Магистрант Басығараева
Алтыншаш
«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан
БОЛАШАҚ
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
ДАЯРЛЫҒЫ
Педагогикада
дидактика мәселесі оқыту теориясын қарастыратыны белгілі.
Дидактиканың ғылыми-теориялық функциясы оқытудағы
нақты даярлық мазмұнын жобалау үдерісін зерттеу,
оқытудың әртүрлі жақтары арасындағы фактілер
мен заңды байланыстарды анықтау, олардың мәнін ашу,
даму беталыстары мен перспективаларын анықтау. Дидактиканың
нормативтік-қолданбалы, сындарлы-технологиялық функциясы білім беру
мазмұнын іріктеу проблемаларын талдап-шешу, оқытудың
принциптерін, оқыту әдістері мен құралдарын қолдану
нормативтерін белгілеу болып табылады. Осы функциялардың бірлігінде
дидактика – оқыту үдерісінің мәнін түсіну,
оның білім беруші, тәрбиелеуші және дамытушыСондай-ақ,
білім беру мен оқытудағы қарама-қайшылықтар
оқыту технологиясын ұйымдастыруға кедергілер жасайды. Оны
төмендегіше мазмұндауға болады.
Қоғам
өмірінің кенеттен өзгерісі мен білім беру
жүйесінің, білім беру мақсаты мен формаларының,
оқыту мазмұны мен технологиясының арасындағы
сәйкессіздік білім беру жүйесінің дағдарысқа ұшырауына
әкелді. Білім беру жүйесіне әсер ететін:
-
болашақ мұғалімдерге білім берудің ерекшелігі мен
икемділігі, кәсіптік деңгейін көтеру және
қоғамның талабына сәйкес келу қажеттілігі;
-
дәстүрлі әдістеменің тиімділігінің
төмендігі;
-
қоғамның жеке тұлғаның дамуына қойып
отырған талабының өсуі;
-
оқытудың жаңа технологиясын ендіруге кері әсер етіп
отырған психологиялық кедергілер, яғни бір үлгімен
жұмыс істеп дағдылану, шығармашылық
деңгейдің төмендігі, педагогтық мамандықты
таңдаудағы ынтаның тұрақсыздығы;
-
педагогикалық еңбектің экономикалық жағынан
тиімсіздігі, қаржыландырудың нашарлығы тағы басқа
факторлармен қатар оқытудың технологиясы сияқты
маңызды фактор да бар.
Жоғары
оқу орнында студенттер іс-әрекетінің негізгі мазмұны –
оқу үдерісіне тікелей қатысты. Әрбір
педагогикалық ұжым, жеке оқытушы өз жеке басы, білім
беру әдіс ерекшеліктеріне, психологиялық дайындығына
сәйкес педагогикалық технология қабылдауы тиіс.
Педагогикалық технология оқытушының ерекше кәсіптік
қызметі болғандықтан, оны меңгеру оқытушыдан
үлкен педагогикалық тәжірибені, шығармашылықты,
жаңаша көзқарасты талап етеді.
Оқыту
уақыты қорының тапшылығы студенттердің
психологиялық және физиологиялық мүмкіндіктерінің
шектеулілігін ескеру оқу еңбегінің жоғары
деңгейдегі мөлшеріне сәйкес жұмыс көлемі
жүйелі түрде қолайлы қызмет атқаруға
мүмкіндік береді, яғни оқыту қарқынын
күшейту арқылы студенттер білімін әуелі базалық
деңгейге жеткізіп, одан әрі дамытуды қажет етеді.
В.А.
Сластениннің ойы бойынша педагогикалық технология деген: ол
қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда
педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін
елестету.
Педагогикалық
технология жөніндегі біздің түсінігіміз оқытудың
формалары, әдістері және құралдары білім беру
үдерісін жүзеге асырудың инструменталді құралы
ретінде қарастырылады, бірақ араласпайды немесе бір-біріне
сәйкес келмейді.
Педагогикалық
технология әзірлеуде оған қойылатын бір қатар жалпы
талаптарды назарға алу қажет, олар: тұжырымдылық,
философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылым
теориясы, тиімділік, жүйелілік, басқарылуы, өндірушілік,
икемді, динамикалығы, көкейкестілігі, ақпараттылығы,
адамға сәйкестілік, ізгіліктілік.
Педагогикалық
технологияның мазмұндық компонентін:
- тұжырымдамалық
- мақсатқа жету құралдары,
оқыту-тәрбиелеу үдерісінің тиімділігі туралы білімдер
жүйесі;
- диагностикалық
- педагогтың кәсіби-педагогикалық бет пердесі
тұлғаның дербес ерекшеліктері мен білім алушылардың
дайындық деңгейі;
- дидактикалық
- оқыту мазмұны; әдістер, әдістемелік
тәсілдер; ұйымдастыру формалары; дидактикалық
құралдар құрайды.
Қорыта
келгенде, педагогикалық технологияны топтастыра келе, біздер технологияны
оқытушы мен оқушының қарым-қатынасын
ұйымдастыру типі бойынша оқушы мен оқытушының бірлескен
іс-әрекетіндегі станционарлық оқыту, сырттай оқыту,
өзіндік білім алу, педагог пен өзара әрекет етуші
оқушылардың саны бойынша (жеке дара, топтық, жаппай)
бөлуге болатынын көреміз. Технологияның ерекшелігі
пайдаланылған инфрақұрылым элементтері құрамына
байланысты. Мәселен, компьютерлік техниканы қолданумен оқытудың
заманауи технологиясының мәні анықталады.
Педагогикалық
технология негізіндегі психологиялық-дидактикалық білімдер:
оқушылардың білімдерді игеру жөніндегі тұжырымдамасы;
ақыл-ой қызметін кезеңдеп қалыптастыру; іскерлік пен
дағдыны қалыптастыру теориясы; оқушылардың
технологиялық ойлауын дамыту; білімдерді меңгерудегі жүйелілік
және оқытуды гуманизациялау принципі мәселелерін
қамтиды. Педагогикалық
технологияларға қойылатын талаптарға, олардың
құрылымдық элементтеріне және оларды
таптастырушылық белгілеріне байланысты ажыратуға болады.
Әдебиеттер:
1.
Таубаева Ш.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш
мектеп. - 1999. - №3. – Б. 3-8.; №4. – Б. 5-12.
2. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. – М.:
Академия, 1999. – 288 с. 149
3. Муканова С.Д.
Контекст организации в Казахстане компетентностно-ориентированного образования
// Высшее образование в Казахстане. -2009. - №4. – С. 32-36.