Каймулина Толқын Әлібекқызы
Облыстық М.Өтемісұлы атындағы
сауықтыру мектеп-интернеті
Жаңа технология – білім сапасының негізі
«Өткенге
қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз»
демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан
қазіргі мектептің басты
мақсаты – баланың табиғи күштері мен
мүмкіншіліктеріне ашылуына қолайлы жағдай жасау.
Ұлт
тәрбиешілерінің ең үлкен тобы – қазақ тілі
мен әдебиеті мұғалімдері деп білемін, өйткені
әдебиет – адамгершілікті үйретуші ілім дейтін болсақ, тіл –
ұлт болудың кепілі.
Қазақ
мектебіндегі қазақ әдебиеті пәні білімділік,
тәрбиелік үлкен жүк көтерер ең маңызды
пәндердің бірі. «Әдебиет – халықтың рухани
байлығы»,-деп көркем сөз зергері Ғабит Мүсірепов
айтқандай, сөз өнері – өмір мектебі. Қазіргі
заман талабына сай жаңа техноглогияларды сабаққа енгізіп, педагогикалық
іс-әрекетті ұйымдастырғанда ғана сабақтың
әсерлі болуына қол жеткізуге болады.
Жаңа педагогикалық
технологияларды пайдаланудың ерекшелігі – тек стандартта берілген білімді меңгерту ғана
емес, тұлғаны дамыту, тұлғаның танымдық
қабілеттерін және танымдық үдерістерді танымдық
жағдайлар арқылы дамытуға,
шығармашылық қабілеттерін
қанағаттандырға, белсенді сөздік қорын (ауызша
және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуында. Осындай
технологияның бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту», яғни мұғалім
оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен
қаруландырып қоймай, танымдық шығармашылық қабілеттерін
де дамытады.
Таным – ақиқат дүниені, өмірді танып білу
жөніндегі ғылым.![]()
Шығармашылық – адамның белсенділігі
мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы.
Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар беделді болады, олар
сұрақ қойып, мағынаны анықтау үшін
дәлелдер айтып, саналы түрде мақсатқа жету жолын
таңдайды және олар өзгерістерге ашық болады. Бала сыни
тұрғыдан ойлана отырып,
өз пікіріне ең ұтқыр түсініктеме табады,
кез келген проблемада жауаптар емес, сұрақтар табуға
ұмтылады. Дәлелдермен сөйлеп дағдыланады. Барлық
жасалған қорытындыларды бағалай біледі,
дәлелдердің маңыздылығы мен деңгейін
түсініп қолдана алады. Басқа да болжам, мүмкіндіктердің
болуын және орынды екенін, артықшылықтарын мойындайды.
Барлық айтылған көзқарас пен дәлелдерді есепке
алып, көңіл бөледі.
Сонымен қатар, мен әр
сабағымнан кейін рефлексивтік есеп бере отырып, әр
оқушының ерекшелігін және өзіме қажетті
жаңа ақпараттар біліп отырамын. Оқушылардың
өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру арқылы да
көп нәрсеге басқаша қарауға үйренеді.
Өзін – өзі бағалау жұмысының бастапқы
кезеңінде оқушылардың қиналғанын байқадым.
Бірақ бұл тәсіл нәтижелі болды, оқушылар
өз-өздеріне есеп бере отырып, реттелді.
Топтық
жұмыс кезінде құрылған топ ережелері топ ішінде
оқушылардың өздік реттелуіне септігін тигізді. Топпен
жұмыс барысында ынтымақтастық атмосфераның
құрылғаны да байқалды. Мұндай жұмыстар
барысында «Автор орындығы», РАФТ, INSERT, дискусиялық карта, Венн
диаграммасы, өлшемдері, Жигсо әдісі, т.б.әдістерді бұрыннан
да тәжірибемде бар еді.
7-сыныптың
қазақ әдебиеті оқулығындағы Мұхтар
Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасынан Зифгрид
бейнесіне талдау сабағынан үзінді. Осы сабақта
қолданылатын әдіс түрлері.
