Магистрант
Нургалиева Г.К.
«Тұран-Астана» университеті
КӘСІБИ
МАМАН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТҰЛҒААРАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАР
Ғылымның және технологияның
қазіргі жағдайын бейнелейтін іргелі білім беру болашақ
мамандардың тек тәжірибені белсенді қабылдауды ғана
емес, сонымен бірге интеллектуалдық шығармашылық
қабілеттілігін анықтайды. Білім берудің осындай түріне
қазіргі жоғары оқу орындары бағытталған.
Болашақ мамандардың, яғни студенттердің зерттеу
біліктерін меңгеру қажеттілігі, бір жағынан, мемлекеттік
стандарттың талаптарымен айқындалады, онда бітірушің осы
кәсіби аспектісі нақты анықталған; екінші
жағынан, қазіргі мамандардың кәсіби іс-әрекетімен
айқындалады. Мысалы, педагогтардан болашақ мамандарды дайындауда
іс-әрекеттің шығармашылық табиғатына сәйкес
соның ішінде оны ұйымдастырудың мәселесіне ғылыми
тұрғыдан қарауға білім беру үрдісін зерттеу
білігін талап етеді. Сондықтан да жоғары оқу
орындарының студенттерін зерттеу жұмысы процедурасымен таныстыру
керек, оны өткізудің дағдыларын қалыптастыру
маңызды. Ол кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысына
студенттің қатысуы барысында қалыптасады.
Соңғысына студенттерді бағыттары мен кафедра
педагогтарының ғылыми жұмысы ерекшеліктері
тақырыпшасымен кеңінен таныстыру ықпал етеді, оларды
проблемалық топтарға қатыстыру, табысты зерттеу жұмысын
жүргізетін оқытушыларға 1-ші курстан бастап «бекіту» ретінде
анықтаймыз. Осы бағыттағы тиімді жұмысты
қамтамасыз етудің бірінші шарты ретінде бүкіл кәсіби
дайындықтың жүйесін асыру барысындағы зерттеушілік
білімдердің тиімді қалыптасу процесінің үздіксіздігі
мен тұтастығын ерекше айтамыз. Оған аудиториялық
сабақ пен студенттің
өзбетінше жұмысы (студенттің оқу-зерттеу жұмысы
мен ғылыми-зерттеу жұмысы), аталған біліктерді саналы
және шығармашылық меңгерудегі түрлі әдістер
мен тәсілдерді пайдаланумен байланысты тәжірибе жатады. Зерттеу
біліктерін қалыптастырудың маңызды шарты ретінде зерттеу
іс-әрекетінің мотивациясы болып табылады:
қызығушылықтарын қалыптастыру, зерттеу жұмысы
қажеттілігін, кәсіби өсу үшін зерттеу біліктер жүйесін
меңгерудің маңыздылығын негіздеу. Мысалға, осы
жұмыстың бастамасы ретінде 1-ші курстан бастап,
«Мамандыққа кіріспе» деп аталатын курс ұйымдастырылады,
оның барысында кәсіби іс-әрекеттің ерекшелігі мен
шығармашылық сипатын ашуға болады. Практикалық сабақтарда
өзін-өзі тану, өзіндік қызығушылықтары мен
қабілеттерін талдау, олардың таңдаған кәсіпке
сәйкестілігін анықтау үшін жағдайлар жасалынады.
Конференцияға рефераттарды дайындау барысында студенттер
жаңашыл-зерттеушілердің жетістіктерімен танысады, шартты
түрде айтқанда, «өзіне салып көреді» шеберге
лайықты кәсіби біліктер мен тұлғалық
қасиеттерді дамытады. Оның барысында келесідей зерттеу біліктерін
меңгеру қажеттілігін саналы түрде ұғынады, бар
тәжірибені талдау, проблеманы тұжырымдау, өз
жұмысының нәтижесін жүйелеу сияқты білігі.
Аталған біліктердің қалыптастыру мен зерттеу жұмысына
қызығушылықты тудыру шарасына түрлі кәсіби
жағдайларды талдау мен диагностикалауды өткізу, жоғары курс
студенттерімен орындалатын тапсырмалардың зерттеушілік сипаты және т.б.
басқа әдістері жатады. Сонымен қажетті білімдер жүйесі
және қалыптасқан зерттеу біліктерімен бірге зерттеу
іс-әрекетіне оң көзқарастың болуы болашақ
маманның тиімді кәсіби іс-әрекетке дайындығын
қалыптастырады.
Екінші шарты жоғары оқу
орындарындағы студенттердің кәсіби-тұлғалық
мәдениетін қалыптастыру болады. Болашақ маманның
кәсіби дайындаудың тиімділігі сонымен бірге
жүйелілік-құндылық көзқарасы тұрғысынан
қарамақайшылықтардың талдауын жоғары білім
берудің қазіргі жүйесінің талдауын талап етеді. Маманның
кәсіби-тұлғалық мәдениеті оның
іс-әрекетінің бүкіл жүйесін қамту керек.
