Сатанбаева Алматай Утековна

 СтудентЖақсығұлова Анар

Ақтау қаласы, Есенов атындағы КМТИУ

Төлем карточкаларын пайдалану ерекшшеліктері

 

 

Төлем жүйесі қандай елде болмасын, оның қаржылық жүйесінде маңызды құрамы болып табылады. Бұл жағдай қазақстанда ерекше маңызы бар, себебі экономиканың келесі кезеңге көшудегі реформалаудағы проблеманың бірі болып отыр. Негізгі бұл мәселенің маңызы, біріншіден, төлемдер дағдарысы мен оның салдары, ал екіншісі, жаңа банктік жүйесінің негізіндегі банкаралық есеп айырысудың революциялық өзгерістері. Қазіргі уақытта республикада бөлшек төлем жүйесі мен ірі төлемдер жүйесі функциясын атқаруда.

Статистика көрсеткендей, біздің банктерге, сауда және қызмет көрсетуші ұйымдарға төлем карточкаларын қолдану саласында, бірінші кезекте қолма-қол ақшасыз төлемдер жүйесін кеңейту үшін, бұдан да белсенді жұмыс істеу қажет.

Төлем карточкасының артықшылығы:

-          қауіпсіздік – өзіңмен бірге қолма-қол ақша алып жүру қажеттілігінің болмауы;

-          өзінің  карточкалық  шотының  теңгемен  де  жəне  сол  сияқты  АҚШ долларымен  де жүргізу мүмкіндігі;

-          шотты қолма-қол ақшамен жəне қолма-қол емес аударыммен толықтыру мүмкіндігі;

-          карточкалық шоттың рұқсат етілмеген кіруден қорғалуы;

-          бүкіл  Республика  бойынша  тауарлар  мен  қызмет  көрсетулер  үшін  ақы  төлеу мүмкіндігі (халықаралық төлем жүйелеріне қосып отырып жəне бүкіл əлем бойынша);

-          қаражат алу жəне аудару кезіндегі шапшаңдық жəне құпиялылық;

-          шетелге шыққан кезде төлем карточкаларын мағлұмдау қажеттілігінің болмауы;

-          коммуналдық  қызметтер,  ұялы  байланыс,  кабельдік  ТВ  қызметі,  халықаралық сөйлесулер үшін акцептелмеген тізім арқылы карточка бойынша ақы төлеу мүмкіндігі;

-          Internet бойынша сатып алу мүмкіндігі;

-          Сізге  жақын  адамдар  үшін  қосымша  карточка  ашу  жəне  олар  қай  жерде  жүрмесін оларға материалдық көмек көрсету мүмкіндігі.

 Бұл  төлем  карточкаларының  клиенттердің  іскерлік  жəне  жеке  қажеттігін  неғұрлым толық жүзеге асыруға мүмкіндік жасайтын кейбір мүмкіндіктері ғана.

Төлем карточкаларының 70%-ға жуығы – VISA төлем жүйесінің карточкалары. Одан кейінгі орында «Халықтық банкінің» Altyn карточкалары, «MasterCart» халықаралық төлем жүйесінің карточкалары және «ТұранӘлемБанкінің» «Alemcart» локальды карточкалары. Қалған карточкалар - American Express, Diners Clab карточкалары және басқа банктердің локальды карточкалары.

Өкінішке орай, төлем карточкаларының мүмкіндіктері бізге әзірше толық көлемде ашылған жоқ. Көптеген карточка иеленушілер үшін оларды бірден-бір пайдалану орнына жақын жердегі банкомат болып табылады. Қолма-қол ақша алу төлем карточкалары бойынша жасалатын барлық қаржылық операциялардың 97%-на жуығын құрайды.

Барлық «операциялар» шоттағы қалдықты білумен және жалақы, зейнетақы немесе стипендия алумен шектеледі. Төлем карточкаларын қабылдайтын сауда нүктелері әлі де өте аз  (4%-ын ғана қамтиды).

Есеп айырысудың қолма-қол жасалмайтын нысанын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2.07.02 ж. №713 қаулысымен  «Микропроцессорлық карточкалар негізінде  Төлем карточкаларының ұлтық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасы» (ТКҰБЖ) бекітілді.

ТКҰБЖ-ның негізгі мақсаты мыналарды қамтиды:

-          ақша айналымында бақылауды күшейту және қолма-қол ақшаның көленкелі айналымын азайту;

-          жалақы, зейнетақы, жәрдемақы төлеудің тетігін жетілдіру;

-          коммуналдық төлемдер жинау, көлік, байланыс қызмет көрсетулеріне ақы төлеу процестерін оңтайландыру;

-          бюджеттік (салық, кеден) және өзге де міндетті алымдарды қолма-қол емес нысанда жүзеге асыру үшін микропроцессорлық карточкалар технологиясын қолдану;

-          қолма-қол ақша эмиссиясына жұмсалатын шығыстарды қысқарту.        

