Қарағанды қаласы,
ЖББ № 77 МБК
бастауыш сынып
мұғалімдері
Назирова
Жанагүл Матаевна,
Ахметова
Айгерім Серикхановна
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА
БАЛАЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫ
Білім беру жүйесінің
негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу,
дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста
болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау
үшін дамытудың маңызы ерекше. Баланың бүкіл
өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Күнделікті
өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары
мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған
бай тәжірибесін үйренуге талаптанады.
Балалардың бір нәрсені
құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте
байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле
қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. Балалар әдетте
өзіне түсініксіз оқиғалардың,
құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн
сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол
сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді,
өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні
болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың
ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін,
ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала
сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн.
Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте
сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл
баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.
О.М. Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала
дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және
танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың
басты міндеті – ақиқат
өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял,
белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық
болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда
және оның құрастырудағы бір механизм болады.
Сондай-ақ мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің,
қиялдың дамуында ұқсастықтар бар.
Бастауыш сынып
оқушыларының ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз
еске түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі.
Оқушы бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру
жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл
үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы,
оқушыларға суреттер тобының біреуін сұрағанда
оқушылардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей
ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны
шетке ығыстырып қойып, үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді
сұрады. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде
әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен
тәжірибенің жағдайларын еске түсірді
(«Көзілдірікті көзге киеді. Мынау- көбелек, құрт
деп аталады». «Қарбыз. Мен, анам және әкем- үшеуіміз
үлкен қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан
әлдеқайда кіші», тағы осындайлар). Әйтсе де есте
сақтауға бағытталған балалардың ешбір
іс-әрекеттері байқалмады.
В.С. Мухинаның пікірінше есте
сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке
дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі
ересектерде жетіледі. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді
меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын
үстінде жасалады, бала өзіне алған рольді жақсы орындап
шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады. В.С. Мухинаның пікірінше есте сақтау мен
еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке дейінгі естияр
шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі ересектерде
жетіледі. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді
меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын
үстінде жасалады, бала өзіне алған рольді жақсы орындап
шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады.
Бастауыш сыныпта
оқушылардың есте сақтауы
қарқынды даму жасы болып табылады.. Ес – бала үшін
маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда
қалдырады және сақтайды. Сондай-ақ мектепте балалардың ойлау үрдісіне
тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми
ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау
психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау –
сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс
қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде
сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала
қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп
сұрақтар қояды және оның сұрақтары
соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін
ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да
ойлайды.
Адамдар, оқиғалар есте
сақталатын кезең мектепте балалық шақта
анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында, бізге
сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске
түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса,
мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі
сәттерді есте қалдырады. Мектепте бастауыш сыныпта
оқушының есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Есте
сақтау мен еске түсіру оқушының еркі мен санасына
байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы
жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты
болады. Оқушы іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не
әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде
сақтайды.
Қазіргі
қоғам өзінің іс–әрекетіне өзі
басшылық жасап,шұғыл шешім қабылдай алатын
тұлғаны қажет етеді. Ондай тұлғаларды
оқытудың жаңа технологиялары нәтижесінде
қалыптасатынын соңғы жылдардағы тәжірибелер
көрсетіп отыр. Оқушы мен мұғалім арасындағы
ынтымақтастық түсіністік, сыйластыққа негізделуі
оқушының ізденушілігін дамыту қазіргі оқыту
жүйесінің бағыт алатын өзекті мәселелері.
Жаңа педагогикалық технологиялар тұлғаның ойлау
жүйесін қалыптастыруды, әр түрлі жағдаяттарда
нақты шешімдер қабылдай білуге үйретуді мақсат етеді
десек,бұл педагогикалық ұстанымдар–білім беруді
жаңартудың негізгі өзегі. Қазіргі даму кезеңдегі
басты мәселелердің бірі–мектептегі білім беру жүйесінде
оқыту үрдісін технологияландыру.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Р.С.Немов Психология. Москва 1995
г.
2.
Р.Есеева Бастауыш мектеп.№5 2005
ж.
3 Мектептегі психология 2007-2008
жж.