Аташева Д.О. – э.ғ.к.,
Сексенбаева А.Б. магистрант
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Аймақтық деңгейде
қызмет көрсету
аясындағы кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң даму
жағдайы
Қызмет
көрсету аясындағы кәсiпкерлiктiң дамуы
Қазақстан экономикасы үшiн маңызы зор. Себебi негiзiнен
шиказатты өндiруге бағытталған ел экономикасы үшiн
қызмет көрсету аясын дамыту елдiң әлеуметтiк-
мәдени дамуының бiрден-
бiр көзi болмақ. Қызмет көрсету аясы
әлеуметтiк және мәдени қызмет көрсету нысанына бөлiстiрiлген:
әлеуметтiк қызмет көрсету аясына денсаулық сақтау саласы қызметтерi, бiлiм
және әлеуметтiк қөмек көрсету қызметтерi,
тұрмыстық қызмет көрсету қызметтерi кiретiн болса, мәдени даму аясына - туризм мен көңiл
көтеру және демалыс
және рухани демалыс қызметтерiн ұсыну қызметтерi кiредi
[1].
Қызмет
көрсету аясының дамуы
- тұтынушылардың
сұранысына сәйкес қалыптасады. Жамбыл облысы әлеуметтiк –экономикалық даму
жағдайы бойынша республиканың басқа аймақтарымен
саластырғанда негiзгi даму бағыттары Аймақтық
деңгейде қызмет көрсету аясындағы
кәсiпкерлiктiң даму жағдайына талдау жүргiзер
алдында аймақтағы жалпы кәсiпкерлiктiң даму
жағдайына тоқталып
өткенiмiз жөн деп ойлаймын. Келесi суретте Жамбыл облысы бойынша қызмет ұсынатын барлық заңды тұлғалар саны берiлген
(сурет 1).
Сурет мәлiметерiнен облыс бойынша тiркелген
жалпы кәсiпкерлiк қызмет
бойынша тiркелген субъектiлер саны 2013 жылы 9775 кәсiпорынды
құраған. Жалпы кәсiпкерлер динамикасы қалыпты өсу тенденциясын көрсетедi.
2010 жылы жалпы кәсiпкерлер саны қысқарғандығын
көремiз. Оған бiрнеше факторлар өз әсерiн тигiзген.
Атап айтатын болсақ,
қалыптасқан экономикалық жағдай, инфляцияның орын алуы, тауарлар мен қызметтерге деген
бағаның артуы және т.б. Соңғы уақыттар да
қызмет көрсету аясында байланыс және ұялы байланыс қызметiн
ұсынушы қызметтер, консалтингтiк қызмет көрсету және жылжымайтын мүлiктi бағалау бойынша қызметттер
кең дамуда. Сонымен қатар туризм саласындағы қызмет
көрсету бойынша туристiк фирмалар, туристтiк агенттiктер және туристтiк
агенттiлiктердiң санының артуы осы саладағы кәсiпкерлiк қызметтiң дамып келе жатқандығын
сипаттайды.

Сурет
1. Жамбыл облысы бойынша қызмет
ұсынатын барлық
заңды тұлғалар саны, бiрлiк
Жамбыл облысы
бойынша тiркелген кәсiпкерлiк субъектiлердiң меншiк нысаны бойына
бөлiстiрiлуi келесi түрде қалыптасқан: 2013 жылы облыс
бойынша 9775 кәсiпорын тiркелсе оның 7967 кәсiпорын
меншiгiнде және 1712 кәсiпорын мемлекеттiк меншiктi болған.
Бұл мәлiметтерден аймақтағы кәсiпкерлiк
қызметтiң даму барысында жеке саланың үлесiнiң
басымдылығын (81,5%) байқаймыз , мемлекеттiк меншiк (17,5 пайызды
құрайды) [2]. Кәсiпкерлерлiк қызметтiңдаму
барысындаталдау жасау барасында кәсiпорын қызметiн сиапттайтын
көптеген көрсетiкiштер қолданылады. Облыс бойынша тiркелген
кәсiпорындардың шағын және орта, iрi кәсiпорындар
ретiнде бөлiстiрiлуi келесi суретте берiлген.

