Тарих/
1. Отан тарихы
2 курса Ph.d докторант К.М. Рүстем
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Қазақстан
Главлит және кітапхана ісі
(сталиниз кезеңі)
Қоғамдық
сананың дамуына орай, адамның дүние танымы мен
қоғамдық ой-санасының қалыптастыруда баспа
өнімдері мен сол баспа өнімдерінің қоры жиналатын,
яғни рухани қазынаның топтасатын жері кітапхананың
маңызы зор. Осындай кітапханалардың жүйелі, мақсатты түрде
ашылу тарихының өзі Қазақстанда Кеңес
үкіметінің орнауымен тығыз байланысты. Себебі, Кеңес
өкіметі жүргізген «мәдени іс-шаралар» шеңберінде баспа
ісі, яғни кітап-журнал, мектеп оқулықтарын және т.б.
баспа өнімдерін шығаратын типографиялар, жүйелі түрде
арнай кітапхана мекемелерін ашу істері қолға алынып, сонымен
қатар, осы мекелемелердің мемлекеттік идеологияға сай
жұмыс істеуін қадағалайтын мекемелерді де қатар
қолданған еді. Осындай мекемелер қатарында бастауын
патшалық Ресей тарихынан алатын кеңестік цензура болса, оның
қалыптасу уақыты 1922 ж. 6 маусымда – Главлит деп аталатын
ұйымның құрылу тарихымен байланысты.[1]
Ал Қазақстанда Кирглавлиттің (Қазглавлит)
құрылуын 1922 жылы 9 желтоқсан деп қарастырылады[2].
Идеологиялық
құрал ретінде баспа өнімдерін қарастыратын
болсақ, Кеңес өкіметі орнаған Қазақстан мен
басқа да ұлттық республикаларда алғашқы кезде
өз баспалары болмай, бұл істі Мәсеудегі Шығыс
халықтарының коммунистік ұйымдарының Орталық
бюросы ұлт тілдерінде саяси әдебиетті шығаруды өз
қолына алған.[3]
Себебі, кітап басу және оны тарату ісі Орынборда 1920 жылы 3 қарашада ҚазКССР-ның мемлекеттік баспасы (Киргосиздат)[4]
құрылып, толығымен жолға қойылғаннан кейін,
шамамен 1922 жылдан бастап біршама түзеле бастаған.[5] Ал баспа өнімдерінің жинақталып, халықтың
қолданысына берілетін негізгі мекеме кітапхана болса, ол да
Лениннің 1920 жылғы «РСФСР
кітапхана ісін орталықтандыру жөніндегі декретіне» сай
Главполитпросветтің қарауына өткен еді.[6]
Зерттеуші И.В.
Рочева «1934 ж. наурыздағы КСРО ОАК-нің «КСРО-ы кітапхана ісі»
жөніндегі шешіміне орай, барлық автономиялық республикаларда,
аймақтар мен облыстарда, орталық және т.б. кеңестік
кәсіподақтарда кітапханалық бөлімдер ашылған.
Ендігі жерде олар тек саяси-ағартушылық қызметпен шектелмей,
мемлекеттік мекеме ретінде, биліктің идеологиясын дәріптейтін
мекемеге айналғанын көрсетеді»[7] - дейді. Алайда кітапханалар жүйесі қалыптасқан
уақыттан бері идеологиялық мекеме болғанын 20-шы жылдардың өзінде-ақ, Главполитпросвет, Главлит, ОГПУ
сияқты мекемелердің өкілдерінен құралған
«үштіктермен» жүргізілген[8]
«контрреволюциялық әдебиеттерден» кітапханаларды «тазалауға»
бағытталған іс-шаралар үш рет (1923, 1926, 1929 жж.) орын
алып көптеген шығармалар жойылғанынан–ақ
байқауға болады. [9]
Расында осындай
мемлекеттік идеологияны жүзеге асырушы мекемелердің
қатаң бақылауда болғаны жөнінде
мұрағат құжаттарында да кездеседі: «...учреждения
подлежащие контролю, как то: библиотеки, книжные склады, киоски, а также
театры, клубы, Нардома, набы-читальные, зрелищная работа каковых подлежит
цензуре реперткома...».[10] Бұл құжаттағы мәлімет арқылы, біз
баспа өнімі қолданыста болған барлық мекемелердің
мемлекет қадағалауында болғанына тағыда бір көз
жеткіземіз. Жоғарыда тоқталып өткенімізде цензураны
жүзеге асырушы Главлит деп аталатын мекеме, бүкіл баспа
өнімін қадағалап қана қоймай, сонымен қатар
барлық практикалық жұмыстарды атқарды. Бірншіден
оларға көп нәрсе тәуелді болса, екіншіден, олар
жоғарыға «антисоветтік», «зиянды» деген сияқты
әдебиеттер мен жалпы ақпараттық ортадағы
жағдайлар жөнінде мәліметтерді бере отырып,
идеологиялық талаптарды күшейте түскен.[11]
Алғашқы
уақытта Кеңес өкіметі діни, саяси ескірген,
контрреволюциялық, яғни патша билігі тұсында жарық
көрген әдебиеттерді жарамсыз деп тауып, кітапхана
қорларындағы мұндай әдебиеттерді жалпы
көпшіліктің қолданысынан ала отырып, тек ғылыми
қызметкерлердің қолдануына рұқсат берген.[12] Алайда кітапхананың құрамын тексеру жөніндегі
нұсқаудың жалпы ережесінде: «Красная Новь», «Московский Рабочий»,
Новая Москва, «Прибой», «Путь Просвещения» және т.б. кеңестік,
партиялық және коммунистік баспаханалар шығарған,
сондай-ақ Главлиттің рұқсатнамасында бар
кітапханалардағы кітаптарды мүлдем қолданыстан алып тастауға
болмайды, олар ірі және арнайы кітапханаларға беріледі делінген.
