Кыдралинова А.К., юриспруденция магистрі,
Инновациялық Еуразия университеті
«Құқық, тарих және
әлеуметтану» департаментінің
аға оқытушысы
Заңнаманы жүйелеудің түсінігі
Экономикалық
және әлеуметтік міндеттерді шешкенде саясатта бекітілген жаңа
ойлау, заңнамада да қажет.
Әлеуметтік
өзгерістерді жүргізудің жылдамдығы, Республиканың
күрделі экономикалық кешенді басқару бойынша қиындап
бара жатқан міндеттері, қоғамның демократиялануы, заңнаманың
сәйкес динамикасын бүгінгі күнгі қажеттіліктерге
жақындатуды талап етеді. Заң шығарушылық процессті
үнемі жетілдіру республикалық заңның беделдігін
бекітетін маңызды көрсеткіш, біздің өміріміздің
барлық негізгі салаларына ашық және нақты
құқықтық ережелерді енгізудің кепілі.
Бірінші кезекте мақсаты қоғамның әрбір
мүшесінің құқықтық
қорғалуын қамтамасыз ететін тиімді нормативтік
құқықтық механизмді құру болып
табылатын заң шығарушылық саладағы қайта
құру міне осыған көзделуге міндетті.
Өкінішке
орай, заңнаманың қазіргі күйі мемлекет алдында
тұрған міндеттерге толық жауап бермейді. Бұл
құқық өзінен-өзі консервативті және
қоғамда болып жатқан өзгерістерге
үлгермейтіндігімен түсіндіріледі. Дегенмен,
құқықтың хаосты және анархияны болдырмау
үшін заңнама тұрақты болуға тиіс,
қоғамдық қатынастардың дамуын тежемей,
қайта ынталандыру үшін.
Республикалық
заңнаманы жетілдіруге кірісе отырып, басты сұраққа
жауап беру керек: шындығында жаңа тәсілдеме қандай
жолмен жүзеге асырылсын?
Оған
жауап ретінде жүйелеу ұғымы қызмет етеді.
Заңнаманың
бірқатар салаларында қоғамды қайта
құрудың әрқандай кезеңдерінде
қабылданған бір мәселелер бойынша көптеген актілер бар
етін және бар. қоғамды қайта құрудың
кезеңдерінде қабылданған. Актілердің көбісі
ескірді, бір-біріне қайшы келеді, өзара байланыспаған.
Заңнамалық және басқа нормативтік актілер
кәсіпорындар мен ұйымдардың бастамасын байлайтын
ақталмайтын шектеулерден және ұсақ реттеулерлен ден
тұруы сирек емес. Нормативтік актілер жиі өзгерістерге
ұшырайды: жаңадан қабылданған заңнамалық
актілер (Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің
және басқалары) тиісті түзетулерді енгізеді, олардың
кейбіреулері жаңа нұсқамалармен толықтырылады,
басқалары түрін өзгертеді, ал үшіншілері күшін
жойған немесе нақты әрекет етпейтін болып танылады. Оларда
көптеген қайталауларды, келіспеушілікті, олқылықтарды
табу оңай. Осындай жағымсыз үрдістер өкілеттік пен
жауаптылықты «төмен» беруге, министрліктердің
басқармалары функция мен ролін көтеруге, басқарудың
қайталаушы және аралық буынды қасқартуға
бағытталған,мемлекеттік органдар жүйесін реформалаудың
кеңмасштабты бағдарламасын пен жүзеге асыру барысында
ашық көрінді.
Нәтижесінде
реанимацияланған органдардың және басқа
құрылымдық бөлімшенің өкілеттіктері мен
функциялары мүлдем басқа ұйымдармен орындалуға міндетті
болы. Заңнаманың бұндай күйі оны қолдануды
қиындатады, заңдылықты, тәртіпті ары қарай бекіту
міндеттеріне жауап бермейді, соңында өмірдің
әрқандай салаларында оның қолдану тиімділігін
көтеруге теріс әсер етеду, қоғамдық
қатынастардың демократиялануы бағытымен келіспейді.
Заңнаманы
жүйелеу ұғымының бірнеше мағынасы бар. Ең
біріншіден, бұл түсінік заңнаманы реттеуді, тұтас ішкі
келісілген жүйеге келтіруді білдіреді. Заңнаманы реттеу терминімен,
сондай-ақ заңнаманың жиналымын (жинағын),
әрқандай құқықтық мәселелер
бойынша тақырыптық жинақтарды әзірлеу мен шығару бойынша, және кодекстер
және басқа да кодификациялық актілерді жасау бойынша
қызмет те қамтылады. Жүйелеуді кеңінен түсіну
кейбір ғалым заңгерлерге жүйелеуді келесі түрлерге
бөлуге мүмкіндік берді: кодификация, инкорпорация, консолидацию,
нормативных актілерді есепке алу.
Нормативтік
құқықтық актілерді жүйелеу
құқықтық реттеуді ары қарай дамыту мен
жетілдіру үшін, қоғамдық өмірдің
динамикасын, қоғам дамуының актуальды қажеттіліктерін
оңтайлы және тиімді көрсету үшін қажет. Ол
нормативтік актілердің жетімділігін қамтамасыз ету үшін,
көптеген тұлғалардың, қоғамдық
активтердің олармен танысуы үшін, халықтың
құқықтық санасын дамыту, азаматтардың
өздерінің заңды құқықтарын
қолдануы үшін және олармен заңдық міндеттерді
тиісті орындау үшін, мемлекеттік аппараттың тиімді қызметін
қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ нормативтік
құқықтық актілерді есепке алу үшін
қажет.