Филологические науки/8. Родной язык и литература 

Филогия ғылымдарының кандидаты Қабатаева К.Т.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Х.Досмұхамедұлы шығармаларының тіліндегі

сөз мағынасының кеңеюіне байланысты құбылыстар

Қоғам дамуының барысында көптеген сөздердің мағыналары кеңейіп, үстеме мағынаға ие болуы – лексиканы дамытудың өнімді жолдарының бірі. Бұл құбылыс тіліміздегі терминология саласында да маңызды орынға ие. Көптеген атаулардың жаңа қолданыста жұмсалуына сөз мағынасының кеңеюі, өзгеруімен байланысты жүретінін Х.Досмұхамедұлының еңбектерінде кездесетін мысалдарды келтіру арқылы көз жеткізуге болады.

Қимыл//қозғалыс. Қимыл сөзінің мағынасы кеңейіп қозғалыс (движение) мағынасында жұмсалған. «Орыстан құтылу үшін еткен Кіші жүздің қимылдары әлі тарих болып жазылған жоқ, бұндай сөздің бәрі патша заманында құпияда еді» (Таңдамалы. А., 1998,29-б.). «Біздің бұл кітапта айтайын дегеніміз Исатай Махамбеттің қозғалысы туралы» (Исатай-Махамбет. А., 1991, 9-б.). Қимыл//қозғалыс сөздері қазақ тілінде бұрын бір-ақ мағынада қолданылған болатын, ал ғалым бұл сөздердің саяси-әлеуметтік мәнде қолданғандығын хабардар етеді. Төңкеріс (революция//төңкерісшіл (революционер). «Исатай жанаралдың көзіне әкіміне көнбеген, халықты үкіметке қарсы көтерген өте қауіпті  төңкерісшіл (революционер) болып көрінеді» (Таңдамалы. А., 1998, 43-б.). «Халық шаруасының жалпы өнімі осы күні төңкерістен бұрынғы мөлшерді басып озып ілгері аттап отыр» (Жаңа мектеп, 1929, N7, 1-б.).

Х.Досмұхамедұлының тіліндегі сөз мағынасының кеңеюі арқылы жасалған терминдік атауларды екі түрге бөліп қарастырдық. Біріншісі – дара күйінде тұрып терминдік мағынаға ие болған  сөздер. Екіншісі – сөздердің тіркесуі арқылы  жаңа мағынаға ие болған сөздер.

Жеке дара сөздердің мағынасының кеңеюі арқылы жасалған  терминдерді екіге бөлуге болады: 1) Байырғы сөздердің  мағынасының кеңеюі, 2) Кірме сөздердің мағынасының кеңеюі. Осы сөздердің мағына өзгерістерінің сипатын төмендегі кестелер арқылы көрсетейік.

4-кесте. Байырғы сөздердің мағынасының кеңеюі

Сөз

Бастапқы мағына

Қосымша терминдік мағына

Орыс тілінде

тұнба

сұйық нәрсенің тұнбасы

химиялық термин қоғамдық

осадок

талдау

нәрсені іріктеу, бөлектеу

лингвистикалық, медициналық, химиялық зерттеу

анализ

үндеу

сөйлеу, дыбыстау

саяси терминдік ұғым

обращение

нұсқау

қолмен нұсқап көрсету

әлеуметтік іс-қағаз атауы

инструкция

5-кесте. Кірме сөздер мағынасының кеңеюі

Сөз

Бастапқы мағына

Қосымша терминдік

Орыс тілінде

қуат

амал

кеңес

мәжіліс

 

