Қарағанды қаласы,
ЖББ № 77 МБК
бастауыш сынып
мұғалімідері
Исагулова Ляззат
Калиоллаевна,
Карагусова Кулзипа
Маулхановна
БАЛАЛАРДЫҢ ОЙ ӨРІСІН
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ
Балалар болашақ иесі болғандықтан
дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл
мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын
деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. ата – бабаларымыз
ғасырлар бойы жинақтаған тәжірбиесін, мәдениетін
жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған
ортадағы қарым – қатынасын, мінез – құлқын,
өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс
қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай
Құнанбаев: « Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»
деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас
баланың өмірді танып, еңбекке қатынасы
психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана
емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер
қайраткерлері мен бұл саладағы ғалымдар
шұғылданады. Көптеген жазушылар бала ойының
психологиялық мәнін және ойынға тән
ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы ашып берді.
Адам іс – әрекетінің ерекше түрінің бірі –
ойынның пайда болуы туралы зерттеушілердің көпшілігі өз
еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс –
әрекетінің алғашқы қадамы деп түсіндіреді.
Ойында шындықтың көрінісі, оның образды сәулесі
қылаң береді. Өмірдің әр түрлі құбылыстары
мен үлкендердің әр түрлі іс – әрекеттеріне
еліктеу ойынға тән нәрсе. Ойынға шартты түрдегі
мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету
жолындағы іс – әрекет бала үшін қызықты. Ойын
балаларға ақыл – ой, адамгершілік, дене шынықтыру және
эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады.
Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық,
тапқырлықәрекетін байқатады. Сезіну, қабылдау,
ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі
психикалық түйсік пен сезім
әлеміне сүңгиді.
Педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені
балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның
көңіліне өмір бақи өшпестей із қалдырады.
Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі
қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат –
мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын
өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын
көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі
мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды,
белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды,
мұның бәрі баланың шығармымпаздық
қабілеті мен дарынын ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің
өзегіндей қуаныш, реніш сезімінде болады. Бірақ одан ойын
екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан
шындықтағыдай «сөйлестік, бүйтіп көрейік» деуі,
олардың « ойынды ойын» деп түсінуінен. Бұған байланысты
ойын туралы жасалатын тұжырым мынау:
а) ойын – тәрбие құралы арқылы, ақыл
– ойды кеңейтеді, тілді қстартады, сөздік қорды
байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді.
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді,
адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б) ұжымдық сезім әрекеттері дами түседі.
в) эстетикалық тәрбие бері құралы
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге
мүмкіндік береді.
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланың көңілін өсіріп, бойын
сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары
жайлы таным – түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы
тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен - бірі ептілікті үйренеді. ойын
үстінде дене қимылы арқылы өзінің
денсаулығын нығайтады.
Ұлттық ойындар
бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты рөл атқарады:
біріншіден, жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде
дене дамуы жақсарса, екіншіден, ұлт ойындарының
мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық
әдет – ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар
алады. Егер балабақшада жұмыс стилі ұлттық
дәстүр, салт – санаға бағытталған болса, мысалы,
барлық топ бөлмелері, залдар қабырғаларындағы
тұскиіз, ою, сырмақ, домбыра, қамшы, ер сияқты
заттардың өзі күнделікті баланың көз
алдыңда болғандықтан, осы бұйымдарға
көздері қанық болып өседі.
Бұл ретте
ойындардың мәні өте зор. Оларды қолдану негізінен дене
тәрбиесі сабақтарында, спорттық жарыстар, серуендер кезінде
жүзеге асады. Орайы келсе тіл дамыту мен көркем әдебиет
сабақтарында да пайдаланған жөн. Себебі осы пәндерде
санаға көбірек салмақ түседі. Сондай кезде өтетін
тақырыпқа байланысты қимыл – қозғалыстар,
жаттығулар, жаңылтпаштар, дене тәрбиесі, сергіту
уақыттарын ұйымдастырса, баланың денесі ширап,
көңілі көтеріліп, сабақ материалдарын қабылдау
сапасы да артады.
Жалпы ойынның
қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан –
ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік
қажеттіліктерін туады да, психологиялық жағынан
денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да
алғыр, шымыр да епті,
қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ.
Демек, ойынның өзі бала үшін біліктің,
тәлімнің қайнар көзі болып табылды. Балаларға
ұлттық ойындары үйретіп, оған өзгеше әр
беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата – аналар, тәрбиешілер бір
сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас
бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Педагогика және психология. №1. 2010ж
2. Отбасы және балабақша. №1.(137). 2012