Іргебаева
Н.М.
доцент,
п.ғ.к. Абай атындағы ҚазҰПУ
ҒЫЛЫМИ
ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіру -
әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына
енудің басты негізі [1].
Адамзат қоғамының қазіргі даму деңгейі,
технологиялар мен әлемдік
дамудың жаңа экономикалық қатынастарына
интеграциялану- терең білім мен
идеяны байлыққа айналдырып
отыр. Озық инновациялық тәжірибелер мен
технологиялардың дамуы білім беруге
бөлінетін инвистицияның қоғамға оның
экономикасының дамуына негіз болатын қайтарымды-тиімді шығын.
Ол білім беруді ұзақ
мерзімді дамуға салынған
инвистиция болып табылады. Бұл пікірдің жүйелі
әрі нәтижелі болуы оқытушылардың
тұлғалық сапаларына, психологиялық дайындықтарына
тікелей байланысты.
Білім жүйесін
зерттеушілер оқытушылардың
арнайы білімнің, дүниетанымы мен
жалпы мәдениеттілігінің деңгейінің роліне басты
назар аударады[2].
Дүниетанымдық білімдер жеке педагогтың
әлемге, еңбекке, басқа адамдарға және өзіне
деген қатынастағы тұрақты жүйеде, сонымен
қатар оның өмірлік ұстанымының белсенділігінде
көрінетін жалпы бағыттылығымен тығыз байланысты. Кейде
білім алушылар үшін қарастырылып отырған
сұрақтың өзінен сол сұраққа мұғалімнің қатынасы
маңыздырақ болатыны белгілі.
Жалпы
мәдениеттілік біліміне өнер және әдебиет
аумағындағы, дін мәселелеріне тұжырым жасай алу
және оны игере алу, құқық, саясат, экономика
және әлеуметтік өмір, экологиялық проблемалар
негіздері, мазмұнды айналысулар мен хоббилер негіздерін
жатқызуға болады. Осы
деңгейлердің дамуының төмендігі жеке адамның
біржақтылығына әкеледі және білім алушылардың
мүмкіншіліктерін шектеуі мүмкін.
Арнайы білім: өзі білім беретін пән
саласындағы білімі, сонымен қатар педагогика, психология және
оқыту әдістемесі саласындағы білімімен байланысты қарастырылады. Пән
саласындағы білімі
мұғалімнің өзі үшін де, және әріптестері үшін де
өте мәнді.
Педагогикалық қабілеттіліктің
гностикалық компонентінің маңызды бөлігі – жеке таным
әрекетінің, жаңа білімді игеру әрекетінің негізін
құрайтын білім және қабілет . Сондықтан білім беру саласында жас
ұрпаққа тәрбие беріп, оны білім нәрімен
сусындататын оқытушылардың мамандық таңдауы оның
қызығушылығы мен қабілетіне сай болуы білім сапасын
көтеріп, білім алушылардың жеке басын, олардың
тұлғалық сапаларын
қалыптастырудың негізі болып табылады. Жалпы
қабілеттер ары қарай дамып, жетілуі үшін міндетті түрде
адам мақсатты іс-әрекет жасауы тиіс.
Педагогикалық
қабілеттер құрылымында, яғни педагогикалық
әрекетте талап етілетін компоненттер көптеп саналады:
гностикалық, конструктивтік, ұйымшылдық және
коммуникативтік т.б. [3]
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған бағдарламасында: Еліміздің жоғары оқу
орындарында білім алатын жастары жоғары білім берудің үш
деңгейнде де академиялық ұтқырылыққа сай
әлемнің жоғары оқу орындарында тәжірибе алмасумен
қатар, әр мамандық бойынша екі диплом алу мәселесі
жолға қойылған [4].
Жоғары
оқу орнына жас кадрларды дайындауда қоғамның
әлеуметтік тапсырмасын орындауда маманның
тұлғалық сапларын жетілдіруді мақсат ететін бірлескен
диалогтық танымдық іс- әрекет кеңінен
қолданылуда.
Қоғамның саяси, экономикалық,
әлеуметтік, рухани институттарының жұмысы адамның өмірін
жақсартуға бағытталған.
Оның басты
көрінісі баланың тегін орта білім алуы. Сонымен қатар
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
бағдарламасында мемлекеттік білім
берудің жинақтау жүйесі яғни, әр отбасына
балаларын оқыту үшін қаражат жинауына мүмкіндік беру де
қарастырылған[2
Жоғары оқу орындарының жұмысын
жандандыру саласында жоғары
оқу орындарының жаңа классификациясы және олардың
әр деңгейін анықтауға қажетті критерилер
жасалған. Зерттеу университеттері құрылып, олар білім берумен
қатар, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады. Жоғары
оқу орындарының инновациялық қызметіне басымдық
берілетіні қарастырылған.
Халқы білімді, дені сау, ынтымақты,
бәсекеге қабілетті мемлекет қана дамудың
алдыңғы сапынан көрінетінін өмірдің
өзі дәлелдеп отыр. Баланың
жас кезінен білімді, білікті, силы ұстаздан сапалы білім алуы оның
әлеуметтік, эмоциялық, азаматтық сапалары мен мәдениетін қалыптастыруда маңызды роль атқаратындықтан
білім беру жұмысын қоғамның даму талабына сай көтеруге
мүмкіндік береретін тетіктер.
Бұл оқытушылар қауымының қабілетіне,
олардың өз мамандықтарын ұнатуына,
қоғамның болашағының білімін
қалыптастыруға үлес қосып отырғанына мақтаныш сенімі болғанда
ғана нәтижелі болады.
Әдебиеттер:
1. 2050-
Қазақстандық жол: Бір ел,бір мақсат, бір
болашақ Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Астана-2014.
2.Кузьмина Н.В. Профессионализм личности преподавателя и
мастера производственного обучения.-Высшая школа,1990.-55-61б
3 Климов Е.А.,
Психология профессионального самоопределения.- М.: Изд. Центр «Академия», 2004.
(18 п.л.). 2-е изд.
4. Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы. Астана, 2010.
|
|