ОӘК 528.46.711.14
ГЕОАҚПАРАТТЫҚ
ЖҮЙЕЛЕР ҚҰРУ ЖЕР РЕСУРСТАРЫНА ЖҮРГІЗІЛЕТІН БАҚЫЛАУ
ЖҮЙЕСІ
Султанбеков Г.З.,
Наурзалиев Н.А.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Жер
ресурстарына геоақпараттық жүйелер құру
арқылы бақылау жүйесін жасау бүгінгі күннің
талабы болып отыр. Жер ресурстарына бақылау жүйесін жасау
үшін, геоақпараттық жүйелерді құру (ГАЖ)
және аумақтың потенциалды суға көмілуінің
маңызды аспекті болып табылады, олар үймелеу тасқынға
қарсы бөгетшелердің жарылуының потенциалды салдарларын,
оларды шаруашылық пайдалануға байланысты қауіптіліктің
әртүрлі деңгейдегі аймақтарын, био алуандығын
сақтау үшін құндылықтарды және т.б.
көрсетеді [1].
Картографиялық
карталар су басу әсері және болуы мүмкін
шығындардың масштабтарын болжау, және де профилактикалық,
алдын алу шараларын жасау, потенциалды көмілу аумағында
тұратын барлық азаматтар мен қоғамдық мекемелер,
мемлекеттік билік және жергілікті өзіндік басқару органдарына
мәліметтерді жеткізу қажет. Бұл карталар суға
көмілу қаупінде тұрған жерлерді пайдалану,
экологиялық қауіптілікті көрсететін нысандар
құрылысы мен шығаруды шектейтін өзгерістер туралы
шешімдерді стратегиялық жоспарлау және қабылдауға
ықпал ету керек (улы химикаттар, тыңайтқыштар,
жанармай-майлау материалдары қамбалары және т.б.).
Қазақстан
аумағына таяу трансшекаралық өзендерде тасқынға
қарсы қорғаныстың тиімді жүйелерін
ұйымдастыру мемлекетаралық деңгейде бірлесіп пішіп
жұмыс жасамай мүмкін емес және өзен ағысы бойымен
жоғары да, төмен де орналасқан өңірлердің
талап-қажетін ескеріп кешенді қимылдауды қажет етеді.
Трансшекаралық өзендердің
жайылмаларындағы және атырауларындағы жер ресурстардың
тікелей құнарлығын, байлығын және алуан
түрлігін пайдаланудың мыңжылдық тәжірибесі
көрсеткендей, олар тұрақты өмір сүру үшін
көтеріңкі қауіпті аймақ болып табылады, және
табиғи биотоптардың – ауыл шаруашылығы польдерлерін
құрғату және құрылысы, жолдар төсеу
және т.б. түбегейлі түрлендіруді қажет ететін
шаруашылық қызметтің түрлері де қауіпті.
Бұл аумақтар мен айлақтар, адамдардың қазасына, және
де мүліктей және экологиялық зардапқа алып келуі
мүмкін, су басудың қиратушы күшіне кезеңді
ұрынып тұрады.
Қоғамға
келтіретін адам қазасы және шығындар жөнінен, су тасуы
апаттық зілзалалар арасында бірінші орын алады, сонымен бірге,
соған қармастан, тасқынға қауіпті
аумақтарды су басудан қорғаудың бірыңғай
жалпы қабылданған концепциясы әзірше еш жерде жоқ. Оны
жасау біхдің елімізде ең басымды мәселелердің бірі
болуы қажет.
Талдаулар,
қазіргі уақытта, аумақты (жер ресурстарын)
тасқынға қарсы қорғаудың жаңа
тәсілін жасау қажеттлігі туралы мәселе өзекті болып
тұр. Мұндай тәсілдің негізгі идеясы нақты
нысандарды (елді мекендер, порт құрылымдары, құнды
ауылшаруашылығы жерлері және т.б.) қорғау
қажеттілігіне келіп тіреледі, бұрындары кеңес кезеңінде
жайылма жерлердің бүкіл үйілген ұзындығында
жасалатын, жаңа әдісте суға көмілуден
қорғаныс деңгейін (дәрежесін) көтеруге,
тақынға қарсы құрыымдар күтіміне
шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Трансшекаралық өзендер маңында жер
ресурстарының болуы мүмкін апаттардың алдын алу үшін
адекватты шаралар қабылдау қажеттігі көрініп тұр,
оның ішінде, жер бетінде де, зерттелетін нысанның
түбінің бетінде де деформациялық процестердің барысына
мониторингтік бақылау жүргізуден көрінетін «геодинамикалық қатарлас
жүру» ұғымы кіреді.
Нысандарды нивелирлеу, сейсмикалық
өлшеулер сияқты, геодинамикалық мониторинг үшін
қолданылатын жер беті әдістері, уақытша
жан-жақтылықты және өлшеулердің кеңістіктік
масштабын толық көрсетпейді. Соңғы уақытта, ДЗЗ
деректері, оның ішінде радиолокациялық зондылау әдістері
ерекше өндірістік құндылыққа ие болып отыр.
Негізі синтезделген апертуралы радиолокация
шағылысқан сигналдың тербелісі мен фазасын тіркейді. РСА
көмегімен алынған, бір бейне, көптеген жағдайларда
өндірістік маңызы жоқ, ал әртүрлі бұрыштармен
алынған РСА екі суреті (интерференциондық жұп), өз
кезегінде ландшафттың өзгерісі туралы ақпаратты беруі
мүмкін, рельефтің цифрлық моделін алу үшін пайдаланылуы
мүмкін.
