Педагогикалық ғылымдар

 

А.Калматаева, Л.Бекембетова С.А.Аликулова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

 

БАЙЛАНЫСТЫ МОНОЛОГТЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАБИҒАТЫ

 

Байланысты монологты сөйлеу тілі көп аспектілі мәселе ретінде түрлі ғылымдардың зерттеу пәні болып табылады – психологияның, лингвистиканың, психолингвистиканың, әлеуметтік психологияның, жалпы және арнайы әдістемелердің.

Әдебиеттерде сөйлеу тілінің бұл түрінің мағынасын анықтауда акцент «байланысты» деген сөзге жасалады. Сондықтан, «байланысты сөйлеу тілі» анықтамасына тілдің «сөйлем» бірлігі де кіреді, өйткені, сөйлемдегі барлық сөздер бір-бірімен байланысты. Сонымен қатар, психологиялық және психолингвистикалық әдебиеттерде байланысты (немесе монологты, немесе контекстті) сөйлеу тілі тілдік қарым-қатынастың күрделі түрі, сөйлем немесе диалогты сөйлеу тіліне қарағанда, күрделі құрылымды тілдік-ойлау іс-әрекетінің ерекше түрі, - деп қарастырылады. Сондықтан, тіпті жақсы қалыптасқан сөз тіркестерді меңгеру дағдылары  байланысты мәліметтерді құрастыруды қамти алмайды.  

Диалогқа қарағанда тыңдаушыға ұзақ әсер ету форма ретінде монологты алғашқы болып Л.П.Якубинский бөліп қарастырды. Қарым-қатынастың дифференциалды қаситеттерінің көрсеткіштері ретінде автор шартталған ұзақмерзімді сөйлеуді; «тілдік қатардың реттілігін»; тыңдаушының сол сәтте кері жауап беруіне арналмаған, пікір айтудың бірбағыттылығын; алдын-ала ойлануды, бағыт немесе тақырыптың берілуін бөліп қарастырады.

Барлық келесі байланысты монологты сөйлеу тілін зерттеушілер Л.П.Якубинский бөліп қарастырған қасиеттерге назар аударып, монологтың не лингвистикалық, не психологиялық мінездемелеріне акцент жасайды. Л.П.Якубинскийдің монологты қарым-қатынастың ерекше түрі деген анықтамасын қабылдай отырып, Л.С.Выготский монологты сөйлеу тілін, тарихи тұрғыдан диалогтан кейін дамыған, сөйлеу тілінің жоғары формасы деп мінезделейді. Монологтың ерекшелігін (оның ауызша да, жазбаша да түрлерін) Л.С.Выготский оның ерекше құрылымдық ұйымдастырылуынан, композициялық күрделігінен, сөздерді максималды жинақтау қажеттіліген табады.

С.Л.Рубинштейн, монологты сөйлеу тілі туралы теориясын дамыта отырып, бірінші кезекте оның байланысты тілдік құрылымда ойды ашып көрсету іскерлігіне сүйенетіні жайлы айтқан. Монологты сөйлеу тілінің күрделігін, ол «сөйлеушінің өзіне түсінікті және бөгде тыңдаушыға арналған, тілдік тұтас мәліметті жеткізу» қажеттілігі деп түсіндірген. С.Л.Рубинштейн контекстті сөйлеу тілінде нақты екі өзара байланысты жоспарды белгілеген: ойландыратын және тілдік, ал бұл өз кезегінде сөйлеу тілін талдауда оны тілдік-ойлау іс-әрекетінің ерекше түрі деп қарастыруға негіз болады.  Байланысты сөйлеу тілінің генезисін қарастыруда, ол белгілеген: спонтанды «тірі қарым-қатынаста» ол  қалыптаспайды, бала біртіндеп «басым» жағдаяттық диалогты сөйлеу тілінен контекстті сөйлеу тіліне ауысады. 

Байланысты сөйлеу тілі теориясының дамуына Н.И.Жинкиннің сөйлеушінің ойының жылжуын бейнелейтін іштей, мәтінді мағыналық ұйымдастыру ережелері жайлы ойы ерекше орын алды.  Бұл ойдың тұрғысынан әңгіменің мағыналық жағында екі қырды бөліп қарастыру ерекше қызығушылықты тудырады – заттық жүйені белгілеу (денотатты), яғни не туралы айтылатынын түсіну, және предикативтер жүйесі, яғни қоршаған ортаның нақты заттары арасындағы қатынастар туралы не айтылатынын түсіну. 

