Қарағанды қаласы,КММ, №137 жалпы

білім  орта мектебі

Мүбаракова Құндыз Сериковна

 

Қазақ тілін сапалы оқыту – бүгінгі заман талабы

 

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында көрсетілгендей «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.

Қазақстанның дамыған елдер қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін, алға деген қадамын шыңдайтын арине білімді болашақ жастар. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Қазақ тілін  жаңаша  оқыту  соңғы  жылдары  жоғары  қарқынға  ие болды. Қазақ тілі мұғалімдерінің сабақты  жобалаудағы   жауапкершілігі   студенттердің  шетел  тілінде  нәтижелі  тілдік  қарым-қатынас  жасауына  мүмкіншіліктер  туғызады.  Қазақ тілін үйрену арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің мәдени мұраларымен, тарихымен, ғылым саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен, өнерімен танысады және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды. Жаһанданған  интернет жүйесін қолдану негізінде,тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады,жүйе  материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға , сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады.  Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.иялар  және  т.б.  Мектеп мұғалімдерінің біліктілігі  олардың  педогогикалық  қарым-қатынаста  жаңаша әдістерді жасауда  көрінеді, онда мұғалімнің,оқушының   таңдауы және  бақылауы мүмкіншілігіне  ие  болады.

Оқудың  дәстүрлі   үрдісіне  инновациялық технологияны  ендіру, мектеп мұғалімдерімен оқушыларға дәстүрлі  формаларды  және әдістерді жетілдіруге  мүмкіндік береді, сонымен  қатар  жаңаларды  да, атап  айтқанда : тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференц, сөз арқауы компьютерлік технологияны  пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ.  Қазақ тілін оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану мектеп оқушыларының басқа тілде қарым-қатынас жасаудың, қырларын жан-жақты қалыптастырудың бірегей мүмкіндігін білдіреді.

Компьютерлік ақпараттық технологияларды қолдана ағылшын тілі сабағын өткізу, оның қолданылуын үйрене отырып телесабақтарды тың, жаңа деңгейде өткізуге, оқытушы  мен оқушының қарым-қатынасының педагогикалық және әдіснамалық тұрғыдан сараланып алынған алуан түрлі қызмет түрлерінің қолданылуы жүзеге асады. Компьютерді қолдану барысында өздерін қызықтыратын әр түрлі мәселелерді шешуге болады және талқылайды. Компьютермен бала жазады,оқиды,түрлі тестер орындайды.

Жалпы, білім беретін мектептерде қазақ тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде, оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Қазақ тілін оқыту қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі кезде қазақ тілін оқыту мынадай төрт мақсатты көздейді: коммуникативтік мақсат, білімділік, тәрбиелік және жетілдіру. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады, қалған үшеуі коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады.

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық  құралдарды пайдаланудың ең тиімді жағы уақытты ұтасың, дәл, тиянақты оқу-материалдарын алдын-ала дайындап, оқушыға беріп отырсаң өзінен-өзі жасауға тырысады, қызығады, жасамай,үлгермей отырған оқушы болмайды, себебі оның алдында бәрі дайын тұр. Сонымен қатар мұғалім қазіргі мектептегі ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Active Studio бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпыну керек. Соңғы кезде уақыт көрсетіп отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибелер дәлелдеп отыр.

Әрбір мұғалім өз қызметіне ақпараттық  технологияны пайдалана білуі кажет. Бұл мәселе білім беруді ақпаратттындырудың қажетті шартына айналып отыр.

 Қазақ тілін сапалы оқытудың кілті – оқытушыда. Заман талабына қарай, мектеп мұғалімдерінің біліктілігін өсіру, сабақ алды дайындық қызметі, ұйымдастыру қабілеті, оқыту әдістемесі т. б. барлығы да оқыту сапасына тікелей әсер ететін факторлар болып табылады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1 Қ.Р «Білім туралы» Заңы

2 Мектептегі қазақ тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №7 , 2008

3 Мектептегі қазақ тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №2, 2011