Ал, интерферометрия әркездегі уақытта
немесе әртүрлі бақылау бұрыштарында антенналармен
тіркелген кешенді бейнелерді көрсетеді. Берілген жергілік
учаскесінің екі суретін салыстыру нәтижелері бойынша, экспозициялар
арасындағы фазалар айырмашылығына сәйкес келетін
түрлі-түсті жолақтар, енінен тұратын интерферограмманы
алады. Қозғалу сәулесінің жоғары жиілігіне орай,
миллиметрлік-алғашқы сантиметрлі дәлдікпен тіркеледі.
Түсірілімдердің барлық деректері интерпретацияның
объективтілігі мен бір мәнділігін қамтамасыз ететін цифрлық
түрде келтіріледі.
Алап маңындағы жер бетінің
ландшафтын қалыптастыратын геологиялық процесстер,
бақылаудың көптеген жалпы қабылданған
құралдары үшін алғашқы кезеңдерінде
байқалмай өтетіні белгілі.
Бірақ соңынан, көбіне, күтпеген жрден, айрылу, жылжу,
жер сілкінулер және техногендік апаттар, оның ішінде
гидротехникалық құрылымдарда апаттар орын алады.
Қолданыстағы ғарыштық
радиоинтерферометрия технологиясы, ғарыштық кеңістіктен
жүздеген километрлік арақашықтықтан бірнеше
миллиметрлік дәлдікпен жер бетінің тігінен және
көлденең жылжып қозғалуын өлшеуді
қамтамасыз етеді. Бұл әдіс 1992 жылдан бері Еуропалық
ғарыштық агенттігімен (ЕКА) іске асырылып келеді және стереотүсірілмнің аналогы болып табылады және 300м-дей
аралықта (сенсорлдар арасындағы ароақашықтық)
салыстырмалы шағын базада жерсеріктерімен алынатын, радиолокациялық
екі суретті өңдеуге негізделген.
Қазіргі уақыттағы дифференциальды
интерферометрия дәл сол жер учаскесінің екі бейнесін (кейде үш) пайдаланады.
Жерсеріктерінің өткелдері (1) және (2), негізгі
интерферометриялық әдістемесін пайдаланып, ландшафт
топографиясының интерферограммасын алды пайдаланып жүргізеді.
Дәл солай, 2 және 3 жерсеріктері өтуі кезінде алынған
деректер, дәл сол облыстың келесі интерферограммасын
шығарады.
Кеңістікте орын ауыстыру және
уақытша өзгерістерді бағалаудың ең
қарапайым тәсілі біршама уақыт интервалында жасалған
жерсерігі бейнелерінің жұбын пайдаланудан тұрады. Екі
интерферограммалар Жер бетінде болған кез-келген өзгерістерді
көруге мүмкінідк береді. Дифференциалды интерферометрия шағын
масштабтарда жер бетінің ығысуын анықтауға
мүмкіндік береді (деформациялар, опырылмалар және жер сілкіну
хабаршылары), және де топырақ ылғалдығының
(суға көмілу проблемасы) ауысымынан радиосигналдардың
сипаттамаларының өзгеруіне бақылау жасайды.
Дәлдік нәтижелер алу үшін
бірқатар жағдайларды орындау қажет, мысалы, бірінші суретке
жақын, ғарыштық кеңістік облысында қайтара
экспозициялау үшін жерсерігін аспанға шығару; шағылысатын
беттің (өсімдік қабаты, гидрогеологиялық жағдайлары)
ұқсатық күйлерін сақтау үшін бір маусым
(әртүрлі жылдар болса да) түсіру. Бұл мәселелер
көбіне, 24 сағатқа тең аралық интервалында бір
орбитада жұмыс істейтін екі жерсерігі базасындағы «Тандем» арнайы
бағдарламасы көмегімен шешіледі.
Синтезделген апертуралы радиолокация әдісі
жер беті нысандарында деформациялық процестердің дамуын
бақылау, потенциалды қауіпті экологиялық зілзалалы нысандарда
грунттар шөгуін байқау кезінде мейлінше тиімді пайдаланылуы
мүмкін (шаруа қожалықтары, ӨК жері және т.б.).
Анықталуы қажетті мәселелерге
байланысты әдіс өз бетінше жеке геодезиялық
(GPS-түсірілім, жер бетіндегі геометриялық нивелирлеу) және
геофизикалық әдістермен, оның ішінде сейсмологиялық
әдістермен бір кешенде қолданылуы мүмкін.
Алынған ығысу картограммасы дифференциалды
интерферометриялық өңдеудің негізгі нәтижесі
болып табылады. Радиолокациялық суреттердің (Persistent
Scatterers) көп топтамасын (15-20) интерферометриялық
өңдеу тігінен ығысудың субмиллиметрлік дәлдігін
анықтауға қол жеткізуге мүмкіндік береді [2].
Қорыта айтқанда, Жер ресурстарына
геоақпараттық жүйелер құру арқылы
бақылау жүйесін жасау жолымен, табиғат
құбылыстарынан келетін қауіптердің алдын алу ға
болады.
Әдебиет
1 Левківський С.С., Падун М.М. раціональне використанняі і охоронаводних ресурсів: Підручник. – К.: Либідь, 2006. – 280 с.
2 Щербина В. И., Коган Е. А., Козлов Р. В., Герасимов Н.В., Тищенко А.А. Совершенствование системы мониторинга гидротехнических сооружений путем внедрения систем автоматизации КИА. // Гидротехническое строительство. 2009. №8.