Әңгімеде заттық (субъекттік) және предикативтік элементтерді біріктіру түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін, оларды синтездің ерекше түрі басқарады – жоспарлаушы, немесе алдын алушы, синтез. Коммуникацияның мақсаттарына байланысты адам бір жағдайда заттық белгілерді қарсы қояды, ал басқасында – оларды біріктіреді, үшіншісінде – олардың арасында себеп-салдарлық қатынасты белгілейді. Мәтінде предикативтердің иерархиясы олардың түрлі қызметтік міндетерімен байланысты, өйткені олардың бірі негізгі ойды жеткізеді, яғни бастысы болады, басқалары, қосымша, маңызды емес ойларды жеткізетіндер – қосымшалар, ал үшіншілері – екіншілердің қосымшалары болып табылады. 

Тілдік дамудың кемшіліктерін түзетуге бағытталған әдісті құрастыруда Н.И.Жинкиннің пікірі өте маңызды болып табылады: оның ойынша, тілдік мәліметтің мағыналық құрылымын құрайтын, мағыналық байланыстар мен қатынастардың қалыптасуы,  ішкі сөйлеу тілінде іске асырылады және де сөздер және  сөзтіркестерімен  қамтылмайды, керісінше, заттық-бейнелік кодтың әмбебап бірліктерімен іске асырылады. Сонымен, алғашқыда байланысты тілдік мәліметтің мағынасы ішкі сөйлеу тілінде сезімдік бейнелердің жүйесі түрінде көрініс табады, олар әрі қарай тілдік белгілермен безендіріледі.  

Жоспарлы ой, Н.И.Жинкиннің ойынша, мәтінге дейін пайда болады және жаңа мәліметті іздеудің жалпы заттық-тақырыптық аймағын ғана анықтап қоймай, оның тақырыптар, кіші тақырыптар мен микротақырыптар иерархиясы арқылы мәтінді кеңейту деңгейлерін анықтайды. Жоспарлы ой сөйлеу тіліне, сөздерді таңдауға да әсер ететін, шектеулер кіргізеді.  

Г.Я.Салганик, Л.С.Выготскийдің қосындыны емес, жаңа ойлар беретін, ойлардың жылжуы туралы идеясын дамыта отырып, мәтінде ойлардың жылжуы туралы әмбебап екі заңды бөліп қарастырды: «субъект арқылы» және «предикат арқылы». Автор анықтаған ойлар өлшемдерін біріктіру ережелері мәтіндердің типологиясы мен оларды реттік және қатар ұйымдастыру мәтіндеріне бөлу үшін негізгі болып табылды.  

Реттік ұйымдастыру мәтіндерінде әрбір келесі сөйлемнің ойы алдыңғы сөйлемнен туындайды. Мағыналық байланыс мұндай мәтінде екі сөйлемде де бір зат туралы айтылуы арқылы қамтылады, ал ойдың дамуы сөйлеу тілінде жаңа заттардығң, немесе предикативтердің пайда болуы арқылы іске асырылады, яғни зат туралы айтылатын жаңа мәлімет арқылы. Сонымен, бөлек сөйлемдер тұтас мәліметке айналады.

Қатар құрылымды мәтіндерде барлық сөйлемдер мәліметтегі бір ғана заттың сипаттамасын жасауға мағыналық тұрғыда бірігеді. Мұндай зат жан-жақтан мінезделенеді.

А.А.Леонтьев, екі түсінікті біріктіре отырып: «монолог»  және «мәтін», жаңа түсінікті енгізді - «монологты сөйлеу тілінің мәтіні», сонымен бірге оның негізгі мінездемесі ретінде тұтастылық пен байланыстылық қасиеттерін бөліп қарастырды. 

Тұтастылық категориясын ол мәтіннің мәтіннің ішкі, мағыналық жоспарымен сәйкестендірді, ал байланыстылық категориясын ішкі, тілдік жоспармен анықтады. Тұтастылық психологиялық категория деп қарастырылады, яғни сөйлеушінің өз ойын нақты, ретті, ойластырылған жоспар бойынша іске асыруға бағытталуы. Мұндай бағытталу екі түрлі жоспарлауды іске асыру іскерлігімен қамтылады: әңгімені тұтас жоспарлау, яғни монологты мәліметтің «үлкен бағдарламасын» құру, және мәтіннің құрамына кіретін әрбір сөйлемді жоспарлау, яғни «кіші бағдарламалар» құру.

Ішкі сөйлеу тілінде байланысты тілдік мәлімет әңгіменің «мағыналық жиынтығын» қамтитын және оқиғаның немесе жағдаяттың абстрактілі  бейнесін елестету болып көрініс табады. Бұл ойлардың «жиынтығын»  тыңдаушыға түсінікті әңгімеге аудару үшін, нақты мағыналық бағдарламаны құруға үйрену қажет. 

