Рахманова
Н.М., Қартбаева Н.
СҰЛТАНМАХМҰТ ЖӘНЕ АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ
*227408*
СҰЛТАНМАХМҰТ
ЖӘНЕ АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Рахманова Н.М.
Алматы
университетінің доценті,ф.ғ.к.,Қазақстан
Алматы
университетінің 3 курс студенті,Қазақстан
Сұлтанмахмұттың өмірі
"тар жол тайғақ кешулі" кезде өтсе, оның
әдеби тағдыры да өзгеше. Ақын табиғаты -
ірі. Ақынның лирикалық қаһарманы ірі
әрекеттерге бас тіккен. Қарапайым жандардың өзіне зор
ықпал етер дүрбелең жылдар аса дарынды ақынның
ішінде тұнып жатқан сұрапылын қозғап,
дауылға айналдырып жіберген. Қоғамдық
қозғалыс ырғағына түскен ақын іздене
өседі, соған орай лирикалық қаһарманы да
ілгерілеп, сан алуан күй кешеді. Алғашқы кезең
өлеңдеріндегі қарапайым мінез келе-келе күрделене
түседі.
Өмірде
неше түрлі уды іштім,
Неше
түрлі азапқа, жаным, түстің.
Ағайынның
ішінен ала шықса,
Жау
ішінде бар ма екен сонан күштің,-
деген шумақтар, немесе:
Партия,
дау-жанжалдың шеті шықса,
Мал
тұрсын аямайды баласын да.
Ғалым,
өнер, хұқықтан жұрдай болып,
Мәз
болдың иттей үрген таласыңа,- . [42,52].
деген өлең жолдары ақынның
халық бойындағы келеңсіз мерез мінезді ащы сынай отырып
ынтымақ, бірлікке, өнер-білімге шақырғанын
байқатады.
Он
жеті, он сегіздің арасында-ақ, кәдімгі көргені
көп салиқалы жыршыдай, адамгершіліктің биік сапынан
көрінеді. Оған «Ұлт» деп аталатын мынау бір-ақ
шумақ өлеңі айқын дәлел:
«Кәпір»
бар, «мұсылман» бар – барлығы адам.
Оларды
алалайтын қандай надан!
Өнер,
білім, әділет кім қолдаса,
Қай
ұлт болсын – бәрі бір бауыр маған».
Сұлтанмахмұт өзі
жасаған заманының ағымына бірден ілесіп, әлеуметтік
мән-жайға баса көңіл аударғаны белгілі. Біз де
ақынның өлең өлкесіндегі осы қырына
әдейі молырақ тоқталғанды мақұл
көрдік. Себебі қай кезде де жасаса да, ақын-жазушыны
өзінің туған халқының мүддесінен
бөліп алып қарауға болмас.
Ақынның поэзиясында саяси
сарын басым. Сол себепті де ол қандай тақырыпты жырламасын,
өлеңдерінің әлеуметтік астары байқалып
тұрады. Мысалы, «Жазғы қайғы» өлеңінде
казақ даласының жазғы тамаша көрінісін суреттей
отырып, онда тұрып жатқан
халықтың оқу, білім, өнер кенжелігінен дамуда кейін қалып
қойғандығын да айта кетеді.
С.Торайғыров
– табиғатында халқын бар жанымен сүйген, жақсысына
сүйінген, жаманына күйінген ақын. Ол халықты
бостандыққа, азаттыққа, ізгілікке бастайтын рухани
басшы қайраткерге сірә да қарсы емес. Ол – тек халықты
кедей, бай деп бөлуге қарсы. Таптық жікке бөле
қалса, қандай білімді, көреген басшының өзінен
бас тартуға, ала жіпті кесісіп кетуге бар.
Ақынның
“Жарлау” аталатын өлеңі былай аяқталады:
Бұл
күнде бастаушылар шықты бізден,
Солардың
айрылмайық салған ізден.
Басшының
соңына ер, айтқанын қыл,
Тілейтін
бар тілегім осы сізден.
Ол осылай дегенде, біздің
ойымызша, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан
Бөкейхановтарды айтып отыр. Кейінгі жинақтарына
қосылмаған мына
өлеңі де ойымызды бекіте түсердей.
Басында ол
қарағым тұр ғой дайын.
Тек
ұзақ өмір берсін бір құдайым.
Дулатов,
Байтұрсынов, Бөкейханов,
Білемін
бұл үш ердің айтпай жайын.
Кешегі
қара күнде болмап па еді:
Бірі-
Күн, бірі – Шолпан, бірі–Айым!
Солардан
басқа кеше кім бар еді?
Қазақ
үшін шам қылған жүрек майын... [42,78].
Осы өлеңді
оқыған жан жоғарыдағы “соңынан ер, айтқанын
қыл” деп отырған ел
басшылары әлгі аталған алаштың үш ардағы
екеніне көзін анық жеткізеді, көңілін қылаусыз
сендіреді. Сұлтанмахмұт Торайғыров алты алашқа бірдей
қорған болған бұл үш
ағартушы-қайраткерге ел-жұрты үшін үлкен
үміт артты, иек сүйеді. Ал, Сұлтанмахмұттың
“Алашқа” көзқарасына келсек, оны “Алаш” ұранын жазудан,
Әлихан Бөкейханов түрмеден шығып келгенде:
Көш
бастаған еріміз,
Қуанышты
еліңіз.
