география и геология/3.Гидрология и водные ресурсы.

 

ӘОК 551.482.2

 

Аса су АЛУ торабынДА суалғыш құрылымын ЖОБАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Шорабаева Н.Д.

Тараз инновациялық гуманитарлық университеті, Тараз, Қазақстан

Абдиров М., Байжигитова М.Т.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз

 

         Аса өзенінің суы негізінен суаруға және шамалы мөлшерде өнеркәсіпті сумен қамтуға шығындалады. Бұл үшін өзенде, Шөлдала массиві аумағында Аса суалу торабы құрылған. Суалу торабынан Тараз қаласындағы өнеркәсіп мекмелерін сумен қамтамасыз етуге 2-2,5м3/с мөлшерде су алынады. Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының тастаған сулары Билікөл көлінің су денгейін ұстап тұруға және табиғатты қорғау мақсатында жұмсалады [1].

Суалғыш торабын жобалау кезінде, барлық су өткізетін тесіктер орташа өтімдерге есептеледі. Орташа өтімдерді анықтау үшін, олардың есептік қамтамасыздандыратын білу қажет. Аса өзеніндегі суалғыш торабы IV–класқа жатады. 29600 га-ға дейінгі суландыру ауданына су беру үшін арналған. IV-класс құрылымы үшін есептік қамтамасыздық Р=85% деп қабылданды (ҚР ҚНжЕІ-50-2003). Аса өзеніндегі орташа өтімді бақылау жылдары 54 жылды құрайды. Орташа өтімдер бойынша гидрометриялық мәліметтер көмегімен есептік максималды өтімдер анықталады және қамтамасыздық қисығы тұрғызылады. Қамтамасыздық қисығын тұрғызу үшін, келесі параметрлерді анықтау керек:                                                                       

1. Орташа көпжылдық   өтім немесе ағын нормасы;

2. Вариация коэффициенті СV;

3. Ассиметрия коэффициенті СS;

Орташа көпжылдық  өтім төмендігі формуламен анықталады:

                                                  (2.1)

Жылдық ағынның вариация коэффициенті теориялық формулалармен анықталады:

                                                                  (2.2)

мұндағы: к-модуль коэффициенті немесе жылдық ағынның, оның орташа жылдық ағынның мәніне қатынасы:

                                                                                                        (2.3)

Орташа өтімдердің ықтималдық қамтамасыздығы төмендегі формуламен анықталады:

                                                                                                     (2.4)

мұндағы: m-кему тәртібімен орналасқан бақыланатын жылдар санының реттік номері;

     n- жылдардың жалпы саны, n=54 жыл.            

Эмпирикалық қамтамасыздық қисығының ординаталары кесте түрінде жүргізіледі. Кему тәртібімен орналасқан орташа өтімдер мәні бойынша және орташа өтімдердің ықтималдық қамтамасыздығы мәндері бойынша эмпирикалық қамтамасыздық қисығы тұрғызылады. Эмпирикалық қамтамасыздық қисығының дұрыстығын бекіту үшін сонымен қатар теориялық қамтамасыздық қисығының элементтері енгізіледі. Ассиметриялық коэфициент теориялық және эмпирикалық қамтамасыздық қисықтарының сәйкестігіне байланысты табылады.

Аса өзеніндегі жобаланып отырған бас су торабы негізінен Тараз қаласында орналасқан химия зауыттарын өнеркәсіптік сумен жабдықтауға арналған. Ал артылған сулары суғармалы егіншілікке бөлінеді [1].

Сондықтан бас торапқа келесі  міндеттер қойылады:

Аса өзенінің тұрмыстық ағындары мен қатар, ең бастысы Теріс Ащыбұлақ су қоймасынан тасталатын суды тиімді өткізуді камтамасыз ету;

суғару жүйелеріне, сонымен бірге Тараз қ. химия зауыттарын сумен жабдықтау жүйелеріне тұрақты су беруді қамтамасыз ету; каналдарды қалыпты пайдалану үшін, тасындылардан тазаланған суларды жүйелерге беруді қамтамасыз ету; Аса өзенінің тасқын суларын кедергісіз өткізуді қамтамасыз ету.

Аса өзеніндегі қазіргі бас торап т.ғ.д., профессор  Н.Ф. Данелия схемасы бойынша орындалған тасынды тұтқышты галереялары қапталды бас торап түріне жатады. Бас тораптың жалпы көрінісі 1-суретте берілген.

 

 

         Сурет 1 – Аса суалу торабы

Мұндай бас тораптар тәжірибе  көрсеткендей  тек тасындылардан тазаланған судың сапасы жақсы болғанды ғана, қажетті көлемдегі суды беруді қамтамасыз ете алады.

Бас тораптарды пайдалану тәжірибесі және Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының мәліметтері бойынша келесі көріністерді келтіруге болады: 8 м-ден 5 аралықтан және 2 м-ден 4 аралық діңгектен тұратын қазірі су алғыш бөгеттің енінде қабаты 1,5 м-ден жоғарғы бъефте (ЖБ) тасындылар жиналады. Мұндай енді ЖБ беттік ағу сызығының ені шамамен 17 м, ал ЖБ басқа бөлігінде судың  іркілу аймағын болады. Сондықтан, ЖБ басын бөлігі тасындылар жиналған тұндырғыш сияқты көрінеді. Өтімі 40 м3/с жиналған тасындыларды шаюға әрекет жасалды, бірақтан ол іске аспады. Шаю бөгеттің 1 және 2 су тастағыш аралықтарын ашу арқылы жасалды. Шаю нәтижесінде түбінде өлшемі 15-25 м-ге дейінгі қиыршық тастар артылды, тек су қабылдағыштан ені  15-20 м-де майда шөгінділер ғана шайылды.

ЖБ басқа бөлігі мүлдем шайылмайды. Осы жобада жоғарыдағы кемшіліктерді талдап, аталған кемшіліктерді жою үшін Р.Ж. Жолаев және Б.Т. Жаманмұрынова схемасы бойынша орындалған бас су торабын, тау өзендерінен суалғышты [2] жобалау және қосымша құмтұтқыштар ұсынылады.

 

Қолданылған әдебиеттер

1. СХЕМА комплексного использования и охраны водных ресурсов бассейна реки Аса на территории Республики Казахстан. Поверхностные водные ресурсы бассейна реки Аса. ДГП «КазНИИВХ». 2006. – 111с.

2. Тау өзендерінен суалғыш. ҚР алдын-ала патенті №11538, 15.05.2002, бюл. №5. Авторлары: Абдураманов А.А., Жолдасов С.Қ., Утегалиев Т.Т., Сейтасанов И.С.