Тусупова Мейрамгуль Максутовна

Казахстан. Караганда КарГУ им. ЕА. Букетова

Өзіндік сана-сезімінің қалыптасуының негізгі құрылымдық элементтері

Өзіндік сананың психологиялық аспект филососфиямен тығыз байланысты. Отандық спихологиядаөзіндік сана мәселесін диалектикалық-материалистік философия және адам психикасының іс-әрекет теориясының негізінде қарастырылады. Өзіндік сананы (талдау инструменті ретінде) зерттеу мәселесі методологиялық принциптерге сүйенеді: сана мен іс-әрекет бірлігінің принципі, даму принципі, тұлғалық көзқарас принципі.

Сана мен өзіндік сана ұғымдарын бөлек тек қана абстракция негізінде қарастыра аламыз, себебі индивидтің өмірі барысында бұл екеуі бірігіп қарастырылады. Өзіндік сана әрқашан да сананың формаларында кездесіп отырады, ол тұлғаның «Менінде» көрінеді. Сана мен өзіндік сананың сәйкестік мәселесіне өзіндік сананың туындауы туралы сұрағы да кіред. Отандық психологияда сана мен өзіндік сананың сәйкестік мәселесіне байланысты түрді көзқарастар бар. Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, және Е.В.Шорохованың көзқарастары бойынша өзіндік сана онтогенетикалық негізде санадан кейін көрініп, сананың дамуының бір деңгейі ретінде қарастырылады.

Өзін-өзі бағалау екі формада қызмет етеді: жалпы және жеке. Жалпы өзін - өзі бағалау жеке тұлғаның өзіне қатынасының жалпы стилін және жалпы өмірлік бағдар. Жеке өзін-өзі бағалау адамның сапасын, әрекетін қарым–қатынасын өзі бағалаумен байланысты. Жеке өзін-өзі бағалау адам үшін әртүрлі мәнге ие. Олар адам өмірінің басты сызыттарымен үйлеседі. Кейде теріс бағалау адамның өзінің белгілі бір аймаѓында ол үшін маңызды емес.

Жалпы сияқты жеке өзін-өзі бағалауда жоғары және төмен, тұрақты және тұрақсыз, нақты және нақсыз, сенімді және сенімсіз болады. Бұл сипаттамалардың даму деңгейі өзін-өзі бағалауды қалыптастыру деңгейіне әкеледі.

Өзінің ерекшеліктері мен кемшіліктерін білгісі келу басқа адамдар және өзіне-өзі қоятын талаптарға жауап беру, айналасындағылармен қарым-қатынасты реттеу қажеттігінен туады. Өзінің жеке басына талдау жасауды жасөспірім қарым-қатынастар мен іс-әрекетті ұйымдастыру үшін, қазір және болашақта өзі үшін маңызды міндеттерге жету үшін қажетті амал деп біледі. Өзін білу осының шарты болып көрінеді. Өзі туралы пайымдаулардың әлеуметтік-реттеушілік функциясы мынадан айқын көрінеді жасөспірім әуелі негізінен өзінің кемшіліктеріне назар аударып, оларды жойғысы келетінін сезінеді, ал кейін жеке адамның жалпы ерекшеліктеріне назар аударып, өзінін мүмкіндіктерін, қасиеттерін білуге тырысады. Кемшіліктерге ерекше назар аудару бүкіл жасөспірімдік кезеңде сақталады; көбінде өзіне көңіл толмау көбейеді. Жасөспірімтің өзі туралы ойлауының көзделген ниеттік сипаты болады, дербес ішкі процеске айналады, бастауыш мектеп оқушысымен салыстырғанда қажетті әрі жаңа

Өз - өзіне лайықты баға берудің қалыптасуы – баланың тұлғалық дамуының маңызды факторы болып табылады. Балаларда  қатыстық тұрақты өз - өзіне баға беру қоршаған адамдардың бағасының, ең алдымен жақын ересектер мен құрдастардың берген бағасының әсерінен, сонымен қатар баланың өз әрекеттері және оның нәтижелерін өз бетінше бағалау процесінде қалыптасады.

Өткен кезді бағалауда-ретроспективті өзін-өзі бағалау, қазіргі кезді бағалауда-актуальді өзін-өзі бағалау, болашақты бағалауда – прогностикалық өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі бағалауға көп мәліметтерді өткен өмірі береді. Бірақ өмірде өзін - өзі үш түрі де бір – бірімен байланысты: ретроспективті өзін - өзі бағалау қазіргі кездің мәселесін шешуге мүмкіндік береді, сондай – ақ актуальді өзін - өзі бағалау ретроспекцияға, болжамға әсер етеді.

Өзін - өзі бағалау баланың өзіне және өз мүмкіндіктеріне деген сенімінің қалыптасуы негізінде жатады және жеке толыққандылық пен жауапкершіліктің дамуының негізі ретінде болады. Өзін - өзі бағалау керісінше баланың мүмкіндіктері мен қабілеттілігінің ашылуына және қолданылуына кедергі болады, ішкі конфликтілердің пайда болуына , қарым – қатынастың бұзылуына әкеледі және жалпы баланың тұлғалық дамуының сәтсіз өткені туралы хабар береді. Өзін - өзі бағалау, яғни құрметтеу - өзін жақсы қасиеттерге ие, өзі маңызды деп санайтын іс – әрекетте жақсы нәтижеге жете алатын адам деп санау.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.     Абульханова-Славская К.А. Стратегия жизни. А., 1991г.,165с.

2.     Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы. “Білім”. 1996.

3.     Немов Р.С. Психология. Москва. “Просвещение” “Владос”. Книга 1. Общие основы психологии. 1999.

4.     Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы, (А.В. Петровский ред.).А.,1987