күш, жігер, қайрат

бір істі жасаудың жолы

ақылдас, пікірлес

екі не көп адамның әңгімелесуі

физикалық термин

математикалық термин

әлеуметтік ұйым

мекемелердегі жиылыс

энергия

действие

совет

совещание собрание

Сөз мағынасының кеңеюі процесінде екі жағдайды даралап көрсетуге болады: 1) Кейбір сөздердің жаңа үстеме мағынасы жеке-дара қолданыс күйінде байқалады. «Талап» деп аталатын қазақ-қырғыз мәдениетін көркейтушілер қоғамның негізін қалаған Х.Досмұхамедұлы осы қоғамның (қауымның) бағдарламасында шын мүше және көмекші мүше деген екі атауды қолданған. Шын мүше дегенді орыстың «действительный член» дегеннің баламасы ретінде, ал көмекші мүше  дегенді «рядовой член» (қатардағы мүше) баламасы ретінде алғаны байқалып тұр. Бұдан басқа бұл құжаттағы «ардақты мүше» деген атау «почетный член» дегеннің баламасы ретінде берілген. Міне, осы атауларды алғашқы рет Халекеңнің қаламынан шыққан жаңа қолданыстар деп тануымыз керек.

Талқы. Ғалым бұл сөзді диспут деп аударып, оны талқылау мағынасында қолданған. Ал, ҚТТС-інде бұл сөздің бірнеше мағынасы көрсетілген. Қазір тіліміздегі талқылау деген сөздің түбірі талқы екендігінде күмән жоқ. Бірақ осы түйінді диспут мағынасында бірінші қолданып отырған Х.Досмұхамедұлы  деген ойдамыз. 2) Кейбір сөздер тек белгілі бір сөздермен тіркеске түсіп, тұтас бір мағыналық тұлғаға ие болады. Мәселен, мүше сөзі бұрын адам, мал дене мүшелері ретінде қолданылса, кейін сөйлем мүшесі, қоғам мүшесі тіркесі құрамында келуіне орай мағынасының кеңейгендігі, өзгеріс жүргендігі байқалады.

Ағарту – бұрын, әктеу, тазалау, мағынасында болса, кейін мәдени ағарту, саяси ағарту, халық ағарту сияқты тіркестермен келіп, бұл сөздің мағынасы кеңейді, тіркесімділік қабілеті күшейді. Бұл бұрын бір ғана мағынада қолданылатын сөздің активтенгендігінен хабардар етеді. Құрал сөзі – бұрын құрал-сайман мағынасын білдірсе, кейін оқу құралы (учебное пособие) деген тіркес құрамында келіп, терминдік тіркеске айналып, мағыналық өзгеріске түскен. Біз өз зерттеуіміздегі терминдерді сөз мағынасының кеңеюі арқылы жасалған тіркестерді құрамындағы сөздердің төл және кірме сөздерге қатысына қарай екі топқа бөлдік. 1) Байырғы қазақ сөздерінің тіркесуі арқылы жасалған сөздер (баспасөз тілі, оқу құралы, оқу ағарту, т.б.); 2) Кірме сөздер мен байырғы сөздердің тіркесін ішінара екіге бөлдік: а) араб-парсы тілінен енген сөздермен байырғы сөздердің тіркесуі: әдеби тіл, мадани ағарту, саяси көзқарас, т.б.; 1) орыс тілінен енген сөздер мен байырғы сөздердің тіркесуі: кәмисие мүшелері, сатсиалды жарыс, колхоз мүшесі, т.б. Бұрынғы мағынасын сақтап, оның үстіне қосымша терминдік мағынаға ие болған атаулар ғалым тілінде жиі кездеседі.

Х.Досмұхамедұлы тілінде сонымен қатар, кезінде архаизм сөздер қатарына еніп, қолданысы сиреп кеткен көптеген діни атаулардың жанданғанын байқаймыз, олардың қатары да мол. Бүгінде дінге деген көзқарастың өзгеруіне байланысты намаз, мешіт, ораза, айт, құран, т.б. діни ұғымдар тілдің актив қорына еніп отыр.

Осы күнгі тілдік тәжірибеде Х.Досмұхамедұлы еңбектерімен етене танысып, олардағы термин жасау әдісіне ғылым көзімен саралай қарап, іс-жүзінде пайдалану – кейінгі ұрпақтың борышы. Бүгінде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған дәуірде, уақыт талабына сай, заманымызбен қатар аяқ басып келе жатқан сан салалы ғылым терминдерін төл сөзбен атау мақсатыман ізденіп жүрген зиялы қауым Х.Досмұхамедұлының еңбектеріне зер салса, көптеген сөздердің баламасын табар еді.

