Есбол Ғ.Ш.

А.Байтұрсын атындағы Қостанай Мемлекеттік Университет

Ахмет Байтұрсынұлының тәрбиелік тәржімалары

А. Байтұрсынұлы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезендегі қазақ халқының мәдени-рухани тіршілігінен ерекше орын тепкен ұлылардың ұлысы. Ондай адамдар аласапыран заманда, яғни ғасырда тағдырдың жазуымен бір-ақ рет дүниеге келеді.

А. Байтұрсынұлының даналық пен азаматтық қадір-қасиетін әр уақытта кейінгі жас буындар біліп қана қоймай бойларына терең сіңіруі абзал. Сонда ғана Қазақстанды мәңгілік елге айналдырамыз. А. Байтұрсынұлы  “Замандастарыма” деген арнауын жазу мақсаты қысылтаяң кезерде өзі тәнін-жынын аямай елге қызмет етуге бағыштағанын, енді келесі ұрпақ та Отан үшін қызмет етсе, керек болса жанкештікке барар деген сеніммен қараған түпкі ойы болатын.

Күн қайда үздік шығар топты жарып,

Ат тұрмас аяғында желі болса,

Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып. [1]

XXI ғасырдың 2014 жылы жаһандағы дамыған 50 елдің қатарына шыққанда барлық алған білімімізді және өнердің әр саласында біліктілігімізді көрсетіп, егемендігіміздің тұғырын одан әрі нығыздай түсуіміз керек. Ол үшін әркімде де болмасын қажымас қайрат пен талмас ерік – жігермен қатар, оған адамгершілікке негізделген азаматтық ұстаным ғана жеткізеді.

А. Байтұрсынұлы  “Ат пен есек” ғибратнамасында :

Мен қате еткем екен ғой , аһ!

Есектен аз жүк алып қарасқанда,

Қиындық мұндай маған болар ма еді? [2]

Аханың мұндағы айтқысы келгені “жұмыла көтерген жүк жеңіл” яки бірлік пен достық, жанашырлық игілік кепілі демекші еді.

Қайырың біреуге еткен болып терек,

Қөрерсің рақатын көлеңкелеп. [2]

 Ахаң қауым арасындағы бір біріне деген риясыз көмек жанның тыныштығына, ләзатқа бөлейтінін еске салады.

Еуропалық батыс философы Ф. Ларошфуко : “Бізге қуаныш әкелетін жағалай қоршаған әлем ғана емес, біздің жан-жағымыздағы дүниеге жағымды қарым-қатынасымыз” десе, А. Байтұрсынұлы оны тереңдете түсіп:

Қайырдын ең абзалы – бұл дүниеде

Біреуге қысылғанда жәрдем бермек.

Кейбіреулер зор бейнетке тап болады

Кей уақытта аз бейнеттен қашамын деп.

Әлемде бәрі қарама – қайшылыққа толы. Антик философы Горацийдің сөзімен: “ Өмірде үлкен еңбексіз ештеңеге де қол жетпейді” деп айтқандай, Ахаңның ойынша “бірлік – түбі тірлік” ұстанымы мен тіршілікте сол қиыншылықтарға иілмей бірге қарама-қарсы тұрған талпыныс мұратқа жеткізеді деп пайымдайды. Мынау XXI ғасырда нарық заманы адам баласына біршама  ауыртпалық әкелді.

Елбасы Н. Назарбаев 2030 – жылғы жолдауында: “Қазақстанның болашағы – қоғамның идеалық бірлігінде” ғана көп ұлтты елдің тығырықтан шығуға мүмкіншілігі мол деп, жастар мен барша Қазақстан халқына үлкен жауапкершілік артты.

“...Демек идеологиялық ықпал ету, сананы ояту, оны қозғалысқа келтіру өмірлік қажеттілік” – деп Ә. Қалмырзаев

Кезенде А. Байтұрсынұлы  қолға алған көкейтесті мәселені алға тартады. Көріп отырғандарыңыздай А. Байтұрсынұлының сапалық білімді және өнерді меңгеріп қана қоймай, оны адамгершілікпен ұштастыру жалпы тіршілікте Қазақстан халқының күнделікті мінезі мен іс – қимылының өзегіне айналдыру қажет.

Пайдаланған әдебиеттер

1.     Байтұрсынов А. Ақжол. Замандастарыма. – Алматы, 1991. – 22б.

2.     Байтұрсынов А. Ақжол. Ат пен есек. – Алматы, 1991. – 24б.