Гульназ Нұраханқызы Рахмбердиева, педагог-психолог
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық
колледжі
Қазақстан
Республикасы, Тараз қаласы
БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТТЕРІН
ДАМЫТУДЫҢ
ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
«Адам
ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз.
Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес
миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын
жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні –
қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай,
егеменді еліміздің тірегі- білімді ұрпақ. Сусыз,
құрғақ, таса көлеңке жерге дән
ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды
тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп
мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет –
оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын
қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі,
өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін
халық педагогикасының негізгі мақсатын
шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді
пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.
Шығармашылық
– бұл нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын
өз бастауы, өту барысы және нәтижесі болатын
үрдіс. Бұл үрдіс 3 кезеңнен өтеді:
дайындық, ізденіс, орындау. Осы деңгейлерге сәйкес
шығармашылық қабілеттерінің құрылымын
анықтайды, өз бойынан оларды талдайды, бағыттай отырып
дамытады және жетілдіреді.
Сонымен қатар әрбір
адам ортасына деген көзқарасы мен әрекетіне қарай
бір-бірінен өзгешеленеді. Адамның айналасын танып білуге жануардан
айырмашылығы ортаға бейімделуінде
емес, оған шығармашылықпен қарауында. Егер
әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын
қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін
түрлі әрекетке көрсету үшін зерттеуге дайындау
қажет. Балаларды оқытуға зерттеу әдісін қолдану
қажеттілігі олардың табиғи
қызығушылығының басымдығымен түсіндіріледі.
Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның
өзіндік талабын қанағаттандыруда ықпал етеді.
Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік
зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын
күйінде емес, өзі ашады. Шығармашылық зерттеушілік
ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды:
бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші
жағынан, ізденіс процесінің мәнділігінде.
Шығармашылық
– ойлау қабілетінің ең жорғарғы қасиеті.
Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына,
өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. Тіл
дамыту жұмыстары жан-жақты болса, ойының дәлдігі,
тілінің көркемдігі артады. Тақырыпты меңгеруге өз
күшіне сену қасиеті қалыптасады.
Мектеп
қабырғасында оқушылар жақсы да, жаман да оқиды.
Адам бойындағы дарындылықты табиғи талантпен шектеліп
қалмай, табандылықпен еңбектенуге баулу. Ол үшін
мұғалімге жақын аямай еңбек ету қажет. Орта
буынды шығармашылық мүмкіндігі зор,
шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналасуға
икемді жас деуге толық болады. Осы арада оқушыларды
шығармашылыққа баулу үшін тағы бір
қажеттілік – оларды психологиялық дайындықтан өткізу,
яғни балалық шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп
отырып, «сенің қолыңнан бәрі келеді екен ғой»,
«өзің де бәрін біліп, үйреніп аласың» деп олардың кішкентай жетістіктерін
мадақтап, көтермелеп отырамын. Алдындағы жетістіктеріне
құптаушылық көрсетіп, сезім күйін бақылап,
қамқорлық жасаймын. Оқушының қойған
сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беріп, алдыға проблема
қойып оны шешуге ықпал жасап отырамын. Сабақ беру
үрдісінде оқушыларды шығармашылық жұмысқа
баулудың маңызы зор.
Жазба жұмыстары
олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін
арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр
баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық
және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау,
салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері
байқалып тұруы қажет деп ойлаймын. Шығармашылық
жазба жұмыстары – тіл дамыту жұмыстарының бір түрі.
Жазба жұмысын жазарда оқушыға міндетті түрде
бағыт-бағдар беремін. Шығармашылық жазба
жұмыстарының мақсаты – логикалық ойлауды дамыту,
шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін,
қызықты түрде беруге қалыптастыру. Әр сыныпта
қабілетті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі,
сөйлеуі, сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады.
Қай салада болмасын ондағы жұмыстың
нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен
оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан
парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің
сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен
іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті
мәселелердің бірі – мұғалімдерді даярлау және
кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман
мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай,
оқушылардың танымдық іс - әрекетінің
ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің
құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі,
нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен
әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.
Білім беру
үрдісінде оқытушы жаңа ақпаратты беріп қана
қоймай, оқушысыншындай түсуде келесі міндеттерді орындауы
тиіс:
ü оқушыларды
әртүрлі мәселелерді шешуге баулу;
ü бір ғана
түпнұсқаны пайдаланбай, әр түрлі әдістерді
қолдана білуге үйрету;
ü берер білімнің
ғылымилығын арттыру;
ü алған білімін
өмір ағымында қолдана білуге үйрету;
ü
оқушысының
ой белсенділігін дамыту;
ü
әр
оқушының қабілетіне қарай дарындылығын,
қызығушылығын дамыту
ü
білімді
шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру
нәтижесінде жоғарғы сапаға жету.
Кез - келген
дамыған өндіріс қазіргі таңда
шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет
етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі
іс- әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді
басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.
«Шығармашылық»
ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді
дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық - бұл
адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой
түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай
білуге үйренуі қажет.
Қазақстан
Республикасының “Білім туралы” заңының 5 - тарауындағы
41 - баптың 1 - бөліміндегі “Педагог қызметкерлер өз
біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі,
“Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында
елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын
және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды
мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл
ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне
жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы
оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық
қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны
белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы,
ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен
шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру
қажет.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың
«Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен
дамуының стратегиясы» деген 1992 жылғы еңбегінде
мемлекетіміздің егеменді, тәуелсіздігіне жеткізетін төрт
күш аталған: біріншісі-жеріміздің қойнауындағы
байлық; екіншісі-жеріміздің бетіндегі байлық;
үшіншісі-өндіріс байлығы;
төртіншісі-тапқырлардың ақыл-ой байлығы,
тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын,
бүкіләлемдік деңгейдегі жасалымдары» - дегеннің
өзі шығармашыл тұлғаның ерекше,
дәстүрлі емес ой-пікірінің нәтижелі мағынасын
береді. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары
баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол
арқылы таным әрекетін белсендіру. Бұл оқушының
өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс істеу қабілеттерін
дамытудың маңыздылығын айқындайды.
