Сатанбаева Алматай Утековна
Студент – Күзембаева Мадина
Ақтау қаласы, Есенов атындағы КМТИУ
Қазақстандағы дерозиттік нарықтың дамуы
Депозиттік
нарықтың
тұрақты дамуына
әр түрлі факторлар,
соның ішінде халық
табыстарының өсуі, теңгені АҚШ долларын
қатысты нығаюы,
халықтың салымдарынан ұжымдық кепілдендіру жүйесінің
қызмет етуі және
жалпы соңғы
жылдардағы
экономикалық өсу
ықпал етуде.
Мұндай
өзгеріс негізінен екі жылдағы
ұлттық валюта
бағамының шетел валютасы, соның ішінде АҚШ
долларына қатысты
нығаюының арқасында
халықтың және
заңды тұлғалардың
депозиттерді ұлттық валютада
сақтауға
көңіл аударуымен
тікелей байланысты.
Депозиттік
нарық дегеніміз – заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың
уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтап, оларды
тиімді және табысты орналастырумен байланысты сұраныс пен
ұсыныс пайда болатын ресми және бейресми
ұйымдастырылған экономикалық орта. Қазақстан
Республикасында заңды тұлғалардың барлығы да,
соның ішінде коммерциялық банктер де депозиттік операциялармен
немесе депозиттік қызмет көрсетулермен тек қана
Ұлттық банк берген лицензия негізінде айналыса алады. [6]
Қазіргі
таңда депозиттік нарық
еліміздегі қаржы нарығының бірден бір дамып отырған сегментіне
жатады.
Депозиттік
салымдарды талдау көрсеткендей, қаржылық нарықтың
осы сегменті жоғары бәсеке жағдайын жақындап
қалды. Сондықтан да банктердің проценттік күресі
сапалық диверсфикацияланған қызмет көрсетумен алмасуы заңды құбылыс ретінде
бағалауға болады.
Күрделі
динамикалық жүйе бола отырып, ҚР депозит нарығы
сыртқы және ішкі факторларға байланысты өзгеріп
отырады. Әрбіреуі өз мүддесін жүзеге асыруға
тырысқан субъектілерден тұратын депозит нарығы
Қазақстан экономикасында қалыптасқан негізгі
ағымдармен жүреді.
Депозиттерге әрбір кезең міндеттері бойынша
салыстыра отырып талдау
жасағанда, банк жүйесіндегі
депозиттердің 2003
жылдың қаңтарынан бастап 2007 жылдың тамызына
дейін қарқынды
өскендігін байқатты. Бұл өнім 2003 жылдың
қаңтарында 73464 млн.теңгеден 2007 жылдың тамызында
497904 млн.теңгеге дейін өсіп, 7 есеге жуық көлемді құрады.
Мұндай
өсім үкімет тарапынан
экономикамызға ақшалай
қаражаттарды тарту
мақсатында шетелдердегі банктердің шотында жатқан көлеңкелі бизнесте
жүрген ақша қаражаттарын жария ету процесін
жүргізу нәтижесінде пайда болды. 2007 жылдың басынан бастап
тамыз айына дейінгі
депозиттердің өсу қарқыны 420725 млн.теңгеден
497904 млн.теңгеге артып, нгақты осы кезеңдегі өсім 77000
млн.теңгені құраса, 2008 жылдың тамызында 703135
млн.теңгеге жетті. Бұл банк
жүйесіндегі
депозиттердің жалпы
өсу тенденциясын көрсететін мәліметтер болатын болса, келесі
сандық статистикалық талдау
осы депозит нарығының
құрылымдық кезеңаралық талдауына арналады.
Депозиттердің
құрылымы бойынша оларды мына келесі баптарға бөлуге
болады: 1. валюта түрлері бойынша 2. субъектілері бойынша 3.
өтімділік дәрежесі бойынша
Заңды
және жеке тұлғалардың депозит салымдарының жалпы
көлемі 2013 жылдың
қаңтардағы жағдайы бойынша, яғни 2012
жылдың көрсеткіші, 8830510 млн теңгені құрады.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы
салымдарының жалпы көлемі 5639304 млн теңге құрап
отыр, бұл жалпы салымдар соммасының шамамен 60 пайыз көлемін
алып отыр. Жеке тұлғалардың ұлттық
валютадағы салымдарының жалпы көлемі 994921 млн.
теңгені құрады. Ал
салымдардың шетел валютасындағы жалпы көлемі 2196285 млн
теңгені құрайды.
Шетел
валютасындағы салымдарға деген сұраныс, ең ірі
шаһарларымыздың тұрғындары арасында жоғары.
