Избасханова Қ. С.

Абай атындағы КазҰПУ-дің 2курс магистранты

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС НЕГІЗІНДЕ ОҚУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

Әртүрлі пәндердің тақырыптарын байланыстыру оқу материалының сапалы меңгерілуіне әсер етіп, үйренушінің талабын, қызығушлығын, көзқарасын, мәдениетін және ұстанымын да өзгертеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: азаматтық пен елжандылықты, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспешілікке, мемлекеттік рәміздерді құреметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтаныың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру» деп көрсетілген. Осыған орай, жас ұрпақты, өз елінің тілін, салтдәстүрін, білімін, меңгерген, мәдениетті, адами қасиеттері мол тұлға етіп, қалыптастыру – қоғам қажеттілігі. Қоғамның осындай жас ұрпаққа деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы «Білім туралы» заңын негізге ала отырып, жеке  тұлғаның бойына ұлттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру және оны құрметтеу міндетін қойып отыр [1].

Еліміздің білім беру жүйесінің 12 жылдық оқу мерзіміне өтуде, жаңаланған оқу мазмұнын айқындауында пәнаралық байланыс түрлерін педагог ғалымдарымыздың, әдіскерлеріміздің есте ұстағаны дұрыс деп білеміз.

Дағдыларды меңгереді. Білім алуға бағыт беруде тереңдетіліп оқытуға    негізделіп, оқушылардың жоғары оқу орындарына түсуіне, өз бетімен білімін    көтеруіне және өндірісте жұмыс істеуіне мүмкінік береді [2].

Қазақ мектептерінде биология пәнінен биологиялық ұғымдарды қазақ тілінде меңгеру дәрежесін арттыру мақсатымен халқымыздың ежелгі мәдениеті мен озық салт-дәстүріне, әдет ғұрпына сүйену қажеттігі ескеріліп, Қазақстанның әрбір аймағының табиғи жағдаының өсімдіктермен жануарлар түрлерінің экологиясын оқыту және жасөспірімдерге қазақ, елінің саяси әлеуметтік, экономикалық даму жолдарын түсіндіру қажет.

Қорытындылай келе оқушылардың биология курсында пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ұйымдастыру жұмыстарының алуан түрлі істейтін жұмыстарының алуан түрлі комплексінде:

- жаңа білімге ие болады;

- икемділіктер мен қабілеттіліктері нығаяды;

- ғылыми ізденісі артады;

- оқушылардың ойлау әрекетін дамытады;

- пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ұйымдастыру нәтижесінде оқушылар талдау, сұрыптау, салыстыру сияқты оқу тәсілдерін қолдануды үйренеді;

- оқушыларды іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа, ұжымдылыққа, адамгершілікке тәрбилейді.

Биологияның басқа пәндермен пәнаралық байланысы оқушылардың биологиялық білімін тереңдетеді, қызығушылығын арттырады, практикалық бағытта оқуын жеделдетеді.

Атап айтқанда өзіндік танымдық оқушы пәнаралық іскерлік оқушының бір пәннен меңгерген білім іскерлік дағдыларын, екінші жақын пәндерді меңгеруді пайдалана білу қабілетінен көрінеді. Мысалы: тіл-әдебиет пәнінен меңгерген кітапты пайдалану іскерліктері география, тарих , математика т.б. пәндерді оқып үйренуге қолданылады. Сол сияқты оқушының бір пәннен үйренген еңбек іскерліктері пәнді жан жақты меңгерген ықпал жасайды. Осы орайда мектептің оқу-тәрбие процесінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға, тоғысуы, адамның интелектуальдық өрісіне байытумен бірге, адамзаттың құндылықтар көзінің  де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді [3].

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда оқушылардың атқаратын жұмыстары мен орындайтын оқу әрекеттері де түрліше болады.

Білім алушылардың биология курсынан алған білімдерін қайта жаңғырту, еске түсіру және оларды жаңа материалды игеру кезінде қолдану;

Арнайы пәндерден алған білімдерін іске қосатын, білім алуда белгілі бір танымдық мақсатты жүзеге асыратын пәнаралық міндеттерді орындауға көмектесетін тапсырмалар мен сұрақтарды орындау [4].

«Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» орта білім берудің мақсаты алған білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін іске асыруға, адмгершілік тұрғыдан өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген. Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі таңда еліміздегі білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мемлекеттің күшеюі мен ұлттың гүлдеуі дарындылар, таланттыларға тәуелді екені белгілі, ал дарындағылар тәлім-тәрбиенің алдыңғы шебінде жүрген оқытушылар алдынан шығатыны сөзсіз. Осы бағытта биология сабағында оқушылардың инновациялық технологиялар арқылы ойлау шығармашылық белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыруға көңіл бөледі [1].

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың оьбективті және субьективті екі жағын бөліп көсетуге болады. Обьективті жағы оқыту мазмұнын анықтау кезінде көрініс табады және оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын және т.б. әзірлеу кезінде ескертіледі. Субьективті жағы тікелей оқыту үрдісінде көрініс табады, яғни оқушыларға қатысты пәнаралық байланысты жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен әдістері қарастырылады

Әдебиеттер:

1.     Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы, ҚР Президентінің 2010 жылғы 7желтоқсандағы №1118 Жарлығы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығы.

2.      2050- Қазақстандық жол: Бір ел,бір мақсат, бір болашақ  Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы. Астана-2014.

3.     Бейсенбаева А.А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. Алматы, 2009. 24-46 б.

4.     Мусабеков О. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Қазақстан мектебі. – Алматы,  2006.  49-50 б.