Қырғызова Гульназ Маутқазықызы

Өскемен қаласы №15 мектептің мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі

 

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДА АТА-АНАМЕН БАЙЛАНЫСТЫҢ МАҢЫЗЫДЫЛЫҒЫ

 

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері білім беру саласында ғылымның дамуында, саясатта, мәдениетте, жалпы қоғамда көптеген өзгерістер болды. Болашақ ұрпақтарға әлемдік ғылым мен өрлеу деңгейіне сәйкес білім беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру қоғамның басты міндеттерінің бірі. Сондықтан да қазіргі мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан өзгерістер оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру талаптарын қояды. Осы өзгерістер мемлекеттің жоғары деңгейге өрлеуіне әсер ете отырып, адамдардың да психологиясының жағымды дамуына ықпалын тигізді. Яғни, мемлекеттің жақсы жағына өзгеруіне тікелей адамзаттың әсері болды. Елін, жерін сүйген қазақ халқының көкейіндегі арманы-өзінің сүйікті жас мемлекетін өркениетті, мәдениетті мемлекетттердің қатарына қосу. Ал, осы арманның орындалуы білімді, жалпыадамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген халықтың ғана қолынан келетіні мәлім.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «... Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын қоғамның өзекті және перспективалы қажеттіліктеріне сәйкес ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі міндеті: «Бала бойында білімді меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді қалыптастыру» - делінген. Осы міндетті шешудің бірден бір жолы мектепалды сыныбында балалардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату болып табылады

«Тәрбиеші балаға түрлі әсерді құлық көзімен салыстырып, үйретуге міндетті. Бала салыстырып, сынап үйренсе, адамгершілік туралы белгілі бір ұғымға ие болады. Ол уақытта алдағы өмірінде дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды, ақ пен қараны дұрыс һәм жеңіл айыратын болады», - деп атап көрсеткен М.Жұмабаев. Бұдан балаларды адамгерішілікке тәрбиелеу мәселесі қай заманның болса да ғалымдарын терең ойландырғаны байқалады. Сонымен қатар біз көтеріп отырған мәселенің осы кезеңде біршама ізденісте болғанын көрсетеді.

Қазіргі таңда қоғам жастардың бойында адами құндылықтарды, қайырымдылықты, әділдікті, махаббатты сіңіріп, жаман қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеуді талап етеді.

Мектепке дейінгі балаларды оқытып-тәрбиелеу мәселесі барлық кезеңдерде де өзектілігін жоймай, үнемі педагогика ғылымының зерттеу нысаны болудан тайған емес.

Мектепалды сыныптары – бұл Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жаңа көрініс. Олардың ашылуына бірқатар себептер негіз болды, ең бірінші себебі – мектепке дейінгі ұйымдардың жаппай жабылуы, бұның нәтижесінде 1995-1999 жылдары балалардың басым көпшілігі жалпы дамудың қажетті деңгейіне жетпей, оқу әрекетіне деген психологиялық, когнитивтік, жалпымәдениеттік даярлықтан өтпей, мектептерге түсе бастады. Осы балалардың көбі, өздеріне тың болып табылатын мектеп жағдайына түсіп, болып жатқан құбылыстарға қиындықпен бейімделе бастады. Осындай бірінші сыныптағылардың сенімсіз жүріс-тұрысы айналадағылардың теріс көзқарасын тудырды, бұның өзі баланың психикасын жаралап, оған деген мұғалім тарапынан жағымсыз қарым-қатынастың пайда болуына ықпал етті. Осылайша, мектептегі оқу жылдарында үнемі қалып жүретін, қиын деген әлсіз, енжар оқушының бейнесі қалыптасты. Бұдан басқа мектепалды сыныптардың ашылуына 1997-2000 жылдары бастауыш мектепте тұлғалық, танымдық, арнайы-педагогикалық дамудың тиісті деңгейіне ие болған бала мектепке келеді деген оймен әзірленген жаңа буын оқулықтарының енгізілуі негіз болды. 

         Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 1998-1999 жылдары еліміздің жаңа «Білім туралы» Заңының жобасын даярлау барысында мектепалды деп аталған жалпы білім беру бағдарламасы аясында мемлекеттік білім беру ұйымдарында бес-алты жастағы балалардың міндетті және тегін мектепалды даярлығы жөніндегі жаңа заңды нормалардың әзірленуіне бастама болды. Заң 1999 жылдың 7 маусымында күшіне енді. Мектепалды сыныптарын ашу механизмін анықтау үшін 1999 жылдың қарашасында Үкіметіміз «Балалардың міндетті мектепалды даярлығы мәселелері туралы» № 1762 қаулысын қабылдады. Осы қаулыға сәйкес 5 және 6 жастағы балаларға арналған біржылдық мектепалды сыныптары жалпы білім беретін мектептер мен ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамай, басқа да білім беру ұйымдарында ашылды. Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың ересек және даярлық топтарының базасында да мектепалды топтары ашылды. Мемлекеттік ұйымдардағы балабақшалар мен мектептерде мектепалды даярлық мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылды. Сонымен қатар, қаулы 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамтамасыз етуге ана-аналарды міндеттейді.

         Мектепалды сыныптардың оқу бағдарламасы 32 аптаны қамтиды. Балалар аптасына 22 сағат оқиды. Сабақтардың құрылымы ұйымдастырылған бағдарламаны алғаш рет алуға келген бес-алты жастағы балалардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Олар бағдарламада қарастырылған ана тілі мен көркем әдебиет, бейнелеу өнері (сурет, жапсыру, құрастыру), музыка (музыкалық білім, ән айту, би билеу) бойынша білім элементтерін; математикалық ойлау дағдыларын меңгереді, сондай-ақ қоршаған қоғамдық және табиғи ортамен танысу қарастырылған. Мектепалды бағдарламасының мазмұнына ұлттық және жалпыадамдық құндылықтар, этика және гигиена элементтері енгізілген.