Төбеміз
көкке жеткендей,
Көкіректен
бүгін кеткендей.
Сізді
көріп шеріміз.
Еліңіздің
бұл шағын,
Алаш
туын һәм бағын
Көзбен
көріп төленді,
Көптен
бері теріңіз.
Алаш
туын қолға алған
Қараңғыда
жол салған,
Арыстаным,
келіңіз! – [42,79].
деп қарсы алуынан анық
аңғаруға болады. Сұлтанмахмұттың
ақындық тұлғасы, өзгеше дарын, даралығын
танытарлық сипаты, алдымен ол –әлеуметтік лириканың асқан
шебері. Қазақ қоғамындағы жаңа дәуір
– ұлттық ояну дәуірі туғызған адамгершілік,
әділдік,өнер білімге құштарлық идеяларын
айырықша қуатты жігерлікпен, асқақ үнмен
жырлаған, «шындықтың ауылын іздеп», туған елінің
аспанында жарық күндей болып өнер шашуға талпынып,
шиыршық атып үнемі толғанып жүрген ақын
«бостандық», «теңдік» деген алаш ұранына қуана үн
қосты. Сұлтанмахмұт алаш партиясының ұраны, алаш
үкіметінің бостандық жолымен елді көгерту
мақсатын жанына жақын санап, бар ниетімен құптады.
От
жүректі, жалынды ақын Сұлтанмахмұт Алаш
зиялыларының азаттық жолындағы ерен істерін арқау етіп
“Таныстыру” поэмасын, “Алаш ұраны” өлеңін жазды да, Алашшыл
әдебиеттің туын асқақтата түсті.
“Алаш
туы астында
Біз
Алаштың баласы,
Күніміз
туып, көгерді
Сарыарқаның
даласы.
Құрт
аурудай жайлаған,
Құртпаққа
бізді ойлаған,
Қанымызға
тоймаған,
Қолымызды
байлаған,
Ерімізді
айдаған,
Жерімізді
жайлаған,
Өшті
залым қарасы,
Жасасын,
Алаш жасасын!”- [42,76].
деп елімізді көркейтуге, туған
халқымызға жан-тәнімізбен адал қызмет етуге
шақырды, ұлттық бірлікке үндеді.
«Алаш ұраны» - өлеңі ақынның тек жеке
басының пікірін ғана емес, сол кезеңдегі қазақ
қоғамының көңіл күйін аңғартатын
өлең.Қызыл империяның қызыл көздері
Торайғыровтың елжандылыққа ерте үйрететін,
бостандық сүйгіштікке баулитын ерекше әсерлі өлең-жырларынан,
публицистикалық дастандарынан жаман қорықты,
қазақтың жас өрендерінің,
зорлық-зомбылыққа төзбес, намысшыл, тәуелсіздікке
ұмтылғыш өжет боп өсуіне көмектесер ұлы ақын
мұрасының жанды, пәрменді ықпалынан қауіптенді.
Ел үшін жан береміз,
Жау
қайратын көреміз.
Сүйген
жарым-теңдікті
Кімге
тегін береміз?
Біз
де ұлттың ұлымыз,
Жолында
құрбан құлымыз.
Осыдан
отаншылдыққа, ұлтжандылыққа шақырған
шұғылалы шығармаларды жазғаны үшін, «буржуазияшыл
ұлтшыл» деп өлген ақынды
сан саққа жүгіртіп, ағаш аттың басына
мінгіздік. Бірақ
Сұлтанмахмұт болса ұлттық идеолог ретінде рухани
өр биігінде қалды.
Мен
қазақ, «қазақпын»! – деп мақтанамын,
Ұранға
«алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім
– қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен
неге қазақтықтан сақтанамын?!
Алыс
қырдағы қазақ даласындағы қоғам
өмірінің алдағы тірлік
сыр- сипаты қандай болу қажетін
көпшілік қара санасына ұғымды да сіңімді
етіп жырлау Сұлтанмахмұттан
басқаның көкірегінен ол күнде /1919/ былайша
жарқыл қағып
күркірей алмаған. Бұл жыр – Сұлтанмахмұт көкірегінің күркіреп
жарқыл қаққан көктем найзағайы, болашақтың
нұры. Сұлтанмахмұт поэзиясының әлеуметтік мінезі бірден-бірге
шарқ ұрып өрістей береді, тереңдей түседі.
Мысалы “Жан қайда
әділетті іздейтұғын
“,”Көш“, “Айт“,
“Партияшылға“, “Қос үй“, “Шал алған
қызға“, “Жарқынбай “,
“Бұлар кім?‘’, “Қандай басшы?“ тәрізді және басқа
өлеңдерінен бастап ,
“Шоң серіктігі“, “Бір адамға“, “Туған еліме“,
‘Соғыстың кесірі‘
сияқты нақтылы фактілерден, өмір шындығына негізделіп, үлкен ойға
құрылған философиялық өлеңдері
Сұлтанмахмұт шығармашылығының суыну білмейтін от жүрегі болып
соғып, “Кедей“ мен “Адасқан өмір“ тәрізді ұлы
өміршең поэмаларына өзектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Торайғыров С. 2 томдық шығ. жинағы.1Т.– Алматы, 1993.