Есбол Ғалымқазы Шәріпұлы, индекс 110000 г.Костанай ул. 5 Апреля 104/10

А.Байтурсынов атындағы Қостанай

 мемлекеттік университетінің

философия кафедрасының

 аға оқытушысы Есбол Ғ.Ш

 

А. Байтұрсынұлы және Д. Қонаевтың қоғамдық ойларының сабақтастығы.

 

 

"Тарихты білмей-өткенді,

қазіргі жағдайды-білу,

келешекті-болжау қиын."

(Ә.Фараби)

 

         19 ғасырдан бастап бүгінгі Қазақстан халқы сонау жоңғар шапқыншылығынан титықтаған экономикалық жағынан да,елде ауызбіршілік кеткен қоғамдық-саяси дағдарыстар кезеңіне тап болды. Әрі солтүстіктегі патшалық Ресей империясының өз жерлерін шарауларды қоныстандыру арқылы кеңейте түсуді көздеген отаршылдық саясатының оңай жемісіне айналды.

         Сол кезде ағарған қазақтың ағартушылық қауымы А. Байтұрсынұлы, М.Дулатов,Ә.Бөкейханов т.б бірлік пен еркіндік идеяларын ту қылып көтерді. Елдің басына түскен ауыртпашылықты жақсы түсініп, саяси күрес майданына шықты.

         Соның бірі қазақ халқының рухани көсемі А. Байтұрсынұлы болатын. Жастайынан патшылық әміршілдік жүйенің ата- дәстүрді жойып, діні мен тілінен, жерінен айырып, өзін-өзі билеуге таупынған халықты саяси да, экономикалық жағынан да дәрменсіздіретінін білді.

         А. Байтұрсынұлы:

- Аша гөр бұл халықтың сен бір бағын

   Жігіттер жалғыз-жалғыз аттанбалық

  ...болғаннан соң аттан халық

  Бір күні қарық айтар енші беріп

  Атаның қызметіне жалықпалық

  Жігіттер ойламасақ күн ілгері

  Халықыңа айтып келмес, келсе тарлық,-

- деп,"Азаматқа" деген еңбегінде ұсақ рушылдық- тайпалық ұстанымдардан аулақ болуға, ынтымағы жарасқан елдің болашағы барын білдірді.

         А. Байтұрсынұлы 1910-1912 жылдардағы қазақ жерінде жаппай белең алған отарлық үстем саясат жағдайын барша жұртқа жеткізу:

- Даусыма құлағыңда сал тұр-тұрлаған

  Халық қор бұл заманда ұмтылмаған

  Қалам деп қадам бассаң қайғы жемі

  Қоғамнан қашқан сірә кұтылған

  Қолтықтап Інішалла кетпесе екен

  Бұ қазақ халық емес-ті тумаған.[2]

         Осы"Ау қазақ"еңбегінде елдің басына түскен зобалаңды әшкерелеу еді. Үнді философы Р.Тагор: "Ұлт өзімшілдік мүддесін қойып, өзіндегі бар ең тәуірін, жалпыға ортақ игі мақсатты жетістіктеріне айналдыруға міндетті" деп айтқандай сол кездегі зиялы қауымның отаншылдық рухын көтеруге арнайды. Ол тар жол тайғақ кешу кезеңінде бар өмірін жалпыұлттық, жалпыхалықтық мәселелерді шешуге арнады

          Иә, отандық тарихымызда ұрпақтан ұрпаққа үндесіп отырған "ер түріктің жалғасымын" деген олардың мирасы мен мұрат- мақсаттарын замана бойы берік ұстанған халық екенімізі дәлелдеп келе жатырмыз. Жарты ғасыр өткеннен кейін Ағаңның елшілдік уағызын ұстанған саяси - қайраткер, ғалым Дінмұхамед Қонаев 1937 жылдары Қазақстанда ауыр өндіріс саласын дамытуға барынша күш салады. Қоңырат Кеңес өкіметіндегі ең ірі кеніш болатын. Сол кезге біздің елде қызмет істеп жүрген американ инженері Жан-Дональд Говард былай деп жазды: " Қоңырат  әлемдегі ең үлкен кеніштің бірі ретінде саналып келген Аляска сияқты кезкелген кеніштен он есе қуаттырақ болуға тиіс"[3]

         - дегенін Отанына деген мақтаныш сезіммен еске алады. КСРО Халық комиссарлар кеңесінде Д. Қонаев баяндама жасайды:

- Қазір мол кен қалай ауадай қажет болса, оны қазатын техника дәл солай керек деп талап қояды. Г.М. Маленковтың күмәнданған сұрағына Димекең:

- Қол еңбегін техника алмастыратын ауыр кезеңді бүгіннен бастамай, алға қойған аса зор міндеттерді шешу қиын,- дедім содан кейін техникалар бірінен соң бірі жеткізіп жатты. [4]

         Бұдан Д. Қонаевтың Қазақстанның күрделі кеңестік-компартиялық биліктің күрмеуі мол қым-қуат шағында елдің болашағы үшін қызмет еткен ірі мемлекет қайраткері деп білеміз.

         А. Байтұрсынұлы және Д. Қонаев ұлтжанды әр уақытта да қазақ халқымен бірге болып, отаншылдық рухтың тұқымын сеуіп кеткен, Бауржан Момышұлының сөзімен айтқандай"Қазақпын дегенің-өмір сүргенің"деген біртумар тұлғалар.

 

 

 

 

 

Қолданысқа ие болған әдебиеттер:

1.                 Байтұрсынұлы А. Азаматқа.-5 том.-Алматы, 2006.-185 бет.

1.                 Байтұрсынұлы А. Азаматқа.-5 том.-Алматы, 2006.-184 бет.

2.                 Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды(Естелік-эссе)(Ауд. С. Әбдірайымұлы).- Алматы,"Санат",1994.-54 бет

3.                 Д.Қонаев ,С.Әбдірайымұлы. Ақиқаттан аттауға болмайды.-Алматы, “Санат”, 1994.-60бет