ӘОЖ:37013
Нурбекова Адас Ошахбаевна
Жаңа
технологиялардышет тілі сабақтарыында пайдалану
Резюме
В этой статье рассматриваются использование и недрение
новых технологии
Resume
In this article uses the innovative
technology and the quality of teaching
Рөлдік ойындар – эмоцияға арнайы, негізделіп
құрылатын сабақ түрі. Әр ойынның өзі
әртүрлі орындалады, рөлдері де адам мінезіне байланысты
түрлі қабылдануы мүмкін, барлық рөлде
суырыпсалмалылық ерекшелігі болуы тиіс. Рөлдік ойындар топта,
ұжымда ойнатылады. Ойынға қатысушылар тапсырмаларды алады,
рөлдерді бөледі, ойнайды және ол ойынды барлық топ
болып көреді. Ұстаз тіл үйренушілердің мінез-құлқын
ескеріп, рөлді береді.
Оқушылар үшін рөлдік ойын ұжымдық
көңіл көтеру емес, бұл оқытудың
барлық міндеттеріне қол жеткізудің негізгі тәсілі,
сондықтан ол қандай дағды мен икемділікті талап ететіндігін,
оқушы нені жасай біледі және ойын барысында неге
үйренгендігін білу қажет
[1,56-58].
Қазіргі кездегі шетел тілі сабақтарында рөлдік
ойындарды пайдаланудың өзіндік талабы бар. Олар:
1.Негізі ойын тәртібіне ынталандыру, тапсырманы орындауға
қызығушылығын тудыру.
2.Ойынды нақты, дәл ұйымдастыру.
3.Ойынға барлық сынып қатысуы тиіс.
4.Рөлдік ойын міндетті түрде шығармашылық ортада
жүргізіледі, ойынды ойнап болғаннан кейін тіл үйренушіде
тоқмейілсу сезім туады. Шамалы уақыт өткен соң оларда
оз бойында өздеріне деген сенімділік сезімі пайда болады.
5.Оқытушының оқушылармен байланыс орната білуі.
Ойынды жүргізуде, басқаруда, талқылауда оқытушы
да тіл үйренуші де атсалысуы қажет. жағдайларын
құрудағы негізгі жұмысты оқытушы да, оқушы да жүзеге асыруы мүмкін. Оқушылардың көзқарасы бойынша
рөлдік ойындар - бұл әрекет, бұл жерде олар алдын-ала
белгіленген рөлдерден көрінеді. Оқытушының міндеті -
нақты материалдағы қажет жағдаятты беріп, дидактикалық материалды дайындау,
кеспе қағаздағы тапсырмаларды беріп, рөлдерді
бөлу. Рөлдік ойынның оқушының өне бойына
өзіндік сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына да
әсері бар. Бұл жерде болашақ маманның білімі,
қабілеті, меңгерген кәсібіне қатысты терминдерді
қолдана білу деңгейі де толықтай қамтылады. Ол білімгерлерді шетел тілінде сөйлету
құралы. Үйренетін шетел тілінің мақсаты - ойын
арқылы оқушыларды сөйлету. Ойын кұрылымын оқу
әрекетіне сыйдырғанда оқу үрдісі мақсатты
қатысым үрдісіне айналады. Ойын - жағымды эмоция сыйлайтын
құрал. Ойын ойнау барысында оқушы еш қысылмай, лидерлік
танытады. Шетел тілдерін үйрену үрдісін қиынсынып
жүрген оқушының өзі рөлдік ойынды ойнаған
кезде оның машақатын ұмытып кетеді.
Ал тақырыптық
«рөлдік-ойындар» оқушылардың сөйлеу
дағдысының қалыптасуын дамытады. Ойын сабақтары
арқылы тіл үйренушінің қабілеті мен қарымы
дамиды, ең бастысы, сөздік қоры молайып, тілі дамиды, зейіні
қалыптасып, сабаққа деген қызығушылығы
артады. Дәрісте тіл үйренушінің тілін дамытатын ойындар
қолданылса, оқушының да жауапкершілігі артады. Мысалы,
«Poliglot» ойыны. Оқушылардың тілдерді қалай меңгеріп
жүргенін білу мақсатында сыныпта «Полиглот» ойыны
ұйымдастырылды. Ойынның 1 бөлімінде әр топқа
қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәндерінен
сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.
On the first stage our pupils must
answer the questions on the English, Kazakh and Russian languages.
1.Сұрақтарға жауап беру:
1.Қазақ
әліпбиінде қанша әріп бар? (қырық екі, сорок два,
forty two)
2.Как
называются слова одинаковые по звучанию и написанию, но совершенно разные по
лексическому значению? (омонимы, омонимдер, homonyms)
3.What is the capital of England? (London, Лондон, Лондон)
4.We can watch news, films and other interesting things on it (television,
телевизор, теледидар)
5.The room where we sleep (bedroom, спальня, жатын бөлме)
6.Тілдің
дыбыстық жағын зерттейтін тіл білімінің саласы (фонетика,
фонетика, phonetics)
7.Как
называется часть речи, которая обозначает признак предмета и отвечает на
вопросы какой? чей? (имя прилагательное, сын есім, adjectives)
8.How many letters are there in the English Alphabet? (twenty six,
двадцать шесть, жиырма алты)
9.What month is it now? (November, ноябрь, қараша)
10. Who works at school? (teacher, учитель, мұғалім)
2.Бұл
бөлімде оқушыларға жұмбақтар жасырылады, жауабын
үш тілде айту керек. Бірінші қол көтерген оқушы жауап
береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
In this stage our pupils should find
the missed words in the riddles and have to translate them into Kazakh and
Russian. For each right answer they’ll receive of 1 point. Мысалы:
1.Тақия
толған сөк, таң атқанда жоқ
/// (жұлдыз, звезды, stars)
2.Тұрады
ылғи сөреде, іші толы өнеге /// (кітап, книга, а book)
3.Упадет
- поскачет, ударишь - не плачет
/// (мяч, доп, а ball)
4.A little old woman has twelve children /// (а year, жыл, год)
5.What has four legs, but can’t walk? ///
(a chair, орындық, стул)
3.On the 3rd stage our participants
must find the sentences and translate it into Kazakh and Russian.