Жалпы ұлттық міндеттерді іске асыру мақсатында барлық банктерді бірінғай процессингтік ұйым арқылы жұмыс істеу үшін біріктіру банктердің эквайринг бизнесін неғұрлым тиімді жасауына, ал босаған қаржы ресурстарын пластикалық карточкаларға қызмет көрсетудің инфрақұрылымын дамытуға және банктік қызмет аясын кеңейту үшін бағыттауға мүмкіндік берді.

Сонымен, «Процессинг орталығы» ЖАҚ-ы алдында мынадай негізгі міндеттер тұр:

-          микропроцессорлық технологиялар базасында төлем карточкаларының ұлттық жүйесін құру;

-          халықаралық және ұлттық карточкаларды қабылдауды қамтамасыз ететін жалпы ұлттық эквайринг желісін қалыптастыру.

Пластикалық  карточка  нарығының  бұдан  əрі  дамуы  бірінші  кезекте  карталарды қабылдау  бойынша  инфрақұрылымның,  əсіресе  қажетті  байланыс  арнасы жоқ  ауылдық жерлерде, тез дамуына байланысты болмақ. Жақын арада төлем карточкаларының тиімді жұмысы  жəне  қолма-қол  жасалмайтын  төлемдер  тиісті  ақпарат  технологиясымен қамтамасыз етілетін болады.

Негізінде карточка магниттік сызығы бар пластикалық тілім, онда магнитттік сызықта оның иесі туралы мәліметі мен оның шоты берілген. Пластикалық карточканың негізгі артықшылығы онымен үлкен көлемде есеп айырысқанда көп көлемде ақшаны ұстап жүру мен оны жоғалтып алу немесе тағы басқа қауыптерден сақтайды. Сонымен қатар, есеп айырысу кезінде  валютаны конверсиялаумен банк айналысады және өзінің қызметі үшін кішігірім сома алады. 

Пластикалық карточканың тағы да артықшылығына оның жоғалып немесе ұрланып кетуін қойсақ, онда банкке тек болған жағдайды айтып телефон шалу ғана қалады. Осы карточка бойынша есеп айырысуға тосқауыл қойады.

Интернет жүйесі қарқынды дамуда. Бұл жүйенің дамуына Бүкіл әлемдік тор (World, Wide, Web, WWW) шығуы мен таралуының алып толқы әсерін тигізген, ол интернетті бірыңғай киберкеңістікке айналдырды. Желі көпшілік қолданбалы ақпараттық жиынтық қызмет жүйесіне айнала бастады.

Интерактивтік желімен байланыс сипаты, әсіресе WWW, әдеттегі жарнамадан түсетін табысқа қарағанда, желі арқылы түсетін кіріс көзінің ауқымын кеңейтуге әкеп соғады. Батыста қашықтықта (дистанционды) сауда қызметі пайда болды, онда тауар ұсынысымен танысуға, компьютер экранынан тауар суретін қарауға және де сол уақытта экрандық форманы толтырып, тауарды сатып алуға тапсырыс беруге болады. Осы арада банктер жұмысқа кірісті. Қауыпсіз желімен электронды есеп айырысу үшін көп ақша құйылды, алдыңғы қатарлы компьютер фирмалары қызығушылық білдіре бастады. Кейбір батыстың банктері есеп айырысу қызметіне барлық өздерінің қызметін интернетке арнап бағдарлады. Тіпті батыста кейбір «виртуалды банктер» пайда болды, оның негізгі қызметі интернет арқылы жүзеге асыру.

Қазақстандағы бұл саладағы жағдай нашар. Интернет арқылы электронды есеп айырысу жүйесі жоқ. Интерактивті қызмет бағалы қағаз нарығындағы негізгі кейбір операцияларда шектелген. Біздің банктер өздері туралы ақпаратты негізгі WWW қолдануы арқылы енгізеді.

 

Қолданылған әдебиет:

1.«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы »ҚР Заңы

2.29.06.1998 ж. шыққан №237 «Төлемдер және ақша аударымдары туралы» ҚР Заңы

3.Ілияс А.Ә., Сәулембекова Ә.Қ. Төлем жүйесі:теория және практикасы.Оқу құралы . Алматы: Экономика, 2007