Магистр
юриспруденции Кыдралинова А.К.
Инновациялық Еуразия университеті, Павлодар, Қазақстан
Заңдылықтың
нәтижесі - заңды мінез-құлық
Заңдылық
— бұл мемлекеттік-құқықтық
шындықтың барлық элементтеріне еніп кететін
құбылыс. Оның мәні — қоғам-дық
қатынастарға қатысушылардың
құқық нормаларын қатаң,
дәлме-дәл және бұлтартпай орындалуын, әрі
ауытқымай колдануы. Әрине, заңдылық
құқық нормаларына негізделінген. Олай дейтініміз
құқық нормасы жоқ болса заңдылық та
болмайды деген сөз. Бірақта, осындай қиын, күрделі,
әрі көпқырлы заңдылықты тек
кұқық нормаларымен ғана байланыстырып түсіну
қиын. Өйткені, құқық нормаларын
заңдылықтың элементтері ретінде қарау біздің
ғылыми көзқарасымызға сыйыспайды ол тек
заңдылықты тудыратын алдыңғы табалдырығы
ғана. Оның мазмұнын толық түсіну үшін
әрқилы жақтарына (аспектілеріне) назар аударуымыз кажет.
Заң әдебиеттерінде айтылғандарды топтастырып, оның
мынадай жақтарына көз жіберелік:
— заңдарды сақтауды талап ету;
— қоғамдық өмір
режимі;
— мемлекеттік органдар мен жеке
тұлғаның қызмет принциптері.
Заңдарды
сақтауды талап ету жағынан қарасақ,
заңдылық — бұл ең басты талаптардың
жиынтығы болып табылады. Біріншіден, бұл заңдарды оған
бағытталған (қатысты) адамдардың дәлме-дәл
және бұлтартпай орындау талабы. Екіншіден, заңдардың
және басқа да нормативтік актілердің иерархиялылығын
сақтау талабы. Үшіншіден, заңдарды шығарған
органдардан басқа ешкімнің де оны жоя ала алмайтындығын талап
ету. Төртіншіден құқыққолдану
актілерінің заңдарға және басқа нормативтік
құқықтык актілерге сәйкестігін талап ету.
Заңды
мінез-құлық — бұл заңдылыққа
негізделіп, құқықпен реттелінген
қоғамдық қатынастардың нақтылы
жағдайы. Осыдан
келіп, заңды мінез-құлық дегеніміз — бұл
заңдылықтың нәтижесі. Оның ерекшелігі мынада: ол,
- біріншіден, құқық
нормаларында көрсетілген;
- екіншіден, құқық
нормаларын іске асырғаннан кейін пайда болады;
- үшіншіден, мемлекеттің
(күшімен) құралдарымен қамтамасыз етіледі;
- төртіншіден, азаматтардың
өмірлік қызметі үшін қолайлы жағдайлар
жасалынады;
- бесіншіден, заңдылықтың
қорытындысы болып табылады.
Заңды
мінез-құлықтың мемлекеттік қызметтің
ең маңызды мақсаты, өйткені тұлғаның
бостандық дәрежесі, олардың құқықтары
мен бостандықтарының шындығы, сонымен бірге
демократияның дамуы және жалпыадамдық құндылықтың
салтанаты оған байланысты.
Заңды мінез-құлық немесе
құқықтық тәртіп «қоғамдық
тәртіптің» негізін қалайды. Осы екеуінің
арасындағы айырмашылық неде? Егер құқықтық
тәртіп құқық нормаларының талаптарын іске
асыру кезінде пайда болса, ал қоғамдық тәртіп
бүкіл әлеуметтік нормалар жүйелерінің
құқық нормалары, адамгершілік нормалары,
қоғамдық ұйымдардың нормалары,
әдет-ғұрыптар, дәстүрлер іс-қимылдарының
нәтижесі. Сондықтан қоғамдық
тәртіптің ұғымы құқықтық
тәртіп ұғымына қарағанда кең мағынада
түсіндіріледі. Бұдан келіп туындайтын қорытынды: кез келген
құқықтық тәртіпті бұзушылық
(құқықбұзушылық) сонымен бірге
қоғамдық тәртіпті бұзушылық болып табылады.
Бірақта құқықтық тәртіп
бұзылмаса да, кейбір жағдайларда қоғамдык, тәртіп
бұзылуы мүмкін. Құкықтық тәртіп
мемлекет тарапынан қорғалады, ал басқа әлеуметтік
нормалардың (құқықтык, емес), мысалы,
дәстүр, мораль бұзылуы қоғамдық шараларды
қолдануға (мемлекеттік ықпал етуден өзгеше) әкеп
соқтырады. Мысалы, адамның әдепсіз қылықтары
қоғамдық тәртіпті бұзуға әкелсе
оған тек қоғамдык айыптау, сөгіс қолдануы
мүмкін.
Сөйтіп, заңды
мінез-құлық дегеніміз құқық
субъектілерінің мемлекет аумағындағы колданылып жүрген
барлық құқық нормаларын сақтау мен орындауға
негізделген қоғамдық қатынастардың
ықшамдалған жай-күйі. Егер заңдылықтың
нәтижесі құқықтық тәртіп болса, ал
қоғамдык тәртіп - бұл тәртіптің
нәтижесі.
Тәртіп дегеніміз
қоғамдағы қалыптасқан
құқық нормалары мен моральға, сонымен қатар
қандай да болмасын ұйымдардың талабына сай келетін
адамдардың нақтылы мінез-құлық тәртібі.
Тәртіп өз үғымында
мынадай түрлерді қамтиды:
1) мемлекеттік — бұл мемлекеттік
қызметкерлерге қойылатын талаптарды орындауға байланысты
тәртіптің ерекше бір түрі;
2) еңбектік — бұл
ұжымдағы нақты ішкі тәртіп ережелеріне
бағынуға байланысты еңбек қатынастарына
қатысушыларға қойылатын талаптар;
3)
әскери — бұл әскери кызметшілердің
жарғылардағы, бұйрықтардағы, т.б. ережелерді орындауы.
Мемлекеттік тәртіптің өзге де
түрлері бар, айталық, каржылық, жоспар, шарттық,
технологиялық, т.б.
Демек, тәртіп — бұл
заңдылыққа қарағанда ете кең мағыналы
үғым, өйткені ол тек құқық нормаларын
ғана емес, одан туындайтын, қосымша әлеуметтік
мінез-құлық нормаларын сақтау, — деген сөз.