My favourite animal is a horse. Менің сүйікті
жануарым - жылқы. Мое любимое животное -
лошадь.
My friend’s favourite season is a winter. Менің досымның сүйікті жыл мезгілі -
қыс. Любимое время года моего друга -
зима.
English is a world language. Ағылшын тілі -
әлемдік тіл. Английский -
мировой язык.
«Poliglot» ойыны біткен
соң, барлық оқушылар оқытушы тарапынан бағаланады.
Үш тілдің тапсырмаларын орындағанда да
оқушылардың дағдысы қалыптасады.
Жалпы,
рөлдік ойын
арқылы оқытудың мүмкіндіктері мол. Сабақтарда
әртүрлі ойын тәсілдері мен жағдаяттарды пайдалану
сыныпта біртұтас ұжымның қалыптасуына ықпал
етеді. Рөлдік ойындар мен жағдаят тәсілдері оқушыларды
жауапкершілікке және өзара көмек көрсетуге
тәрбиелейді. Рөлдік ойын үлкен мүмкіндіктерге ие, ол
жеке тұлғаның болмысын танытады. Ойындар белгілі тілдік
материалдарды меңгеруде, тілдік тірек сөздерді молайтуға да
кеңінен ықпал етеді. Рөлдік ойынның білім беру сапасына
да әсері бар. Өйткені рөлдік ойындарды орындаушылар тіл
үйренушілер мен оқушылар. Онда әр оқушы
өздерінің айтатын сөздерін айта отырып, өзара
әрекет етіп, бір-біріне көмектеседі. Рөлдерді бөлуде
оқушылардың тілдік және шығармашылық
тұрғыдағы әртістік қабілеттерін ескеру шарт,
кейде біреуге вербалды, екіншісіне ым-ишара рөлдері тапсырылса,
үшіншілеріне мәтін бойынша айтуға құқық
беретін рөлдер де тағайындалады [2,53].
Жалпы, полиглот ойыны оқушыларға тілді
меңгеруде айтарлықтай мүмкіндік береді. Жалпы,
мақал-мәтелдер сөздің мәйегі болса, оның
салыстырмалы тұрғыда үш тілдегі аудармасын табу оқушы
үшін қызық. Мысалы: «Полиглот» ойынында берілген ойында
тұрақты тіркестердің қазақша, орысша баламаларын
тапса да оқушылардың тілдік қоры баийды. Мысалы: There is no smoke without fire.
1.Жел
соқпаса, шөптің басы қимылдамайды - нет дыма без огня.
2.To make a mountain out of a moleʾs
- түймедейді түйедей ету - делать из мухи
слона.
Рөлдік ойындардың ерекшеліктері: онда әртістер
арасындағы ойын үлгісінің нақты
қарым-қатынасы көрсетіледі. Өйткені, кейде шын
мәнінде де кейде сол ойнап жатқан сол рөлдік ойын
ойыншының өз мінез-құлқымен сәйкес келуі
мүмкін. Рөлдік ойын оқу ыұтымақтастағы мен
әріптестігін қалыптастыуға да ықпал етеді. Себебі
оның орындалуы қатарластарының пікірін нақты ескере
отырып, бірлесе әрекет етуді болжайды [3,11-13].
Барлық уақытта ойын тәртібі нақты шешім
қабылдауды талап етеді. Ойын тәртібі бойынша ойнаушының
бәрі тең. Ол тіпті әлсіз оқушылардың
қолынан да келеді. Қызығушылық пен жауапкершілік
сезімі, берілген тапсырманы орындау тәртібі де оң нәтиже
береді. Осы кезде берілген тілдік материалдар да жақсы меңгеріледі.
Яғни, бұдан шығатын қорытынды шетел тілдерін
меңгертудің бірнеше тиімділігі бар. Рөлдік ойындарды
қолдануды үш сатыға бөлуге болады. Олар: дайындық
кезеңі, ол яғни дидактикалық материалдарды жинау мен
ұйымдастыру, оқиғаның орындалу барысы, ең соңғысы
ойынды қорытындылау. Экпериментте еркін рөлдік ойындар
пайдаланылды. Эксперимент жүргізудің мақсаты: шет тілдерін
үйретуде ойындардың тиімділігі мен қолданылу тәртібі,
оларды қолданудағы артықшылықтар мен кемшіліктер.
Рөлдік ойындарды өткізуде ең бастысы, олардың
сөйлеу қабілеті басты назарға алынады [4].
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1.Сущенко С.А. «Социальная поихология». Ростов, 2005.
2.Ливингстоун К. «Ролевая игра в обучении иностранным
языкам» - М: Высшая школа, 1988.-53 б.
3.Конышева А.В. «Использование ролевых игр
в обучений иностранного языка на начальном этапе» Игровой метод в обучении иностранному языку // № 5/2008.- 11-13 б.
4.«Teaching English Language and Managing Teachers Associations: Sharing
Ideas, Sharing Eхperiences» Материалы VII международной научно-практической
конференции. - Тараз. 2007. С.350.