Есеп
және аудит мамандығының магистранты 1-жылдық
Нұржанқызы
Әсел
Ғылыми
жетекші: Алтынбеков М.А.
Қазақ
экономика, қаржы және халықаралық
сауда
университетінің PhD докторы
КӘСІПОРЫННЫҢ
МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ ХҚЕС СӘЙКЕС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қалыптасқан
жағдайды ескере отырып, ұзақ мерзімді жеті
басымдықтардың бірі ретінде шетел инвестициялары мен ішкі
жинақтардың жоғары деңгейімен ашық
нарықтық экономикаға негізделетін экономикалық өсу анықталды. Тұрақты
экономикалық өсу қаржылық
тұрақтылыққа қол жеткізуге,
өндірістің диверсификациясын қамтамасыз етуге, инвесторларды
неғұрлым маңызды салаларға белсенді тартуға,
бизнестің басты салаларында іскерлік белсенділікті артттыруға,
белсенді индустриалды саясатқа кірісуге, шаруашылықтану мен
басқарудың макро – дан микродеңгейіне мойын
бұруға көмектеседі[1].
Экономиканы
басқаруды жетілдіру, нарықтық
қарым-қатынастардың аяғынан тұруы,
меншіктің әртүрлі нысандарын қолдану, шетелдік
серіктестердің қатысуымен кәсіпорындар құру,
Халықаралық бухгалтерлік стандарттарға бағдарлану есеп
пен аудиттің ролі мен маңызының одан әрі артуын
болжайды.
Бұл
ақпаратты кәсіпорынды басқару мақсатында ең
үлкен әсерлілікпен пайдалану үшін, есептің озық
әдістерін, шетелдің оң тәжірибесін, бухгалтерлік
есептің Халықаралық стандарттарын пайдалануға, есептеу техникасын кеңінен
қолдануға бағдарланған, бухгалтерлік есепті
ұйымдастыру жүйесі қажет болды.
Халық шаруашылығының барлық
салаларында және меншік иелерінің барлық түрлерінде
жүргізілетін бухгалтерлік есеп пен аудитті қайта құру,
оның маңызы мен әдістерін субъектінің ерекшеліктеріне
сай халықаралық бухгалтерлік есеп стандартының талабына
сәйкес жүргізу керек.
Есептің үлкен және маңызды бөлімдерінің
бірі қарыздық міндеттемелер есебі болып табылады.
Біреудің екінші
тұлғаның алдындағы қарызын растау үшін бір
сөзі немесе қарыздық қолхаты жеткілікті болатын
уақыт әлдеқашан өтіп кетті. Біздің заманымызда кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің есебін лайықты жүргізуді
қамтамасыз ету үшін бухгалтерлік есеп жүйесін
құру керек. Жабдықтаушылармен, салық органдарымен,
қызметкерлермен, басқа кредиторлармен есеп айырысулар бойынша
міндеттемелерді уақтылы орындаудан қатысушылар арасындағы
одан арғы қарым-қатынас байланысты болатындықтан, есеп
айырысу қарым-қатынастарын дұрыс ұйымдастыру
экономикалық байланыстардың жетілдірілуіне, келісімдік және
есеп айырысу тәртібін жақсартуға әкеледі. Міндеттемелер бойынша есеп айырысулардың
күйін бақылау кредиторлық берешектің азаюына, айналым
құралдарының айналымдылығының күшеюіне
әкеледі, бұл кәсіпорынның қаржылық
жағдайына жақсы әсер етеді.
Кәсіпорындармен, мекемелермен және
салық органдарымен туындайтын шаруашылық байланыстар
кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз
ететіндіктен, олар кез келген ұйым қызметінің қажетті
шарты болып табылады.
Жабдықтаушылар
шығаратын өнімдерді жеткізу кәсіпорынға сатуға
арналған өз тауарларының қорларын
толықтыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың
жиынын қолдауды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның
төлем қабілеттілігі, оның қаржылық жағдайы,
сондай-ақ кәсіпорын байланыстардың одан әрі
қалыптасуы көп жағынан жабдықтаушылармен
есеп айырысулардың қаншалықты уақтылы және
толықтай жүргізілетініне, сондай-ақ сатып алушылармен есеп
айырысулар жағдайына
байланысты болады. Дұрыс есептелген салық міндеттемелері
Қазақстан Республикасының бюджетін толықтырады[2].