Ал төменедгі
кітаптар зиняды деп табылып, көпшілік қолданысынан алынып тастауды
қажет ететіні жөнінде тағыда атап көрсетілген. Олар:
философия, психология, этика, революция, социализм, диалектикалық
материализмге қарсы, ментализмді, культизмді, ішімдікті, дінді қолдайтын, сонымен қатар
френологии, хиромантии, сиқыр мен
түс жору сияқты т.б. кітаптар. [13] Біз бұл мәліметтер арқылы, кітапханалардың
қоғамда атқаратын қызметі айқындалып
қоймай, сонымен бірге нақты қандай кітаптар қолданыстан
алынатыны, оның ішінде діни кітаптардың да қоғам
үшін зиянды деп танылғаны анық байқаймыз. Сонымен
қатар, барлық балалар кітабы да жалпы негізде алдын-ала цензурадан
өтуі қажет деп табылған. [14] Ал Казглавлиттің қорында[15]
сақталған бұйрықтар мен циркулярларды қарау
барасында, 1930 жылдардан бастау алған «Кітапханалар мен кітап сауда
жүйелерінен алынып тасталуы тиіс тізімдердің» жиі кездесуі,
кітапхана ісінің толықтай мемлекет қадағалауында болып,
әсіресе жаппай қуғын-сүргін жылдарында жаппай
«библиоцидке»[*]
ұласқаны тарихта белгілі.
Сондай-ақ
кітапханаларды қоғамға «жат» әдебиеттерден «тазарту»
ісі тұрақты жүргенін төмендегі құжатта
берілген мәліметтен байқау болады: «Политпросвет отдел
Кирнаркомпроса просит выделить, в краевую комиссию по изъятию из библиотек
антисоветской и антипартийной литературы, Вашего представителя в постоянной
работе названной Комиссии….»[16]
Қорыта
айтқанда, Кеңес өкіметі орнаған алғашқы
күннен бастап, баспа ісі мен кітапханаларды ашу ісін жолға
қоя отырып, оны қадағауды да қатар алып жүрген.
Әсіресе, Главлит деп аталатын арнайы мекеменің құру
арқылы, мемлекеттік идеологияға «жат» ойды анықтайтын,
қадағалайтын және жазалайтын жүйені КСРО
ыдырағанға дейін қолданған. Ал бұл
жүйенің тоталитарлық үстемдік құрған
жылдарда, өз жұмысын «асыра» пайдаланып, мемлекеттік идеологияны
дәріптеуші бірден-бір мекеме болғанына мұрағат
құжаттар мен ғалымдар зерттеулерімен танысу арқылы
көз жеткізуге болады.
Қолданылған
әдебиеттер:
[*] Кеңестік цензура тарихын зерттеген ғалым А.В. Блюм өз зерттеуінде: «библиоцид» терминині геноцид терминінің ұқасатығына қарай құрылған дейді. (Блюм А. Советская цензура в эпоху тотального террора 1929-1953. С.-Петербург, «Академический проект», 2000. С.94)
[1] Русская журналистика в документах: История надзора.М., 2003. – С. 3
[2] Азимбай Гали О цензуре, самоцензуре и главным образов о ней. //Казахская правда. 2002. № 4. – С. 7
[3] Дәулетова Н., Нұрмахаметова К. Қазақстандағы кітапхана ісінің тарихы. Алматы, «Білім», 1994. 31 б.
[4] Дәулетова Н., Нұрмахаметова К. Қазақстандағы кітапхана ісінің тарихы. Алматы, «Білім», 1994. 31-32 бб.
[5]РК АП Ф. 141, О. 1, Д. 376, Л. 1
[6] Блюм А. Советская цензура в эпоху тотального террора 1929-1953. С.-Петербург, «Академический проект», 2000. С. 85
[7] Рочева И.В. Библиотеки КомиАССР накануне войны (вторая половина 1930-х гг.). //Библиотека в контексте истории. Материалы 6-й международной научной конференции. М., 4-5 октября. 2005 г. С. – 159.
[8] Блюм А. Советская цензура в эпоху тотального террора 1929-1953. С.-Петербург, «Академический проект», 2000. С. 87
[9] Блюм А. Советская цензура в эпоху тотального террора 1929-1953. С.-Петербург, «Академический проект», 2000. С. 85
[10] РК АП Ф. 81 О. 1 Д. 557 Л. 73
[11] Блюм А. Советская цензура в эпоху тотального террора 1929-1953. С.-Петербург, «Академический проект», 2000. С. 16
[12] РК АП Ф. 81 О. 2 Д.10 Л. 4
[13] РК АП Ф. 81 О. 2 Д.10 Л. 5
[14]РК АП Ф. 81 О. 1 Д. 557 Л. 38
[15] ЦГА РК Ф. 1740. О.1, О. 2, О. 3
[16] РК АП Ф. 81 О. 2 Д.10 Л. 63