ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ
ШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ЗИЯНДЫ ОРГАНИЗМДЕРІНЕ ЕСЕПТЕУ
ЖҮРГІЗУ, МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ МАҚТА ӨСІМДІГІН ЗИЯНКЕСТЕРДЕН
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ ЖОЛДАРЫ
Қазақ ұлттық
аграрлық университеті, «Агробиология және фитосанитария» факультеті, «Өсімдік
қорғау және карантин» кафедрасы, Алматы қаласы.
5В081100
- «Өсімдік қорғау және карантин»
мамандығының
4
курс студенті Мусабекова А.Т.
Зерттеу
жұмыстары Қазақстан Республикасының
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы шаруа
қожалықтарының
мақта танаптарында жүргізілді.
Зерттеудің
негізгі нысаны ретінде мақта көбелегі (Helicoverpra armigera Hbn.) алынды.
Шаруа қожалықтарының
мақта танаптарында фитофагтардың таралуы мен санын мерзімдік
маршруттық зерттеулер негізінде анықталды.
Оңтүстік
Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы жағдайында
мақтада кездесетін қауіпті зиянкес мақта
көбелегінің таралуын, дамуын, соның негізінде белгіленген
экономикалық зияндылық шегіне сәйкес химиялық
күресу шараларының мерзімін анықталды.
Мақта
көбелегіне фитосанитарлық мониторинг энтомологияда жалпы
қабылданған бақылау әдістерімен жүргізілді.
Маршруттық
зерттеулер жұмысы Қазақстан
Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі
агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің
«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар
әдістемелік орталығы» мемелекеттік мекемесінің Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық филиалының қызметкерлерімен
бірлесе отырып жүргізілді. Көктемде
дақылды себу алдында күздегі сияқты тексеру жүргізілді.
Қыстап шыққан қуыршақтарды есептеу үшін 20
үлгілер алынды, көлемі 0,25 м2 (50 см х 50 см),
айдалмаған жерлерде тереңдігі 10 см дейін, айдалған жерлерде
тереңдігі 20 см дейін.
Мақта
көбелегінің бірінші ұрпағының санына болжам жасау
негізінен қыстаудағы зиянкестің санына және оның
қыстап шығу жағдайына байланысты. Бірақта кей жылдары
күзгі тексеру жұмыстарында мақта көбелегінің қуыршақтарының
саны көп болғанымен, келесі жылы оның саны азайғаны
байқалған. Сондықтан мақта көбелегінің
санына болжам жасау үшін, бірінші ұрпақтың
қыстаудағы қуыршақтар санын ғана анықтау
аз, сонымен қатар қыстайтын қуыршақтардың сандық
құрамын анықтау маңызды.
Мақта
көбелегінің ұшуының басталуына болжам жасалу үшін
феромон ұстағыштар қолданылды. Әсіресе жыныс феромоны
немесе жыныс аттрактанты жақсы зерттелген. Олар өте аз
мөлшерде, бірақ басқа жынысты зиянкесті өзіне тарта
алатындай дәрежеде бөлінді. Мысалы, бір аналық зиянкестің
беретін секреті одан ондаған, кейде жүздеген метр
қашықтықта орналасқан сол түрдің еркектерін
өзіне тартып жинау үшін жеткілікті. Феромондардың
кейбіреулері синтезделіп алынған және олар зиянкестердің жеке
дарақтарымен күресу және олардың сан мөлшерін
есепке алу үшін пайдаланылды. Егістікте мақта
көбелегінің ұшу динамикасын мамыр айынан бастап вегетация
аяғына дейін феромон тұзақтарымен анықтадық.
Феромон тұзақтары Өзбекстанның цехтарынан феромон,
ұстағыш және клейден тұратын жинағымен алынды.
Феромон тұзақтарын 1дана/5га етіп орналастырдық.
Ұстағыштар
бір – бірінен 20 – 30 м қашықтықта 15 – 20 рет
қайталанып орналастырылды. Феромонды ұстағышты
өсімдіктің биіктігіне сәйкес етіп орналастырудың
қажеттілігі мәнді екендігін ескеру керек.
Феромонды
тұзақтардың иіс градиенті желмен таралатындығын
ескеріп, оларды желдің бағытына перпендикулярлы түрде бір
сызық бойына орналастырылды.
Ұстағыштарға
түскен мақта көбелегін есептеу әр бес күн сайын
(пинцет немесе қысқышпен алынады) саналды. Мұнымен
қатар желімді беттің сапасы тексеріліп тұрды. Ұстағыштың
желімінің кебуіне немесе ластануына қарай ұстағыш
немесе жапсырмасы препаративтік түрі сақталып ауыстырылып
тұрды.
