Дүйсалина Д.Б.
География пәні мұғалімі, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, №74 С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін
мектеп
География сабақтарында озық
технологияларды пайдалану тәжірибем
Сын тұрғысынан
ойлауды дамыту технологиясы
Қазіргі
ахуал оқытудың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік
туғызатын, білім беретін заманауи технологияларды қолдануды талап
етеді. Сондай технологиялардың бірі сын тұрғысынан ойлауды
дамыту технологиясы болып табылады.
Сын
тұрғысынан ойлау – бұл жаңа сұрақтарды
қоя білу қабілеттілігі, түрлі дәлелдерді дайындап
шығару, тәуелсіз ойластырылған шешімдерді қабылдау.
Аталған технологияның басты
мақсаты – оқушыны өз алдына мұғалімнің
басшылығымен білім алуды үйрету,текстпен жұмыс істеу
процессінде ақпарат мәнін ашу, түсінікті болуын
қарастыра отырып, меншікті аналитикалық пікір қалыптастыру.
Бұл
технологияға сүйенген сабақ үш этаптан тұрады:
1.
Ой қозғау (оқушылар өз білімдерін
талдайды және алда жете талданатын тақырып бойынша ой
қозғай бастайды)
2.
Таным (мәнін ашу) – бұл сабақ басында
қойылған сұрақтарға жауап іздеу! Оқушы
көбінесе топтасып, жұптасып, өз бетінше жұмыс істейді.
Бұл оқушылар жаңа
ақпаратпен, жаңа идея немесе түсініктермен танысуға, бұрыннан бар
білімдерін байланыстыруға мүмкіншілік алатын этап.
3.
Ой толғау немесе рефлексия (бұл жаңа
білімдерді бекіту).
Бұл технология сексенге жуық
стратегияларды, яғни әдіс-тәсілдерді
қамтиды. 1. Ой қозғау.
Ой қозғау стадиясының
функциялары:
1. Мотивациялық (қызығушылық
тудыру және жұмысқа дайындық)
2.
Ақпараттық(бар
білімдерін көкейтесті ету) көтеру
3. Коммуникациялық(жанжалсыз пікір алмасу)
Әдіс – тәсілдері:
«КЛАСТЕР» немесе «АССОЦИАЦИЯ» стратегиясы.
– бұл материалды түсініктің мағынасын
кеңейте, көрсете отырып графикалық ұйымдастыру.
«КЛАСТЕР» материалды жақсырақ түсініп
қабылдауға, жеңіл қайталауға,
қорытындылауға, сұрақтарға жауап беруге, негізгі
ойды табуға көмектеседі.
Бұл
әдіс-тәсіл (стратегия)әр сыныпта және
сабақтың әр түрлі этаптарында
қолданылады.Мысалы:сабақтың басында жаңа материалды
өтер алдында (6класс)
«Өзендер,көлдер,теңіздер»,(7класс) «Атмосфера,жердіңауа
массалары»,(8класс)
«Қазақстанныңтопырағы»тақырыптарында жүзеге
асыруға болады.
«Топырақ» тақырыбын өткенде:
Мұғалім
«Топырақ жайлы не білесіңдер? Топырақ немен байланысады?» деген сұрақтар
қою арқылы оқушылардың назарын жаңа
тақырыпқа аударады.
Оқушылар «Топырақ» кластерін дайындайды.
Кластер көк түспен толтырылады. Кластерді құру бойынша
жұмыс «Рефлексия» этапында қызыл түспен жалғастырылады.
Әр топтағы оқушылар кластерге әр
түрлі категориядағы сөздерді қосады.
1. климат
өсімдіктер жануарлар
![]()

су ![]()
ТОПЫРАҚ қара
шірік
![]()
![]()

В.В. Докучаев құм саз
Осыдан кейін жаңа сөздерді категорияға бөліп
қарастырады.
Құм, саз, қарашірік, су
«топырақтың құрамына» жатқызылады, ал
өсімдік, жануар, климат «топырақты қалыптастыратын факторлар»
тобына жатқызылады. Осы әрекет оқушының жаңа
тақырыпты тез меңгеріп, зерттеуіне мүмкіндік береді. Осылайша
оқушы өзінің ойын, көзкарасын, идеяларын жеткізеді.
Кластермен жұмыс істеу барысында оқушының ой-өрісі
кеңейуіне және осы тақырыпты ізденіп,меңгеруіне
қызығушылығы артады.
