Орталық-Азия университетінің магистранты
Жакенова Айжан
Қазіргі поэзиядағы мінажат сарыны
Әдебиеттану
ғылымындағы күрделі де көп анықтамалы
ұғымдардың бірі – «жанр» термині. «Жанр» ұғымы
аясында әдебиеттің эпос, лирика, драма секілді ірі тектерінің
де, олардың ішкі құрамдас бөліктері болып табылатын
жанрлық түрлердің де қамтылатыны белгілі. Шығыс
әдебиетіндегі жанрлар теориясын зерттеген белгілі әдебиеттанушы
И.В.Стеблеваның пайымдауынша, «жанр» ұғымы белгілі бір
дәуірдегі белгілі бір мазмұн мен тұрақты түр
белгілерін қамтитын, поэтикалық біртұтас жүйесі бар
мәтіндер тобын біріктіреді [1.8]. Өзгермелі тарихи категория ретіндегі «әдеби
жанр» ұғымының ерекшелігін айқындай түсетін
кезекті анықтаманы татар ғалымы А.М.Шариповтың «Зарождение
системы стихотворных жанров» атты еңбегінен кездестіреміз: «Жанр
складывается веками, непрерывно изменяется, трансформируется согласно
художественно-эстетическим требованиям каждой эпохи и каждой отдельно взятой
национальной литературы, и, прожив долгую жизнь, если нет в нем потребности, он
может и угаснуть» [2.6]. Аталған ерекшеліктердің барлығын
дерлік қамтитын төл әдебиетіміздегі бірегей
құбылыстардың бірі түркі халықтарының
әдебиет тарихында елеулі із қалдырған мінәжатжанры
болатын.
Адам баласының өзін
жаратушы Құдіретке, тылсым күш иелеріне жалынып-жалбарынуы,
жәрдем тілеуі – оның болмысында бар қасиет. Сондықтан
мінәжат сөздері мен жырларының адамзат қоғамының
алғашқы дәуірінде-ақ пайда болғаны күмән тудырмайды. Қазақ
фольклорының ең көне үлгілерінде кездесетін
Тәңіріге жалбарыну, рухтардың желеп-жебеуін, тылсым күш
иелерінің жарылқауын тілеу мәніндегі шумақтарды
мінәжат жырларының ауыз әдебиетіндегі алғашқы
нұсқалары ретінде қабылдауға болады. Белгілі жазушы,
әдебиет зерттеушісі М.Әуезов «Әдебиет тарихы» еңбегінде
алғашқы діни наным-сенімдердің туындауы туралы айта келіп:
«Табиғат басшысын қадірлеу, құдайға
дұға оқып, жалбарыну әдеті туады. Сонымен жалғас
ең әуелгі әдебиет жұрнақтары шығады.
Құдайға дұға айтып шұбыртқан
тақпақ өлеңдер шығады» деп жазады [3.15].
Өз заманының ыңғайымен терістеу және үстірт
пікір білдіргенімен, автор осы тұжырымы арқылы мінәжат
жырларының тамыры қаншалықты тереңге кететінін
меңзеп, әдебиетіміздегі алғашқы сүрлеуді салды.
Ал әдебиеттанушы ғалым Х.Досмұхамедов халық
әдебиетінің бір түрі ретінде өсиет
өлеңдерді атай отырып, оларға мінәжатқа тән
мазмұндық ерекшеліктерді теліген [4.124].
Ислам дінінің енуімен бірге
төл әдебиетіміздегі сыйыну мәнді жырлар ислами реңкке ие болып, «Аллаға
мінәжат» ұғымының аясына топтасты. Әлем
әдебиетінің ежелгі
нұсқаларында жиі кездесетін гимндер де мадақ пен
мінәжаттың біріккен түрі әрі алғашқы
бастау-көрінісі болып табылады. Сондықтан кез келген ұлт
әдебиетіндегі мінәжаттың даму жолы сол әдебиеттің
алғашқы үлгілерінен бастау алып, бүкіл өн бойына
созылып жатқан құбылыс десек, қателеспейміз. Ал жазба
әдебиеттің біртұтас, тұлғаланған жанры
ретіндегі мінәжаттың
шығу төркіні исламдық араб поэзиясынан бастау алады.
