Есбол
Ғ.Ш.
А.Байтұрсын атындағы
Қостанай Мемлекеттік Университет
А.Байтұрсынұлы-намыс пен
ардың үлгісі
А.Байтұрсынұлы сонау
ХХ ғасырдың басында патшалық Ресейдің отаршылдық
саясатының мақсатын біліп,оған төтеп беретін тура жол
білім алуға соның арқасында өнердің
түр-түрін меңгеруге шакырады. А.Байтұрсынұлы 1916
жылы «Қазақ» газетінің № 167 санында «Туған тілім» атты
шығармасын жариялады:
Балықтай
жүзіп адам,құстай ұшқан,
Түндігің
ашулы тұр күн-батыстан.
Ғылым
мен кереметтің кенін тапқан,
Нұр
кірер білім,өнер мол жақ тұстан.[1]
(Байтұрсынұлы А.
Туған тілім.- Алматы,2006.-177б)
А.Байтұрсынұлы:
«Ғылым,өнер артылған сайын дүнияда бейнет кемімекші.
Осыған ақыл жетіп,есі енген жұрттар ғылым мен
өнерді бірден-бірге асыруға тырысады». [2]
(Байтұрсын А.Ақ
жол.Білім жарысы.-Алматы,1991.-256.б.)
-
деген өзекті ойды Елбасы Н.Назарбаев: «ХХ ғасырда
геосаясаттың орнап үстемдікті бірте-бірте геоэкономика ала
бастайтын болады.Басқаша айтқанда, әскери және саяси
мүдделер экономикалық мүддеден туындайтын болады». [3]
-деп Еуразиялық
идеяны барша жұртқа ұсынған болатын.
(Назарбаев Н.Тарих
толқынында.- Алматы,1999.-267.б)
Ахаң
одан әрі ұлттың намысын қайрап: «Істейін
десе,қазақтың да қолынан келеді.Европадай зор істеуге
болмаса,бойымызға шағымдап «сабасына қарай
піспегі,мұртына қарай іскегі»дегендей етіп істеуге болады». [2]
(Байтұрсын А.Ақ
жол.Білім жарысы.-Алматы,1991.-257.б.)
-дегеніне биылғы 2014 жылы
Н.Назарбаевтың ұсынысымен «Еуразиялық» экономикалық
одақ (Ресей,Белорусия,Қазақстан) құрылып,
оның елімізді өркендетуге бағытталғанына әбден
көзіміз жеттіп отыр.
А.Байтұрсынұлы
1915 жылы «Қазақ» газетінің № 116 санына беріген «Дағдарыс»
атты еңбегінде сол кездегі Еуропалық мемлекеттердің
басқыншылық саясаты экономикалық мүддеге келіп тіреліп,
өнердегі жетістіктерін игілікке емес,басқа елдерді жаулап алып,
билеп төстеуге бағытталғанын көрсетеді:
Жер
жүзі қызыл қанға бойалып тұр,
Есі
кетіп, ескі намыс ойанып тұр.
Үлгілі
Еуропа ұлттарынан,
Үлгі
ал деп айтуға ауыз үйалып тұр.
Мұнда антик өркениеті
кезінде әйгілі бірінші ұстаз атанған Аристотель,жаңа
дәуірде Францияда теңдік,еркін ой,гуманистік идеяларды
дәріптеген Вольтер,Ж.Ж Руссо, Германияда Г.Гегель, Л.Фейербахтің
отаны Еуропа бола тұра зұлымдықтың сол жерден бастау
алғанын тілге тиек етеді.Кезінде Әл-Фараби бабамыз айтқандай
«Тәрбиесіз алған білім-залымдыққа әкеледі »
демекші адамгершілік болмаған жерде қоғамның
өрккениеттіке жетіуі бос қиял. Сондықтан болар қазіргі
үздік мәдениеттердің көмескі тартуы жершрының түкпір-түкпірінде
саяси-экономикалық және діни қақтығыстарға
әкеліп отыр.Кейінгі жас буындардың А.Байтұрсынұлының:
Адамнан
туып,адам ісін етпей,
Ұялмай,
не бетіммен көрге барам?!
-деген адамдық арды,
отаншылдық рухты бойына сіңіру қай-қайсының болса
дағы мойынындағы
азаматтық парызы болуы керек.
Байтұрсынұлының:
«Анама хат» жолдауында:
Қорлданылған әдебиеттер
1. Байтұрсынұлы А.
Туған тілім.- Алматы,2006.-177б
2. Байтұрсын А.Ақ
жол.Білім жарысы.-Алматы,1991.-256-257.б.б.
3. Назарбаев Н.Тарих
толқынында.- Алматы,1999.-267.б