Жанибекова С.С.,Смаханова Ш.Б. Ойын элементтерің математика сабағында  пайдаланылуы.

 

*227283*

Жанибекова Сара Сериковна

Педагогика ғылымдарының кандидаты,профессор,Облыстық білім басқармасының оңалту орталығының педагогы. Қызылорда қаласы

Смаханова Шара Баташовна

№117 Ә.Оңалбаев атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы

 

Ойын элементтерің математика сабағында  пайдаланылуы.


      Ойын оқушының негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын оқушының даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.
       Мұғалімнің міндеті- ойын барысында балалар арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен басқару, балалардың достығын қолдау. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ықыласпен тыңдап, жемісті меңгеруіне әсер етеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады. 
       Ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтады. Ойынды қолдану сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, материалды қажетті деңгейде игеруіне ықпал етеді. Ойындар мазмұны баланы қызықтыра алатындай құнды болуы керек. Ойын әрекеті сабақта игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың өзіне және басқаға сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Ең бастысы әлеуметтік психологиялық талаптардың бірі - шынайы қарым-қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.
    Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «Ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. 
     Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптары оқушыларының ой-өрісін дамытатын «Сақина тастау» ойыны. Дидактикалық мақсаты: берілген мысалды тақтаға шығарып, сақинаны өзі қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады. Ойынды басқара жүріп, мұғалім оқушының жеке басының ерекшелігіне, оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. 
     Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал. [1] 
Ойын - оқушылардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында оқушыныңның жеке басының қасиеттері қалыптасады. Мысалы: кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. 
        Мектеп оқушыларының мектепке келгенге дейінгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетіне бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында қолданылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аударуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп: ойын сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары. 
       Сабақта ойын элементерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу үдерісіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездеріне нұсқан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.[9] 
       Оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір көзі–математикалық ойын элементтерін қолдану деп ойлаймын. Біздің ойымша, математикалық ойындар–сыныпта жүргізілген жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да балаларды өзіне тартады.  Сабақта қолданған әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның тәрбиелік маңызын түсінуге тырысамыз. Оқушыларға сұрақты қысқа, түсінікті етіп қоямын, ойын үдерісінде мүмкіндігінше ойынның бірнеше түрлерін кезектестіріп отырамын. 
    Математика сабақтарында халық ойындарын дидактикалық материал ретінде қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. 
Мысалы: «Көрші-көрші» ойынының мақсаты оң және теріс сандардың ретін меңгеру. Яғни, мұғалім бір санды атайды, «-4» дейді -4 саны тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады. Сонаң соң мұғалім бұл санның көршілері қатарына тұрыңдар дейді. -3,-2,-1 сандарын құрады. Одан соң -3 және -2 сандары салыстырылады. Одан соң -2,-1 т.с.с. 
Алайда, ойын арқылы есептер мен тапсырмаларды орындау ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттарына жету үшін пайдалану орынды. Оқушыныңның қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі оқушыныңның психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, еркі қасиеті, қабілеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі оқушының жан-дүниесіне әсер етіп, оның рухани адамгершілік сезімінің дамуына ықпалын тигізеді. 
