Кыдралинова А.К., юриспруденция магистрі,
Инновациялық Еуразия университеті
«Құқық, тарих және
әлеуметтану» департаментінің
аға оқытушысы
Қазақстан Республикасындағы
құқық шығармашылықтың сипатты
ерекшеліктері
Кез келген
күрделі қызмет сияқты, құқық
шығармашылық құқық теориясында сатылар деп
аталатын өзара байланысқан бірқатар операцияларға,
процедураларға бөлінеді. Заң әдебиеттерінде
біртұтас құқық шығармашылық процессі
бөлінетін сатылар жиынтығын түсінудің бірнеше
көзқарасы бар. Олардың барлығының бар
болуға құқығы бар, өйткені авторлармен
құқық шығармашылық сатыларын
бөлудің әрқандай белгілері қолданылады.
Қазақстан
Республикасындағы құқық шығармашылық
процесс келесі алты сатылардан тұрады:
1)
Қолданыстағы құқық нормаларының
жүйесіне өзгертулер енгізу туралы шешім қабылдау.
2) Нормативтік
құқықтық актінің жобасын әзірлеу
немесе құқық шығармашылық бастамасы
тәртібімен енгізілген жобаны жетілдіру.
3) Нормативтік
құқықтық акт жобасын
құқық шығармашылық органмен қарау.
4) Мүдделі
тұлғалармен жобаны талқылау мен келісу.
5) Нормативтік
құқықтық актіні қабылдау.
6) Нормативтік
құқықтық актіні жариялау.
Құқық
шығармашылық органмен қолданыстағы
құқық нормаларының жүйесіне
өзгертулер енгізу туралы шешім әрқандай жағдайлармен
дәлелденуі мүмкін. Ең кең тарағаны келесі
үш жағдай болып табылады.
Шешім оның
нормативтік құқықтық актісі қандай да бір
бөлігінде ескіріп қалғанын және
құқықтық реттеудің мақсатына
сәйкес келмейтінін, мүдделі тұлғалардың негізделген
наразылықтарын тудыратынын және өзгертуді қажет
ететінін немесе түбегейлі өңдеуді қажет ететіні
таныған құқық шығармашылық
органның жеке бастамасы бойынша қабылдануы мүмкін.
Нормативтік
құқықтық актінің жобасын дайындау туралы
шешіммен байланысты бола алатын екінші жағдай, жоғары
тұрған органның нормативтік
құқықтық актісі күшіне енуі. Жаңа
нормативтік құқықтық актіге қайшы келетін
құқық шығармашылық органның
бұрынғы актілері онымен сәйкес келтірілуге жатады.
Құқық шығармашылық орган жаңадан қабылданған
нормалармен келісетін және оларды сатылы түрде дамытатын жаңа
құқық нормаларын әзірлеуі тиіс. Жаңадан
қабылданған жоғары тұрған органның
актілерінде құқық шығармашылық
органға жаңа актілерді әзірлеп, қабылдау немесе
қолданыстағыларды өзгерту туралы тапсырма болуы сирек
жағдай емес.
Процесстің
бастапқы сатысы құқық шығармашылық
органның адресіне құқық шығармашылық
бастамасы тәртібімен енгізілген нормативтік
құқықтық акт жобасының келіп түсуіне
байланысты болатын жағдайлар да мүмкін.
Құқық
шығармашылық бастама құзыретті органдардың
және лауазымды тұлғалардың
құқық шығармашылық органға
нақты нормативтік құқықтық актіні қабылдау
қажеттілігі туралы мәселені қою бойынша маңызды
демократиялық құқығы болып табылады.