Әңгіме пайда болуы үшін, сөйлемдерді тілде бар нақты ережелер бойынша байланыстырып, топтастыру керек. Бұл позициядан кез-келген монологты мәлімет негізгі, коммуникативті мықты басты сөйлемдердің жиынтығы болып табылады. Олар өзіндік қасиеттермен және коммуникативті әлсіз ішкі, бағынқы, тәуелді көрсеткіштерімен танылатын сөйлемдермен мінезделенеді (мәтінге бірікпеген мұндай сөйлемдердің мағынасы түсініксіз). Л.M.Лосеваның ойынша, тұтас әңгіме немесе оның бөлек мағыналық бөлімі, абзацтық, немесе тірек, сөйлемдерден тұрады. Олар ерекше ырғақ-әуенмен танылады және мәтіннің негізгі мағыналық және құрылымдық моделін құрайды, өйткені оларда әрі қарай коммуникативті әлсіз сөйлемдерде дамытылатын тақырып анық көрінеді.  

Сонымен, байланысты монологты мәліметті генерациялау ережелерін меңгеру тілдік механизмнің барлық деңгейлерінің қалыптасуын қажет етеді: мотивациялық-қозғаушы, бағыттаушы-зерттеуші және орындаушы. Тілді іс-әрекет деп қарастыра отырып, И.А.Зимняя оның пайда болып, дамуы жалпықызметтік механизмдермен қатар, ерекше тілдік механизмдердің де әсерімен қамтылады, дейді. Жалпықызметтік механизмдер қатарына түсіну, алдын ала бейнелеу, оперативті және тұрақты ес жатқызылады.

Байланысты сөйлеу тілінің процесін ұйымдастыруда А.Р.Лурияның пікірі өте маңызды, оның ойынша, туындаудың тұтастай пайда болып, белсендендірілуіне монологты сөйлеу тілінің өзіндігі, инициативтілігі әсер етеді. Мағыналық компоненттер берілген жағдайда (мысалы, көрнекі жағдаят бойынша әңгіме құрастыру) немесе лексикалық-грамматикалық  компоненттер берілгенде (әңгімені тірек сөздер арқылы құрастыру),  оның тек нақты бөлімдері ғана белсендендіріледі. 

Мағыналық пікір айту процесі бірнеше біріккен кодтау және декодтау актілерінен тұратындықтан, ал сөйлеуші бір сәтте тыңдаушы да, түсінуші де тұлға болғандықтан, тілдік пікір айтуды түсіну мен қабылдау сұрағына да тоқталған дұрыс. Тілдік мәліметті мағыналық қабылдау процесі қабылданатын кеңейтілген сөйлеу тілінен оның қысқартылған түріне ауысудан, мәліметтің сыртқы тілдік құрылымынан ішкі мағыналық жоспарға ауысудан тұрады. Бұл ауысу, ішкі сөйлеу тілінде әңгіменің мағыналық бөлімдерінің бейнесі болатын, мәтіндік мәліметте «мағыналық сәттер» немесе «тірек пункттер» деп қарастырылатын бөлімдер арқылы іске асырылады.  

А.А.Леонтьев ауызша монологты сөйлеу тілінің күрделі ұйымдастырылуын ескере отырып, ырықтылықпен және ойды кеңейту үшін іскерліктерді қалыптастыруға байланысты, монологты мәтіннің құрылымдық ұйымдастырылуына қатысты тілдік іскерліктерді қалыптастыруға бағытталған арнайы тілдік тәрбиелеуді іске асыру  қажеттілігі жайлы қорытынды жасаған.

Байланысты сөйлеу тіліне үйретумен байланысты, бірінші кезектегі міндеттердің бірі болып мәліметтің ішкі, мағыналық жоспарын демонстрациялау тәсілдерін табу міндеті табылады, өйткені бұл жағдай біздің «мәтіннің мағыналық құрылымы мен мағыналық толықтығын интуитивті сезінуімізді объективті етуге» көмек береді. 

 

          Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Филичева Т.Б., Соболева А.В. Развитие речи дошкольника. – Екатеринбург, 1995.

2.     Швайко Г.С. Игры и игровые упражнения для развития речи. - М., 2002.

3.      Филичева Т.Б.,  Чиркина Г.В. Подготовка к школе детей с общим недоразвитием речи в условиях специального детского сада. – М., 2012.

4.      Щерба Л.В.; Виноградов В.В. Словообразование в его отношении к грамматике и лексикологии. Вопросы теории и истории языка. – М., 1994.

5.     Эльконин Д.Б. Психология игры. - М.,  Владос, 1989.