Шулембаева
Гаухар Бейсеновна
Исагулова
Ляззат Калиоллаевна
Жалпы
білім беретін N77 мектеп-балабақша кешені, Қарағанды
қаласы
Ұлттық ойындарды
мектеп жасына дейінгі тәрбие үрдісінде пайдаланудың
тиімділігі.
Ұлттық ойындар қатарындағы
мазмұнды, бейнелік, еліктеу сияқты ойындарға
ақсүйек, алтыбақан, жасырынбақ жатады. Ой ойындарына
тоғызқұмалақ, дойбы, жұмбақ,
мақал-мәтел, асық ойындары кіреді. Спорттық
бағыттағы ойындар мыналар: күрес, жаяу көкпар,жаяу
бәйге. Дәл басу, бөрік, ұшты-ұшты, еркін,
мазмұнсыз ойындар қатарындағылар.Осы ұлттық
ойындардың ішінде көпшілігімізге белгілі асық ойнына
тоқталмақпын.
Асық – саясатқа бай
қазақтың қадым заманынан қазірге дейін жеткен
ұлттық ойыны. Асық – адамның ақыл-ойын
өрістететін, қиялына қанат бітіретін, тынысы кең,
астарлы, алысқа меңзейтін ойын. Соның бірі –
“Тәртікем”. Оның ендігі бір атауы – “Төрт тарап, жеті
ықылым, қырық тақта”. Ертеректе ол Шыңғысханның
кіндігінен тараған текті тұқым төре
ұрпақтарының соғыс ойыны саналды. Кем дегенде 200
мыңға дейін, одан асса 500 мыңға жететін
асықтармен ойналды. “Тәртікем” – аумағы ат шаптырым, айнадай
жарқыраған ақ тақырда өткізілген. Ойынның
тартысты өтетіні сондай, кейде бір күнге, тіпті бірнеше
тәулікке созылады екен. Бейсауат жүрген мал ойынның
стратегиясын бұзбас үшін, алаңды айналдырып
қаз-қатар жауынгерлер қойылған. Ойынға ат
үстінде де, жаяу жүріп те қатысуға болған
көрінеді.
Ойынға асықтардың әр алуан
түрі – қойдың, сайғақтың,
құланның, арқардың, жылқының,
түйенің асықтары қолданылып, түрлі-түрлі
түске боялатын болған. Ал асықтардың түсіне
қарай олардың дәрежесі анықталған. Қызыл
асықтар төре тұқымының
атақ-даңқын танытса, көк түстер “Шың-Лашын”
әскерін, яғни Қытай мен Оңтүстік Азияны
білдіреді. Әсіресе, арқардың асықтары құнды
саналып, бұлар қою қоңыр түске боялып,
асықатар сақа ретінде қолданылған. Қырық
телімге сызбаланған ойын алаңының қақ ортасында
“Бақ” деп аталатын қала орналасады. Ойынға қатысатын
тараптар осы қалаға иелік ету үшін жан алысып, жан беріскен
тартысқа түсетін болған. Алғашқыда айқас
алаңның алақандай ғана бұрыштарында
өткізілсе, кейін үлкен бөліктеріне дейін жетіп, “қанды
сойқан” соғыс басталады екен. Бұл арада асықтар әскердің
қызметін атқарып, өз ішінде жаушы, жауынгер, қолбасшы,
сатқынға бөлінеді. Бұл ойынның астары белгілі бір
оқиғаға, жөн-жосыққа негіздегендіктен,
соғыс тағдыры алдын-ала шешіліп қойылатын болған. Сайып
келгенде, қазіргі компьютерлік стратегиялық ойындар
тәртікемнің ауылынан алыс жатқан жоқ.
Ойынға тек
ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге
келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған
орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін заманымыздың
заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар
Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік:
«Біздің заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында
өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын
деген менің түсінуімше, көңіл көтеру,
жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру
ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған».
Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ қамын
ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен
әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін
адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға
алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді
қатынасушы келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы,
ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады.
Кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу
нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде
жоғалуға жуық.
Ұлттық ойындар көп салалы, көп қырлы
құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан
да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең
өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін
қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі
құралдардың бірі.
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның
пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде
өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің
алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында
шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі
қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе
өмірдің әртүрлі құбылыстары мен
үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені
белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол
мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін
қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене
шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің
маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін
сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет
байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою,
ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім
әлеміне сүңгиді.
Қорыта айтқанда, “Тәртікем”
қалтарыс-бұлтарысы көп, амал-айлаға, ақылға
құрылған, күрмеуі күрделі, қызықты
ойын. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру,
секіру элементтеріне бай болып келеді. Бұл ойындар секіруді, жүгіруді
туғызуға мүмкіндік жасайтын қабілетті дамытады.
Халық арасында “Денсаулық – зор байлық” деп тегін
айтылмаған. Демек, кезінде ұлттық ойындарды көп ойнап,
жүгіріп, далада таза ауада жүру жас ағзаның дұрыс
та сергек дамуының көзі болған және балалар ойын
ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы
болуға, халқына адал қызмет етуге ұмтылған.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1.
Аубакирова Ж. Ойынның бала
психологиясына әсері //Ізденіс. 2000. №4-5, 203-208 б.
2. Елубаева С. Дидактикалық ойын
оқыту әдістерінің бірі //Бастауыш мектеп 1988. №2, 7-12 б.
3. Қаратаева Ғ. Ойын адам психологиясын дамыту факторы.
//Қазақстан мектебі 2000. №5, 20-26 б.
4.
Сағындыков Е.
Қазақтың ұлттық ойындары. -Алматы, 1991.