Уақтылы,
толықтай жүзеге
асырылмаған төлемдер өз міндеттемелерінің
төлеміне ақша қаражаттарын дер кезінде аудармағаны
үшін айыппұлдардың, өсімпұлдардың
туындауына әкеледі. Бұл кәсіпорынның тек қаржылық жағдайын
ғана нашарлатпайды, сонымен
қатар оның басқа кәсіпорындармен өзара
байланыстарын әлсіретеді.
Әйтсе де “міндеттемелер” түсінігін
оқуға кіріспей тұрып, бухгалтерлік есеп, ондағы
пайдаланылатын түсініктер секілді ҚР Азаматтық
кодексінің [3], ҚР “Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы”
Заңының нормаларына, бухгалтерлік есеп стандарттарына және
оларға әдістемелік ұсыныстарға сүйенетінін еске
түсіру керек.
ҚР Азаматтық кодексінде “міндеттемелер”
түсінігін бір тұлғаның (борышкердің)
екіншісінің пайдасына белгілі бір іс-әрекеттерді қалай да
жасау міндеттемелері ретінде берілген: мүлікті табыстау, жұмыстарды
орындау, ақша қаражаттарын төлеу және т.б., не болмаса
белгілі бір әрекеттерден тартыну, ал кредитордың борышкерден
өзінің міндетінің орындалуын талап етуге
құқығы бар. ҚР Азаматтық кодексінің 7
бабының ережелеріне сәйкес азаматтық міндеттемелер
заңнамамен қарастырылған негіздерден, сондай-ақ ол
қарастырмаған болса да, бірақ азаматтық
заңнаманың жалпы бастаулары мен мағынасына қарай
азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудыратын,
жеке және заңды тұлғалардың іс -
әрекеттерінен туындайды.
Бұған сәйкес азаматтық
құқықтар мен міндеттер:
- келісім – шарттардан және заңнамамен
қарастырылған өзге мәмілелерден, сондай-ақ онымен
қарастырылмағанымен, заңнамаға қайшы келмейтін
мәмілелерден;
- заңнамаға қарай
азаматтық-құқықтық салдарлар туғызатын әкімшілік
актілерден;
-
азаматтық
құқықтар мен міндеттерді бекіткен сот шешімінен;
-
заң актілерімен
тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау мен сатып алу
нәтижесінде;
-
заңнама
азаматтық- құқықтық салдарлардың болуын байланыстыратын
оқиғалардың себебінен туындайды.
Қарыздық
капитал кәсіпорынның тартылған қаражаттары, яғни
міндеттемелер өткен мәмілелер мен өткен
оқиғалардың нәтижелері болып табылады және
ұзақ мерзімді және ағымдағы болып бөлінеді.
Ұзақ
мерзімді міндеттемелерге, ең алдымен, банктердің ұзақ
мерзімді несиелері мен ұзақ мерзімді қарыздары жатады. Олар,
әдетте, жаңа техниканы енгізу бойынша шығындарға, өндірісті
кеңейтуге, оны қайта құруға, қымбат
тұратын құрал – жабдықты сатып алуға және
басқа мақсаттық бағдарламаларға 1 жылдан
артық мерзімге беріледі.
Қарыздық
капитал, яғни ұзақ мерзімді міндеттемелерге сондай-ақ
«Кейінге қалдырылған салықтар» бабы жатады. Бұл
отандық бухгалтерлік есептің мүлдем жаңа обьектісі,
жаңа термин, оның және «Салықтық төлем», «Табыс салығы», «Бухгалтерлік
табыс», «Салықтық табыс», «Салықтық әсер»
тағы басқаларының мазмұны 12 «Табыс салығы бойынша есеп» ХҚЕС-те ашылып
көрсетіледі[4].
Кредиторлармен есеп айырысу жағдайын бақылауды
ұйымдастыру келісім-шарттық және есептік
тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортиментте және
төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті арттыру
сапасымен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға,
кредиторлық берешекті қысқартуға және соған
орай шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық жағдайын жақсартуға
мүмкіндік береді.
