Павиз Юнес Рахим
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар мен
инжиниринг университетінің «Экономика» кафедрасының оқытушысы
Инвестиция ұғымы мен
оның экономикалық тұрақтылықты
қалыптастырудағы орны
Шетелдік
капиталды тартудың тенденцияларын анықтау үшін, олардың
ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін басты фактор
екеніне көз жеткізу үшін, оларды қолданудың
нәтижелілігін анықтау үшін “инвестиция”
ұғымының әлеуметтік-экономикалық мазмұнын
нақтылау қажет.
Инвестицияның материалды
құндылықтар мен тауарлар өндірісі процесін
анықтайтыны жөнінде
айтқанда «инвестиция» категориясының экономикалық және
құқықтық болатындығын естен шығармау
қажет. Мемлекет ретінде тек қана бір тұлға –
мемлекеттің бой көрсетуі жағдайында «инвестиция»
ұғымы жеткілікті дәрежеде тар болатын. Ол негізінен капиталдық салымдар мақсатында қолданылатын
ақша құралдарын ғана қамтыған.Мемлекет экономикасы томаға тұйық жағдайда
қарыштап дамуы екіталай. Мемлекет экономикасының
тұрақты әрі қарқынды дамуы алдымен
аймақтағы және алыс шет елдерімен жүретін
интеграциялық үдерістермен тығыз байланысты.
Экономикалық интеграция – бұл мемлекетаралық келісімдер
формасын алатын шаруашылық механизмдерді жақындатуға
әкелетін елдердің өзара ықпал ету процесі. Осындай экономикалық сипаты басым
қарым-қатынастар мен өзара жақындасу ісін
оңтайландыру мәселелесінде инвестиция мен оның экономикалық
тұрақтылықты қалыптастырудағы қызметін
атауға болады.
Жалпы инвестиция термині туралы көптеген ойшыл экономистер
қоғамның түрлі даму кезеңдерінде өз ойларын
білдіріп, қызығушылық танытып отырған. Бүгінгі
таңда да инвестиция ұғымы біздің
қоғамымыздың бір ажырамас бөлігіне айналып,
күнделікті қолданысымзға еніп отыр. Өз кезегінде Дж.
Кейнс инвестиция ұғымына нақты анықтама бере отырып, инвестиция
кірістерге айналатын салым ретінде түсіндірген [1, 18 с]. Әрине біз
өз кезегімізде сол инвестициялық салымның немесе қаражаттың
белгілі бір бөлігі жеке және инвестициялық тұтыну қажеттіліктеріне
жұмсала отырып, екінші тараптағы кірістерге айналып отырады деп
айта аламыз. Демек тұтыну көлемін ұлғайту арқылы
кіріс көлемін ұлғайтуға инвестициялардың өсуі
ықпал етеді деп айтуға толық негіз бар. Бұл Дж:
Кейнстің анықтамасы арқылы туындаған тұжырымдама.
Өз кезегінде қазіргі заманғы шарттарды ескере отырып анықтама
беруге тырысқан Пол Хейннің тұжырымдамасы бойынша «инвестиция
– болашақта табыс алу үшін алдын ала белгілі бір затты сатып алу
керек. Осыдан, фирма станоктар сатып алған кезде инвестициялайды, дәл
осылай сіз де акциялар сатып алған сәтте инвестор боласыз» деген
болатын [2, 56-59 сс.]. Рас бүгінгі таңда инвестиция мен инвестор
ұғымы бір саладағы қызметтік
қарым-қатынастар нәтижесінде туындайтыны анық болып
отыр.
Көптеген анықтамаларда инвестицияларды ақшалай
салымдарға теңестіреді. Әрине бұл қате пікір.
Мұндай түсінік капиталды инвестициялау тек ақшалай түрде
ғана жүргізілетіндігін білдіреді. Алайда басқа да нысандарға
қозғалатын және қозғалмайтын мүлік түріндегі
де инвестициялардың түрлері белгілі.
Көптеген авторлар күрделі қаржы мен инвестициялардың
бір-бірінен айырмашылығы жоқ деп көрсетсе, ал кейбіреулері
инвестицияның мақсатты бағытталуына байланыссыз салынған
қаражат салымының кез-келген түрі деп есептейді. Мысалы Ресей
ғалымдары Г.П. Журавлев, И.Ю. Малышев инвестицияны жаңа
технологияларды, материалдарды және басқа да құрал-жабдықтарды
өнідіріске енгізе отырып, өндірісті кеңейту және
жаңарту ісіне жұмсалатын шығындар деп есептейді. Бұл
жерде негізгі және айналым қорлар аралығындағы айырмашылықтар,
сондай-ақ, ғылыми-техникалық прогресс, еңбек ресурстары
және тағы да басқа факторлар есепке алынады [3, 41-47 сс.].
