Байсабаев Дархан Баубекович.

Орталық Азия Университеті

«6М050600 – Экономика» мамандығының 1 курс магистранты

 

Сыртқы қарыз экономикалық қауіпсіздіктің факторы ретінде

 

Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы бойынша жалпы сыртқы қарыз мөлшері – ол бейрезиденттерге контрактылық міндеттемелер бойынша өтелмеген төлем мөлшері арқылы анықталады. Өтелмеген қарыз мөлшері нақты алынған насиенің мөлшерін білдіреді. Қарыздың негізгі жиынтығын және пайызын төлеу бойынша ұзақ мерзімді несие, облигация сауда саттық несиесі сияқты қарыз құралдары контрактылық міндеттемеге жатады.бұл міндеттемені алу елдің жалпы қарызының өсуіне әкеледі.

Қаржы әлемінде шектеулі қаржылық мүмкіндіктерге ие елдер мен оларға қаржы ресурстарын пайдалануға беретін елдер тарасында қаржы ағындарыныңайналысы жүреді. Көптеген мемлекеттер шектеулі қаржы ресурстары жағдайында қосымша инвестиция түрінде қаржылық ағындардың келесі түрлерін қолданылады:

-      Коммерциялық негізде немесе соған жақын шарттармен үкіметаралық екіжақты несие;

-      «даму үшін ресми көмек», бұған қайтарылмайтын және жеңілдікті несиелер жатады;

-      мемлекеттік экспорттық несие;

-      халықаралық қаржы ұйымдарынан, институттарынан және қорлардан түсетін несиелер;

-      жеке жабдықталулы фирмалардың экспорттық несиелері;

-      басқа мемлнекеттердің рыногына орналасытырылатын облигациялық несиелер. [1]

Сыртқы қарыздың болуы жасалынған өнімнің бір бөлігін елден тыс жерге берудің қажеттігін білдіреді. Мемлекеттік борыш бойынша пайыздық төлемдердің тез өсу үрдісі бар. Мұндай төлемақылар болашақ экономикалық дамуды тежейді және реципиент-ел бюджетінің тапшылығын ұлғайтады.

Сыртқы қарыздың өсуі сонымен қатар реципиент-елдің халықаралық абыройын төмендетеді және ел үкіметінің саясатына халықтың сенімін кетіреді.
Ірі және созылмалы тапшылықтардың және мемлекеттік борыштың болуының келеңсіз зардаптары микроэкономикалық тұрақтылықтың бұзылуымен бірігеді.
Сыртқы ресурстар жаңа тәуелсіз ел атанған Қазақстан үшін де керек еді. 1992 жылдан бастап еліміз шет елдік инвестиция мен сырттан жәрдем және түрлі қарыз ала бастады. Сыртқы қарыз көмегімен елде үлкен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік туды.

"Модерн мемлекет" түсінігінде мемлекет шығындарының ұдайы арта түсетіндігі үйлесімді. Осыған байланысты артқан шығындарды қалай және қандай қаржы көздері арқылы қамтамасыз етеміз деген сұрақтар туындауда. Қаржы теориясы бойынша бұл шығындарды салық және сол тәріздес қаржы көздерінен алу көзделеді. Бірақ та бұл қаржы көздері жеткіліксіз болғанда сырттан ресурстар тартуға яғни қарыздануға мәжбүрлік туындайды. Дамушы елдерде құрылымдық мәселелерге байланысты ішкі қарыз көздері жоқтың қасы.

Ел мынадай себептерге байланысты қарыз алады: бюджет жетіспеушілігін жабу үшін, экономикалық өсуді қамтамсыз ету үшін, импорт тауарлар алуға, реформа жүргізуге немесе үлкен жобаларды жүзеге асыру мақсатында. Мемлекеттік қарыз мемлекеттік қаржы алудың үшінші көзі болып табылады.

Қазақстан ұлттық банкі мәліметтері бойынша 2011 жылғы берешек 125,2 миллиардтан асып, 2012 жылдың үшінші тоқсаны көрсеткіштері бойынша 134,9 миллиардқа өскен. Соның ішінде есепті жылы қысқа мерзімді борыш - 15,1 %-ға – 10,6 миллиард долларға, ұзақ мерзімді борыш - 7%-ға – 124,2 миллиард доллларға өсті.

