УДК 504.064.2
АТЫРАУ
ҚАЛАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚАЛАҒА ЖАҚЫН ОРНАЛАСҚАН
МӨЛТІК АУДАНДАРЫНЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ
Атырауский государственный университет имени Х.Досмухамедова
Калмыцкий государственный университет
Дюсупов Е., Есенаманова М., Сангаджиева Л., Есенаманова Ж., АбуоваА.
В данной статье проведен анализ по радиационному состоянию территории
города Атырау и прилегающей к нему близлежащих территорий. По результатам
исследований было выявлено, что радиационный фон исследуемых территорий не
превышает предельно-допустимых концентраций по мощности экспозиционной дозы и
по содержанию радионуклидов тория, радия и цезия, а по содержанию
радиоактивного калия отмечено превышения в 3,8-6,7 раз.
Ключевые слова: радиация, проведение
экспертизы, анализ, исследование, ПДК (предельно-допустимая доза)
Негізгі сөздер: радиация,
сараптама жасау, анализ, зерттеу, ШРМ (шекті рауалды мөлшер)
Атырау — Атырау облысының әкімшілік орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық
өзенінің бойында
орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған. Қала жеріндегі белгілі тұңғыш
тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита» стансасы
қасындағы Алтын Орда
кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай ордасы кезеңінде
балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан. Казак-орыстар жаулап
ала бастағанда 1640 ж. Яицкий городокаталған
қалашық салынған. Жайықтың жоғарысында Верхний
Яицкий городок (қазіргі Орал қаласы)
деген қалашық салынғасын, Нижний Яицкий городок деп аталып кеткен, соңынан ол — Усть-Яицкий
городок. Ресей ханшайымы Екатерина
II Яик өзенін (Жайықтың орысша атауы) Урал деп атауын жарлығымен
бекіткенде, қаланың атауы Гурьев городок, Гурьев деп өзгертілген. 1920 жж.
қысқа уақытқа большевиктер Гурьевті Чапаев деп қайта атаған. 1992 ж.
бері қала атауы — Атырау.
1992
жылы ақпан айының 21-і күні Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Гурьев
қаласын Атырау қаласы деп атау жөнінде қаулы
қабылдады.
Атырау қалалық әкiмшiлiгінің
құрамында 1 қала, 2 кенттiк әкімшілiк (Балықшы,
Жұмыскер), 7 ауылдық аймақ (Ақсай, Атырау, Геолог, Дамбы,
Еркiнқала, Кеңөзек, Қайыршақты), 28 елдi мекен
бар. Қалаға бағынышты Балықшы кенті мен Жұмыскер
кенті, бұрынғы Балықшы ауданы 1990 жж. ортасында қалаға қосылғасын. 2007 ж. қаңтардың 1-інде
тіркелген заңды тұлғалар саны 5195-ке жетті, оның
4875-і шағын, 275-і орта, 45-і ірі заңды тұлғалар. 2006 ж. 3319,5 мың тонна мұнай өнімі өңделді, одан
493,7 мың тонна моторлық отын (бензин); 1122,2 мың тонна
газойл; 1389,9 мың тонна отындық мазут;
123,6 мың тонна мұнайлы кокс алынды. Электр қуатын
өндіру 1442,9 млн кВт/сағ; жылу қуаты — 1624,4 мың кКал
құрады. Негізгі тамақ өнімдерінен: 18 тонна шұжық; 5784 тонна қалбырланған балық;
323 тонна өңделген сұйық
сүт пен кілегей; 7370 тонна жаңа піскен нан өндірілді.
Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық
әлеуетінің артуына «Қазмұнайгаз» ӨФ-ы, «Атырау мұнай
өңдеу зауыты», «Қазтрансойл», «Атыраубалық», «Заман
групп», ЖШС-рі, «Атырау жарық», «Облтрансгаз», «Атыраусушар», «Атырау су
арнасы», т.б. мекемелер ауқымды үлестерін қосуда.
Бұл
айтылған мағұлматтарға сүйенсек Атырау қаласы
әлеуметтік-экономикалық жағынан қолайлы
болғандықтан бұл аймақ тез және
қарқымды даму жылдарын бастан өткізді. Әйткенде адам
бар жерде жұмыс бар, өнім бар және өркениет бар.
Бірақ та сол жердің ластану мүмкін екендігін естен шығармау
қажет. Қазіргі таңда адам ғылыми-технологиялық
ревалюция арқасында жаңа жетістіктерге қол жеткізіп космос
кеңістігіне ұшып және жаңа технологиялық
құралдарды, қондырғыларды іске қосып дамып
келеді. Материалдық және рухани қажетімізді
қанағаттандырып табиғаттың байлықтарын кең
ауқымда пайдаланып келеміз.
Бір мысал ретінде, Атырау облысында мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
департаментінің зерттеу нәтижесі бойынша жалпы облыс бойынша
радиациялық жағдай қазіргі таңда норма шегінде және
7-14 мкр/сағ құрайды деп айтады. Сонымен бірге күрделі
проблемалардың бірі Атырау облысында орналасқан «Азғыр»
полигоны қызметін бағалау мен оның салдарын жою болып
табылады. «Азғыр» полигоны Құрманғазы ауданында
орналасқан, алаңы батыстан шығысқа шамамен
Екінші мысал ретінде, Семей әскери полигоны
қазіргі таңда жабылғагымен, одан келетін зиянды әсері
әлі ұзақ уақыт бойы елдегі экологиялық
жағдайға өз зардабын тигізеді. Сынақтар жасалып,
соның кесірінен маңайына үлкен қауіп төндіретін
Азғыр, Тайсойған полигондарын да ұмытуға болмайды.