2. су ауа жылу
![]()

сұр 
![]()
![]()
![]()
ТОПЫРАҚ көр
тышқан
жауын құрт
жылан қара
Стратегия «дұрыс – бұрыс»
Оқушылар сабақ үрдісінде жауаптарын
таба алатындай бекітулер (дәлелдер) ұсыну қажет. Басты
ақпаратпен танысып болған соң (параграф мәтіні,
тақырып бойынша лекция) сабақта алынған мәліметті
қолдана отырып, аталған дәлелдемелерге оқушылардан
олардың дұрыстылығын анықтауын өтіну арқылы
қайта оралу керек.
Оқушыларға дұрыс және бұрыс
дәлелдемелер беріледі. Олар
тақтаға жазылады. Оқушылар өз пікірлерін
дәлелдеп, мұғалім ұсынған бекітулердің
«дұрысын» таңдайды. Ол жерге «+» белгісін қояды да, ал
қате деп тапқанының
жанына «-» қояды.
|
Антарктида |
Бекітулер |
|
|
Солтүстік жарты шарға қарағанда
оңтүстік жарты шарда жылырақ. Антарктида –ең құрғақ материк. Антарктида жағалауларында температурасы -70º
С шамасындағы теңіз бар. Антарктидада өсімдіктер өседі. Антарктидадашөл көп. Антарктидадаоазис бар. |
2. Таным
Таным стадиясының функциялары:
1.
Ақпараттық(жаңа
ақпарат алу)
2.
Жүйелік
(мағлұматты сыныптау, реттестіру)
Әдіс - тәсілдері:
Стратегия «ИНСЕРТ» (белгілер
бойынша)
Сипаттамасы:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының
әдісі. Ақпаратты талдау және жүйелей білуді
қалыптастыруға қолданылады. Әдіс авторлары – Воган
және Эстес.
«ИНСЕРТ» – бұл:
·
I – interactive – ынталандырғыш
·
N – noting
·
S – system – жүйелік белгі
·
E – effective – тиімді
·
R – reading – оқу
·
T – thinking – және ойлау үшін.
Оқу барысында оқушылар мәтінді
белгілермен таңбалайды («v» - бұрыннан
белгілі; «+» - жаңа; «-» –керісінше ойлайды; «?» -
түсінбеді, сұрақтары бар).
Содан
соң бағандар саны таңбалаған белгілер санына
сәйкес кесте салып, оны толтырады. Кестеге енгізілген жазбаларды бірігіп
талқылайды. Осылайша зейінді оқу қамтамасыз етіледі, ескі
білімнен жаңа мәлімет қабылдап игеру процессі көрінеді.
|
V |
+ |
- |
? |
|
|
|
|
|
Стартегия «өзара сауалдама»
Оқушылар
параграфты әрбір абзацтан соң тоқтай отырып оқиды.
Сосын бір-біріне сұрақ қояды. Сұрақтарды
мұғалімнің өзіне де қойса болады. Бұл ретте
мұғалімнің міндеті – сұрақтар баяндалатын
материалдың мәні бойынша қалыптасуы керек болатынын
көрсету.
Стратегия«Концептуалды
кесте».
«Концептуалды кесте»
әдісі объектілерді салыстыру қажет болған кезде өте
ыңғайлы. Балаларға мәлiметтi жүйелеп,
құбылыстармен, оқиғалармен немесе
айғақтармен аралық параллелдi өткiзуге
көмектеседi.
Мысалы: экономикалық аудандастыру тақырыбында
оқушылар Қазақстанның әрбір ауданданының
ерекшеліктерімен танысып, талдайды.Экономикалық, мәдени
маңызы зор екі қаланың орналасуын салыстырады.
Нәтижесінде тақтада төмендегідей кесте құрастырылады:
|
Астана |
Салыстыру
сызығы |
Алматы |
|
|
1.Қала
елдің қай бөлігінде орналасқан? |
|
|
|
2.Теңізге
шығуы |
|
|
|
3.Көлік
жағайы |
|
|
|
4.өзен
бойында орналасуы |
|
|
|
5.Қаланың
орналасуы А) орналасу типін анықтаңдар
(радиал-сақиналы, доғалы, тік төртбұрышты,
сызықты) Б) қаланың анық
орталығы В) құрылу жылы Г) қаланың
назар аударарлық орындары |
|
Стратегия
«Шатастырылған оқиғалар»
Оқытылатын материал бойынша шатыстырылған
түсініктер меноқиғалардың логикаға сәйкестігін табады.
Мысалы: (6 сынып )«Жер қыртысының
құрылысы сабағында» төмендегі шатыстырылған
түсініктер мен оқиғаларды пайдаланады:
Платформа, ядро, жерқыртысы, сейсмикалық
белдеулер,таулар,мантия,литосфералық тақталар,тау
жыныстары,жазықтар,жер бедері,жанартау,цунами.
Алғашында оқушылар ойланады, сосын
топтарға жіктейді.