         2003-2004 оқу жылында мектепалды сыныптары мен топтарының оқу-тәрбие үдерісіне 82 атаудан тұратын 9 жаңа оқу-әдістемелік кешен енгізілді. Мектепалдының әрбір кешені әліппе-дәптер, хрестоматия, дидактикалық материалдар мен әдістемелік нұсқаудан тұрады. Кешендерді енгізу мектепке дейінгі білім беру сапасы мәселелерін тиімді шешуге себебін тигізері анық.

         Балалардың міндетті мектепалды даярлығы нормасы мектеп жасына дейінгі балалардың пайдасына шешілген мемлекетіміздің ең басты жетістіктерінің бірі болды. Қазақстан Республикасы – балалардың мектепалды даярлығы құқығын заңды түрде бекіткен ТМД елдерінің және еуропалық мемлекеттердің ішіндегі бірден-бір мемлекет болып табылады.          Қазақстан Республикасын әлемдік қауымдастық нарықтық экономикасы бар мемлекет деп таныды. Тәуелсіздіктің қысқа тарихи кезеңі ішінде мемлекетіміз әлемдік қауымдастыққа ықпалдаса отырып, экономиканың айтарлықтай өсуіне қол жеткізе алды.

         Осы контексте білім беру жүйесінің, адами ресурстардың қоғамдық даму, экономикалық күш-жігер және мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігі ретіндегі рөлі мен мәні арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің ақиқатына барабар жауапты және экономика дамуының қажеттіліктеріне сәйкестікті талап ете отырып, білім беруге әсерін тигізеді.

         Тез өзгермелі әлем және ақпарат ағымдарының артуы жағдайында фундаментальды пәндік білім міндетті болып табылады, алайда бұл білім берудің жеткілікті мақсаты емес. Білім алушылар қазақстандық білім беру жүйесі бағыты болып табылатын білімнің, біліктер мен дағдылардың қажетті мөлшерін меңгеріп қана қоймауы тиіс. Барынша өзін-өзі таныту және қоғам өміріне қатысу құзыреттілігі үшін ақпаратты өз бетімен табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалануды білім алушыларға үйрету бұдан да маңызды және қиын болып табылады.

         Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігінде оған лайықты орын алуға мүмкіндік бермей отырған ескірген әдіснамалық база, құрылым мен мазмұн жағдайында дамып келе жатыр. Білім беру мазмұны факт түрінде қалып, білім алушыларды қоғам өміріне құзыретті, жауапты және шығармашылық түрде қатысуға даярлауға бағдарланбаған. Білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесінің аймақтық деңгейде болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штаттық санының жетіспеушілігі білім беруді тиімді басқаруға кері әсерін тигізеді.

         Дамыған мемлекеттердің көпшілігі мектепке дейінгі білім беруге тең дәрежедегі қол жеткізуге мүмкіндік жасайды. Бұл тек қаржыландыру деңгейінен ғана көрінбейді, сонымен қатар балалардың толықкүнді немесе қысқакүнді болуына негізделген мектепке дейінгі тәрбиенің түрлі модельдерін: міндетті аналар мектебі, бөбектерге арналған, 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған мектептер, ойын топтары, балаларға қарау және күту топтарын құрудан көрінеді.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты ата-ана арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.

«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты ролді атқарады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.

Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т.б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог В.А.Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп атап көрсеткен.

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Мектепке дейінгі тәрбие — балалардың сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері. тәрбиенің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ.

Мектепалды сыныбындағы балаларды оқытып тәрбиелеуде ата-аналармен байланыста болудың маңыздылығы баланың бастауыш сыныптардағы өзін-өзі ұстауына, өз ісіне жауап беруіне, білім алудың қажеттілігіне көз жеткізуден көрінеді. Әр отбасындағы ата-анасының еңбек етуге деген талпынысы, көздеген мақсатына жетудегі ізденісі, алдынан кездескен қиындықтарды жеңіп шығуы, жалпы өмір сүруге деген құлшыныстары балаға әсер етеді. Жеткен жетістіктерге қарап балада өзіне мақсат қоя бастайды. Білім алуға қызығушылығы артады. Сондықтан әр ата-ана мектепалды даярлық сыныбындағы баланың әрбір жетістігін қолдап, қиналған кезінде көмектесіп, өздігінен қиындықтан шығу жолдарын іздеуді табуына жол көрсету маңызды. Мектепалды даярлық сыныбында баланың табысқа жетуін ұйымдастыруда белгілі педагог Мария Монтессоридің «Менің өздігімнен жол табуыма көмектесіңізші» деген идеясын алға ұстаған орынды. Ата-ана үшін, үлкендер үшін қаншалықты таныс, оңай болғанымен бала үшін жаңалық. Міне баланың қоршаған ортаны танып білуінде, заттар мен құбылыстар жайында мәлімет алуында жаңа дүниенің есігін ащқандығын ұмытпау қажет. Егер ата-ана баланың өздігінен ойлануына мүмкіндік бермесе, болашақта бала тек дайын нәрсеге, ойланып күш жұмсамауды,ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүргенді қалайды.

Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, мектепалды даярлық сыныбында, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж

«Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006 ж

Бастауыш мектепте оқыту № 4 2007 ж

Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші Орынбор, 1924.

Сатыбаев С Халық әдебиетінің тарихы негіздері — Алматы: 1992

Баймұратова. Б. Отбасындағы баланы мектепке дайындау , — Алматы: Шартарап, — 2000 ж