Осыған орай жоғары оқу орындары студенттерінің
білімберу мазмұнын қалыптастыруда
жүйелілік-құндылықтық көзқарасы
өзекті болады. Болашақ маманның мәдениетін
қалыптастыру проблемаларын тиімді шешу, оның әлеуметтік
қасиеттерін дамыту, оқу-тәрбие және
ұйымдастырушылық жұмысты талдау, теориялық және
нақты-әлеуметтік зерттеулердің, тұлғалық
және мәдениет теориясы нәтижесін жалпылау негізінде
анықтаймыз. Мысалы, Ә. Табылдының пікірінше: «Ұлттық
мәдениеттің қайнар бастау – оның (ұлттың)
рухани азығының асылдық қасиеттеріне байланысты.
Халықтың рухани қуатын арттыратын қозғаушы
күш – оның әдебиеті, өнері, әдебі мен
эстетикалық болмысы. «Әдеп-мәдениет негізі»,
«әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер – халық
мәдениетінің көрсеткіштері» т.б. тақырыптар бойынша
оқылатын лекцияларда
ұлттық мәдениеттің негіздері, оның
бұрынғысы мен қазіргісі және болашағы
ғылыми дәлелдемелермен айқын көрсетіледі» [1, 11-12].
Осы анықтамаға сүйене айтатынымыз, мәдениет білімберушілік
құндылық ретінде студенттерді дамыту мен тәрбиелеуде
тұрмыстың, ойлаудың, сауықтырудың
мәдениетінде, қатынасында, қарым-қатынасында,
дүниетанымдық мәдениетінде, эстетикалық
іс-әрекетінде көрініс береді.
Бұл жерде маңыздысы – болашақ
маман тұлғасының мәдениеті қалыптасуының
механизмдерін зерттеу мақсатты түрде ұйымдастырылған
жоқ, бірақ дамытушылық білім беру мен мәдениеттің
аспектілері қаралады. Олардың өзара байланысы мен
өзараауысуы қаралады. Осыған орай болашақ маманды
дайындау жүйесінде студенттердің үнемі өз кәсіби
дәрежесін көтеру қабілетін дамыту шеңберінде
жүйелілік-құндылық көзқарасының
маңыздылығы оқу-тәрбие процесі барысында
анықталады. Осыған байланысты жоғары кәсіби білім беру
іс-әрекет ретінде қарастырылады, оның мақсаты –
болашақ маманның интеллектуалдық-адамгершілік
тұлғасын дамыту, тұлғалық өсуінің
қамтамасыз ету ретінде анықтаймыз.
Болашақ маманды дайындаудағы
жүйелілік-құндылықтық көзқарасы
жүйе ретінде түсініледі, ол жаңа ғасырдың
мәдени және гуманистік құндылықтарын есепке алу
негізінде құрылады: субъектіліктің,
диалогиялықтың, дамытушы бағыттылықтың,
кіріктірушіліктің, іргеліліктің, үздіксіздіктің.
Сонымен, қазіргі білім беру парадигмасын әлеуметтік-тұлғалық,
тұлғаға-бағдарлаушылық, гуманистік білім беру
анықталады. Университеттік білім беруде әдетте парадигманың
келесі өзгермелі түрлері айтылады [2, 118-119]:
мәдени-құндылықтылық парадигмасы,
академиялық парадигмасы, кәсіби парадигмасы, технократиялық
парадигмасы, гуманистік парадигмасы. Жетекші білім берушілік
парадигмасының әсерімен университеттік білім берудің
басқа моделдері қалыптасады: а) дәстүрлі немесе
классикалық; б) рационалистік.
Мәдени-құндылықтылық
парадигмасына сәйкес кәсіби мәдениетті
қалыптастырудың басты мақсаты жоғары білім
берудің құндылығы ретінде студенттердің
әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін дамыту болып табылады.
Кәсіби білім берудің әлеуметтік-тұлғалық
аспектісін іске асырудың негізгі тәсілі ретінде білім берудің
проблемалық, сараптамалық, рефлексивтілік, диалогтік
оқытудың және тәрбиелеудің, ұжымдық
мәдени-шығармашылық іс-әрекеті технологияларын
пайдалану деп түсінеміз.
Әдебиеттер:
1. Әбиев Ж. Бабаев С.
Құдиярова А. Педагогика. - Алматы: Дарын, 2004.
2. Пономарев Я. Психология творчества и
педагогика, 2012.
3. Амонашвили Ш. Педагогикалық
ізденіс. -Алматы, 1990.
4. Синица И.В. Педагогикалық әдеп және
ұстаздық шеберлік, - Алматы, 1987, 230 б.