Магистр
юриспруденции Кыдралинова А.К.
Инновациялық Еуразия университеті, Павлодар, Қазақстан
Заң шығару техникасы және оның заңнаманы
жүйелеудегі маңызы
Заңдық
техниканы жетілдіру мәселелерін заң ғылымы жеткілікті
деңгейде белсенді зерттеді. Бұл мәселелер әртүрлі
көзқарастар тұрғысынан
аса жұмыстарды атауға болады. Мысалы бұл мәселе
бойынша революцияға дейінгі келесі заңгерлердің ойлары
танымал: Ш.Монтескьенің, С. Муромцевтің, М. Сперанскийдің
және басқаларының; соғыстан кейінгі кезеңдегі М.
Шаргородскийдің, Л. Явичтің; кеңес кезеңіндеге - С.
Алексеевтің, А. Пиголкиннің, Д. Керимовтың. Бұл жерде
айта кету қажет әлі күнге дейін заң әдебиетінде
заңдық техника туралы тұрақталған түсінік
жоқ [1].
Заңдық
техниканың маңызына С.А.Муромцев көңіл аударған.
Ол заңдар баптарын мүмкіндігінше өте қысқаша ету,
заңдардағы толып жатқан ескертулер мен қосымшаларды жою
қажеттігін белгіледі.
Заңдық техниканың
проблемалары басқа жұмыстарда да қарастырылған. Оларды
талдай отырып, заңдық техника түсінігіне тек қана
құқықтық актілерді әзірлеу ережелерін
ғана қамтитын тар мағынада қарастырғаны туралы
қортындыға келуге болады. Бұл түсінікке заң
жобаларын әзірлеудің ұйымдық-техникалық
жағынан нақты күйін енгізу керек еді
(қоғамдық қажеттілікті зерттеу,
.құқықтық актінің неге
арналғандығын белгілеу мен оны әзірлеу бойынша тапсырмалар:
әзірлеушіні іріктеу, шет елдер заңнамасының актілерін талдау,
бірқатар техникалық құралдарды жасау,
орындаушылардың жұмысын жеңілдететін заңдық
терминдерді жасау).
Бұл
мағынада А.С.Пиголкин заңдық техника түсінігі жедел
және жоғары сапалы нормативтік
құқықтық актілердің жобаларын
әзірлеудің ұйымдық-техникалық ережелерін,
нормативтік актілерге дұрыс және біркелкі өзгерістер мен
толықтыруларды енгізудің, оларды толық немесе ішінара
күшін жоюдың әдістерін, заң шығарушының
ойларын нормативтік актінің баптарында ең жетілген түрде
баяндау тәсілдерін, оның мақсатқа лайық
құрылымын, құқықтық актілерді бір
тілден екінші тілге аударудың ұйымдық-әдістемелік
ережелерін қамтиды дегенді жазғанда әділ еді.
Заңдық
техниканы тек қана заң жобасын баяндаудың тәртібі
туралы ережелердің жиынтығы ретінде ғана түсіну
қателік болар еді деп заңдық техника ұғымын
И.Л.Брауде терең қарастырды. Оның сөздері бойынша,
заңдық техника заң жобаларының сыртқы
біркелкілігіне жету әдістемесіне ғана келіп тоқтамайды, ол
құқық теориясына негізделуге міндетті және
олардың мазмұны бойынша, оларды белгілеу тәртібі бойынша
нормативтік актілерді топтау, құқық салалары арасында
айырмашылық жүргізу, нормативтік актілерді жариялау әдістері
мен нысандары және т.б. сияқты теорияның мәселелерін
шешуге міндетті.
Д.А.Керимовтың
пікірі бойынша, заңдық техника – бұл қолданыстағы
заңнаманы білдірудің нысанын жетілдіру мақсатына жетудегі
тарихи және тәжірбиелі қалыптасқан құқықтық
институттарының, құқық нормаларының, және
құқықтық акті баптарының жасалу ережелері.
