ӘОЖ 31.28

Кемпрекова Эльмира Ускенбаевна

«Қаржылық қатынастар жүйесіндегі салықтар»

 

            Салықтар - жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу – табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Салық сипаты тұрғысынан:

Салық қызметтері:

Салықтың  элементтері:

  1. Салық субьектісі – салықты кім төлейді?
  2. Салық обьектісі – салықтың есебі неге жүргізіледі?
  3. Салықтың көзі – салық неден төленеді?
  4. Салық ставкасы – салық мөлшері.
  5. Салық жеңілдіктері.

  Салық жүйесінің  ұстанымдары: 

  1. Салық барлық  игіліктерге  пропорциональды түрде қоғам мүддесіне сай болуы.
  2. Салық табыс мөлшері мен әл - ауқаттылық деңгейіне тәуелді болуы.
  3. Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы анық, ашық  болуы.
  4. Белгілі бір мерзімде салықтың түрлері мен мөлшерлемесі тұрақты болуы.
  5. Табысты  жасырғаны үшін салық төлеуші әкімшілік және қаржылық жауапкершілік міндеттемесін білуі қажет.

     Минимальды  жалақы, зейнетақы, стипендия, жәрдемақы,  оның ішінде уақытша еңбекке  жарамсыздық  үшін ақы және ақысыз білім алу  мен медициналық қызмет көрсету, еңбек жағдайымен байланыстырылған жеңілдіктер, тұрғындар табысын индексациялау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқығы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға құқылығы, меншік құқығы және одан табыс табу. Халықты әлеуметтік  қорғау жүйесінің басты бағыттары. Олардың ақшалай табыстарын индексациялау. Оның мәні: инфляция келтірген зиянның орнын толтыруға қызмет етеді, индексацияның түрлері ақшалай  табыс  индексациясы,  қаржының индексациялау мен өмір сүру минимумын индексациялау. Индексациялау механизмін мемлекеттік статистикалық органдар тауар мен қызмет  көрсетуде бағаның өзгеруін  бақылап отырады. Жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін тауар мен қызмет жасаудың сандық құрамына  кеткен шығындарды  минималды тұтыну бюджеті деп атайды. Минималды бюджет  мөлшерінің құны тұтыну баға индексінің өсуін ескере отырып,  жылына 1 рет немесе тоқсан сайын қаралып отырады. Ал, тұтыну баға индексін анықтау үшін «тұтыну қоржынын» белгілеп алу керек. Ол әдетте , ең  қажетті тауарлардан тұрады. Тұтыну қоржыны – тұтыну игілігі мен  қызметінің жиынтығы және адамдарды қоғамда белгіленген ең төменгі  түтыну деңгейінде қамтамасыз ету деген мағына. «Атаулы» әлеуметтік қорғау (яғни барлық категориядағы тұрғындарды қорғаудан нақты адамды қорғауға көшу). Олардың табыстары ең төменгі жалақыны орташа жан басына шаққандағыдан төмен  болады. Ұйымдық-құықтық жағынан салықты бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтар мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыруда заңи және жеке тұлғалардың қатысу міндеттілігін білдіреді. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-інші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге міндетті телемдерді телеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған. Қайта бөлудің тетігі бола отырып, салықтар бөлу жүйесінде пайда болатын жаңылыстарды «өшіруді» және экономикалық субъектілер кызметін ынталандыруды немесе тежеуді талап етеді. Мемлекет қаншама ғасыр өмір сүрсе, салықтар соншама ғасыр өмір сүреді және мемлекет соншама оңтайлы салық салудың кағидаттары мен әдістерін, яғни салық төлеушілер салық төлеу үшін, ал казына көптен-көп кіріс алу үшін салық жинауды қалай ұйымдастыру керектігін іздестірді. Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидасы калыптасқан:

1) пайда  (алынған игіліктер) кағидасы;

2) «қайыр  көрсету» (төлем қабілеттілігі) кағидасы.

       Бірінші жағдайда салық субъектілері салықтарды мемлекеттен алатын пайдаларға үйлесімді түрде төлеуі тиіс, яғни кімде-кім едәуір пайда алған болса, осы пайданы жасауды қаржыландыруға қажетті салықтар төлеуі тиіс деп топшыланады. Мысалы, кім жақсы жолдарды пайдаланғысы келсе, ол бұл жолдарды колдап, ұстауға жұмсалынған шығындарды төлеуі тиіс.

Екінші қағидатқа сәйкес «кайыр көрсету» субъектілер үшін колайлы болатындай етіп оларға салық салынуы тиіс, яғни салық ауыртпалығы нақты табыс пен әл-ауқатка байланысты болуы тиіс. Бұл қағидат мынаны білдіреді: жоғары табыстары бар жекелеген адамдар, кәсіпкерлер және кәсіпорындар табыстары аздарға қарағанда абсолюттік, сондай-ақ салыстырмалы тұлғалауда неғұрлым жоғары салықтар төлейді. Сөйтіп, салықтарға ұшырататын табыстар алу кезіндегі нұқсанды теңгеру үшін алынатын табыстардың мөлшеріне сәйкес салықтардың беліну мүмкіндігі қарастырылады, яғни бұл тұжырымдамаға сәйкес заңи және жеке тұлғалар алынған табыстың тура мөлшеріне қарай салықтар төлеулері тиіс. Сән-салтанат заттарына жұмсалатын кажетті шығыстардан төленетін салық пен ең қажетті заттарға жұмсалатын болжамды шығыстардан ұсталатын салықтың арасында айырма болатындықтан, әрине, бұл тұжырымдама үлкен ұтымдылығымен және әділдігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге бұл тұжырымдаманы  жалпылама колдану белгілі бір қиыншылықтармен байланысты: мемлекеттің ұлттық қорғанысқа, ақысыз денсаулыққа, білім беруге және т.б. жұмсаған шығындарынан әрбір салық төлеуші іс жүзінде кандай жеке пайда және қандай мөлшерде алатынын дәл анықтау мүмкін емес. Оның үстіне бұл тұжырымдамаға ілессек, онда тұрмысы төмендерге, жұмыссыздарға олардың жәрдемақыларын төлеуді каржыландыру үшін салық салу қажет болар еді, бұлай етудің мағынасы болмайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б.
2.Фетисов В.Д. Финансы: учебное пособие для вузов – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003 г.
3.
Финансы:  учебник для вузов / под ред. М.В.Романовского – М.: Перспектива, 2000 г.
4.Мельников В.Д. Основы финансов: учебник – Алматы: издательство ЛЕМ, 2005 г.