Педагогикалық ғылымдар

 

А.М.Қалматаева, Л.И.Бекембетова, Б.М.Қалматаева

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МОНОЛОГТЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ

 

 

Балалардың өзіндік пікір айтуға ауысуы, тіпті логопедиялық көмек көрсету жағдайында да, бұл топтағы балаларда өте қиын жүреді, әрі көптеген жағдайларда бұл кезең түзету мектебінің жоғары сыныбына дейін созылады.  Байланысты сөйлеу процесінде ақыл-ойы кем бастауыш мектеп оқушылары  мұғалім тарапынан сұрақтар немесе жауапты жартылай айту арқылы үнемі қолдауды, әсер етуді,  жүйелі көмекті қажет етеді. Байланысты сөйлеу тілінің қалыптасуындағы бұзылыстар бір топ себептердің жиынтығымен шартталады. Танымдық іс-әрекеттердің бұзылыстарымен қатар, байланысты сөйлеу тілінің жетілмеуінде маңызды рольді диалогтың жеткіліксіз дамуы да алады. Диалогты сөйлеу тілі монологты сөйлеу тіліне дейін дамиды әрі оның дамуына негіз болады. Ақыл-ойы кем балалар жиі қандайда болмасын оқиғаның мазмұнын пікір алмасушыға түсінікті болатындай етіп,  анық және нақты жеткізу керек екендігін түсінбейді. Басқа себебі – бұл топтағы балалардың тілдік белсенділігі өте әлсіз және жылдам таусылады.  Монологты сөйлеу тілі процесінде сырттай әсер ету жоқ, әңгімені бала өзі нақтылайды және дамытады.

Сөйлеу процестерінің өту барысындағы бұзылыстарға ақыл-ойы кем балалардың ерік-жігер аймағының да жеткіліксіз дамуы әсер етеді. Баланың пікірлесу тақырыбына байланысты қызығушылығының туындауы жағдайында байланысты ой-пікірлердің мінезі де өзгереді, олар күрделірек және байланысты бола бастайды, сөйлемдердегі сөздердің саны өседі.

Байланысты ой-пікірлердің ерекшеліктері көбіне тапсырмалардың мінезімен де анықталады (мазмұнын айту, сюжеттік суреттердің жиынтығы бойынша әңгіме айту, елестету арқылы өзіндік әңгіме құрастыру және т.б.).

Л.В.Занков пен М.Ф.Гнездиловтардың зерттеулері дәлеледеді,  ақыл-ойы кем балалардың сюжеттік суреттердің жиынтығы бойынша әңгімелерінде сөздердің саны, берілген тақырып бойынша әңгімелеулеріне  қарағанда, 2,5 есе көп. Авторлар бұл жағдайды сюжеттік суреттердің жиынтығы бейнеленген оқиғалардың ретін, динамикасын анықтайтынымен түсіндіреді.

Ақыл-ойы кем балаларда, өзіндік әңгімелеуге қарағанда, мазмұнды айту оңай жүреді. Мазмұнды айтуда балаға сюжетті құру, берілген тақырыпты тиянақты ашу, оқиғалардың ретін анықтау керек емес. Мазмұнды айтуда үлкен роль мәтіннің мазмұнын есте сақтау алады. Бірақ ақыл-ойы кем оқушылардың мазмұнды айтуында да өзіндік ерекшеліктері бар. Балалар жиі әңгімеде болмаған оқиғаларды, сәттерді қосып жібереді. Бұл қосулар кездейсоқ ассоциациялармен, елестер мен білімдердің анық еместігімен түсіндіріледі.

Байланысты монологты сөйлеу тіліне балаларды үйретудің негізгі әдістеріне зерттеушілер мазмұнды айтуға, әңгімелеуге үйретуді (нақты оқиғалар, заттар, суреттер бойынша) және қиялдау арқылы ауызша шығармашылықты  жатқызады.

Балалардың әңгімелерінің мазмұнының психикалық негізіне байланысты педагогикалық әдебиеттерде қарастырылады: қабылдау бойынша әңгімелеу (заттар жайлы сипаттама-әңгімелер, суреттер бойынша әңгімелер және мазмұнды айту); есте сақтау негізінде әңгімелеу (балалардың ұжымдық және жеке тәжірибелері бойынша) және қиялдау негізінде әңгімелеу, немесе шығармашылық әңгімелеуі. Сонымен қатар, түрі бойынша балалардың әңгімелері сипаттамалы және сюжеттік, ал мазмұны бойынша фактілі және шығармашылық болып топтастырылады.