Заңшығарушылық
техника ұғымына ең
қолайлы түсінік берегн А:А:Ушаков, заңшығарушылық
техниканы екі бөлікке бөлген: біріншісі заңдарды, кодекстерді
және басқа күрделі актілерді жасаумен байланыстырған
ішкі заң шығарушылық техника деп белгіледі, екіншісі
құқық шығармашылық процессті және
құқық шығармашылық тәртіпті
ұйымдастыру ретінде түсінген сыртқы (процедуралық)
заңшығарушылық техника.
Көрсетілген
авторлардың заң шығарушылық техниканы
ұғымын әрқалай түсінуі, ең біріншіден, жай
заңнан бастап күрделі кодификацияланған және
консалидацияланған актілерге дейін заң жобалары әзірлемелерінің
әрқандай аспектілігімен түсіндіріледі .
Біздің
көзқарасымыз бойынша, заңшығарушылық техника
ұғымы өзінде
заң шығарушының ойлау аспектісін, және
құқықтық мәдениетін құрайды.
Академик С.Зимановтың пікірі бойынша
бұл жұмыс «бір жағынан реалдылықты және
заң жобаны әзірлеуді қажет қылатын ақсаттың өзін сезіну мен
ұғынуды, екінші жағынан –
құқықтық қатынаста
құзыреттілікті» талап етеді [2].
Осыған
байланысты еріксіз сұрақ туындайды:
заңшығарушылық техника ұғымына заңнаманы
жүйелеу кіре ме? Бұл
сұрақ Л.С. Явичтің, С.С. Алексеевтің жұмыстарында
оң шешілген.
Л.С. Явич
заңшығарушылық техника – бұл нормативтік
актілердің бірлігі мен жүйелеудің белгілі дәрежесі [3].
Дегенмен, бұл жерде жүйелеудің түрі
анықталмаған. Бұл жіберілген қатенің орны
заң шығарушылық техниканы нормативтік актілерді жүйелеу
мен әзірлеуде қолданылатын құралдар мен әдістер
ретінде түсінген С.С.
Алексеевтің түсінігімесімен толтырылады. Бұл жерде ең
елеулі мағына кодификацияда қолданылатын құралдар мен
әдістерге беріледі деп ол ары қарай айқындайды [1]. Бұл
әбден түсінікті, өйткені кодекс, кодификациялық акт
құқық шығармашылық орган
қызметінің нәтижесі. Бірақ С.С. Алексеевтың
пайымдауында «заңшығарушылық техника ұғымына
заңшығарушылық жиналымды құрастыру техникасы кіре
ма жоқ па» деген сұраққа жауап жоқ. Заң
шығарушылық техника және заңшығарушылық
жиналымды құрастыру техникасы, біздің пікірімізше
заңдық, техниканың жалпы ұғымына
құрамды бөліктері ретінде кіретін дербес
құбылыстыр. О.А. Красавчиков, С.С. Алексеев және А.С.
Пиголкин дұрыс белгілегендей заң шығарушылық техника
жалпы ұғым заңдық техниканың бір түрі болып
табылады.