Басқа да бірқатар шығыстық жанрлар секілді исламдық
мазмұндағы мінәжат түркі жазба әдебиетіне парсы поэзиясы арқылы сатылай енген.
Әдебиеттанушы И.Жеменей парсы әдебиетінде «мінәжат»
сөзінің бес түрлі мағынасы бар екендігін
көрсетеді: 1. Біреумен сырласу, сыбырласу. 2. Алламен сырласу. 3.
Біреудің ішкі ойын ұғыну. 4. Сырласу. 5. Алладан тілеу
[5.165].
Қазақ
әдебиетіндегі мінәжат сарыны туралы алғашқы толымды
анықтама төл әдебиеттануымыздың негізін салушы
А.Байтұрсынұлы қаламына тиесілі: «Діни дәуір
мұңды-зарлы өлеңдеріне «мінәжат» деп ат
қойған. Әуелде «мінәжат» деп
ғұламалардың Құдайға айтқан зары,
арызы, наласы айтылған. Бара-бара зарлық, мұңлық
мағынасына айналып, зарлық өлең сияқты сөздер
де «мінәжат» деп аталатын болған» [6.268]. Осы тұжырымнан
кейін ғалым өз өлеңін «Мінәжат» деп атаған
Сейдахмет ақынның жырынан үзінді келтіреді:
Құдай-ау мен не
жаздым бұл заманға?
Қадірі болмайды екен
жұрт аманда.
Ел-жұрттың
қасиетін қоян алып,
Болмайды еш қадірім бір
адамға [4.268].
«Басын алып тастаса,
басқасы мұң-толғау болатын» мұндай
өлеңдерді «мінәжат» деп атауға келіспейтінін
аңдатып, мінәжаттың құдайға қаратып
бастауымен ғана мінәжат болмайтынын, жырдың біртұтас
сыйыну, жалбарыну, медет тілеу мазмұнына құрылуы қажеттігін
айта келіп, ғалым осы сипаттарға ие нағыз мінәжат
үлгілерінен мысалдар келтірген.
Айта кету керек, қазіргі
татар әдебиетінде халықтық мұң-шер
өлеңдерінің үлкен бөлігі жалбарыну мәнді
болмаса да, Алла атына айтылмаса да мінәжат жанрының туындылары
ретінде қарастырылады. Мұндай өлеңдер қатарына
дүниенің өткіншілігі мен алдамшылығын, айырылысудың
ащы зарын өзек еткен
мұңдасу сипатты туындылар және салауаттар мен хикаяттарды қамтитын
діни мазмұнды жырлар жатады. Татар әдебиеттанушылары осындай жүйелеу әдісін негіз ете отырып,
бірқатар зерттеулерді дүниеге келтірді. Әдебиеттанушы
А.Байтұрсынұлының жоғарыдағы пікірі аталған
зерттеулер нәтижесімен қабыса бермейді. Татар әдебиетіндегі
жанрлар табиғаты ұлт әдебиетінің жанрларымен
үнемі сәйкес келе бермейтіндіктен, анықтамаларда да
айырмашылық болуы заңды. Дей тұрсақ та,мінәжат
жанрына қатысты бірқатар толымды теориялық
тұжырымдардың негізінен татар әдебиетінде жасалғанын да
атап айтуға тиіспіз. «В основе жанра мунаджата лежит трагическое
начало... В мунаджате трагическое выражается в мотиве разлуки: разлуки с
Родиной, разлука матери со своим ребенком, предстоящая разлука человека с
жизнью» [8.163] деп жазады белгілі әдебиет зерттеушісі А.Шарипов. Екінші
бір татар ғалымы Х.Ю.Миннегулов: «Суть мунаджата составляет или
обращенное к богу повествования о горестях человека, или изложение чувств и
переживаний попавшегося в несчастье лирического героя» [9.163] деген
тұжырым айтады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Стеблева И.В. Введение // Теория жанров литератур
Востока. Москва, Наука, 1985. С. 8.
2.
ШариповА.М. Зарождение системы стихотворных жанров. Казань, Издательство
Казанского
университета, 2001. С. 6.
3.
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 15-б.
4.
Досмұхамедов Х. Таңдамалы. Алматы, Ана тілі, 1998. 124-б.
5.
