ОҚУШЫ ҮЛГЕРМЕУШІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСТАРЫ

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Көкжыра ауылы

М. Әуезов атындағы орта мектебінің психологы

А. Жаманкулова

Үлгермеушілік аспектілерін дефектология, психология, мектептану, сияқты жекке педагогикалық ғылымдар да зерттеуде. Үлгермеушілік дегеніміз – оқушы дайындығының оқу үдерісінің белгілі бір үзігінде белгіленген білім мазмұны талаптарына сай келмеуі. Педагогикалық және психологиялық ғылымдардың қарқынды дамуына қарамастан, қазіргі таңда проблемалардың ішінде үлгермеушілікпен күрес әлі де өзекті болып саналады. Кез-келген оқу ұжымында белгілі бір себептерге байланысты үлгермейтін оқушыларды кездестіруге болады. Үлгермеуші оқушы деген кім? Үлгермеуші – оқу үрдісінде бір мезгіл аралықта кешенді, қорытынды дайындығы байқалмайтын оқушы. Мұғалімге барлық үлгермеуші оқушы бірдей болып көрінеді. Психолог Н.И. Мурачковскийдің пікірі бойынша үлгермеуші оқушының бірнеше типтерін байқауға болады. Психолог типтерге жіктегенде екі критерииді басшылыққа алған:біріншісі – оқушының ойлау іс-әрекетінің ерекшеліктері;

 Екіншісі – тұлғаның оқуға бағытталуы. Осы аспектілерді қарастырғанда төмендегідей типтері анықталды:

1.      Бірінші типке ойлау іс-әрекеті төмен, бірақ оқуға деген көзқарасы оң;

2.      Екінші типке ойлау іс-әрекеті жоғары, бірақ оқуға деген көзқарасы теріс;

3.      Үшінші типке ойлау іс-әрекеті төмен және оқуға деген көзқарасы теріс.

Пән мұғалімі осындай үлгермеуші оқушының типтеріне қарай дифференциалды оқытуды ұйымдастырған жөн.

Мұғалімнің негізгі жұмыс бағыттары:

1.      Диагностикалық карта жасау (психолог, сынып жетекші, медбике,, пән мұғалімі);

2.      Диагностика неігізнде әдістемелік жоспар құру;

Әдістемелік жұмыстың түрлері:

1.      Өзекті білімді қайталауды ұйымдастыру;

2.      Оқытуда саыстыру дағдыларын ұйымдастыру;

3.      Үй жұмысын орындауына ықпал жасау, көмектесу;

4.      Сабақ барысында тапсырмалар беріп отыру;

5.      Сабақ барысында тапсырмалар;

6.      Өз қателерін түзетуге мүмкіндік беру;

7.      Сыныптан тыс жұмыстарға қатыстыру.

Оқушының сабаққа үлгере алмау себептері:

1.      Оқыту жұмысының сапасыз болуында;

2.      Оқушының білімі жиі тексеріліп, есепке алынбауында;

3.      Үйге берілген тапсырманың тексеру әдістемесінің дұрыс болмауы;

4.      Мұғалімнің ата-анамен байланысының болмауы;

5.      Оқушының денсаулығы мен дамуының толық зерттелмеуі;

Оқушы жетістіктерін көтеру, мадақтау әдістері:

1.      Сенде мына бөлім өте жақсы орындалады;

2.      Сенің қолыңнан бәрі келеді;

3.      Бізге сенің білгенің өте қажет.

Зерделесек, оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырғанның өзінде де бірнеше нашар оқитын һәм үлгермейтін оқушылар табылып жатады. бұл құбылыс сан алуан себептерден тұрады. бір сыныпта бірдей жағдайда оқып отырған оқушылардың үлгерімі түрліше болуына оқушының жеке бас психологиялық ерекшелігі себеп болады. сабақты бір оқушылар тез оңды меңгерсе, екіншісі баяу қабылдайды, түсінбей үлгермеушінің қатарына қосылады. Әр оқушының үлгермеушілік себебі әр түрлі болады.