Біз өз зерттеуімізде осы Х.Досмұхамедұлы тіліндегі терминдерді неологизм мен архаизм сөздерге қатысты қолданылу аясына қарай төмендегіше топтастырдық.

Бірінші, сол кезеңде архаизм болып, кейін қайтадан жиі қолдану дәрежесіне дейін көтерілген сөздер. Бұған әсіресе діни ұғымдарға қатысты атауларды жатқызуға болады. Қазан төңкерісінен кейін дінге деген көзқарас мүлдем өзгеріп, діни атаулар көнерген сөздер қатарына енсе, 1980-90 жылдары бұл атаулар әдеби тілімізге қайтып оралды. Мысалы: мешіт, молда, тұмар, садақа, айт, құрбан айт, құран, т.б.

Екінші, неологизм болып еніп, кейін тілдік қолданыстан шығып қалып архаизмдер тобына ауысып, бүгінде қайта жаңғырған атаулар. Мысалы: кеңес, төраға, таңба (герб), мөр (печать), құқұқ (право), төңкеріс (революция), сарап (экспертиза), дәріс (лекция), құрылтай (съезд), жарнама (реклама), бірлестік (объединение), т.б.

Үшінші, сол кезеңде неологизм болған, уақыт өте келе архаизмге айналған атаулар. Олар тек белгілі бір кезеңнің қажетін өтеп, қоғам үшін кезеңдік қызмет атқарған сөздер. Мысалы: кіндік кәмитет, сауат ашу мектебі, жалшылар қызметі, октәбір бұрышы, қызыл отау, жұмысшылар пәкөлтеті, ересектер мектебі, т.б.

Х.Досмұхамедұлы тіліндегі термин сөздердің өзгеруі, қолданылу ерекшеліктерін осы күнгі әдеби тіл тұрғысынан байыптап қарасақ, оларды төмендегіше топтастыруға болады.

1) Қазақ тіліндегі баламасы осы күнге дейін тұрақты түрде өзгертілмей қолданылып келе жатқан атаулар. Мысалы: белсенділік (активисты), онкүндік (декада), жылдық жоспар (годовой план), жоғары мектеп (высшая школа), бастауыш мектеп (начальная школа), т.б.

2) Орыс тілінен енген терминдер алғашқыда аударылып, кейіннен баламасы әдеби тілде тұрақталмай, орнына бүгінгі күнге дейін орыс тіліндегі нұсқасы норма болып қалыптасқан атауларға тән құбылысты төмендегі кестеден көруге болады: 6-кесте

орыс тілінде

Х.Досмұхамедұлы тілінде

кейінгі қолданыс

кредитор

конус

трапеция

прогрессивный

педалогия

экскурсия

семестр

аласылы

шошақ

бестабан

ілгерішіл

білім ілімі

серуендеме

оқу маусымы

кредитор

конус

трапеция

прогрессивтік

педалогия

экскурсия

семестр

3) Орысша нұсқасының баламасы екі рет өзгерген терминдер. Олар әр түрлі тәсілдер арқылы аударылған. Мәселен, алғашқыда жаңа ұғымды білдіретін тіркестер толықтай төл сөзімізбен аударылса, кейін бір сыңары аударылып, бір сыңары аударылмай, немесе орысша нұсқасының түбіріне төл қосымшалардың жалғануы арқылы қолданылған. Оны мына кестеден байқауға болады: 7-кесте

орыс тілінде

Х.Досмұхамедұлы тілінде

кейінгі қолданыс

местный бюджет

редколлегия

теория знания

материалистическое

воспитание

педагогический

коллектив

эстетическое воспитание

экономическое

хозяйство

жергілікті кіріс-шығыс

шығарушылар алқасы

білім қисыны

затшылдық тәрбие

 

оқытушылар

бірліктері

көркемдік тәрбие

үнем шаруашылығы

жергілікті бюджет

редколлегия алқасы

білім теориясы

материалистік тәрбие

 

педагогикалық

коллектив//ұжым

эстетикалық тәрбие

экономикалық шаруашылық

 

4) Орысша нұсқасының баламасы үш рет өзгерген терминдер. Бұған баспа бетінде бір түрде қолданылып, кейін басқа сөзбен ауыстырылып, соңғы жылдары қайта жаңғырып қолданылған сөздер жатады: 8-кесте

Орысшасы

Х.Досмұхамедұлы тілінде

1940-80ж.