Жеменей И. Мінәжат – «Тарихи Рашиди» еңбегінде //
Ақиқат, №4, 165-б.
6. Байтұрсынов
А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер.
(Құраст. Шәріпов Ә., Дәуітов С.). –
Алматы,
Жазушы, 1989. 268-б.
7.
Шарипов А.М. Зарождение системы стихотворных жанров. –Казань, Издательство
Казанского.
Орталық-Азия университетінің магистранты
Жакенова Айжан
Ежелгі және қазіргі поэзиядағы
мадақ жанрының дәстүр жалғастығы
Мадақ әдеби
тақырып ретінде ежелгі Мысыр елінде перғауындар заманынан бар.
Алғашында тәңірлер мен
перғауынға арналған шешендік сөздер мен
әдеби шығармалар көрініс тапқан. Адам баласының
психологиялық ерекшеліктеріне зер салсақ, мадақ олардың
жаратылысымен біте қайнасып жатқанын көреміз. Адам Ата
ұжмақта тыйым салынған жемісті ібілістің
мадақтауынан кейін алданып жеп бейішінен қуылғаны да содан
шығар.
Аталған ерекшеліктердің
барлығын дерлік қамтитын төл әдебиетіміздегі бірегей
құбылыстардың бірі түркі халықтарының
әдебиет тарихында елеулі із қалдырған мадақжанры
болатын.
Ежелгі түркілер Күн
мен отты киелі құбылыс санап, оларды пір тұтқан.
Үйге ауру-сырқат, зұлымдық әкелетін жаман
рухтарды отпен жазалап, аластайтын діни ғұрып-салт болған.
Исламға дейінгі зоростризм
діні бойынша, бүкіл жанды және жансыз тіршілік атаулы
аспандағы мәңгілік Күнге тәуелді. Сол себепті
ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар таңертең
Күн көкжиектен көтеріліп, шығып келе жатқанда
және кешкісін батып бара жатқанда оған сыйынып,
құлшылық ететін болған.
Күн-Тәңірінің құрметіне жылқы малынан
құрбандық шалып
отырған. Мұндай әдет-ғұрыптардың бәрі
зороастризм діннің негізгі кітабы – «Авестада» айтылған.
Күнді
мақтап-мадақтауға арналған мұндай
өлеңде Күн шыққан сәтте
әлемдегінің бәрі жер де, су да, тау мен тас та киелі болып
кететіні, шынайы шындық пен асыл ақиқат салтанат
құратыны айтылады. Ал, егер Күн көрінбей
қалса-ақ жер бетін жын-шайтандар қаптап кететіні,
жақсылық атаулының жарығы өшетіні баяндалады:
Біз тұлпарлары
қанатты,
Мәңгілік
жарыққа,
Күнге сыйынамыз.
Күн жарық
шашқанда,
Күн жылу шашқанда,
Жүз мыңдағандар
Құдіретті сезінеді
[1.5].
Күнге мадақ– ежелгі
түркілердің арғы тегі саналатын сақтардың
Күнге сыйынып құлшылық еткенін мадақтауға
арналған өлең [2.6].
Мадақ үлгісіндегі
хикметтер – Иасауи туындыларында қамтылған және бір
жанрлық түрдің көрсеткіші. Пайда болу кезеңі
жөнінен исламға дейінгі араб панегирикалық жанрлар қатарына
марсийаның да жатқызылуы сондықтан. Мадх – барлық
дәуірлердегі сарай поэзиясының негізгі жанры болып табылады.
Исламның таралу дәуірінен бастап Мұхаммед
пайғамбарға, оның әулеті мен сахабаларына
арналған мадхтар көптеп жазылды. Пайғамбарға
арналған мадхтар «нағыт» аталып, жеке жанрды
құраған. Төл әдебиетіміздегі Күлтегін
жазбалары да түркінің даңқты
қағанының жорық жолдарын, ерлік күресін баяндай
отырып, оған жазылған мадақ болуымен ерекшеленеді.
Тоныкөк жазуы – Қағанаттың тасқа басылған
тарихы, қаһарман ерлерге арналған мадақ жыры.