Әңгімелеуге үйрету сабақтарын жүргізу барысында мұғалімнің алдында келесі міндеттер тұрады:

– балаларда сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынасқа түсу, тілдік коммуникация дағдыларын дамыту және бекіту;

– байланысты монологты пікір айтуды құрастыру дағдыларын қалыптастыру;

– байланысты пікір айтуды құрастыруды бақылау мен өзіндік бақылау  дағдыларын дамыту;

– ауызша сөйлеу дағдыларының қалыптасуымен тығыз байланысты бірқатар психикалық процестерді белсендендіру мен дамытуға мақсатты әсер ету (қабылдау, ес, қиял, ойлау);

– өз кезегінде балаларда байланысты таралған пікірлерді құрастыру дағдыларының қалыптасуы келесі сатылардан тұрады:

– ой-пікірді құрастыру ережелерін меңгеру (тақырыптық тұтастылық, оқиғаларды жеткізуде реттілікті сақтау, әңгіменің бөліктері-үзінділері арасындағы логикалық байланысты сақтау, әр үзіндінің аяқталуы, оның мәлімдеменің тақырыбына сәйкестігі);

– күрделі пікірлерді жоспарлау дағдыларын қалыптастыру; әңгіме-мәлімдеменің басты мағыналық сәттерін бөліп алуға үйрету;

-               ана тілінің ережелеріне сай байланысты пікірлерді лексикалық-

грамматикалық безендіруге үйрету.

Байланысты сөйлеу тілін қалыптастыру жұмысы жалпыдидактикалық принциптерге сәйкес жүргізіледі: оқытудағы жүйелілік пен реттілік, балалардың жасерекшелік және индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін ескеру, оқытуды олардың белсенділігі мен өзіндік іс атқаруын дамытуға бағыттау.

Әңгімелеуге үйретудің әрбір түрінің, балалардың байланысты сөйлеу тілінін қалыптастырудың әдісі ретінде, өзіндік ерекшеліктері, сабақтарының нақты құрылымы мен әдістемелік тәсілдері бар. 

Балалардың байланысты монологты сөйлеу тілін қалыптастыруда мазмұн айтуға үйретуд басты рольді атқаратынын жалпы мектепке дейінгі педагогикамен қатар түзету педагогикада саласында да ізденетін көптеген ғалымдар растайды. Мазмұнды айтуға үйрету сөздік қорды молайтады, қабылдауды, есте сақтауды және зейінді дамытады. Сонымен қатар сөйлеу тілінің құрылымы дыбыстау жетілдіріледі, сөйлем және мәтін құрау ережелері меңгеріледі. Балалар әдебиетінің әдеби мәтіндерін қолдану «тілді сезу» жұмысын нәтижелі жүргізуге мүмкіндік береді – сөйлеу тілінің лексикалық, грамматикалық және синтаксистік жақтарына, тілдік ережелерге сай пікірлерді айту дұрыстығын бағалау қабілеттеріне назар аудару. Бұл, әсіресе, интеллект бұзылысы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарында өте маңызды.

Ерекше назарды мазмұны айтылатын шығарманы таңдауға аударған жөн. Жұмыстың алғашқы кезеңдерінде күшкентай мәтіндер қолданылады; әрі қарай олардың көлемі балалардың тілдік мүмкіндіктеріне сәйкес өседі. Таңдалатын мәтіндердің эпизодтары бір типті болғаны дұрыс, қайталанатын сюжеттік сәттер, үзінді-эпизодтары нақты бөлінетін және оқиғалардың анық логикалық реттілігі сақталған мәтіндер. Бұл әңгімені құрастыруды және нақты тілдік тәсілдерді меңгеруді жеңілдетеді. Мұндай шығармалардың үлгілері болып «Күте біл» К.Д.Ушинскийдің, «Мұңды тон» Л.Е.Улицкаяның, ертегі «Аяз» және т.б.

Ерекше назарды мәтіннің танымдық мазмұнына, балаларға мәтіннің материалының тілдік жағының – лексикалық және грамматикалық – түсініктілігіне аудару керек.

