Педагогические науки
Жамбыл облысы Шу
ауданы,Далақайнар ауылы
Т.Әшімбаев
атындағы орта мектебінің
ағылшын маманы
Копбаева Т.Н.
ЕЛБАСЫМЫЗ
Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ
ЖОЛДАУЫНДАҒЫ
«ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ» ИДЕЯСЫ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ
КЕПІЛІ
Бүгінгі
таңда бүкіл әлемде болып жатқан өзгерістер адам
өмір сүріп жатқан ортадағы барлық салаларына,
соның ішінде білім беру саласына да әсер тигізуде.
Біздің еліміз
2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын
Елбасының үштұғырлы тілдің саясатын білім мен ғылымдағы мемлекеттік
бағдарламаларын негізге ала отырып, білім берудегі кезек күттірмес
өзекті мәселелерін алға қойып отыр.
Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру
тұжырымдамасының негізгі мақсаты-білім беру
жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның
талаптарына сәйкес, білімді біліктілігі жоғары бәсекеге
қабілетті қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние
жағдайларында алынған терең білімін қажетті дағдыларын
тиімді түрде жүзеге асыратын және еркін бағдарлайтын
өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс
адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға
дайын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Елбасымыз Н.
Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру
реформасы табысының басты өлшемі –тиісті білім алған
еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын
маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл
елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол
жеткізуге тиіспіз» деп атап көрсетті. [1, с. 4]
Қазақ
тіліне мемлекеттік мәртебеге берілген сәтінен бастап,
оның дамуы жолының қай кезеңінде болмасын
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
қолтанбасын көреміз. 1995 жылы қабылданған Ата
Заңның 4-бабында «Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік тіл-қазақ тілі» деген Конституциялық шешім
жасалды. Осыдан екі жылдан кейін қабылданған «Қазақстан
Республикасындағы Тіл туралы»
Заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі- қазақ тілі» деп атап көрсетіліп, оны барша
азаматтардың еркін және тегін меңгеруіне қажетті
барлық ұйымдастырушылық, материалдық – техникалық
жағдайлар жасалатындығы
айтылған болатын.
«Елбасы
қазақ тілінің ұлтымыздың асыл қазынасы,
басты құндылығы екендігін» әрі қару, әрі
қалқан, әрі байырғы әрі мәңгі жас
отты да ойнақы Ана тілінен
артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат
не бар екен!», оның тарихтағы рөлін «Ғасырлар бойы
қазақтың ұлт ретіндегі мәдени
тұтастығына ең негізгі ұйытқы
болған-оның ғажайып тілі», мемлекеттік деңгейдегі
маңыздылығын «мемлекеттік тіл- бұл Отан бастау алатын Ту,
Елтаңба Әнұран секілді дәл сондай нышан», ел бірлігі
мен тұтастығын сақтаудағы әлеуметтік
мәртебесін «Біз барша қазақстандықтарды
біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан
әрі дамыту үшін барлық күш- жігерімізді
жұмсауға тиіспіз», қоғамдағы қызметі мен
баршаға міндеттелу негізін «Мемлекеттік тілді білмейінше,
мемлекеттік органдарда немесе сот
саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды», қазақтың
намысын жану мақсатында айтылған ойларын «Өзіміз ана тілінде
сөйлемейінше, өзге ешкімде бұл тілді шындап
құрметтей қоймайтынын түсунуге тиіспіз. Қазақтың
қазақтығының басты белгісі-қазақша
сөйлеуі», «Өз тілімізбен өмір сүрейік!»- бұдан
артық қалай айтуға болады? Қазақстанның
болашағы қазақ тілінде жатыр.
Өзге
ұлттарды мемлекеттік тілге баулып, үйреткенімен, қазақ
тілінің дамуы бәрібір, тек Тіл туралы Заңға да,
қазақстандықтардың айрықша ізгі ниетіне
ғана қатысты емес, ең алдымен қазақтардың
өздеріне байланысты, олардың тарихи жадылары мен иманына,
жанының рухани байлығына адамгершілік қырларына ар-
ұяты мен абыройына, дүниежүзілік өркениетте өзін
халық ретінде құрып
кетуден сақтауға деген құштарлық тілекке
қатысты.
Тіл байлығы-
әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып
қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана
тілін көзінің қарашығындай қорғауға,
оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да
қарсы тұруы тиіс.
«Ана тілі-
халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы,
өсіп- өніп түрлене беретін, мәңгі
құламайтын бәйтерек»,-деп Жүсіпбек Аймауытов
айтқандай, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде
ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы
керек. Себебі, қазақ тілі -Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі .
[2, с. 51]
Еліміздің
басшысы әр Қазақстан азаматы үш тілді, яғни
қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеруі тиіс екендігін
айтып, үш тұғырлы тіл: қазақ тілі -мемлекеттік
тіл, орыс тілі- қарым қатынас тілі, ағылшын тілі
халықаралық тілді меңгеру жөнінде мақсат
қойып отыр. «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл
білуін қолдаймын». Мемлекеттік тіл- мемлекет құрушы
ұлттық тіл, ал орыс тілін білу- ұлы байлық .