Кредиторлық берешектің есепті
кезеңнің басы мен аяғындағы
жағдайы баланста мынадай баптардың қалдықтарымен сипатталады:
1.
Төленуге тиісті шоттар мен вексельдер.
2.
Алынған аванстар.
3.
Салықтар бойынша берешек.
4.
Төленуге тиісті дивиденттер.
5.
Негізгі компания мен еншілес ұйымдар арасындағы топ
ішіндегі операциялар бойынша берешек.
6.
Акционерлік Кәсіпорынның лауазымды адамдарына берешек.
7. Басқадай кредиторлық берешек.
Қарыздық
капитал, яғни міндеттеме - бұл бір
тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен
басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін
істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақгы
әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша
төлеу және басқалар, әйтпесе белгілі бір
әрекеттен тартыну (бас тарту), ал кредит беруші борышқорынан
өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Қарыздық
капитал, яғни міндеттеме - өткен
кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің
берешегі. Бүл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мол ресурстар
(ақшалай қаражат) ағынына әкеп соғады.
Қарыздық
капитал, яғни міндеттеме сомасы
болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің
ағымдағы құны ретінде өлшенеді.
Қарыздық
капиталды реттеу мынадай тәсілдермен іс жүзіне асырылады:
•
ақшалай қаражатпен төлеу;
•
активтерді табыстау;
•
қызмет ұсыну;
•
міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру;
•
міндеттемені капиталға аудару.
Міндеттемелерді есепке алу үшін бухгалтерлік есептің келесі халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары
қабылданған: ХҚЕС 18 “Түсім”, ХҚЕС 2
“Тауарлы-материалдық қорлардың есебі”, 21 (IAS) «Валюталардың
айырбастау бағамдарының әсері» Халықаралық қаржылық есептілік стандарты, 12 (IAS) «Табысқа салынатын салықтар»,
1 (IAS) «Қаржылық есептілікті
ұсыну», 8 (IAS) «Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалардағы
өзгерістер мен қателер».
Нарықтық
жағдайларда шаруашылық субъектісінің тұрақты
жағдайының негізі оның қаржылық
тұрақтылығы болып табылады.
Қаржылық тұрақтылықты бағалау
үшін, объективті басқарушылық, өндірістік және
әсіресе қаржылық шешімдерді қабылдау үшін
кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау
жүргізу қажет. Тек терең және мұқият
қаржылық талдау негізінде ғана кәсіпорынның
қызметін объективті бағалауға, басқару шешімдерін
қабылдау үшін, қаржылық тұрақтылығын
сауықтыру мен нығайту
бойынша және оның іскерлік белсенділігін арттыру бойынша
ұсыныстар беруге болады.
Түйіндеме
Мақалада “міндеттемелер” түсінігі
және халықаралық қаржылық есептілік стандартына
сәйкес ұйымдастырылуы анықталып, қазіргі жағдайдағы
жетілдірілуі қарастырылған.
Сонымен қатар
қаржылық есетілікте есепке алынуы мен есепке алу әдіс
тәсілдері нақтыланған. Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын сауықтыру мен нығайту бойынша және оның іскерлік
белсенділігін арттыру бойынша ұсыныстар беруге болатыны
қарастырылған.
Not
string
In
the article" "concept of obligations to get organized correspondingly
and international financial to the standard accounting turning out, examined in
nowaday the state.
And
also methods of method I taking into account, on financial есетілікте to the
account be taken. Financial constancy enterprise according to that to treat
I strengthen, and, it is possible to
increase to give according to suggestions, examined activity of efficiency.
Резюме
В статье" "понятие обязательств
организовываться соответствующе и международному финансовому стандарту
отчетности выяснившись, рассматривал в теперешнем состоянии.
А также способы способа я учитывания, на
финансовом отчетность счету есть взятым
уточнять. Финансовое постоянство предприятия согласно тому, что лечить
я усиливает и, можно увеличивать давать согласно предложения, рассматривал
активность деловитости отары.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. ҚР Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы
2. ҚР Салық Кодексі
3. ҚР Азаматтық кодексі
4. № 12 Халықаралық қаржылық есеп
стандарты