Интеллект дамуында бұзылыстары бар балалардың зейінін, вербальді қабылдауын, мәтінді жақсы түсінуге және есте сақтауға мүмкіндік беретін, сонымен қатар күрделі пікірлер айтуды жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға арналған бірқатар арнайы, көмекші және белсендіретін тәсілдерді ұсынуға болады. Ұсынылады, мысалы, бір баланың әңгімесін басқа бала алдына қойылған суреттердің арасынан әңгіменің айтылған үзіндісіне байланысты иллюстрациялайды. Мазмұн айтуға үйретуде нәтижелі әдістердің бірі болып балалардың суреттерін қолдану табылады.

Мазмұн айтуға үйретуде бір қатар жағдайларда жағдайды және негізгі сәттерді бейнелейтін әдемі «иллюстрациялық панноны» қолдануға болады.

Балаларда күрделі мәлімдеме жасау дағдыларын қалыптастыру мақсатымен сюжетті шартты көрнекі сызбаның көмегімен модельдеу тәсілі де ұсынылады. Оны құрастыруда штативте орналастырылған, мәтінді оқып, талдап болған соң үзінді-эпизодтардың реттілігіне сай келетін, бейнеленген кейіпкерлер мен маңызды нысаналардың силуэттерімен (ақ-қара) толтырылатын шаршы-блоктар қолданылады. Мұндай сызбаны құрастыру балаларға бағдарлама жасау арқылы мәлімдеменің реттілігін анықтап, негізгі мағынаны ашатын әңгіменің мағыналық сәттерін түсінулерін жеңілдетеді.

Қарастырылған әдістемелік тәсілдер қарапайым және интеллект дамуында бұзылыстары бар балалармен тәжірибелік жұмыс жүргізуге қолжетімді.

Байланысты монологты сөйлеу тілін қалыптастыру барысында жеке тәжірибе және топтық тәжірибеге сүйене отырып қысқа әңгімелер құрастыру тапсырмалары қолданылады. Мұндай тапсырмаларды мектепте өткізілетін ертеңгіліктерде, экскурсияларда, мерекелік іс-шараларда, сонымен қатар табиғатты бақылау кезінде, қоғамдық пайдалы іс-шараларда қолдануға болады.

Қорытынды жасай отырып, белгілеп кетуіміз тиіс, монологты  сөйлеу тілін дамыту – шеберлікпен педагогикалық әсер ету мен басқаруды қажет ететін күрделі және ұзақ процесс. Монологты сөйлеу тілі баланың толыққанды тілдік дамуына керек, өйткені оларға әрі қарай мектепте нәтижелі оқу тәуелді. Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушыларының байланысты сөйлеу тілінің даму ерекшеліктерін зерттеудің нәтижелері интеллект бұзылыстары бар балалармен осы бағытта арнайы жүйелі жұмысты жүргізу қажеттілігінің дәлелі. Мектепте оқуға дайындық кезеңінде бұл топтағы балалардың тілдерінің лексикалық-грамматикалық тәсілдері қалыптылықтан әлде қайда артта қалады. Байланысты монологты сөйлеу тілін қалыптастыру жұмысы тілдің лексикалық-грамматикалық тәсілдерін қалыптастыруға, қоршағандардың сөйлеу тілін қабылдауға және байланысты, ретті әңгімелеуге бағытталуы тиіс.

 

          Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.                             Гвоздев А.Н. Вопросы изучения детский речи. - М.: Педагогика, 2001.

2.                             Ефименкова Л.Н. Методы обследования нарушений речи у детей. –

    М., 1997.

3.                             Филичева Т.Б., Соболева А.В. Развитие речи дошкольника. –

     Екатеринбург, 1995.

4.     Швайко Г.С. Игры и игровые упражнения для развития речи. - М.,

     2002.

5.                             Филичева Т.Б.,  Чиркина Г.В. Коррекционное обучение детей  пятилетнего возраста с общим недоразвитием речи. – М., Педагогика, 1990.

6.                             Щерба Л.В.; Виноградов В.В. Словообразование в его отношении к грамматике и лексикологии. Вопросы теории и истории языка. – М., 1994.

7.                             Якубинский Л.П. О диалогической речи /под ред. Л.В. Щербы. - М.: Педагогика, 1992.