Заңдық
техника – құқықтық актілерді жетілдіру мен
тиімділігін көтеруді қамтамасыз ету мақсатында
қолданылатын, оларды
әзірлеудің және реттеудің ережелері мен
әдістері, құралдары жүйесі. Заңдық техника
келесі құрамдас бөліктерден тұрады:
- заң
шығарушылық техника, яғни нормативтік
құқықтық актілерді әзірлеудің,
рәсімдеудің, қабылдаудың, қолданысқа
енгізудің ережелері мен әдістері;
- жүйелеу,
яғни нормативтік құқықтық актілерді
өңдеу техникасы, әр қандай заңнаманың
жинақтарын, жиналымдарын құрастыру, оны есепке алу;
- жариялау техникасы
және нормативтік құқықтық актілерді ресми
естіртудің басқа нысандары;
-
құқықты жүзеге асыру процессінде заң
актілерін -
құқық нормаларын қолдану актілерін,
мәмілелерді, шарттарды, сенімхаттарды, өсиетхаттарды және
т.б. рәсімдеу техникасы;
Заң
шығарушылық қызметтің көлемі
ұлғайған жағдайларда заңшығарушылық
жобалардың және басқа нормативтік актілердің
әзірлеу технологиясы мен ұйымдастырылуына, олардың
рәсімделу сапасына талаптар
елеулі көтеріліп жатыр. Жобалардың әзірленуін дұрыс
ұйымдастыру, әрбір жаңа актіні заңнаманың
қолданыстағы жүйесімен анық келісу, заңдарды
дайындаудағы кезеңділікті сақтау және заң
шығарушылық процессті ғылыми ақпараттық
қамсыздандыру заң шығарушылық техниканың жетілу
деңгейін анықтайды. Қазіргі заң шығарушылық
техника қабылданып жатқан актілердің мағынасын
жеңіл қабылдауды, уақытында ескіріп қалған
нормативтік нұсқаулардың күшін жоюды және заңнамадағы
олқылықтардың орнын толтыруды қамтамасыз етеді,
заңдардың және басқа нормативтік
құқықтық актілердің дұрыс
қолданылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа
заң шығарушылық техника заңнаманы жеңіл әрі
уақытында жүйелеуге мүмкіндік береді, бұл өз
кезегінде оның қалыпты дамуын, дұрыс қабылдануын
және қоданылуын қамтамасыз етеді.
Нормативтік
құқықтық актілерді жүйелеу үшін
заң шығарушылық техника маңызды роль ойнайды.
Құқық шығармашылықтың жоғары
құқықтық мәдениетінің қажетті
алғышарты жобаланып жатқан актінің мазмұнын
құрайтын сұрақтар бойынша бұрынғы
заңнаманы мұқият зерделеу мен анықтау болып табылады.
Жаңа акт құқық жүйесіне қосылады
және бұрынғы заңнамаға елеулі әсер етеді.
Осы сұрақты басқаша реттейтін актілердің тағдырын
ресми анықтамай, өзінің маңызын жоғалтқан
ескірген актілердің күшін жоймай жаңа нормативтік реттеуді
белгілеу, оны тәртіпке келтіру мүмкін емес.
Қазақстандақ заңнаманың нақты күйі
сандық қатынаста да, әсіресе сапалық қатынаста да
тәжірбие қажеттіліктеріне толығымен жауап бермейді. Көбінесе
заңдар төмен заңдық сапамен, анық емес және
бұлдыр нұсқаулардан, қарама-қайшылықтардан
және олқылықтардан құралатын ерекшеліктерден
тұрады. Әзірленіп жатқан нормативтік
құқықтық актілердің жобалары
құрылымы мен мәтіннің баяндалу стилі бойынша
бірыңғайланғаны, қолданыстағы заңнамамен
келісілгені барлығы емес, бір келкі терминологияның сақталуы барлық
жағдайларда емес.
Заңнамалық
техника дегеніміз нормативтік актілер жобаларын нысаны мен құрылымы
бойынша ең жетілгенін, нормативтік нұсқаулар
нысандарының олардың мазмұнына барынша толық және
дәл сәйкестігін, нормативтік материалдардың жетімдігін, қарапайымдылығын
және көз жетерлігін, реттелетін мәселелердің
толыққанды қамтылуын қамтамасыз ететін әзірлеудің ережелері мен
тәсілдері жүйесі .
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Алексеев С.С. Проблемы
теории права. Курс лекций в 2-х томах. – Свердловск: Знание, 1998. Т. 2.
2. Зиманов С.З.
Қазақстан Республикасындағы Конституция мен Парламент. - А.: Баспа, 1996.
3. Явич Л.С. Советское
право – регулятор общественных отношений в СССР. Сталинабад. 1957.