Жердің ішкі
құрылысы:(ядро,мантия,жер
қыртысы,тау жыныстары).
Жер бедері:(таулар,жазықтар ).
Табиғиапаттар:(жанартау,цунами).
Стратегия «Жуан
және жіңішке сұрақтар»
«Жуан және жіңішке» әдісін
қолдану сұрақ қою мәнерін жетілдіреді.
Оқушының қойған сұрағы оның
мәтінге ену деңгейі мен алған біліміне диагностика
жүргізу тәсілі болып табылады. «Жіңішке» сұрақтар – бірсөзді жауап
талап ететін сұрақтар. Ал «жуан» сауалдар – ойлауды, қосымша
білімді тартатын, талдай білудіталап ететін сұрақтар. Сабақ
үстінде келесідей таблицаны пайдаланған жөн.
|
3. Ой толғау
немесе рефлексия
Ой толғау немесе рефлексия
стадиясының функциялары:
1. Мотивациялық (акпараттық
өрістерін ары қарай кеңейту ой тастау)
2. Ақпараттық(жаңа білімдерді
игеру)
3.
Коммуникациялық(жаңа ақпарат жайлы ой алмасу)
4.
Бағалау (меншікті
позицияларды қалыптастыру)
Әдіс – тәсілдері:
Стратегия «ЕРКІН ХАТ»
Бекіту этапында қолданылады.3минут беріледі.Осы уақыт
аралығында оқушы Батыс Алтай тақырыбында есінде
қалған сөздер мен терминдерді және фразаларды жазып
алады.Содан кейін парталас көршісімен ойласып тақырыпқа
қажеттісін іріктейді де қажетсізін сызып тастайды.
Мысалы:Алтайтаулары,МузтауБелуха,Ертіс,алтын,полиметаллдар,инверсия,мұздық,Қалба
және т.б.
«БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ» тәсілі
«Елдегі демографиялық
жағдайды қалай жақсартуға болады» тақырыбы төңірегінде сауалдар қойылады.
·
Елдегі
өлім-жітімді азайтып, тууды жоғарылату үшін не істеу керек?
·
Әлеуметтік
жағдайы орташа және ортадан жоғары болып келетін
көптеген жанұялар неліктен екінші және одан әрі бала
қаламайды?
·
Неге қалада
тұратын отбасылардың көбінде 1-2 баладан, ал ауылда
тұратын отбасылар үлкен жанұялыққа
ұмтылады?
·
Егер сіз президент
болған жағдайда демографиялық саясатты жақсарту
үшін не істер едіңіз?
Стратегия
«СИНКВЕЙН»
Синквейн –
бұлөлең жолдары түрінде ақпаратты
анализдеп-синтездеп материалды қысқаша баяндау. Жазу ерекшелігі
ережелері:
1.
Бірінші
жол – бір сөзден тұратын тақырыптың аты(зат есім)
2.
Екінші
жол –Екі сөзден тұратын
тақырыптың сипаттамасы(сын есім немесе үстеу)
3.
Үшінші
жол – үш сөзден тұратын
әрекеттіің сипаттамасы (етістік немесе көсемше)
4.
Төртінші
жол –тақырыпқа қатыстытөрт сөзден тұратын
фраза
5.
Тақырыптың
мәнін ашатын, бір сөзден құралған синонимдер.
МЫСАЛЫ:
Карта; Ірі масштабты,ұсақ
масштабты; Көрсетеді, білдіреді, бөледі; Жер бетінің
ыңғайлы бейнесі; Сызба; География; Физикалық,
экономикалық; Сипаттайды, зерттейді, болжайды; Өте
қызықты пән; Ғылым.
9 сыныпта « Батыс Қазақстан»
тақырыбын өту кезінде төмендегідей дәйекті сөздер
беріледі.
Екі сын есім:(мұнайлы,газды)
Үш етістік:
(өндіреді,өңдейді,жеткізеді)
Қысқаша фраза(сөйлем
құрастырылады).
А)Батыс Қазақстан-мұнай мен
газ өндірудегі негізгі аймақ.
В) Батыс Қазақстан-
мұнайлы,газды өлке.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
үйретеді:
·
Өз
бетімен жұмыс істеуге
·
Сұрақ
қоя білуге
·
Басқаның
пікірін тыңдай білуге
·
Өз
көзқарасы мен пікірін айта білуге және оны дәлелдеуге
·
Анализдеп
талдауға.
Әдебиет
1. Селевко
Г.К. Осы заманғы оқыту технологиясы М. «Народное
образование» 1998ж
2. Бардовскии Г.А. Жаңа оқу
технологиясы Педагогика 1993ж.№5