Алматы тұрғындарының бөлшек салымдарындағы шетел
валютасының үлесі - 65% болса, Астанада - 56%. Салыстыратын
болсақ: СҚО-да 32%, ал ШҚО - 34% салымдар шетел валютасында
салынған.
Мемлекеттің
экономиканы қолдау арқылы
араласуы негізінде заңды тұлғалардың депозиттік
салымдары негізгі қаржыландыру көзі болып табылып отыр. Бұл
өз тарапынан сыртқы қаржыландыруды қысқартып
отыр.
Заңды
және жеке тұлғалардың депозит салымдарының жалпы
көлемі 2014 жылдың
қаңтардағы жағдайы бойынша 10
073 592 млн. теңгені құрады. Заңды
тұлғалардың ұлттық валютадағы
салымдарының жалпы көлемі 6
328 941 млн. теңге құрап отыр, бұл жалпы
салымдар соммасының шамамен 60 пайыз көлемін алып отыр. Жеке
тұлғалардың ұлттық валютадағы
салымдарының жалпы көлемі 1
180478 млн. теңгені
құрады. Ал салымдардың шетел валютасындағы жалпы
көлемі 2564153 млн. теңгені құрайды.
Жарияланған
статистикалық мәліметтерге сүйенсек корпоративтік
клиенттердің депозиттік салымы қысқарған жоқ.
Бұл дефольт болған банктерге
мемлекет «Самрұқ Қазына» Ұлттық қоры
арқылы депозиттік салым салу арқылы жоғарылатып отыр.
Сонымен қатар
депозиттік нарықтың жалпы көлемнің өсуіне
біріншіден, халықтың мерзімді салымдар бойынша
Қазақстандық салымдарды сақтандыру қорының
кепіл беру мөлшерінің талап етілетін салымдарға
қарағанда жоғаруы
болуы, екіншіден, заңды және жеке тұлғалар үшін
мерзімді депозиттер бойынша банктердің
ынталандыру құралдарын пайдалану, соның ішінде
сыйақы мөлшерлемесінің талап етілетін салымдармен
салыстырғанда жоғары белгіленуі жатады.
Осындай
жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын
қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланатын
тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық
банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып,
депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік
операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс
өтімділігін сақтай отырып,мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
-
депозиттік ресурстардың қаржыландыратын
активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
-
депозиттік операциялар банк пайдасын
ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін
жұмыс жасауға тиіс;
-
депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде
мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына
көңіл бөлу;
-
салым иелерінің санын өсіру мақсатында,
депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша
қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.
Долларға
қарсы саясатты іске асыруды Қазақстен қоры"
АҚ-ның қызметіөте зор. Ендеше осы қорға
қысқаша тоқталайық.
Қордың
жарғылық капиталы 1млрд теңге. Қордың
құрылтайшысы Ұлттық банк болып табылады.
Қордың банктік шоты Ұлттық банкте ашылған.
Қордың қаражаты ережеге сәйкес мынадай бағытта
орналастырылады:
-
Қор активінің 80%-ын кем емес қаражатын
мемлекттің бағалы қағаздарына;
-
Ұлттық банктегі салымға (депозиттер).
Бұл
Қордың мақсаты- "Қазақстан
Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерегі жеке
тұлғалардың салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету.
Ережеге енгізілген
соңғы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес,
Қорға қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың
салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру
(сақтандыру) обьектісіне мыналар жатады:жеке
тұлғалардың теңгедегі мерзімді салымдары
сыйақыларымен; жеке тұлғалардың шетел валютасындағы (доллар мен
еуродағы) мерзімді салымдары
сыйақысыз;жеке тұлғалардың талап етілетін
салымдары сыйақысыз.
Қазақстан
Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердегі жеке
тұлғалардың салымдарына кепіл беру Қорға
қатысушы банктерге берген куәлік негізінде жүзеге асады.
Қорға қатысушы банктер үшін олардың қаржылық
жағдайына байланысты жекеше түрде міндетті күнтізбелік жарна
мөлшерлемесі кепілдендірілетін салым (депозит) сомасы мен оған
есептелетін сыйақы көлемінен 0,125%-дан 0,375%-ға дейін
белгіленеді. Міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесін есептеу
үшін кепілдендірілетін салым (депозит) сомасына көбейту
қажет.
Жеке
тұлғалардың салымдары (депозиттерін) және оның
сыйақылары қандай валютада салымға салынса сол валютамен
қайтарылады.
1.
«ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР
заңы» 31.08.1995ж
2.
Сейткасымов Г.С. Банковское дело. Учебник.- Алматы:
Каржы- каражат, 2002 г.