Бұл мәселе Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңындағы білім беру
жүйесінің міндеттері туралы бабында: - жеке адамның
шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін
қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау
арқылы интеллектік байытумен қатар әлемдік және
отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қажеттігі
атап көрсетілген.
Педагогика
ғылымы мен мектеп практикасы баланың білім игеру кезінде ойлау
қабілетін қалыптастырып, сол арқылы таным әрекетін
белсендіру қажеттігін көрсетеді. Осы мәселелер
оқушының шығармашылық қабілеттерін,
шығармашылық әрекеттер қырларын дамытудың
өзекті екенін анықтайды. Ол үшін не істеу керек, қандай
шаралар ойластырылуы қажет?
Оқуға деген қызығуы, өзінің білім
алуға ұмтылысы керек. Ол ұстаз тарапынан сабақ өткізудің
әртүрлі жолдарын қарастырып, әдіс-тәсілдерді
жетілдіріп, сабақ түрлерін әдістемелік тұрғыда
дұрыс ұйымдастырылуды талап етеді. Осындай еңбек
оқушының оқу әрекетін тиімді меңгеруіне,
соның нәтижесінде оқуға деген ынта,
құлшыныс, талап туып бұрынғы игерілген білім, білік, дағдыны
пайдалана отырып, әртүрлі оқу тапсырмаларын шешуде
шығармашылықпен еңбек етіп, өз әрекетін
бақылауды, басқаруды және дамытуды үйренуіне себебін
тигізеді.
Жас
ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу,
шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, осы арқылы
өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен айтқанда,
өз жолын өзі таңдауына түрткі болу-міне, бүгінгі
таңның басты мәселесі болып отыр.
Бүгінгі күн талабы –
баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру,
өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай
ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Сондықтан да баланың
танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында
оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың
құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың
жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт
өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім
мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни,
оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына
сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың
логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау
негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып
сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті
анықтауға тырысады. Айналадағы өмір
құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге
қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға
жетелейді. Ойын негізінде ойлай
отырып, тапсырмалары өзінше
зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту
жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы,
өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген,
сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа
қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде
жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек
белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы
тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау,
қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б.
қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық
қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз»
деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі
баланың сөйлеу тілін қалыптастырады. Шығармашылық
қабілеттерді мына сабақ түрлерімен қалыптастыруға
болады:
Сабақтың түрлері
· Зерттеу сабағы -
іздендіру мақсатында;
· Саяхат сабақ -
танымдық қабілетін дамыту ;
· Семинар сабақ-
оқушының білімін тереңдету;
· Сайыс сабақ –
оқушылар ойларының жетітігін байқау;
· Ойын , жұмбақ
- оқушылар зейінін дамыту ;
· Сахналау сабақ -
оқуылар шығармашылығын дамыту;
· Ертегі сабақ - оқушылардың ойлау
қабілетін дамыту;
· Дәстүрлі емес
сабақтың бір түрі – ойын сабақ .
Сабақтың мақсаты:
• Баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін
жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман
талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Сабақта берілетін тапсырмалар:
Жұмбақтар, суреттер,
ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі
тапсырмалар және санамақтар
Сабақтың
бұл түрі - баланың шығармашылық және ойлау
қабілетін дамытады.
«Сөзжұмбақ» оқушылардың ой - өрісін,
білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды
қаншалықты меңгергенін тексеруге өте қолайлы.
Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және
жас ерекшелігіне байланысты
таңдап алынады. Қазіргі педагогтардың пікірінше
сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды.
Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді.
Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін
дәлелдей алуға жетелейді. Жұмбақ шешу
шығармашылық үрдіс.
Сөзжұмбақты
шешу кезінде оқушыларға сызу қиындық
туғызады, сондықтан сөзжұмбақты алдын ала
тақтаға сұрақтарымен
қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмбақты
кішкентай қалташалар арқылы жасауға да болады.
Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың
беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына
тапсырмалар жазуға болады. Тақырып бойынша
құрастырылған
сөзжұмбақты балалармен жеке жұмыс
жасағанда да қолдануға болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Айтмамбетова Б.Р., Керимов Л.К. Оқыту әдістері. Алматы, 1992.
2. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,
2001.
3. Битянова М.Р. Практическая психология. М.,
М., 1997.
4. Бірмағамбетов Э. Бастауыш сынып
пәндерін оқыту. «Бастауыш мектеп». 1999, 6.
5. Венгер А.Л. Схема индивидуального
обследования детей школьного возраста. М., 1999.
6. Крутецкий А.В. Жас және
педагогикалық психология. Алматы, 1979.
7. Қоянбаев Ж.Б. , Қоянбаев Р.М.
Педагогика. Астана, 1999.
8. Қыдыршаев А. Балалардық жас
ерекшеліктерін ескеру. «Ұлағат», 2000, 1.
9. Немов Р.С. Психология. В 3 томах. М.,
1995.
10. Махмутов М.И. Развивающее обучение. М.,
1976.
11. Мухина В.С. Детская психология. М., 1990.
12. Мухина В.С. Изучение особенностей детской
психологии. М., 1990.