Мақта
көбелегінің жаппай ұшуы кезінде, зиянкестің жаппай жұмыртқа салуы да қаралды.
Әрбір
мақта танаптарында мақта көбелегінің
жұмыртқалары мен дернәсілдерінің санын есептеу
үшін 100 өсімдіктер қаралынды (20 үлгіден 50
өсімдік). Үлгілерге нөмір берілді. Екі диагоналінің
белгіленген жерлерінде жұмыртқа, жұлдызқұрттар
және олардың энтомофагтары есептелінді. Мақта
көбелегінің жұлдызқұрттарын анықтау кезінде
қабырғалары 50 см болып келетін шаршы түріндегі рамка
кеңінен қолданылды. Оны топыраққа өсімдікпен
оның қатараралықтары алынатындай етіп орналастырдық.
Рамканың ішіндегі өсімдік, сонымен қатар
топырақтың бетіне түсіп қалған
жұлдызқұрттарды есептелінді. 5 га – ға бір үлгіден
алынды.
Есептеу
жұмыстарын таң ертеңгісін таңғы уақыттарда жүргізіліп, 1м2 - гі жұлдызқұрттардың
тығыздығы мен сол
уақыттағы даму фазасын анықтадық. Мақта
көбелегімен тиімді күресу, оны қолайлы уақытта
жүргізуге байланысты. Жұлдызқұрттар қауашақтың
сыртында болады. Кейінірек жұлдызқұрттар
қауашақтың ішіне енгенде оларға қарсы
инсектицидтерді қолдану ойдағыдай нәтиже бермейді.
Күзде өнім жиналғаннан кейін сол жерлер, жоңышқа
егістері, жол бойы және тыңайған алқапта тексерілді. 1
м2 қыстауға кететін қуыршақтар саны
есептелінді. Ол көрсеткіш келесі жылы көбеюі мен таралуына болжау
жасау үшін керек.
Тексеру
жұмыстарының әдісі көктемдегідей. Мақта
көбелегінің экономиялық зияндылық шегі мақтада
100 өсімдіктен 8 - 10 жұмыртқа немесе
жұлдызқұрт, ал феромонда 8 – 10 көбелек екі
тәулікте бір ұстағышқа түссе.
Зиянкестердің
биологиялық және экологиялық ерекшелігін анықтау
энтомологиядағы әдістемелік нұсқаулар бойынша
зерттелінді.
Мақта
көбелегіне қарсы инсектицидтерді сынаққа алу
өсімдік шаруашылығындағы тіркеуге алынған
препараттардың, инсектоакарицидтердің әдістемелік
нұсқаулары бойынша жүргізілді.
Биологиялық
тиімділікті есептеу Аббот II формуласы бойынша шығарылды:
Э – бақылауға қатысты зиянкес санының
төмендеу тиімділігі, пайызбен көрсетілген %;
В – есеп күні алынған тәжірибелік мөлтектен
алынған зиянкес саны;
а – есеп күні алынған бақылау мөлтектен
алынған зиянкес саны.
Тәжірибеден
алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу
дисперсионды талдау әдісімен (Доспехов Б.А., 1985) жүргізілді.
Тәжірбие жұмыстары жүргізілетін
тәжірибелік мөлтектерде көктемде және де бүкіл
вегетация кезінде, зиянкес пайда болғанда, бақылау жұмыстары
толықтай жүргізілді.
Мақта танаптарында
мақта зиянкестеріне қарсы препараттармен бүрку варианттары
бойынша:
1.
Брейк, м.к. 0,25 л/га;
2.
Самбо 315 э.к. 1,0л/га;
3.
Каратэ 050 э. к., 0,5л/га-эталон;
4.
Бақылау-дәрі себілмеген.
Мақта көбелегінің
көктемгі қыстап шыққан қуыршағын
анықтау жұмыстары сәуір айының 05-ші жұлдызынан
басталды. Анықтау жұмыстары Сарыағаш ауыл
әкімшіліктерінде 10,0 мың гектар жерге жүргізілді.
Анықтау жұмыстары жүргізілген жерлерде 1м 2 жерде 0,1-0,2 –ге
дейін кездесті. Жалпы анықтау жұмыстары 05.04.-09.04.13
аралығында жүргізілді.
Аудан бойынша мақта көбелегінің қыстап
шыққан көбелектері алғаш рет мамыр айының 20-
жұлдызында ұшып арам шөптерге жұмыртқа қоя
бастағанын анықтадық. Маусым айының 13-ші
жұлдызынан мақта көбелегінің мақтадағы 1-ші
ұрпағының көбелектері ұшып жұмыртқа
қоя бастады.
