Педагогические
науки /5.Современные методы преподавания.
Аға оқытушы Бисембаева Ж.К., Бисембаева А.К.
Қостанай мемлекетттік педагогикалық институт, Қазахстан
Кіші
мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балаларда кездесетін дислексия түрлері
Психикалық дамуды тежелген балалар (ПДТ) –бұл оқу бағдарламасын меңгеруде
қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. ПДТ-ның
себептері кем –
ақылдылықтың себептеріне ұқсас, бірақ
олардың әсері жеңілдеу. [1] Анықталған негізгі
этиопатогенетикалық себептерге тоқталайық:
нәрестенің анасының құрсағында даму
кезеңінің бастапқы немесе соңғы айларында
әртүрлі зиянды себептердің оның миына әсер етуі;
нәрестенің босану кезінде бас сүйегі мен миының
жеңіл зақымдануы; бала туғанан кейін, әсіресе алғашқы
айлары мен жылдары әртүрлі соматикалық немесе
жұқпалы аурулармен ауруы; отбасында дұрыс
тәрбие мен күтімге көңіл бөлмеу; психогенді
жағдайлардың кері әсерінен де пайда болуы мүмкін: бала
ата-анасынан айрылғанда, толық эмоционалды
қарым-қатынастың болмауынан; жаңа туған
нәрестелерді, жас балаларды тастанды балаларға арналған
балалар үйлерінде дұрыс тәрбиелемеу, мейірім мен жақсы
көріп еркелету – сүйіспеншілік сезімдерінің жетіспеуі
сияқты және басқа да зиянды себептер баланың
психикасының қалыптасуын тежейді, содан барып инфантилизм
қалыптасады. [2]
Дислексия – тұрақты
сипаттағы қайталанатын қателермен белгіленетін және
жоғарғы психикалық функциялардың
қалыптаспағандығымен (бұзылысымен) шартталған,
оқу үрдісінің жартылай спецификалық бұзылысы.
Р.И. Лалаева оқу үрдісі бұзылған
операцияларын ескере отырып дислексияның келесі түрлерін
бөледі: фонематикалық, семантикалық,
мнестикалық, оптикалық, тактильді. [3]
Фонематикалық дислексия фонематикалық
жүйе қызметінің жетілмегендігімен байланысты, яғни тілдік
фонем жүйесі, онда әр бірлік мағыналы ажыратылмалы
белгілердің белгілі бір жиынтығымен сипатталады. Әр фонема
кез келген басқада бір мағыналы (немесе бірнеше) ажыратылмалы
белгімен ерекшеленеді. Мұндай жағдайда, өзара
ұқсас алыс дыбыстар туралы айтылады.
Семантикалық дислексия
оқылған сөздерді, сөйлемді, мәтінді
техникалық дұрыс оқыған жағдайда
оқығанын түсінуінің бұзылуымен сипатталады,
яғни оқу үрдісінде сөздер, сөйлем, мәтін
бұзылысқа ұшырамайды. Бұндай бұзылыстар
буындық оқуда білінеді. Сөзді буындап оқығаннан
кейін балалар сәйкес суретті көрсете алмайды, жақсы таныс
сөздің мағынасымен байланысты сұраққа жауап
бере алмайды.
Аграмматикалық дислексия
сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымының,
морфологиялық және синтаксистік жалпылауының дамымауымен белгіленеді.
Көбінесе дислексияның бұл түрінде көбіне
жалғауларды, уақыттық түрлерді дұрыс
қолданбауы байқалады. Аграмматикалық дислексия көбіне
оқу дағдысының қалыптасуының синтетикалық
қадамында түрлі патогенездегі сөйлеу тілі жүйелі
дамымаған балаларда байқалады.
Мнестикалық дислексия барлық
әріптерді меңгерудің қиындығымен, олардың
ажыратылмаған алмастыруларымен сипатталады. Балалар белгілі бір
кезектілікте 3-5 дыбысты немесе сөздің қатарын айта алмайды,
санын азайтады, дыбыстарды, сөздерді тастап кетеді. Айталық,
дыбыстық-әріптік белгіленуін меңгеру кезінде, әсіресе
әріпті айқын көру бейнесі мен есту айтуының
бейнесінің арасындағы бірлестіктің бұзылысы айқын
байқалады.
Оптикалық дислексия -
графикалық ұқсас әріптер мен олардың өзара
алмасуымен және оларды меңгерудің қиындығымен
белгіленеді.Қосымша элементпен ерекшеленетін (л-д, з-в) сияқты,
сондай-ақ бірдей элементтен тұратын, бірақ кеңістікте
түрліше орналасқан (т-г, ь-р, н-п-и) әріптер шатастырылады
және өзара алмастырылады. Берілген дислексия түрлері
көріп қабылдаудың бөліктенуімен, ұқсас
түрлер туралы түсініктердің ажыратылмағандығымен,
оптико-кеңістіктік қабылдау және оптико-кеңістіктік
түсінудің дамымауымен, сонымен қатар көру гнозисі мен
көру-талдау мен синтездің бұзылысымен байланысты.
Литеральды оптикалық
дислексия кезінде әріпті оқшауланған тану және
ажыратуда бұзылыстар байқалады. Вербальды дислексияда сөзді
оқу кезінде бұзылыстар пайда болады. Бас миының
қызметінің органикалық зақымдалуы кезінде, керісінше
оқу (зеркальное чтение) байқалады.
Тактильді дислексия
жанарлары көрмейтін балаларда байқалады. Оның негізінде
Брайль әліппесіндегі тактильді қабылданатын әріптерді
ажыратудың қиындығы жатыр. Оқу үрдісі кезінде
кері орналасқан бірдей сандағы нүктелерден тұратын
(е-и, ж-х) жоғары немесе төмен, немесе бір нүктемен
ерекшеленетін (а-б, б-л, л-к) тактильді ұқсас әріптерді
алмастыру байқалады. Жанары көрмейтін балаларда дене схемасы,
уақытты және кеңістікте жалпы бағдарлауының бұзылыстары, сөйлеу
тілінің дамуының тежелуі белгіленеді. Жанары көрмейтін дислексиясы
бар бала сөзді оқуда әр әріпті оқшауланған
күйде қабылдайды. Балаларда әріпті аналитикалық
қабылдауы байқалады. Жоғалған сөз немесе
сөйлемді іздеудің салдарынан оқудың жылдамдығы
баяу болады. Оқуда инверсия, әріпті тастап кетуі кездеседі.
Қабылданған белгіні (нүктені) нақтылау үшін
артқа оралу, қол саусақтарының қимылдарының
үздігі, секірмелігі, артық және икемсіз қимылдары
белгіленеді. Бұндай ерекшеліктер оқу үрдісі негізіндегі
қиындықтардың салдары болып табылады. [4]
Әдебиеттер
тізімі:
1.
Тебенова Қ.С., Рымханова А.Р. «Арнайы психология»:
Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011жыл
2.
Корнев А.Н., Ишимова А.О. «Методика диогностики дислексии
у детей». «Санкт Петербург», 2010 жыл
3.
Хасенова О.Ж. «Логопедияға кіріспе».
«Қостанай», 2015 жыл
4.
Садовникова И.Н. «Дисграфия, дислексия: технология
преодоления» «Парадигма», 2012 жыл