Тәңірлік таным тұсындағы туы еді – көне
түркі жазба ескерткіштерінде сондай-ақ Жаратушыны
ұлықтау, мадақ ету сарыны да айқын. Фольклордың
ірі және шағын жанрларында мадақ Аллаға да, адамға да, жанды-жансыз бен тылсым
күш иелеріне де қатысты қолданылады. Иасауиге дейінгі
түркі жазба әдебиетінде мадақ бәйіттер Жүсіп
Баласағұнның «Құтты білік» дастанында кездеседі.
Иасауидің мадақ
хикметтері Мұхаммед пайғамбарға және төрт
шадиярға, тариқат жолындағы дәруіштерге, ғаріптер
мен ғашықтарға арналған. Араб поэзиясындағы мадх
әдетте моноримдік ұйқасқа негізделеді. Иасауи
мадағының ұйқас суреті мен құрылымдық
сипаты әр алуан.
Араб мадх, нағыттары
мадақталушының сыртқы сипатына, бастан кешкен жайттарына
көбірек көңіл бөлсе, Йасауи өз
кейіпкерлерінің ішкі күйін, жан сезімдерін, ізгі қасиетттерін
суреттеп, психологиясын тереңдете ашуға бейім. Ақын
мадақтарының толғаулық сипаты басым болуы
сондықтан. Иасауи мадақтарының төл
әдебиетіміздің бұрынғы-соңғы арнау,
мадақ үлгісіндегі туындыларымен түбірлі байланыстарын
көптеген мысалдармен дәлелдеуге болады [3.45]. Йасауи өз
хикметтерінде:
Он сегіз мың
ғаламға
Сәруар болған
Мұхаммед!
Отұз үч мың
асхабқа
Рахбар болған
Мұхаммед! –
деп жырлайды.
Демек, Иасауи
хикметтеріндегі мадақ шығу тегі жөнінен түркілік
негізбен тығыз байланысты болса, тақырыптық
тұрғыдан ислам сопылық әдебиетінің үрдісін
көбірек ұстанды деуге болады .
Қожа Ахмет
Иасауи мен Қарабура достығын жүрек толқыта жазған
әйгілі ақын, дін Ислам дүниесінің арғы-бергі
тарихынан хабары мол, Рудаки, Низами, Сағди, Омар Хаям секілді
ғұламаларды қазақша сөйлеткен, сырлы
көкірек Қуандық Шаңғытбаевтың:
Әссалам,
аруағым Қарабура,
Данышпан
даңқы дабыл дара Бура.
Ақ төсін
ашқан тасыр ғасырларға
Аламан Алты
Алашқа аға Бура!
Жарқылдап
жапырақтар дарағыңда,
Сен болдың хан
да, батыр қазағыңа.
Иасауи бекер неге
айтты дейсің:
«Жусын деп
сүйегімді Тама Бура!» – [4.46]
деп келетін терең сезімді
өлеңін бүгінгі және келер ұрпаққа
айтқан өсиет, ұлағат сөзі деп ұғамыз.
Өлеңінің соңғы жолдарын «Даланың
кемеңгері дана Бура», «Жана бер, шамшырақ боп санамызда, – деп
мақтаныш етеді.
Мәдхия – шығарма
тарту етілген кісіні мадақтаған жыр жолдары. Бұл
бөлімде ақын біреуді қошеметтеп, мақтап, жақсы
сипаттарын көрсете жырлайды. Ахмет Байтұрсынұлының түсіндіруінше:
«Мақтауда ұлы мақсат, таза қошемет, таза ықылас
болмаған. Анайы ақындар сияқты тікелей
сұрамағанмен, әкім болған, төре болған,
ықпалы жүрген адамдардың жылы назарында болу мақсатпен
көбі жарамсақтанып, жәрәукіленіп айтқан» [5.408].
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Әдебиет жәдігерлер» 1-том. А. 2007.
2.
Әбдірәсілқызы А.Қожа Ахмет Йасауи
хикметтерінің көркемдік және құрылымдық
ерекшеліктері филол. ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2007.
45-б.
3.
Қазақ әдебиет тарихы. А., 2007. 45-б.
4.
Именей. Мұхаммед Хайдар Дулати. (1499-1551). Тарихшы-қаламгер
(монография) Зерде баспасы, 2007.188-б.
5.
Короглы Х. Древнетюркская литература // Советская литература № 5, 1988. С. 17.