    Сыныптарда мынадай дидактикалық ойындарды көп пайдаланамын: математикалық эстафеталар, викториналар, кроссвордтар, ребустар, жұмбақтар. «Квадрат теңдеулер» тақырыбына мынадай ойын түрлерін өткіздім. 
Ойынның түрі: «Жарыс сабақ» 
1.Сынып оқушыларын «Квадрат» және «Тендеу» болып екі топқа бөлініп жарысатындығын түіндірдім. 
2. «Ақсүйек- көксерек» ойыны. Әр топ бір-біріне сұрақтар қойып, жауап алады. 
3. Бұрыш ойыны. 
1. 7х2+3х=1=0 (731) 1. 5х2+2х+2=0 (522) 
2.5х2+9х+6=0 ( ) 2. 7х2+6х+1=0 ( ) 
3. 5х2+9х+6=0 ( ) 3. 7х2+6х+1=0 ( ) 
4. 12х=-4х2 ( ) 4. 13х=-7х2 ( ) 
5. 3х2=-7 ( ) 5. 4х2=-9 ( ) 
4. «Бәйге» ойыны. Екі топқа да, әр оқушыға жеке-жеке есептер беріліеді. Қай топ дұрыс, әрі бірінші шешеді? 
1. 2х2+5х-3=0 6х2+13х+5=0 
2.х2+2х+1=0 3х2-5х+2=0 
3. 3х2+х-4=0 5х2+5х+2=0 
4. 2х2+7х+3=0 5х2+х+2=0 
5. p2+p+9=0 5/2у2-4у-1=0 
5. «Ақсүйек» ойыны. Мұнда екі топқа үш-үштен есептер беріледі. Сол арқылы жасырынған квадрат теңдеуді табу керек. 
1. х1=2+√3 х2=2-√3 х3=2 х4=3 
Жауабы: х2-4х+1=0 х2-5х+6=0 
2. х1=3 х2=4 х3=-3 х4=-2 
Жауабы: х2-х-12=0 х2+5х+6=0 
3. х1=5 х2=-4 х3=0 х4√=6 
Жауабы: х2-х-20=0 х2-6х=0 
4. «Қазақша күрес» ойыны. 
Бұл жерде екі топтың ең мықты екі оқушысы шығып тақтада мәселе есептер шығарады. Қай топ бірінші болса, женіс сонда. 
1 топ: Ұзындығы 64м шенбер бойымен бір-біріне кері қозғалған екі дене әрбір 4 сек сайын кездеседі. Бір бағытта қозғалғанжағдайда бірінші дене екінщісінен әрбір 32 сек. сайын қуып жетеді. Осы денелердің сызықтық жылдамдығын табыңдар. 
Шешуі: 
1 дене х} деп жылдамдықты белгілейміз. 
2 дене у 
64/4=4 } х+у=64/4 } х+у=16} х=16-у 2у=14 
64/х-у=32 х-у=64/32 х-у=2 16-у=2 у=7 
х=16-7 х=9 
Жауабы: Сызықтық жылдамдыгы 7м/с, 9м/с 
2 топ: Автомобиль әр минут сайын велосипедшіге қарағанда 1500м артық жүреді, сондықтан ұзындығы 50 км жолға 4,5 сағ кем уақыт жібереді. Олардың әрқайсысының жылдамдықтарын тап. 
Шешуі: автомобиль жылдамдығы х км/сағ=60 мин 60*1500м=90000=90км/саг 
Велосипед (х-90)км/саг 
50/(х-90)-50/х=4,5 50х+50х+5090=4,9х (х-90) 
4500=4,5х2-405х 4,5х2-405х-4500=0 D=164025+810000=245024=4952 
Х1=405-495/2*4,5=-90/9=-10 
Х2=405+495/9=900/9=100км/саг автомобиль 
100-90=10км/саг велосипед 
5. «Көрші-көрші» ойыны кітаппен жұмыс. Мұнда екі топ өздері үйде дайындаған есептерін бір-бірімен алмасып шығарады. 
Бхаскара есебі: Үнгірге жасырынған маймылдар саны олардың жалпы санының бестен бірінен 3-і кем болған үлесінің квадратындай болып, тек ағаштың басына мініп кеткен біреуі көрініп тұр еді. Барлығы неше маймыл болған? 
Шешуі: х-(х/5-3)2=1 
х = х2/25+6х/5-9-1=0 
х2/25+х-6х/5+10=0 х2-25х-30х+250=0 х2-55х+250=0 
D=3025-1000=2025=452 х1=55+45/2=50 х2=55-45/2=5 
Жауабы: 50 маймыл 
Бхаскара есебі: Екі топқа бөлініп маймылдар ойнап жүр екен. 
Сегізден бірінің квадраты, 
Жүр еді ойнап жырада. 
Қиқу салып он екісі, 
Ойнап жүрді жағада. 
Барлығы қанша санап көр, 
Маймылдардың тобында? 
Шешуі: (х/8)2 +12=х х2/64+х+12=0 
х2-64х+768=0 D=1024-768=256=162 х1=32+16=48 х2=32-16=16 
Жауабы: 48 және 16
       Квадрат теңсіздіктер тақырыбын өткен кезде келесі ойын түрін ұйымдастыруға болады. 
Сыныптар қатар бойынша екі топқа бөлінеді және екі жетекші сайлап алынады. Ойынға 10 үлестірме жасалынды. Әр үлестірмеде квадрат тенсіздіктерді шешуге әртүрлі тапсырмалар жазылды. Топқа берілетін үлестірмелер бөлек тұрды. Тақтаны екіге бөліп, «Жазуға кірісіңдер» деген белгі берілгенде, әр топтан бір оқушы шығып, үлестірмедегі жазуларды жазып, орнына отырады. Сөйтіп, келесі оқушы шығады. Ал үш оқушы әр топтың жауаптарын мұғалімнің алдын-ала жазылған жауаптары бойынша тексеріп отырады. Соңында қатесі аз және бұрын бітірген топ жеңіске жетеді. 
        Мұндай ойынды әр түрлі тақырыптарда өткізуге болады, өткізу арқылы қай оқушының тақырыпты меңгере алмағанын және қай жерден үнемі қате жіберетінін оңай аңғаруға болады. Сондай-ақ үзіліс кезінде білмейтін оқушыларға білетін оқушылардың түсіндіріп, үйретіп жатқанын көруге болады. 
     Сабақтағы мұндай ойын сәттері оқушылардың есептеу қабілетін жетілдіреді,ой-өрісін дамытады, есте сақтау түйсіктерін қалыптастырады, өз халқының ауыз әдебиетін құрметтеуге тәрбиелейді. 
     Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен – саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша ұпай алады. 