Орыс тілі
ақпараттық кеңістігімізді орыс тілі әлі де
маңызды рөл атқарады
Үштұғырлы тіл жай ғана әдемі
тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде
пайда болған жоқ, ол- өмірлік қажеттіліктен туындаған
игілікті идея. Қазіргі кезде
күллі әлемге есігін айқара ашып, экономиканы енгізіп
жатқан елдер қарыштап дамуда. Қазақстан үшін
үштұғырлы тіл елдің бәсекеге қабілеттілікке
ұмтылуда бірінші баспалдығы. Бірнеше тілде еркін сөйлей де,
жаза да білетін қазақстандықтар, өз елінде де,
шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға
айналады.
«Үштұғырлы
тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі-
ағылшын тілін үйрену. Бүгінгі таңда ағылшын тілін
меңгеру дегеніміз-ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың
ағынына ілесу деген сөз. Оған қоса ағылшын тілін
білсең- әлемдегі ең үздік, ең жоғары
оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің мол.
Қазір елімізде
35 мектеп үш тілде сабақ беріп, аталмыш тәжірибені енгізіп
отыр. Жекелеген оқу орындарында
көп тілді білім беруді енгізу бойынша жұмыс басталып кетті.
Өскелең
ұрпақтың үш тілді: қазақ тілі- мемлекеттік
тіл, орыс тілін ұлтаралық
қарым-қатынас тілі және ағылшын
тілі-халықаралық тіл ретінде оқып- үйренуге
ұмтылыс жасауы-заман талабы, болашақ ұрпаққа
қажеттіліктен туындап отыр.
Ағылшын тілін
оқыту үдерісінінде жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану керек.
Білім беру
жүйесін ақпараттандыру, оқу үдерісінде
инновациялық технологияларды енгізудің негізгі бағыттары мен
идеялары Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білім беру тұжырымдамасында, Елбасы Н.Ә .Назарбаев
ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында Жаңа
шетелдік білім беру тұжырымдамасында ерекше атап көрсетілген. [2,
с. 346]
Ағылшын тілін
оқыту үдерісінінде жаңа ақпараттық технологияны
пайдалану, оқушылардың жаңа тілдік материалды меңгеруі
кезіндегі оқу танымдық әрекетін белсендіруге, пәнге
қызығушылығын арттыруға мүмкіндік
туғызады.Сонымен қатар, жаңа ақпараттық
технология құралдарын ұсынып отырған материалға,
жоғары деңгейдегі көрнекілік ретінде пайдалануға
мүмкіндік береді, оқыту үдерісіне алуан түрлі
жаттығуларды енгізу мүмкіндігін кеңейтеді үздіксіз
қарым-қатынас барысында, оқу үдерісінің жандануын
қамтамасыз ете алады, міне осының барлығы оқушылардың
оқытылатын материалға жағымды қарым-
қатынасының қалыптасуына мүмкіндік береді. Білім беру
жүйесінің ақпараттану жағдайында оқу
үдерісінің тиімділігін едәуір жетілдіруге мүмкіндік
беретін жаңа ақпараттық
технологияларды ағылшын тілін оқытуда пайдалану
белсенді және табысты
қолданылып жүр. Әсіресе, ол оқушылардың жеке
қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, жеке
тұлғаға бағытталған білім беру жүйесін іске
асыру жағдайында, олардың лингвистикалық және
коммуникативтік біліктіліктерінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз
етеді.
Оқытудың
ақпараттық технологиясы- бұл ақпаратпен жұмыс жасау
үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар,
бағдарламалық және техникалық құралдар (кино аудио және
видеоқұралдар компьютерлер телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың
ақпараттық технологиясы - білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау білімді қабылдау,
білім сапасын бағалау, оқу- тәрбие үрдісінде
оқушының жеке тұлғасын
жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп
түсіну керек.
21 ғасыр
үдерісіне компьютерлік технологияны пайдалумен қатар елде болып
жатқан саяси экономикалық, әлеуметтік және басқа
да заңды үрдістегі өзгерістер негізінде дамытуды талап етіп
отыр. Оқытудың ақпараттық технологиялары осы
ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге
асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына
ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен
көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған
енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Мысалы
оқушылар интернет талаптарында
берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды
орындай алады, үйреніп
жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып виртуальды
қатынас клубтары конференцияға қатыса алады.[3, с. 15]
«Үштұғырлы
тіл» иедясының негізгі
мақсаты-ағылшын тілін үйрену. Бүгінгі таңа
ағылшын тілін меңгеру
дегеніміз-ғаламдық ақпараттар мен
инновациялардың ағынына
ілесу деген сөз. Оған
қоса ағылшын тілін білсен- ең үздік, ең жоғары оқу орындарында білім
алуыңа мүмкіндігін
мол.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Қазақстан
Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халықына арналған Жолдауы . «Егемен
Қазақстан» 15
желтоқсан 2012 жыл.
2. «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған
білім беруді дамыту бағдарламасын
жүзеге асыру бағытында мектепке дейінгі білім беру аймағын
модернизациялау» республикалық ғылыми-практикалық конференция
еңбектері- Тараз:ТарМИ, 2014.1 том.-402 бет.
3. Әбдуали Т.
Үштұғырлы тілден
түңілмейік.Жетісу, №31.2008