Инвестиция сөзі латын тілінен аударғанда investio – киемін
деген ұғымды білдіреді. Экономикада инвестицияларды қаржылық
және нақты өндіріске ауыл шаруашылығына, құрылысқа
салымдар деп ажыратады. Нақты инвестициялар қандай-да бір экономика
саласына немесе кәсіпорынға капитал салымдарын білдіреді.
Инвестициялық ресурстар түсінігі өндірістің барлық
өндірілген нысандарын қамтиды.
Инвестиция – бұл болашақта көбірек тұтыну үшін
ертеңгі күнге сақталған жинақтар деп айтуға
негіз бар. Инвестициялардың бір бөлігі – бұл ағымдағы
уақытта қолданылмай, қор түрінде сақталатын тұтыну
қажеттілігі болса, екінші бөлігі – өндірісті кеңейтуге бағытталған
ресурстар болып табылады.
Инвестициялар экономикалық дамудағы
тұрақтылық пен алға ілгерілеу мәселесінде маңызды
роль атқарады. Өйткені инвестиция экономиканың жалпы өсуін
анықтайды. Экономикаға қаражаттар жұмсау мен
инвестициялық салымдар нәтижесінде өндіріс көлемі
артады. Бұл өз кезегінде ұлттық табыс өседі.
Сонымен қатар тауар мен қызмет көрсетулерге сұранысты
анықтайтын экономика салаларындағы кәсіпорындар дами түседі.
Алынғын ұлттық табыстың өсімі қайтадан жинақталып,
өндіріс өнімі мен сапасы одан сайын ұлғаяды. Осылайша ұлттық
табыс есебінен қалыптасатын инвестициялар оны бөлу нәтижесінде,
табыстың өсуін, ұлғаймалы ұдайы өндірісті
жургізіп отырады. Инвестициялар неғұрлым оңтайлы болса, соғұрлым
ұлттың табыс өседі. Өндіріске қайта жұмсалатын
жинақтардың абсолютті шамасы артады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық
өсу шетел капиталының әсерінен болады. Бірақ, шетел
инвесторлары үшін шикізат өндіруші салалар, әсіресе,
мұнай-газ салалары басымды болып отыр. Осындай жағдайда
экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы
қолайлы инвестициялық саясатқа тәуелді. Экономикалық дамудың, құрылымдық
қайта құруды ұтымды жүзеге асырудың,
әлемдік нарықта бәсекелестік позицияларды бекітудің
қажетті шарты болып инвестициялық ресурстар табылады.
Оңтүстік-Шығыс Азияның «жаңа индустриалды елдері»
экономикалық феноменінің пайда болуы, қазіргі заманғы
ғылыми негіздегі салалардың кең бағытта дамуға
көшуі бұл елдер экономикасындағы инвестицияның
қарқындап өсуінің арқасында мүмкін болды.
Инвестициялардан түсетін түпкілікті табыс инвестициялаудың
шығыстарын өтегенше, инвестициялық бағдарламалар жүргізіліп
отырады. Жұмысқа тартылатын жаңа жұмысшылардың
табыстары өндірілетін өнімнің құнынан асатын уақыт
бойы кәсіпорындар жаңа жұмысшыларды қабылдайды. Керісінше,
егер өтелу төмен болса, онда бұл қызметті қысқартуға
тура келеді [4, 25-36 сс.].
Жұмсалған қаражаттарды барынша пайдалануға ұмтылатын
инвестор барлық бағытта да пайдалылық өсімі бірдей болғанша
қаражаттарын тиімді бөліп отыруы қажет. Инвестициялар түпкілікті
нәтижесі барлық жобалар үшін бірдей болатындай жүргізіліп
отыруы қажет. Мұндай тәсіл кәсіпорынның, саланың
және экономиканың инвестициялық бағдарламаларды таңдау
негізінде сақталуы тиіс. Егер ұлттық шаруашылыққа
қатысатын барлық субъектілер осы тәртіпке сүйенсе, онда
өндіріс көлемі мен жалпы пайдалылық жоғары болады. Ал бұл
тәртіпті елемеу экономикалық өсудің төмендеуіне, өндіріс
пен терең экономикалық құлдырауға алып келеді деп
нақты тұжырым жасаймыз.
Пайдаланылған
әдебиеттер мен сілтемелер тізімі:
1.Ю.Бригхэм, Л.Гапенский «Финансовый менеджмент» М: 1998 г.
2. Гитман Л. Дж. , Джонн М.Д. «Основы инвестирования»М:1997г.
3. М.Крейнина «Финансовый менеджмент» М: 1998 г.
4. В.Мыльник «Инвестиционный менеджмент» М: 2002 г.__