Адилова А.Қ.
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті
Төлегенова А.
Тараз химия - технологиялық колледж оқытушысы
Prezi - презентацияның жаңа әдісімен таныстыру
Сабақтың
тақырыбы: Prezi -
презентацияның жаңа әдісімен таныстыру
Информатика бөлімінде Prezi
(онлайн жүйесімен қолданылатын) презентация (тұсаукесер)
тақырыбы қазіргі ақпараттық технологиялар заманында
жетекші орында тұрған ақпараттық
бағдарламалардың бірі. Prezi –дің негізгі міндеті-
ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың
тиімділігін арттыру мақсатында көрмелерді жоспарлау, жасау
және өңдеу.
Көрме – бұл
диафильмдер сияқты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, сканер, интерактивтік
тақтаны, проекторды) пайдалана отырып слайдтан тұратын
қысқа әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен
және жан бітірім эффектілермен безендіріледі.
Технологиялық карта
|
Пән, сыныбы |
Информатика |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Prezi көрмелерді
демонстрациялау. Орындаған презента-цияларын қорғау.
Практикалық жұмыс |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Студенттерді Prezi –дің негізгі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, алған білімдерін
қайталау, бір – бірімен ой алмастыру, шығармашылық
толғаныс жасау.. |
||
|
Сабақтың талаптары |
Біліктілік |
дамытушылық |
тәрбиелік |
|
Студенттерді әр
түрлі типтегі ақпа-ратты бір электрон-дық құжат Prezi –де мультимедиа технологияларын пайдаланып, презентация
құру үйрету. |
ақпараты есте сақтауды, қабыл-даудың,
алго-ритмдік ойлау тиімділігін арттыру |
Студенттерді пәнге деген көзқарасын, қызығушылығын
арттырып, тыңдай білу, көре отырып, қоршаған
ортаға деген сезімін қалыптастыру. |
|
|
Сабақтың типі |
Баяндау, көрсету, практикум. |
||
|
Бағдарламалық –дидактикалық қамсыздандыру |
Мультимедиялық аудитория, Интернет желісі, интерактивті тақта. |
||
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Өткен сабақта алған білімдерін
қайталау, өздерінің жасаған слайдтарының
мазмұнына және көркемдік жағына баса көңіл
аударып, жан бітірім (анимация) эффектілерін қолданып, көрсету.
10-15 минут
ІІІ. Оқушыларды сабақтың
тақырыбымен, сабақтың мақсаты, талаптары және
орындалу жолдарымен таныстыру. Сабақты скриншоттар арқылы
түсіндіру
3.1. Жаңа
презентацияның түрімен таныстыру

3.2. Бұл
презентацияға Интернет желісінде Prezi.com бағдарламасына
тіркеліп, мәтін,сурет,
бейнеролик енгізуге, фигураларды қолдануға болады:


3.3. Ол үшін Интернет желісін ашып, Prezi.com – бағдарламасына тіркелеміз.


3.4. Шет елдік
бағдарламаның шаблонынан тегін шаблонды таңдаймыз, ал
қалған шаблондар ақылы болады.


Бұл дегенміз шексіз кеңістікпен жұмыс: Алысты жақындату,
жақынды алыстату

ІV. Сабақты қорытындылау
V. Оқушыларды бағалау
VІ. Үйге тапсырма беру.