеге асырылады. Оның «субстратына»,
«механикасына» және жұмыс жасау әдісіне «рычагтар» және
«қозғалтқыш механизмдер» ретінде адамның
органикалық қажеттіліктері де, оның жеке мүдделері де,
спонтандық ұжымдық реауциясы да, индивидтің
психологиялық стереотиптері де, оның түрткі импульстары да
тартылады. Психологиялық «мінез-құлық механикасынан»
нормативтік регуляция түсінігін бөліп алу теориялық
абстаркция арқылы ғана мүмкін. Адам
іс-қимылдарының себебі психологиялық түркілер,
адамдардың психологиялық конституциясы, олардың
әдеттері мен бейімділіктері , сананың жаппай стероетиптерімен
күйлері болғандықтан, осының барлығы нормативтік
регуляция объектісі, (біруақытта оның механизміне ене отырып)
бақылау мен тәрбиенің пәні болады.
Құқықтық
мінез-құлықтың психологиялық аспектілерін
қарастыру мен зерделеуге қатысты міндеттер және олардың
құқықтық жүйедегі ролі осы дипломдық
жұмысты жазу барысында автордың алдына қойылды. Олар
азаматтық қоғам, құқықтық
мемлекет проблемалар призмасы арқылы оған нормативтік және
заңнамалық актілердің әсер етуін анықтау,
құқықтық мінез-құлық
қырларын, нысанын және
көріністерін қарастыру,
құқықтық мінез-құлық
түрлерін талдау, оның белсенділік дәрежесін бөліп
сипаттау, құқықтық мінез-құлық
детерминациясындағы қажеттіліктердің ролін анықтау, жеке
тұлға тәртібіндегі құқықтық
мотивтерді зерделеу.
Адамдардың
басым көпшілігі мемлекет заңдарын саналы түрде және
дәл сақтайды , онысымен қоғамның дамуына
өзінің нақты салым қосады, ал бұл өз
кезегінде құқықтық
мінез-құлықтың маңызды құрамдас
бөлігінің бірі болып табылады.