Маусым айының 18-жұлдызынан мақта көбелегі
мақта алқаптарына жаппай жұмыртқа қойып ,
алғашқы жұлдыз құртшалары шыға бастады.
Маусым айының 13-ші жұлдызынан бастап мақта
көбелегінің қоныстануын анықтауға мониторинг
жұмыстары жүргізіле бастады. 9-шы шілдеден бастап мақта
көбелегінің 2-ші ұрпағының көбелегі
ұшып жұмыртқаларын қоя бастағаны есепке алынды.
14 тамыздан бастап мақта көбелегінің 3-ші
ұрпағының көбелектерінің жаппай
жұмыртқа қоя бастағаны жұмырқадан
мақта көбелегінің жұлдызқұрттары шыға
бастағаны анықталды.
Мақтаның
барлық зиянкестерінің бірінші ұрпақтары толығымен
мақта алқабы айналасындағы ,жол шетіндегі, арық-атыз
жағасындағы арамшөптерде, жоңышқалықтарда
дамиды, ал қалғандары мақта өсімдігіне өтеді.
Сондықтан да мақта көктеп шыққанға дейін
сорушы зиянкестердің бірінші ұрпақтарымен күресу
үшін арамшөптер мен жоңышқалықтарға 3-4
күндік алтынкөз жұмыртқаларын зиянкестердің
санына қарап 500-1000 данадан гектарына 1-2 рет шығару керек, ал
кеміруші зиянкестердің жұмыртқаларына қарсы 2-3 рет
трихограмма жіберіледі. Олардың майда жұлдызқұрттарына
қарсы күресу үшін 3-4 күндік алтынкөз
жұмыртқаларын зиянкестердің санына қарап 500-1000 данадан гектарына 1-2 рет
шығару керек, ал орта және ересек жастағы
жұлдызқұрттарына қарсы 2 мәрте 1:20,1:15
арақатынаста бракон энтомофагы жіберіледі. Осы шаралар өз
мерзімінде сапалы өткізілсе мақта егістігіне өтетін
зиянкестердің сан мөлшерін бірнеше есе төмендетеді.
Мақта егісіне
сорушы зиянкестер көктің шығуына қарай
сәуірдің соңымен мамырдың басында қоныстанады.
Мақтада темекі трипсіне қарсы, сәуірдің II
және III декадасында мақта
биттеріне қарсы алтынкөз жұмыртқаларына 1:1 арақатынаста шығару керек.
Өрмекші кененің ошақтарына қарсы мамыр айының
бірінші декадасынан бастап,өсімдік биттеріне мамыр айының
үшінші декадасынан бастап 1:100 арақатынасында алтынкөз
имогасы жіберіледі.
Егер 10м жерде 1-2 мақта көбелегінің
жұмыртқасы немесе майда жұлдызқұрттары болса,онда
алтынкөз жұмыртқалары зиянкес жұмыртқасына
қарсы 1:5 немесе жұлдызқұрттарына қарсы 1:1
арақатынасында шығарылады.
Мақтадағы кеміруші зиякестерге немесе мақтаның
зиянкес көбелектеріне қарсы күресу үшін әдетте
биоагенттіктерді шығаруда
көптеген қателіктер жіберіледі,ол биологиялық
қорғау тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.
Соның үшін мақта алқаптарында зиянкес көбелекетердің
әрбір ұрпағының
өне бастағанын, зиянкестердің тарқалуы
ықтимал делінген танаптарды және олар тигізетін зиянды
анықтауға,оның сан мөлшерін мерзімінде анықтап,
оған қарсы тиімді күрес жолдарын анық белгілеу
үшін феромондық тұтқыштарды пайдаланған
жөн.
Сәуір-мамыр айларында мақта көбелегінің бірінші
ұрпағының көбелектерінің ұшуын
анықтау үшін әрбір 10 гектарға 1 данадан
феромондық тұтқыш орнатылады. Мақтада мақта
шанақтану кезеңінен бастап назарат үшін 10 гектарға 1
данадан,көбелек ұша бастағанда, әр 2 гектарға 1
данадан феромондық тұтқыш орнатылады. Оларды мақта
алқабының шетінен 50-60 метр ішінен кіргізіп орналастырса
жақсы нәтиже береді. Бірінші кезде әр 3 күнде бір,
көбелектер көптеп ұша бастағанда, әр күні
назарат қылынып феромондық тұтқыштарға
түскен көбелектер саны есепке алынып журналға жазып барылады,
желімі ескіріп кеуіп қалғанда орнына жаңасы ауыстыралады.
Көсек құртының көбелектері негізінен кешке
және түнде ұшады. Сондықтан феромонды
тұтқыштарды кешкі салқында орнатып, таң азанда тексеру
керек.