Магистрант
Нургалиева Г.К.
«Тұран-Астана» университеті
ТҰЛҒААРАЛЫҚ
ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕЛЕРІ
Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік,
дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам
өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын,
өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты
іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби
құзыретті, функционалды сауатты жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған. Мемлекетіміздің тек саясат пен
экономика емес, білім беру жүйесіне де үнемі назар аударуы
еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап
отырғаны түсінікті. Өйткені, ел байлығы тек мұнай
мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын шешуші
фактор – адам және жеке тұлға болып қала бермек.
Тұлғаралық
қатынастың өзгешелігі ең алдымен, оның көп
объектті бағыттылығынан көрінеді. Ол тек
үйренушілердің өзара әрекеттесуінің өзіне
олардың тұлғалық дамуы мақсатына бағытталмаған,
сондай-ақ, педагогикалық жүйенің өзіне негіз
болып табылатын, оқу білімдерін игеруді ұйымдастыруға
және осы негізде шығармашылық іскерліктерді
қалыптастыруға бағытталған. Осыған орай,
педагогикалық қарым-қатынас кем дегенде үш
бағыттылықпен сипатталады. Сонымен қатар,
тұлғаралық қатынас оның субъекттеріне үш
жақтық бағдарлануымен де анықталады: тұлғалық,
әлеуметтік және пәндік. Мұғалім (оқытушы)
қандай да бір оқу материалын игеруде бір ғана
үйренушімен жұмыс істей отырып, үнемі оның
нәтижесін сыныпта отырғандарға бағдарлайды және
керісінше, сыныппен, яғни фронталды жұмыс істей отырып, әр
үйренушіге әсер етеді. Сондықтан, педагогикалық
қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі аталған
сипаттамалардың бүкіл жиынтығымен айқындала отырып,
тұлғалық бағдарланған, әлеуметтік
бағдарланған және пәндік бағдарланған
қарым-қатынас элементтерінің органикалық
үйлесімінен көрінеді. Бұл жерде аталған
элементтердің бәрін қамтитын, педагогикалық
қарым-қатынас, аддитивті құралу емес ол принципиалды
жаңа сапаға ие болады. Еліміздегі
әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер,
республиканың әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне
жетуде жасаған қадамдары осы кезге дейін педагогика теориясы мен
практикасында бекітілген білім беру парадигмаларын, жүйелерін,
әдістерін, формаларын жетілдіру талабын қойды. Білім берудегі
жаңа басымдықтар – студенттердің тұлғалық
әлеуетін анықтау және дамыту, әлеуметтік
үдерістер мен тұлғааралық
қарым-қатынастарды ұйымдастырудың ерекше формасы
ретінде танылатын оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру болып
отыр.
Тұлғаралық
қатынастың екінші сапасы оның оқытушы функциясымен
шартталады, ол өзіне тәрбиелеуші функцияны қамтиды,
өйткені білім беру процесі, бұрын көрсеткендей,
тәрбиелеуші және дамытушы сипатқа ие.
Қарым-қатынастың оқытушы функциясы А.А. Брудный
бойынша, жалпы тұрғыда тасымалдаушымен теңестірілуі
мүмкін. Оқытушы функция тасымалдаушы-лықтың
көрінісі сияқты, ол адам үйренуінің барлық
формаларына тән (ойын барысында, басқа адамдармен күнделікті
тұрмыстық өзара әрекеттесуде), білім беру
жүйесінің кез-келген деңгейінде – мектепке дейінгі,
мектептегі, жоғары оқу орнында арнайы ұйымдастырылған
процесте жүзеге асады. Тұлғаралық
қатынастың оқытушы функциясы жетекші болғанмен де, ол
өктемдік жүргізуші емес, бұл –
мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың
өзара бір-бірімен жан-жақты әрекетте-суінің
органикалық бөлігі. А.А. Брудный атап көрсеткендей,
«...мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы
инструменталды, өйткені оның мақсаты оқу процесіндегі
бірлескен іс-әрекетті үйлестіру. Бұл жерде
қарым-қатынас тасымалдаушы функцияны орындайтыны орынды. Нағыз педагог үшін
шәкірттермен қарым-қатынас жасау бұл қашанда
өзін-өзі көрсету екені де табиғи...» [1]. Сонымен қатар,
педагогикалық қарым-қатынас Е.А. Климов бойынша, «Адам-Адам»
схемасымен суреттелген адамдардың өзара әрекеттесу
сипатының өзгешелігін де бейнелейді. Еске салайық, бұл
схема мұғалім мен оқушылардың, тұрмыстық
қызмет көрсету жұмысшылары мен клиенттердің,
дәрігер мен пациенттердің, психотерапевт пен клиенттердің
және т.б. кез-келген кәсіби өзара әрекеттесін
анықтайды. Тұлғаралық қатынас жоғарыда
аталған өзара әрекеттесудің барлық
түрлерімен ұқсас сипатқа ие, алайда оған
психотерапевт пен клиенттердің қарым-қатынасы ең
жақынырақ. «...Шынында да, мұғалім қай
пәнді жүргізсе де, ол оқушыға ең алдымен адамзат
ақыл-ойының күшіне сенімді, танымға деген қарымды
ұмтылысты, ақиқатқа деген махабатты және
жанқиярлық қоғамдық пайдалы еңбекке деген
ұстанымды береді. Мұғалім, сонымен бірге шәкірттерге
тұлға аралық қатынастың жоғары және
кемеліне жеткен мәдениетін, кіршіксіз әдеппен бірге әділеттілікті,
парасатты қарапайымдылықпен үйлескен
көңіл-күй серпілісін көрсете алса, – онда, осындай
педагогқа еріксіз еліктей отырып, кіші ұрпақ рухани
үйлесімді, өмірде жиі болатын тұлға аралық
қақтығыстарды адамгершіліктік тұрғыда шеше
алуға қабілетті болып қалыптасады...» [2,4]. Өзара әрекеттесудің осы түрлері
үшін ортақ болып табылатын К. Роджерс белгілеген,
қарым-қатынасты жеңілдету, фасилитациялау функциясының
маңызы бар. Бұл функцияның маңыздылығы
соншалықты болғандықтан, К. Роджерс мұғалім,
ең алдымен, қарым-қатынас фасилитаторы деп атайды. Бұл
– мұғалім оқушыға өзін көрсетуге,
өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін
көрсетуге көмектесетінін білдіреді. Педагогтың оқушы
табысына қызығушылығы, қарым-қатынас
ахуалының жайлылығы, байланысты қолдаушылығы
педагогикалық өзара әрекеттесуді жеңілдетеді,
оқушының өз маңыздылығын көтеруіне
және оның ары қарай дамуына ықпал етеді [3].
Осылайша,
педагогикалық қарым-қатынас жайлы айта отырып, онда
оқытушымен қатар тәрбиелеуші және фасилитативті
функцияның бар екенін белгілеуге болады.
Әдебиеттер:
1. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж. Педагогика. - А., 2007.
2. Айтбаева А. Б. Әлеуметтік педагогика
негіздері: оқу құралы. - Алматы, Қазақ
университеті, 2011.
4 Зимняя И.А. Педагогикалық психология. - Москва: Логос, 2005, - Алматы:
TST-company, 2005.