Басым балалардың артта қалуларының, үлгермеулерінің, сабақта және үйде жұмыс жасамауларының, ақырында екінші жылға қалуларының себебінің бірі – денсаулықтарының нашарлығы, көбінесе, білінбейтін һәм ата-ана, дәрігер мен мұғалімнің бірікке әрекеттері нәтижесінде ғана емдеуге болатын сырқат. Балалардың денсаулығына зер салғанда, жыл өткен сайын баланың рухани өмірінің, оның зияткерлік дамуының, ойлау қабілетінің, назарының, оның тындырымдылығының, дене күшіне тәуелділігінің таңғажайып көріністері айқындала бастайды. Кейбір балалардың реңдері жайнап тұрса да, олардың денсаулығына назар аударып, тексергенге астыртын кесел табады. Астырытын кеселдер мен әлсіреу мұғалім сабақтың әр минутын ой еңбегін көп қажет ететін жұмыспен толтыруға тырысқан шақта айырықша білінеді. Әдеттен тыс ой еңбегімен қатты шұғылдану кейбір балалардың шектен тыс қимыл жасауына әкеп соғады, көздері бозарып, көзқарасы бұлдырап, қимылдары әлсірейді. Мұндай шапшаң қарқын сау балалардың өздеріне де ауыр һәм залалды. Асылында, бала өз табиғатында білуге құмар талпынғыш келеді, ал мектепке алғаш келгенде оның көздерінен білімге деген құштарлық көрініп тұрады. Оқу білімді механикалық түрде бере салу емес. Бұл өте күрделі адамдық өзара қатынастар. Оқушы алдымен адам, артынша еңбеккер. Еңбектің нәтижесін көрсе ғана жетістікке қол жеткізеді. Нәтижесіз оқу білімге деген ынтаны жояды.

Түптің түбінде оқуға ынтасы жоқ оқушылар қайтеді? Күн сайын, ай сайын өз еңбегі туралы жаман деген бір сөзді естиді. Оның еңбегінің сипатын біртіндеп өзінің жеке басының сипаты деп қабылдайды, бала біртіндеп өзім де жаманмын деген сенімге келеді. Бала жанында керемет жасырын орын бар, ол адамдық намыс. Оның жаны биязы, нәзік, осал, сезімтал, оны оңай жаралап я жансыздандырып алуға болады. Бұл, әсіресе, оқудың бірінші сатысында бастауыш мектепте маңызды, онда бала қиыншылықты жеңуді білмейді, онда сәтсіздік қайғы әкеледі. Егер бір сәтсіздіктен соң екінші сәтсіздік кездессе, бала біраз уақыт жапа шегеді. Баланың жан дүниесі жараланады, оған енді бәрібір болады.

Үлгермеушіліктің тағы бір себебі, көптеген жағдайда тәрбиеге, өте жас кезінде баланы қоршаған орта жағдайына байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушыларының ата аналары мен тәрбиешілері табиғаттағы ең нәзік, ең сезімтал нәрсемен баланың миымен жұмыс істейді. Ал егер бала үлгермеуші бала болып шықса, егер басқа адамдардың қолынан келетін нәрсенің бәрі оның қолынан келмейтін болса, демек ол бала кезінде төңірегіндегі адамдардан өзінің дамуы үшін алуға тиісті нәрсені алмағаны.

Адамның шексіз әуестігі, құштарлығы, білуге құмарлығы, табиғат сырларына таңданып, таңырқауы табиғатпен бірге тумайды, адамнан ауысады. Олар адамның қалыпты дамуы үшін өте қажетті, аса маңызды адамгершілік, қоғамдық қатынастардың элементтері. Ересек адамдар баланы таңдануға, білмегенін сұрауға дағдыландыруы керек. Баланың әуестігі оның төңірегіндегілер үшін байқаусыз көрінеді. Бала неғұрлым көп сұрақ беріп, білуге ұмтылса, көбірек таңданады, қуанады. Баланың санасында һәм ойында, сондай ақ адамдық таңдану, сұлулыққа таңырқау, адамның ақылына және оның қолының шеберлігіне таңырқау сақталып қалады.

Анығында үлгермеушіліктің тағы бір себептері: оқушының қатардан қалып қоюы әуелде ұсақ түйектен басталуы мүмкін. Өтілген сабақтың біраз жерін немесе тұтасымен түсіне алмай қалады. Осының салдарынан оқушы жадығатты меңгере алмайды. Сабақты үлгермеудің тағы бір себебі мұғалім оқушының білімін жиі жиі тексеріп, есепке алмағандықтан. Оқушының нақты білімін саралап анықтамайды. Ережелер құрғақ жатталынады. Уақыт жетпейді деген сылтаумен жаттығу жұмысы аз орындалады. Содан барып оқушылар білгенін, үйренгенін іс жүзінде қолдануға қиналады. Үйге тапсырма беру мен оны тексеру әдістемесінің дұрыс болмауы оқушылардың сабақты үлгермеуінің бір себебі.

Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалын түсінбеу себептерін анықтау керек.

Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі жұмыс істеу қабілетінің, ынтаның, зейіннің жоқтығы. Егер бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте оқуға қиын түседі.