2012 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы  бойынша мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген борыштың үлесі 4,1%-ға өсті немесе 5,5 миллиард долларды құрады. Қазақстаннның банк секторының міндеттемелері 2012 жылы 0,578 миллиард долларға қысқарып, 14,02 миллиард доллларды құрады. Фирмааралық берешек жалпы соманың 48,8  %-ын немесе 65,8 миллирад долларды құрады, өсім – 5,5 миллиард долларға жуық.

Республикада жалпы сыртқы борыштың өсу үрдісі сақталуда, 2012 жылдың үшінші тоқсанында оның көлемі 134,9 млрд. долларды құрап, ЖІӨ-ге шаққандағы оның үлесі 67,3% болды, бұл ретте оның шекті мөлшері халықаралық стандарттарда қабылданған шамадан  7,3%-ға  асып  кеткен.  Жалпы  сыртқы  борыш  құрылымында  басқа секторлардың  қарызы  басым  болып  отыр.  2012  жылдың  аяғында  олардың көлемі 129,3 млрд. долларды немесе жалпы борыш көлемінің 95,5%-ын құрады.

Жалпы сыртқы борыштың басым бөлігін Қазақстан резиденттерінің резидент еместердің алдындағы фирмааралық берешегі құрайды. Фирмааралық берешекке акцияны сатып алуды, акционер емес кәсіпорындардың жарғылық капиталына жарнаны салу және қайта инвестицияланған пайданы қоспағанда республикаға келген барлық тікелей инвестициялар кіреді.

Сыртқы қарыздың ең маңызды көрсеткіші - cыртқы қарыздың Жалпы Ұлттық Өнімге  қатынасы. Қазақстан үшін бұл көрсеткіш 67,3% көрсетуде.

Бұл көрсеткіш халықаралық нормадан  7,3% артық және бұл орта мерзімде сыртқы қарыз бойынша төлем қабілеттіліктің қауіпті деңгейде екендігін көрсетеді. Осы тәуекелділіктің деңгейін есептеу үшін басқа да көрсеткіштерге назар аударуымыз керек. Сыртқы қарыздың тауарлар және факторлық қызмет экспортының  қатынасы бұл көрсеткіш бойынша 139,5%, басқа сөзбен айтсақ Қазақстанның сыртқы қарызды төлеуқабілеттілігінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін тағы бір көрсеткіш қысқа мерзімдік сыртқы қарыз көлемі. Бұл көрсетіш қалыпты жағдайда, яғни 5,3%.

Тағы бір маңызды көрсеткіш бұл елдің халықаралық резервтерінің өтеу мерзімі бойынша қысқа мерзімді сыртқы қарызға қатынасы 115,6. Бұл дегеніміз қысқа мерзімде төлем қаблеттіліктің жоғары екенін көрсетеді.
Экономикалық талдау
ға назар аударсақ,  сыртқы қарызға қызмет көрсету ұлттық экономикаға қауіп төндірмейтіндігін көрсетеді. Елдің жиынтық сыртқы қарызының едәуір бөлігі мемлекет кепілдендірмеген, жеке меншік сектордың борышы, соның ішінде фирмааралық берешек алып отыр. Борыштың бұл бөлігі несиелік капиталдың сыртқы рыноктарында экономикалық субъектілердің кредиттік өзара қатынастарының кеңеюімен байланысты. Фирамааралық берешек Қазақстанда жұмыс істеп тұрған еншілес кәсіпорындарға шетелдік бас компаниялар мен фирмалар тарапынан берілген кредиттер бойынша өзара қатынастарды білдіреді.[2]

Қазақстан сияқты дамып келе жатқан ел сырттан алған қарыз шарттары экономикалық қалпына сай және ұзақ мерзімде экономикалық тепе-теңдікті бұзатын жағдайларға әкелмеуін қадағалау керек. Сонымен қатар, сырттан алынған қарыз алдыңғы қарызды жабуға емес, экономикалық өсуді қамтамасыз ететін жобаларға салынуын да қатаң қадағалауды қажет етеді.

Қазіргі экономикалық дамудың жандану кезеңінде келешек ұрпақ алдында қарызды болдырмау алда тұрған міндетіміз.

 

Әдебиеттер

    

1.  Бирмаганбетов Т.Б. Обойдем? Или упадем в долговую яму. //Экономика и жизнь Казахстана. 1995, №6-с.15

2.  Экономика и бизнес. Дамушы елдерге экономикалық өсімді жеделдету үшін инвестициялар қажет, бірақ оған елдегі ресурстар жеткіліксіз, сол себепті сырттан қарыз алуға мәжбүр. 28.01.2013.