1.Қызығушылықты ояту. Бес жолды
тұжырымдама стратегиясы.
а) Зифгрид;
ә) Жайдары, пысық;
б) Үйренді, ойнайды, көмектеседі;
в) Зифгрид – өте бауырмал бала.
Г) Бала.
2. Мағынаны тану.
а) «Ұқсастық пен даралық»
стратегиясы.
|
Ұқсатығы
: әке-шешесінен айырылған жетімдер |
|
|
Зифгрид
|
Қазіргі
жетім балалар |
|
Соғыс
кесірінен әке-шешесінен айырылған; қазақ халқы
шеттен келген жетім балаларды өз баласындай бауырына баса білді. |
Тастанды
балалар; Қазір
кей қазақ балалары шет ел асуда. |
ә)РАФТ стратегиясы
Рөл – Зифгрид
Аудитория – Дәуренбек
Форма – (хат)
Тақырып – қайырымдылық
қарапайымдылықтан басталады.
б) Талқылау картасы
|
Иә
|
Жоқ |
|
Зигфридті
асырап алғаны дұрыс болды, себебі ол мейірімділік көрмей
өсер еді. |
Зигфридті
Ахметті асырап алғаны дұрыс болмады, өйткені Зифгрид
үшін Ахмет шал көп қиындық көрді. |
Толғаныс (Автор орындығы)
«Тақырып таңдау» стратегиясы.
1.Тақырыптары:
а)Кең болсаң, кем болмайсың.
ә)Сұрапыл соғыс зардабы.
б)Бақытты балалық шақ.
2. Редакциялау.
3. Автор орындығы.
Үй тапсырмасы:
а) Ой толғау. «Жетім көрсең, жебей
жүр»;
ә) Қазіргі Қазақстандағы
жетімдер туралы ақпарат дайындау.
Жүсіпбек
Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі жазушының тіл
шеберлігіне талдау жасауда Блум жүйесін қолданып өткізген
сабақ жобасы:
1-кезең. Білу
Әр топтан бір
оқушы өздері оқып келген фабуласын айтып, қосымша
толықтырулар жасалынады.
2-кезең. Түсіну. Әр топ
өздеріне берілген әңгіме бөліміне мазмұндық
жоспар құрады.
|
1-топ |
2-топ |
|
1.Жетішатыр қаласын суреттеу. 2. Қонақта. 3.Алғашқы таныстық |
1.
Сахнада. 2.
Әнші үйінде. 3.
Құс атуға бару немесе Ақтамақтың
әңгімесі. |
3-кезең.
Қолдану.
Жазушы қандай тәсіл
қолданғанын анықтау. Жазушының тіл көркемдігіне
талдау.
Кесте
толтыру
|
Эпитет
|
Теңеу
|
Кейіптеу
|
Ирония
|
Гипербола
|
Антитеза
|
|
|
|
|
|
|
|
4-кезең. Талдау. Екі
жақты күнделікті толтыру.
5-кезең. Жинақтау.
Әңгімені бөлісіп жазу стратегиясы бойынша екі топ тапсырманы
орындайды. 1-топ. Әмірқанды әншілік қырынан сипаттау.
2-топ.
Өмірдегі қарапайым жан Әмірқанға мінездеме.
6-кезең. Бағалау.
«Өнер
адамының бақыты неде?» тақырыбына ой толғау жазу.
Қорыту.
Үйге тапсырма. «Әнді сүйсең, менше сүй...»
тақырыбына шығарма жазу.
СТО стратегиясын қазақ тіл
мен әдебиеті сабақтарында пайдалану – оқушылардың ойлау
қабілеті мен сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді. Осы
әдістерді үзбей қолдану жеке оқушылардың
шығармашылық қабілетінің ашылуына жол сілтейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұқанов
М.М. Бақылау және ойлау
2.С.Мирсеитова
«Формы и методы развития критического мышления обучающихся»,
Қарағанды, 2011 жыл
3.
Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары, Алматы, 2009