Асетова Г.Б.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Некені (ерлі-зайыптылықты) құқықтық реттеудің ерекшеліктері

Қоғам мен мемлекет үшін неке және отбасы, әке болу және ана болу жоғары әлеуметтік құндылықты қалыптастырады, яғни адамның пайда болуын био әлеуметтік жаратылыс ретінде қамтамасыз етеді.

Неке мен отбасын олардың пайда болуы мен қазіргі таңға дейінгі оларға деген қызығушылық әлсіремейтін құбылыстардың қатарына жатқызылады, ол олардың адам өміріндегі көп қырлылығымен және маңыздылығымен түсіндіріледі. «Неке  және отбасы әр түрлі ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады, яғни: фәлсафа, әлеуметтану, құқық, медицина және тағы да басқалары, олардың бағыты мен ерекшелігі есепке алына отырып, аталмыш феноменнің әр түрлі жақтары, белгілері, қасиеттері зерттеледі» [1;70] .

Отбасының қалыптасуы мен дамуында ерлі – зайыптылық қатынастарының рөлі едәуір маңызды, себебі кез келген отбасының негізінде ең болмаса бір некелік жұп жатыр.

Құбылыс ретінде отбасылық құқықтық қатынастар құрылымы және мәні бойынша объективті шынайылықтың ең күрделі бөлігі. «Өзінің нақтылы жеткілікті күрделі құрылымы бойынша ол өзіне барлық элементтерді кіргізеді. Олардың кейбіреулері тек отбасылық құқықтық қатынастардан тәуелсіз жеке дара әрекет ете алады (мысалы, тұрғылықты жерге құқығы, баршамызға мәлім болғандай отбасылық құқықтық қатынастардың жеке құқықтарының бірі және сонымен қатар, азаматтық заңнама нормаларымен қамтамасыз етілетін азаматтардың құқығы да болып табылады)» [2; 108] .

Некеге отыру - кез келген адамның өміріндегі маңызды қадамдардың бірі. Алайда оны қию үшін некелесушілердің тек ерік білдірулері жеткілікті емес. Мемлекет бір қатар ережелерді бекітеді, арнайы тәртіп, неке қиюды мемлекеттік тіркеу. Неке қию сәтімен заңнама ерлі – зайыптылар арасындағы ортақ меншіктің пайда болуын, өзара құқықтар мен міндеттердің пайда болуын байланыстырады. Неке қию барысында тараптардың теңдігі бастама алады.

Қазақстандық заңнама, сонымен қатар ресейлік заңнамада тек бір некелік некені ғана таниды, яғни әйел мен еркектің бір некелік одағы. Қазақстандық отбасы заңнамасы неке бостандығы қағидасын қалыптастырады. Бұл дегеніміз некеге отыру, некені бұзу сияқты тараптардың ерікті және бостандықты ерік білдіруіне негізделген дегенді білдіреді. Физикалық немесе писихикалық мәжбүрлеудің салдарынан немесе жергілікті салт – дәстүрлердің сарқындыларына негізделген неке мемлекетпен танылмайды және жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Ерлі – зайыптылық қатынастары белігілі бір мерзімге бекітілмейді, олар тәртіп бойынша ғұмырлық болып табылады. Некелік қатынастар мерзімі анықталмай қалыптасады, онда қандай да бір ғана немесе бірнеше мүмкіндіктерді жүзеге асыру мақсаты көзделмейді. Кез келген құқықтық жүйеде некенің негізгі басты белгілерінің бірі оны заңмен бекітілген тәртіпте және нысанда жүзеге асыру болып табылады. Бұл белгіні қалыптасқан қатынастарды ерлі –зайыптылыққа жатқызуға болатын конститутивті маңызы бар жалғыз белгі деп атауға болады.

Неке қиюдың шарттары мен тәртібіне «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 3 тарауы арналған. Аталмыш шарттардың тізбесі жеткілікті болып табылатындығын ерекеше атап өткен жөн.

Олардың қатарына келесілер жатқызылады: еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және неке жасына толуы.

Әрекет етуші отбасы заңнамасы жалпы тәртіпті бекітеді: Қазақстан Республикасының аумағында некеге отырудың нысаны мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады (ҚР НОтК 228 б. 1т.) [3].

Некені бұзудың өзіндік құқықтық салдары бар, яғни ерлі- зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша сотта немесе азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында бұзылған жағдайда да олардың арасында неке барысында болған барлық құқықтық қатынастар тоқтатылады, оған өзара алименттік міндеттемелер мен ерлі – зайыптылардың мүліктерінің шарттық режимімен байланысты туындаған қатынастар кірмейді. Некені бұзудың құқықтық салдарын некені жарамсыз деп танудан пайда болатын құқықтық салдардан айыра білудің қажеттілігінің маңыздылығы бар екенін ерекше ескерген жөн.

Ерлі – зайыптылардың некелік қатынастарының беріктігін қамтамасыз ету мақсатында келесі шараларды жүзеге асырған жөн деп санаймыз:

1. некеге отырушы тұлғалардың медициналық тексеруден өтуі туралы нормасын императивті норма ретінде қабылдау;

2. жас өспірімдердің адамгершілік тұрғысынан, некелік қатынастарға саналы түрде көз қарасын қалыптастыруды тәрбиелеуде оқу орындарында ғана емес, сонымен қатар, отбасында күшейту;

3. неке қиюға өтініш беру мен некені тіркеуге дейінгі мерзімді ұлғайту, яғни өмірлеріндегі басты қадам жасауға ойлануға көбірек уақыт беру.

Қорытындылай келе, неке – отбасы қатынастарын құқықтық реттеу институты соңына дейін зерттеліп аяқталмаған деп тани отырып, оны әрі қарай жетілдіру керек екендігі айқындалды. Жоғарыда айтылған ұсыныстарды тәжірибе жүзінде іске асырсақ, кездесетін олқылықтардың орнын толтыруға аз да болса септігі тиеріне сенімімз мол.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Муратова С.А. Семейное право: Учебник.- Москва: Изд-во Эксмо, 2006.-375 с.

2. Антокольская М. В. Лекции по семейному праву: Учебное пособие.- Москва: Юрист, 1995.-336 с.

3. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі (2014.15.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) // http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31102277