Ауыл
шаруашылық өнімін өткізуден түсетін таза табысты
факторлық талдау
мәселелері
Есқара
М.- профессор, Аширов С.О.-магистрант
(Қазақстан инженерлі-педагогикалық
халықтар Достығы университеті)
Ауыл
шаруашылық өнімін өткізуден түсетін табыс үнемі
мына факторлардың әсерінде, ықпалында болады: өнімді
өткізу көлемі, өнімнің құрылымы;
өткізілген өнімнің сату бағасы; шикізат, материал,
отын, электрэнергиясының тарифтері, тасымал шығындары, материалды
және еңбек ресурстарының шығындарының
деңгейі.
Өнімді
өткізуден түсетін табысқа факторлардың
әсерінің «Шымкент құс» ЖШС-ң формальды есебін
келтірейік.
1 кесте -
Факторлар
бойынша табысты талдау
|
Рет № |
Көрсеткіштер |
2012 ж |
Нақты өткізілген ауылшаруашылық
өніміне өткен кезең бойынша |
2013 ж |
|
1 |
Өнімді өткізуден түсетін түсім,
м.тг |
54463 |
51210 |
49444 |
|
2 |
Өткізілген өнімнің толық
өзіндік құны, м. тг. |
53
797 |
35134,1 |
43736,5 |
|
3 |
Өнімді өткізуден болатын таза табыс |
666 |
690 |
729 |
Ескертпе – «Шымкент
құс» ЖШС-ң мәліметтері негізінде талданған.
2 кесте -
Өнімді өткізуден түсетін табыстың ауытқуына
факторлардың әсері
|
Көрсеткіштер |
Сомасы, м. тенге |
|
Табыстың
ауытқуы – барлығы, с.і. : А)
өнімге электрэнергиясының тарифінің өзгерісі Б)
Өнім көлемінің өзгерісі В)
Өнімнің құрылымының өзгерісі Г)
Өнімді өндіруге кететін шығындардың өзгерісі Д)
Өнімнің құрамындағы
құрылымдық өзгерістер есебінен өнімнің
өзіндік құнының өзгерісі |
63 -1766 -36 0,85 1805 59,18 |
Ескертпе
– «Шымкент құс» ЖШС-ң мәліметтері
негізінде талданған.
2-кестеде келтірілген
көрсеткіштер негізінде мынадай қорытындыға келуге болады:
табыстың өзгерісіне ең қолайлы әсерін
тигізген фактор
кәсіпорынның шығындары көлемінің өзгерісі
(1766 м.тг) және өімнің құрамындағы
құрылымдық өзгерістер есебінен өнімнің
өзіндік құнының өзгерісі (1805) қолайлы
әсерін тигізген.
Өндірістік
қызметтің табыстылық (рентабельділік) деңгейі немесе
шығындардың орнын толтыру деңгейі жалпы кәсіпорын
бойынша 3 бірінші ретті негізгі факторларға байланысты: өткізілген
өнімнің құрылымдық өзгерісіне оның
өзіндік құны мен өнімді өткізудің орташа
бағасының өзгерісі.
Пайдалылық
көрсеткіштерінің деңгейі мен серпініне
өндірістік-шаруашылық факторларының жиынтығы әсер
етеді: өндірісті ұйымдастыру мен басқару деңгейі;
капитал құрылымы, өндірістік ресурстарды пайдалану
дәрежесі, өнімнің сапасы, көлемі, құрылымы,
әртүрлі қызмет түрінен түсетін таза табыс, оларды
пайдалану бағыттары.
3
кесте «Шымкент құс» ЖШС-ң пайдалылық көрсеткіштеріне
талдау
|
№ |
Көрсеткіштер |
Есептеу формуласы |
Мәні |
Өсу
қарқыны |
|
|
2012 ж. |
2013 ж. |
||||
|
1 |
Кәсіпорын
активтерінің пайдалылығы |
Таза табыс х 100 Кәсіпорын активтері-нің орташа шамасы |
0,67 |
0,82 |
0,15 |
|
2 |
Сату көлемінің пайдалылығы |
Жалпы табыс х100 Сатудан түскен түсім |
4,1 |
22,4 |
18,3 |
|
3 |
Өндірілген өнімнің
пайдалылығы |
Таза табыс х100 Сатудан түскен түсім |
1,2 |
1,5 |
0,3 |
|
4 |
Меншік капиталының пайдалылығы |
Таза табыс х100 Меншік капиталы-ның орташа құны |
0,85 |
1,02 |
0,17 |
|
5 |
Негізгі капитал пайдалылығы |
Таза табыс х100 Негізгі капиталдың орташа шамасы |
0,99 |
1,21 |
0,22 |
|
6 |
Өндірісітің пайдалылығы |
Таза табыс х100 Өткізілген өнім шығыны |
1,24 |
1,49 |
0,25 |
Ескертпе – «Шымкент
құс» ЖШС-ң мәліметтері негізінде талданған.
«Шымкент құс»
ЖШС-ң 2012-2013 ж.ж. пайдалылық деңгейін талдау
нәтижесін қорытындылай келсек, кәсіпорын мүлкінің
пайдалылығы 2012 ж. 9,19% болса,
2013 ж. 6,12 %, яғни 2012 жылы 3,07 %-ға кеміген; меншік
құралдарының пайдалылығы 2012 ж. 2249,7 %-ды
құраса, 2013ж. меншік құрамының
шығындылығы 2405,2 %-ды құраған. 2013 жылы
кәсіпорынның меншік капиталы -422,8 м.тг-ге кері көрсеткішіне
ие. Бұл жылы қарыз капиталы есебінен активтеріне (мүліктерін)
қаржыландырып отырғанын байқаймыз. 2012 жылы таза табыс
мөлшері 2,3 % болса, 2013 жылы зиян мөлшері 1,3 %-ды
құраған. Ал, өндірістің пайдалылығы,
яғни өнімді өндіру және оны өткізуге кеткен
шығындардың орнын толтыру (жабу) деңгейі бойынша таза
табыспен есептегенде 2012 жылы 2,59 % немесе жалпы табыс бойынша 141,0 % болса,
2013 жылы өндірістің зияндылығы 1,4 %, ал
өндірістің пайдалылығы жалпы табыс бойынша есептегенде 79,4
%-ды құраған.
Сонымен,
ауыл шаруашылығы өнімдерін оңдейтін кәсіпорындардың
пайдалылығына келесі негізгі факторлар әсер етеді:
1.
бизнес
ауқымы – минималды мүмкін
және оптималды (шекті шығындарды ескере отырып);
2.
техника,
технология және өндірісті ұйымдастыруды жаңарту негізінде өзіндік
құнды төмендету;
3.
тауар
және сервис сапасын арттырумен бағаның жоғарылауы;
4.
өндіріс
құрылымының
өзгерісі, рентабельді емес
бөлімдерді жабу,
ресурстардың аса перспективті,
экспорттық сфераға
ауыстырылуы;
5.
артық
мүліктерді жүзеге асыру,
қайтымды лизинг;
6.
өткізуден
болатын жоғалулар мен залалдарды
азайту және сәйкес табыстарды арттыру;
7.
қорлардың
айналымдығын жеделдету;
Әдебиеттер:
1.
Савицкая
Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: 4-е изд., перераб. и доп. –
Минск: ООО «Новое
знание»,2007. –688с.
2.
Сергеев М.В. Экономика предприятия – 2- издание переработана и дополнена
М.: 2008г.