     Сонымен бірге математика сабағында «Домино» ойынын пайдаланамын. Қағаз екіге бөлініп, біреуіне сұрақ, екіншісіне басқа сұрақтың жауабы жазылады. Оқушылар сұраққа дұрыс жауап тауып, құрастыруы керек. Егер тапсырма дұрыс орындалса, қағаздың екінші жағында белгілі бір сурет немесе мақал-мәтел шығады. 
       Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударып отырамын. Сабақта алған білім дағдысын ойлау барысында қолдану мүмкіндігі оқушылардың зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс-қимылға жетелейді. Белсенді емес оқушылар жолдастарын кейін тартпау үшін жанын салады. Жалпы, ойындарды қайталау сабақтарында, сынақ сабақтарында ұйымдастырамын. 
      Оқушылардың математика сабағына қызығушылығын арттырып, белсенді жұмыс істеуін, тез ойлау қабілетін арттыруда дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, қазақтың ұлттық ойындарының орны ерекше. Математиканың сан-алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын ойын элементтерімен өрнектеген сабақ қызықты, әрі ұтымды сабақ деп ойлаймын. 
       Сабақта ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасауға тырысамын. Сонда сабақ білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі кезінде оқушылардың бір-бірімен сөйлесу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімі оянады, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады. 
     Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда ол тәртіпті бұзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ал ойын жағдайында балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлар алмасады, ақылдасады, бір-біріне дәлелдейді, белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға байланысты, оның топтық түрде өтуіне байланысты. Осындай «Брейн-ринг» оқыта үйрену ойыны деңгейлік тапсырмаларды орындағанда ойнатуға болады. Сынып әр топта 2-3 баладан болатындай, 3-4 топқа бөлінеді. Ойынға 3-4 секторға бөлінген дөңгелек керек. Әр секторға бірінің үстіне бірі келесі тәртіппен үлестірмелер қойылады: ең астына 3-деңгейлі (күрделі), ортада 2-деңгей, ең үстінде 1-деңгей (жеңіл). Ойын тәртібі: әр оқушының өз нөмірі болады. 1-турда кезектесіп өз нөмірі бойынша үлестірмені алып, бірден жауап беру керек, 2-турда бәрі бір уақытта үлестірме алып, уақыт беріледі, ойынды топ басшысы жүргізеді. Топтар бір-біріне тәуелді болмайды.
 Өзіміздің тәжірибем бойынша шағын топтардың топ жетекшілерін пайдаланған тиімді екеніне көзім жетті.Себебі, бір жағынан ол оқушылар өз беттерімен тапсырмалар дайындап, оны өз топтарындағы үлгерімі төмендеу оқушыларға орындаттырады. Сол уақытта ол оқушының сабаққа қызығушылығы артуымен қатар өзіне үлкен сенім жүктелгенін түсінеді. 
   Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл-ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда математика сабағына ынталы қатысатын болды. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды, өз қызметінен жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады. 
Оқу тәрбие процесіне кіргізілетін ойындардың жалпы ерекшіліктері: 
1. Ойын оқушылардың қызметіндегі психикалық процесті (сезіну, қабылдау, ойлау, елестету, ес, ықыласын, тілін) активтендіреді. 
2. Ойын ерікті түрде құрылады. 
3. Ойын шығармашылық қабілетті дамыту үшін барынша мүмкін жағдай жасайды. 
4. Ойын барысында оқушылар терең қанағатанарлық, қуаныш алады. 
5. Ойын кез келген оқу материалын еліктіретіндей, қызықтыратындай жағдайға әкелуге көмектеседі 
    Жалпы қорытындылай келе, мектеп оқушыларына математика сабағында ойын - тиімді тәсіл екендігіне көз жеткіздік. Ойын - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол болады деген сенімдемім. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :


1.Әлімтаева, Б. Жаңа технология математика сабағында .23-25 бб

2.Әлдібаева, Т. "Математика" білім саласы бойынша күтілетін нәтижелер,12-12бб.
3.Бекқұлова,Г. Қарапайым математикалық фокустер : Қызықты математика//
4.Еркінбекова,Б. Жаңа педагогикалық технологияны математика сабағында қолдану.1-3 бб.
5.Себепбаева, Б. Модульдік оқыту технологиясы математика сабағында .45-46бб.
6.Шаймерденова,С. Сабақта модульдік оқыту технологиясын қолдану .1-2бб.
7.Исенбаева, С.Математика сабағында тиімді тәсілдерді пайдалану .5-6бб.