1980-86ж.

Искусство

Орган защиты

 

 

Методическое бюро

Ответственный

Редактор

әдемі өнер

құқық қорғау ұйымы

 

әдістеме бұйросы

 

жауапты

шығарушы

искусство

право қорғау  органы

 

 

методикалық бюро

 

жауапты

редактор

көркем

құқық қорғау органы//құқық қорғау ұйымы

әдістеме бюросы

жауапты

шығарушы

Терминдердің көнерген сөздерге қатысын сипаттайтын біраз қызықты деректер бар. Уақыт өтіп, қоғам дамыған сайын кейбір заттар мен құбылыстар өмірде қолданудан қалады да нәтижесінде осы құбылыстар мен заттардың атаулары – сөздер де әдеби тіл қолданысынан шығып қалып отырады.

Қазан төңкерісінен кейін қазақ жерінде болған ірі өзгерістер мен құбылыстар бір жағынан өмірге көптеген жаңа атаулар алып келсе, екінші жағынан көптеген атаулар өмірде қолданудан шығып қалып, тарихи лексика қатарын молайтқаны белгілі.

А.Махмутов көнерген сөздердің халық тілінде қай көлемде таралғандығы мен активті сөздікте қаншалықты өмір сүргендігін ескере отырып, оларда жүретін өзгерісті көнерген сөздердің ескіру көрсеткіші деп есептейді [74]. Бұл тұжырымның 1920 жылдары пайда болған терминдерге де қатысы бар. Заман ағымының салдарынан тіліміздің даму жүйесіне лайықсыз болып қалған көнерген сөздер ғалым еңбектерінде молынан кездеседі. Олардың ішінде құрамы жағынан қарапайым жеке сөздер мен күрделі тіркестер де бар. Мысалы:

9-кесте. Жеке-дара сөздер

Х.Досмұхамедұлы тілінде

осы күнгі нұсқасы

орысша

кіндік

ортақшыл

алқа

бейбауырмал

бірлестік

төраға

қисын

затшылдық

пәлсапа

орталық

коммунист

жюри//алқа

интернационалдық

коллектив//ұжым

председатель//төраға

теория//қисын

материализм//материалистік

философия//пәлсапа

центральный

коммунист

жюри

интернационалистический

коллектив

председатель

теория

материалистический

философия

10-кесте. Тіркестер

Х.Досмұхамедұлы тілінде

одан кейінгі дәуірде

орысшасы

кіндік кәмитеті

оқу комиссариясы

 

әдістеме бұйрасы

кәмсомол ұясы

 

таяныш мектеп

ортақшыл жастар

орталық комитет

халыққа білім беру министрлігі

 

методикалық комитет

комсомол-жастар ұйымы

 

үлгі мектеп

коммунистік жастар

центральный комитет

министерство  образования

методическое бюро

комсомольская  организация

образцовая школа

коммунистическая молодежь

Х.Досмұхамедұлы еңбектеріндегі сөз мағынасының кеңеюіне байланысты құбылыстардың тілдік сипаты осындай.

Әдебиеттер:

1.Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 384 б.

2.Әбілқасымов Б. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі. – Алматы: Ғылым, 1982. – 223 б.

3.Досмұхамедұлы Х. Адамның тән тірлігі. – Қызылорда-Мәскеу: Қазақстан мемлекет баспасы, 1927. – 303 б.

4.Досмұхамедұлы Х. Мәшиненің күші//Сана. 1923. -27-29 б.

5.Досмұхамедұлы Х. Аламан. (Құрастырушылар, алғы сөзін және түсініктемелерін жазғандар – Әнесов Ғ., Мектепов А., Керімов Ш.). – Алматы: Ана тілі, 1991. – 176 б.