Сурет
2. 2013 жылға облыс бойынша тiркелген жеке меншiктегi кәсiпкерлiк субъектiлердiң ауқымы
бойынша бөлiстiрiлуi, бiрлiк
2 сурет
мәлiметтерi бойынша облыс бойынша
2013 жылы тiркелген
кәсiпкерлiк жеке
меншiктi кәсiпорындар саны 7967
кәсiпорын. Оның iшiнде
7839 кәсiпорын шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне
жатқызылған, сонымен қатар 106 кәсiпорын орта кәсiпкерлiк ал 22 кәсiпорын
iрi кәсiпорындар болып табылады [2]. Кәсiпкерлiк қызмет аясында
кәсiпорынның ауқымы бойынша орта, iрi және
шағын кәсiпорындарға
бөлiнетiндiгiн бiлемiз.
Кәсiпкерлiк
қызметтiң осы түрде
жiктелуi кәсiпорынның орта жылдық активтерiнiң
көлемiне және жұмысшыларының санына байланысты орын
алатындығы мәлiм.
2013 жылы
облыс бойынша мемлекеттiк меншiктегi
тiркелген кәсiпорындар iшiнде де
жоғары үлестi шағын кәсiпорындар алуда. Олардың
саны 1112 кәсiпорынды құраған. Кәсiпкерлiк субъектiлердiң
ұйымдық- құрылымдық нысандары бойынша
барлық тiркелген кәсiпорындардың iшiнде 6641 кәсiпорын
шаруашылық серiктестiк субъектiлерiн, 75кәсiпорын акционерлiк
қоғамдарды, 2635 әр түрлi кәсiпорындар
түрлерiн және 424 мемлекеттiк кәсiпорындарды
құраған.
Берiлген мәлiметтер бойынша 2010-2011 жылдар
аралығында қызмет көрсеу аясындағы кәсiпорындар
саны азайғандығын байқауға болады. Бұл кему
тенденциясы жоғарыда келтiрiлген республика бойынша қызмет
көрсету аясындағы кәсiпорындарға тән
құбылыс. Себебi, кему
тенденциясына бiрнеше факторлар әсер етуi мүмкiн:
-әлемдiк
дағдарысқа сай, елiмiзде қалыпасқан экономикалық
жағдай;
-қызмет көрсету
аясындағы бәсекелестiк ортаның
күшеюi;
-тұтынушылардың
сапаға көңiл
бөлуi;
-кәсiпорындардың
төмен қаржылық жағдайының орын алуы және
т.б.
Елiмiзде
қызмет көрсету аясында құрылыс жөндеу
қызметерiн ұсыну,
көтерме және бөлшек сауда; автомобильдердi және
мотоциклдердi жөндеу қызметтерiн
ұсыну және өзге де қызметтер түрлерiн
ұсыну бойынша тiркелгендер
санында өсу қарқыны байқалады. Қызмет
көрсету түрлерi бойынша
денсаулық сақтау және әлеуметтiк қызметтер,
электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау
қызметтерiнде кему үрдiсi
байқалуда. Қызмет көрсету
аясы әлеуметтiк және
мәдени қызмет көрсету
нысанына бөлiстiрiлген. Әлеуметтiк қызмет
көрсету аясына денсаулық
сақтау саласы қызметтерi, бiлiм және әлеуметтiк
қөмек көрсету қызметтерi, тұрмыстық қызмет
көрсету қызметтерi кiретiн
болса, мәдени даму аясына -
туризм мен көңiл көтеру
және демалыс және рухани демалыс қызметтерiн
ұсыну қызметтерi кеңiнен дамуда
Әдебиет
1.
Елшібаев Р.Қ. Кәсіпкерлік
қызметті ұйымдастыру.-Алматы.: «Экономика», 2009.