Ядролық жарылыс кезінде сәулеленудің негізгі көздері
бөліну өнімдері – нейтрондар, трансурандық элементтер
және тритий болып табылады. Табиғи ортаға түскен
радионуклидтердің ары қарай қандай күйде болатыны олардың
ерігіштігіне, биологиялық мүмкіндігіне байланысты. Олардың
топырақ бетінен шайылып кетуді де тамыр жүйесі арқылы
өсімдікке түсуі де баяу жүреді.
Табиғи ортаның ластануының бір
әсері ол радиация. Бұл ластану жағынан қаншалықты
қауіпті екенін және әсер ету зардаптарын анықтау
өте маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Атырау
қаласының радиациялық картографиясының зерттеу
және оның картографиялық кескіні құру
қазіргі таңда маңызы зор. Ол үшін оны әр
түрлі халық массасы және жұмыс орындары,
өнеркәсіптер салынып жатырған жерлерді бақылауға
алыну қажет. Радиациялық бақылау бір нүктелік
және сеткалық зерттеу жұмысы арқасында қазіргі
уақытта және салыстырмала уақыт өткеннен кейін сол
жерде қаншалықты өзгергенін байқауға болады.
Кесте 1. Атырау қаласының радиациялық
зерттеу нәтижелері 2012 ж.
Сынама алынған орын
|
Радионуклидтердің мөлшері, (Бк/кг) |
Эффективті ерекше белсенділік (Аэфф) Бк/кг |
Өлшенген мөлшер. МЭД, мкЗв/сағ |
Шектеу, 0,2+фон
(тұрғындар бар жерге 0,3) мкЗв/сағ |
|||
|
Th-232 |
Ra-226 |
K-40 |
Cs-137 |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
мкр. Атырау. Координаттар: С 47007,42,8 В 051054,10,3 |
21,37±20,62 |
41,15±36,00 |
383,1±172,8 |
8,933± 9,602 |
101,7±47,20 |
0,164 |
0,3 |
|
Молдагулов көшесінде дренаж көпірдің аймағы Координаттар: С 47008,23,4 В 051054,39,1 |
15,39±19,70 |
18,91±33,04 |
432,8±182,6 |
10,83± 9,650 |
80,97±44,56 |
0,16 |
0,3 |
|
мкр. «Алмагуль»
Координаттар: С 47007,15,7 В 051056,22,0 |
21,90±16,73 |
27,14±27,90 |
479,4±154,2 |
3,872±7,321 |
96,59±37,70 |
0,158 |
0,3 |
|
мкр. «Авангард»
Прибойная к. Координаттар: С 47005,29,1 В 051052,47,9 |
21,26±19,90 |
6,824±31,60 |
529,1±182,7 |
10,66±9,536 |
79,65±43,66 |
0,152 |
0,3 |
|
«Жилгородок» «Райхан» қонақ үйі Координаттар: С 47005,47,8 В
051054,14,8 |
21,22±17,19 |
6,006±26,69 |
493,3±159,2 |
2,425±7,358 |
75,74±37,32 |
0,153 |
0,3 |
|
Пос.
«Балыкши» Дамбинская к. Координаты: С
47004,28,6 В 051053,04,3 |
20,49±16,21 |
18,84± 26,17 |
223,0± 125,2 |
3,594± 7,017 |
64,64±35,24 |
0,149 |
0,3 |
|
«Привокзальный» мкр 3, 12 үй Координаттар: С 47007,19,0 В 051056,59,5 |
25,54±20,12 |
21,13±32,26 |
470,8±178,0 |
3,674±8,635 |
94,62±44,17 |
0,138 |
0,3 |
|
Облакимат Координаттар: С 47006,29,6 В 051054,56,7 |
8,005±16,59 |
34,44± 30,68 |
354,8± 151,1 |
5,615± 78,255 |
75,09±39,62 |
0,133 |
0,3 |
|
Геолог поселкесі, Казпошта Координаттар: С 47009,07,7 В 051057,37,5 |
17,14±16,36 |
21,62±27,45 |
435,6±156,5 |
0,00е+0 ±7,193 |
81,11±37,15 |
0,134 |
0,3 |
|
пос.«Жумыскер» средней школы Координаттар: С 47004,00,2 В 051051,01,8 |
21,54±16,90 |
20,03±27,58 |
486,2±158,7 |
8,424±7,959 |
89,58±37,71 |
0,143 |
0,3 |
|
Нұрсая мкр, Кенжебай к. Координаттар: С
47007,07,7 В 051052,33,4 |
37,78±20,27 |
0,00е±28,22 |
677,3±190,3 |
13,78±9,243 |
107,0±41,82 |
0,149 |
0,3 |
2012 жылы жүргізілген Атырау қаласының
радиациялық зерттеу нәтижелері кестеден көрініп
отырғындай эффективті ерекше белсенділік төрт радионуклид бойынша
жүргізілген, соның үш радионуклид бойынша шекті рауалдыдан
аспайды, ал калий радионуклиді К-40 бойынша 3,8-6,7 есе асатыны
байқалады. Төмен көрсеткіш Атырау мкр. (383,1±172,8 Бк/кг),
жоғары Нұрсая мкр (677,3±190,3) байқалды. Бұл радионуклид
табиғи нуклидтер қатарына жатады.
Әдебиеттер тізімі
1.
Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2009
2.
Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық экология жайлы
қысқаша таным 2008
3.
Ж.Ж. Жатқанбаев «Экология негіздері» Алматы 2003
4.
Молахметов З.М.,
Ғазалиев А.М. «Экология негіздері» 2002