Сейтжанова Айгуль
Умиржановна
Хусман Гулиза
№77 ЖББОМ, Қарағанды қаласы
Мектептің оқыту үрдісінде
үлгермеушілікті болдырмаудың әдіс – тәсілдері
Қазақстан
Республикасының орта білім беру жүйесін дамытудағы
мемлекеттік тұжырымдамасында жеке адамның жалпы мәдениетін
қалыптасуы, жан-жақты дамуы үшін жағдай жасалуымен
оның әлеуметтік өз орнын анықтауы жайында сөз
етіледі.
Білім берудің алдына
қойған мақсаты мен міндеттеріне жету үшін
оқушылардың өздерінің қызығушылығы
мен қабілеттерін ескере отырып, білім беруді қамтамасыз ету
ұсынылған [1].
Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында: Білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің жеке
және шығармашылық қабілеттерін ашып, оны
дамытуға жәрдемдесуге міндетті (41-бап). Білім беру ұйымы
баланың қалауын, жеке басының бейімділігі мен ерекшеліктерін
ескере отырып, таңдауға құқысы бар, - деген
баптары педагог пен ата-аналарға арналып, мектеп пен ата-ана алдында зор
жауапкершілік жүктейді(38-бап) [1].
Білім беру ісінің
жаңартылуы бұл ең алдымен барлық деңгей
бойынша балаға деген
көзқарастың өзгертілуі. Өйткені бала
өзіндік ішкі құрылымы бар тіршілік иесі. Сондықтан
білімнің көп деңгейлік жаңа моделінде оқушылар
үшін де, педагогтар мен ата-аналар үшін де даралық
ерекшеліктері мен ақыл-ой қабілетін дамыту өте қажет
[2].
Қазіргі кездегі педагогикада барлық аймақтарда
жұмыс сапасының арту мәселсі сөз болып жатқанда,
мектептегі келешек ұрпақтың тәрбиеленуі мен білім алу
деңгейіне деген жауапкершілік артады. Осы жауапкершілікті
қолға алу мақсатында үлгермеушілікті басты
мәселелердің бірі деп санауға болады.
Үлгермеушілікті жеңу тек ғана педагогтардың
мәселесі ғана емес, сонымен қатар психологтардың да
өзекті мәселесі болып отыр. Біздің зерттеу жұмысымыз
мектептегі оқушылардың үлгермеуіне мұғаліммен
қарым-қатынас стилінің әсер етуінің
психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Қазіргі
кезде үлгермейтін оқушылардың көбеюіне байланысты
педагогтар мен психологтар арнайы зерттеу жүргізуде.
Осы үлгермеушілік мәселесінің туындауына түрлі
жағдайлар әсер оқушының мұғаліммен
қарым-қатынас стилінің әсерінен сабаққа
үлгермеуі маңызды педагогикалық-психологиялық
мәселе болып табылады. Жалпы білім беретін мектеп
жағдайларындағы бұл мәселелердің шешілуі
алдыңғы қатарлы тәжірбиелердің кең
насихатын мектеп тәжірбиесінде педагогикалық және
психологиялық зерттеудің нәтижесін енгізуді болжайды.
Оқу
әректінің өзіне тән мотивтері болады.Тәрбиешіге,
немесе оқитын адамның осы мотивтерді білуі, оның
әрекетінің мақсатын анықтауы үшін аса
қажет.Баланың жасы өскен сайын психикасы да
өсетіндіктен,оның оқуға деген қатынасы да
өзгеріп отырады.Мәселен,жоғары сынып оқушыларының
оқу мотивтері бастауыш сыныптағылардан басқаша болады.Білім
игеру үлкен саналылықты,өз бетімен жұмыс істеуді
үйренуді,өз мінез-құлқын меңгеруді керек
етеді. Бала не үшін оқитындығын бар сана-сезімімен
ұғынғанша,оған оқудағы формамумнен
(мәнін түсінбей құрғақ жаттап алу,
өмірмен байланыстыра алмау т.б) құтылу қиын болады.
Мектеп
оқушыларының оқуға саналы қатынасуын
тәрбиелеп, дамытуда мұғалімдер ұжымының алатын
орны ерекше.Мәселен,олардың арасында мектепке,оқуға
сырттай қызығып келетін балалар да жиі ұшырайды.Мұндай
бала мектепке,оның партасына,мұғалімге, өзіндей балаларға
көңіл бөледі.Оқу оны жөнді
тартпайды,өйткені,оған қиын көрінеді.Баланың
көбінесе ойнағысы келіп тұрады,партада дұрыс отыра
алмайды,жиі қозғалады,айналасына алақ-жұлақ
қарай береді [3].
Қазіргі заманғы қоғам дамуының әрекеті,
әлемдік және отандық педагогика, психология
ғылымдарының жетістіктерін, әсіресе, дамыта оқыту,
оқушылардың даму ерекшеліктері туралы проблемалар, ұзақ
жылдар бойы екшеліп жинақталған мектептің озық
тәжірибесі негізгі мектептің бастауыш сатысында білім беру
мақсатының приоритеттерін түбегейлі өзгерту
қажеттігін туғызып: бірінші кезекке, бұрынғыша
оқушыны пәндік білім, білік, дағдыларының белгілі бір
жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін
қалыптастыру негізінде оқушылардың жеке бас
тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылды [4].
Мектептегі оқу жұмысының сапасы
мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін
дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше
жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің
ең басты және жетекші түрі – оқу. Ол алдын-ала
жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің
басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырылды.
Сондықтан, оқу басқа іс-әрекеттерге
қарағанда, оқушылардың таным қабілетін дамытады,
дүниеге адамгершілік көзқарасын бірте-бірте
қалыптастырады. Оқу – баланың өзінің
танымдық белсенді әрекеті.
1.
Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың
2005 - 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы. Қазан, 2004.
2. "Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім
беру тұжырымдамасы". – Астана, 2006.
3. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен
тәжірибелері.-А., 1991.
4. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының
әдістемесі. - А.. 1999