Кыдралинова А.К., юриспруденция магистрі,

Инновациялық Еуразия университеті

«Құқық, тарих және әлеуметтану» департаментінің

аға оқытушысы

 

Құқық шығармашылық қызметтің түсінігі

Құқықшығармашылық бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жай ғана «шығару салу» емес, бұл қоғамның құқықтық өмірінде әлбетте екінші рольді ойнамайтын және бір ғана өту сатысын қамтымайтын өте күрделі процесс.

Мемлекет қалыптасқан уақыттан бастап, ең аз да болса тәртіпті орнату үшін, осы әлемнің мықтылары құқық жасап, халықтың талаптарын қанағаттандыру үшін өз қызметінде тиімді нәтижеге жетуге тырысқан. Қазіргі уақыттың несін айту керек егер ағымдағы күндер динамикасындағы әрбір аспект пен іс-әрекетт құқықтық растау мен бекітуді қажет етсе. Тап қазір құқықшығармашылық басты орындардың бірін алады. Бұл нақ осы құқықшығармашылықтың құқыққа өмірберуімен, туындатуымен, қалыптастыруымен, оны рәсімдеуімен және қоғамға «есік» ашақызуымен байланысты. Құқықшығармашылық құқық өмірінің бастапқы кезеңі ретінде қызмет етеді және құқықтың қозғалысына әсер ететін құқықтық, саяси, экономикалық, арнайы импульстарды алады. Сондықтан да . партияның, мемлекеттің, қоғамның саяси бағытын білдіруі ретінде құқықтық актілерді жасауға мұмкіндік беретін құқықшығармашылыққа үлкен қоғамдық қызығушылық түсінікті [1].

Құқық шығармашылық - бұл нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, өңдеу және күшін жою бойынша қызмет.

Құқық шығармашылық қызмет қандай түрде болса да, мемлекеттің еркін білдірумен байланысты. Бұл ереже сан рет әлемдік тарихпен дәлелденді. Бұдан басқа, осы қатынастардағы үстем индивидтер өзінің күшін мемлекет түрінде негіздеуге міндетті, олар өзінің еркіне осы белгілі қатынастармен шартты болған, ортақ пікірді мемлекеттік ерік түрінде, заң түрінде.

Мемлекеттік органдар кімге адрестелген, соларға міндетті құқық нормаларын шығарады, қабылдайды. Бірақ, кейбір жағдайларда құқық мемлекеттік органдардың уәкілдеуі бойынша қоғамдық ұйымдармен, халықтың немесе соттың тікелей құқық шығармашылығы нәтижесінде шығарылады.

Әлеуметтік өзгерістерді жүргізудің жылдамдығы, Республиканың күрделі экономикалық кешенді басқару бойынша қиындап бара жатқан міндеттері, қоғамның демократиялануы, заңнаманың сәйкес динамикасын бүгінгі күнгі қажеттіліктерге жақындатуды талап етеді. Заң шығарушылық процессті үнемі жетілдіру республикалық заңның беделдігін бекітетін маңызды көрсеткіш, біздің өміріміздің барлық негізгі салаларына ашық және нақты құқықтық ережелерді енгізудің кепілі. Бірінші кезекте мақсаты қоғамның әрбір мүшесінің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ететін тиімді нормативтік құқықтық механизмді құру болып табылатын заң шығарушылық саладағы қайта құру міне осыған көзделуге міндетті.

Құқық шығармашылық процессінде келесі функциялар жүзеге асырылады: заңнама жаңаруы, яғни жаңа нормативтік құқықтық актілердің қабылдануы, ескіріп қалған заң нормаларын жою; құқықтағы олқылықтардың орнын толтыру. Бұл функциялардың жүзеге асырылуы заңнаманы жетілдіру міндетін шешуге мүмкіндік береді.

Құқық шығармашылықтың мағынасы мен мәні халық пен заң шығарушының мүдделері мен мақсаттарына толық көлемде жауап беретін, қоғамның прогрессіне жағдай жасайтын заңдық регламенттеу нұсқасын таңдау болып табылады. Сонымен қатар қоғамның даму заңдылықтарын, заңды қолдану мен қабылдау үшін субъективті және объективті қолайлы жағдайларды, сондай-ақ мемлекеттік шешімнің тиімді құқықтық нысанын таңдаудауын ескеру қажет. Құқықтық шешімнің қабылдау уақытын, мазмұны мен нысанын анықтауда басты роль қажетті ғылыми-танымдық құралдары бар құқықтық ғылымға берілуі қажет.

Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамға ұмтылу құқық нормаларының белсенді және реттеуші әрекетін талап етеді. Өйткені заңды тұрғыдан құқықтық мемлекет пен оның жария билігінің мәні зорлық-зомбылықты болдырмайды және тек қана құқыққа сәйкес әрекет етеді. Құқық зорлық-зомбылықтың антиподы болып табылады және оның жолындағы кедергі болып табылады. Құқық пен зорлық-зомбылықтың арасында шек жүргізу біздің құқықты түсінуімізге және бәрінен бұрын қазіргі мемлекеттің негізгі қайнар көзі ретінде нормативтік құқықтық актіні түсінуге байланысты [2]. 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1 Лазарев В.В. Теория государства и права. – М.: Новый юрист, 1997 г.

2 Баймаханов М.Т. Қазақстанның қоғамдық өміріндегі құқықшығармашылықтың ролі. А., 2004.